План по воспитательному работу

Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бастауыш сыныптар аралығындағы «Абызға арнау» мәнерлеп оқу байқауы.

- Армысыздар құрметті көрермендер, ұстаздар, оқушылар! Абай оқуларына қош келдіңіздер. Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысымызды бастаймыз!
Абай - дара, Абай - дана қазақта
Төзе білген заманында азапқа
Көтерем деп қайтсем қара халқымды
Заманынан оза білді талпынды
Еш кетпеді ұлы жанның арманы
Ұрпақтары ақындығын жалғады
Өзі өлсе де, сөзі өлмейді ақынның
Қарашықтай қазынасын қорғады,

Бүкіл әлемге қазақ деген халықты танытқан ғұлама ақынымыз Абай Құнанбайұлы халықты өнер - білімге шақырып, мыңмен жалғыз алысып, надандықпен күрескені баршамызға аян. Егер біз Абай тәлімін оқып, түсініп сол жолмен жүрер болсақ, ақын өзі айтқандай, дүниенің бір кірпіші болып қаланарымыз анық.
Сонымен Абай атаның нақыл сөздерін, өлең - жырларын ұрпақтары қалай оқып, меңгеріп жатқанын өздеріңізбен бірге тыңдайық

Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе!
Адамдықты көздесең,
Жастан тоқы көңілге! - дей келе 2 -4- ші сынып оқушыларының Абайдың өлеңдерін мәнерлеп айтудан жарысқа түседі.

2 «А» Әбу Нұрзада «Әсемпаз болма әрнеге»

2 «А» Сейсенбек Әлішер «Отыз бірінші қара сөз»
2 «Ә» Жұмабай Дамир «Сабырсыз, арсыз, еріншек»
2 «Б» Бүркітбайқызы Айсана «Құлақтан кіріп бойды алар»
3 «А» Сапарбай Парасат «Әсемпаз болма әрнеге»
3 «Б» Оразалы Гүлназым «Ата-анаға көз қуаныш»
4 «А» Жұмабек Айтуар «Қансонарда бүркітші шығады аңға»
4 «Б» Жұлдызбаева Айнұр «Жазғытұры»
Абай атамыз туралы слайдтар көрсету.

Марапаттау: Оқушыларды мақтау қағаздарымен марапаттау.

Бас жүлде: 2 «Б» Бүркітбайқызы Айсана.

І орын: 3 «А» Сапарбай Парасат

ІІ орын 2 «А» Әбу Нұрзада , 4 «А» Жұмабек Айтуар.

ІІІ орын 2 «А» Сейсенбек Әлішер, 3 «Б» Оразалы Гүлназым, 2 «Ә» Жұмабай Дамир.
Қорытынды: - Балалар, қорыта келе айтарым: біз үшін Абай өмірі - үлкен тәрбие мектебі, себебі оның өлеңдерінің жастарды білімге, еңбекке, адамгершілікке баулитынына көз жеткізіп отырмыз. Түсінген адамға Абай өлеңдерінің жастарға берер тәрбиелік мәні зор екен. Сайысты Нұрсұлтан Назарбаевтың "Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс" деп айтқан пікірмен аяқтаймыз.
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!


План по воспитательному работу

План по воспитательному работу










План по воспитательному работу






План по воспитательному работу











План по воспитательному работу














Жармыш орта мектебі





Бастауыш сыныптар аралығындағы

«Абай-дара, Абай-дана» апталығы


«Абызға арнау» мәнерлеп оқу байқауы


























Өткізген: Онгарова К.

2015 жыл

© 2010-2022