Сынып сағаты «Көңілді мәре» эстафеталық ойындар

Раздел Классному руководителю
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Көңілді мәре» эстафеталық ойындар.
Өтілетін жарыстың мақсаты.
1.Оқушылардың денсаулығын, белсенділіктерін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау.
2. Спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
3. Салауатты өмір салтын насихаттау.
Сабақ түрі: Сайыс сабақ.
Ойын барысында қолданылатын құрал-жабдықтар:эстафеталық кедергілер, доптар (үлкен,кіші), қаптар, шариктер, арқан, гимнастикалық төсеніштер, таяқшалар т.б.
Сабақтың барысы:Оқушыларды сапқа тұрғызу.
Кіріспе: Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағдарламада халық денсаулығын нығайту- мемлекетіміздің бірінші кезектегі атқаратын міндеті екенін атап көрсеткені баршамызға мәлім.
Салауатты өмір салтын ұстану -осы іс шараның баспалдағы.
Жалпы дене шынықтыру,сайыс сабақтары оқушылардың күш-қуаттарын өсіріп, олардың денсаулығын шыңдап, қан тамырларының жүйелі жұмыс жасауына ықпалын тигізеді.
Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық.
Оқушылар отыр сынға түскелі,
Сыналмақшы ептілік пен күштері.
Әрбірінің жігер-күші жалындап,
Жеңіс сәтінтағат таппай күткелі.
Сайысатын оқушыларды бүгіні
Қарсы алайық қошеметпен бәріміз.
топтарымызды шақырайық.Әр топ ортаға шығып өздерінің топтарымен,ұрандарын таныстырып өтсін. Атымыз: «Сұңқарлар»
Ұранымыз: Сұңқарлар бастайды,
Қиындықтан қашпайды.
Сұңқар алға,
Биікке самға. Келесі топ . Атымыз «Қырандар»
Ұранымыз: Қыран құстай самғаймыз
Қанатымыз талмайды.
Сайыста біз алдамыз
Жеңісті де қолдаймыз.

Сайыскерлеріміздің аттары мен ұрандарымен таныстыңыздар.Топтарды ортаға шақырайық. Енді сайысымыздың ережелері мен кезеңдерін таныстырып өтейін.
Сайысымыз он кезеңнен тұрады.Әр кезеңнің өз тапсырмалары бар,тапсырманы мұқият тыңдап, белгі берілгеннен кейін бастау керек. Бақтарын сынағалы отырған әр топ дөңгелене тұрып, сергіту жаттығуларын жасау. Сайыскерлерге сәт сапар тілеймін.



  1. Эстафеталық жарыс(доппен кедергілер арасынан жүріп өту,допты екі аяқтың арасына қысып жүру)


  2. Баскетбол торына доп лақтыру (баскетбол добын кедергілер арасынан бір қолмен алып жүріп, себетке доптты салу)


  3. Күштілікті қажет ететін ойындар.(арқан тартыс әр командадан 6-оқушыдан қатысады) ойынның шарты белгіленген сызықтан тартып шығару.


  4. Арқанға өрмелеу, биік шыңға шыққан ең мықты топ.(Әр командадан 2 оқушыдан,аяқтың көмегінсіз қолмен өрмелеп
    шығу)


  5. Капитандар сайысы. (Әр топтың капитандары шығып, өз өнерлерін көрсетеді)


  6. Тепе-теңдік сақтап жүріп, кедергілер арасынан бастарына кітап қойып және қасыққа шарикты салып құлатып алмай, кедергілер арасынан өту. Келесі ойыншы дәл осылай қайталайды. Мәреге кім бұрын жетсе, сол команда жеңіске жетеді.


  7. «Қаппен жарысу» Ойыншылар алдарында жатқан қапқа жетісімен, екі аяғын қапқа тез кигізіп,екі қолымен жоғары жағынан ұстап, ілгері қарай жүгіреді.Осылай кезектесіп барлық оқушылар жүгіріп шығады.Қай топ мәреге бұрын келсе, сол жеңіске жеткен болып табылады.


  8. Таяқшамен кедергілер арасынан допты алып жүріп, тақтада ілінулі тұрған есептерді қатесіз әрі жылдам шығару.Дәл осылай келесі ойыншылар қайталайды.Қатесіз және мәреге бұрын жеткен команда жеңіске жетеді.


  9. Акробатикалық элементтері бар ойындар.Төсеніште орындалатын аунау жаттығулары.(әр топ өз жолымен алға аунау арқылы, кедергіге дейін барып,допты алды да кейін артқа қарай аунап орнына келеді, дәл осылай келесі ойыншылар да қайталайды ) кімнің тобы бұрын жетсе,сол жеңіске жеткен болып табылады. Ескерту төсегніштен шығып кетпеу.


  10. Мергендер сайысы.(Алдын ала дайындалып қойылған, қағазға сызылған көмбені немесе тирге, пневматикалық мылтықпен нысанаға дәл тигізу) ұпаймен есептелінеді.Қай команда көбірек ұпай жинаса сол топ жеңіске жетеді.


Қорытынды: Осымен бүгінгі сайыс сабағымызда аяқталды.Келесі сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік. Жарыс соңында жеңіске жеткендерді марапаттау.







































© 2010-2022