Урок - викторина По страницам истории

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:















Тәрбие сағаты:


Урок - викторина По страницам истории
























Урок - викторина По страницам историиСолтұстік Қазақстан облысы

Ақжар ауданы

Қали Хадесұлы атындағы

Жаңаауыл орта мектебі

Нурмаганова Макпал Асауқызы






Өзіңнің Отаныңды білесің бе? / саяхат -сабақ /

Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Ел тарихын білу.

ә) Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Ұлттық мінез, ұлттық намыс қалыптастыру.

б) Өнерге, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, компьютер, үнтаспа, кітаптар көрмесі.

Сабақтың түрі: ашық тәрбие сабағы

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Мұғалімнің кіріспе сөзі

3. Жүргізушіге сөз беріледі (сахнада үнтаспадан күй ойналып тұрады)

Балалар, Қазақстан біздің сүйікті - Отанымыз. Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары, айдын шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері, жайқалған ормандары бар.

Осының бәрі Алтай мен Атырау, Ақжайық пен Алатаудың аясында құлаш жайып, жайнай түрленіп жасанып - жасарып жатыр

«Отан - отбасынан басталады» деп халқымыз айтқандай. Отан кең мағыналы, қасиетті ұғым. Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, аймағы, мемлекеті - оның жарық дүниедегі жансаясы, өмір өрісі, оттай жандырған Отаны.

Отанымызды сүйіп, аялау үшін еліміз, туған жеріміз, оның тарихын, өткен мен бүгіні жайлы жақсы білуіміз қажет.

Бүгін «Өзіңнің Отаныңды білесің бе?» атты ойын - жарыс, саяхат - сабағын өткіземіз.

Ойын - жарысымыз бірнеше кезеңдерден тұрады және әр түрлі бекеттерге саяхат жасаймыз. Осы кезеңдер, бекеттердің көмегімен біз елімізге сапар шегіп, Отанымыздың тарихы, өнері, салт - дәстүрі, табиғаты жайлы қосымша не білетіндеріңді көрсетесіңдер және қосымша мағлұматтар аласыңдар.

Жүргізуші:

Туған жердің қандай жақсы күзі де,

Туған жердің қандай жақсы қысы да!

Туған жердің қандай жақсы көктемі!

Туған жердің қандай жақсы жазы да!

Жақсы екен туған жердің күні де,

Жақсы екен туған жердің түні де!

Жақсы екен туған жердің суы да,

Еш жаманын табалмайсың осында!

Ойын - жарыстың І - ші кезеңі

Біздің мемлекетіміздің белгілерін білесіңдер ме?


  1. Қазақстан Республикасының гимн әнінің авторы кім? /Ш.Қалдаяқов/

  2. ҚР гимн сөздерінің авторы кім? /Жұмкен Нажмиденов, Н.Назарбаев/

  3. Мемлекеттік жалаудағы қыран нені білдіреді? /қыран тәуелсіздік, батылдық, жан дүниенің кеңдігін және сан ойдың тазалығын, намыс сезімін, жан кеңдігін/

  4. Мемлекет жалауы нені көрсетеді? /көгілдір түсті төрт бұрышты мата ортасында күн саулесі бейнеленген, оның астында қалықтаған қыран/

  5. Мемлекет елтаңбасындағы бесжұлдыз нені білдіреді? /біздің егеменді мемлекетіміз басқа бес континенттің елдерімен тату тәтті көрші/

  6. Елтаңбадағы шаңырақ нені білдіреді? /шаңырақ - Отан символы және көшпенділердің мәдениет символы/


Ойын - жарыстың ІІ - ші кезеңі

Қазақстанның ұлы адамдары

(Қазақ елің бүкіл әлемге танытқан адамдар туралы)

Келесі жолдар кім жайында айтылғанын табыңдар.

  1. Тұңғыш қазақ ғалымы, ағартушы, саяхатшы, этнограф, шығыс Түркістан және Қазақстан, орта Азия халықтарының тарихы және мәдениетін зерттеуші. /Ш.Уәлиханов/

  2. Атақты ағартушы, этнограф, педагог, Қазақстанда алғаш мектеп ашқан. Қазақ балаларына арналған Қазақ хрестоматиясын және орыс тілі оқулықтарының авторы. /Ы.Алтынсарин/

  3. Ұлы қазақ ақыны, ағартушы және ойшыл, классик, жаңа қазақ әдеби жазбаның іргесін қалаушы. /Абай Құнанбаев/

  4. Ол персі, араб, тюрк тілдерін жақсы меңгерген, латын, грек және санскриптте еркін оқыған және жазған. Өзінің еңбектерінде математика және физика, медицина және психология, педагогика және музыка мәселелерін қараған. /Аль - Фараби/

Кроссвордтың шешімін табу /орыс тілінде/


1


К

2

А

3

З


4

5


А


Х


ХХХ

6

7

С


Т


ХХХ

8


А

9

Н

Вопросы для кроссворда:

  1. Основа, сердце государственного герба? /шанырак/

  2. Символ государства в виде полотнища? /флаг/

  3. Автор государственного флага? /Шакен Ниязбеков/

  4. Быстрый скакун, который изображен на гербе? /тулпар/

  5. Один из создателей герба? /Шота Уалиханов/

  6. Олицетворение счастья и богатства на флаге. /солнце/

  7. Животное, которое является предметом склонения людей при родоплеменном строе? /тотем/

  8. Высшая точка на вершине герба. /звезда/

  9. Торжественная песня. /гимн/


Ойын - жарыстың ІІІ - ші кезеңі

Сен өз халқыңның салт - дәстүрін білесің бе?


Табиғат жаңару - Наурыз мейрамы

Наурыз мейрамы. Бұл күні көп тағамдар дайындалады, бұл жаңа жылда молшылық болсын дегенді білдіреді.

  1. Дәстүрлі наурыз - көже жасауы неше тағам құрамынан тұрады? /7 /

  2. Қыз бен жігіт арасындағы айтыс нені білдіреді? /қыс пен жаздың күресін/

  3. Қандай ет тағамдары үстелге қойылады? /қазы, жұжық, жал-жая т.б./

  4. Той басында ақсақалдар беретін тілектері қалай аталады? /бата/

  5. Қазақ елінде ертеден келе жатқан қандай мейрамдар бар? /Ораза айт, Рамазан айт, наурыз/

  6. Қазақ халқының ұлттық киімдерін атаңдар? /бөрік, сәукеле, шапан, тымақ, ішік, кимешек, қамзол, мәсі,т.б./

  7. Қазақ қыздары ертеде қандай аяқ қиім киген? /кебіс, киіз етік/

Ойын - жарыстың ІҮ - ші кезеңі

Сұлулық әлемді сақтап қалады

Екі топқа сұрақтар беріледі /карточкамен жұмыс/


  1. Қазақстанда сурет өнері бастауы орыс суретшісі Хлудовтың атымен байланысты, ол кісі 1879 жылы қазақстанға келген. Хлудовтың алдында біздің Қазақстанның бірінші ұлттық суретшісіда оқыған. Ол кім?

а) Шаяхметов

ә) Кастеев *

б) Кенбаев

2. Қазақ халық аспаптары оркестірін құрушы кім деп саналады?

а) Қажғалиев

ә) А.Жұбанов

б) Құрманғазы *

3. Отан қорғау негізі тақырыбы қазақ фольклорының бір жанырын атаңдар /батырлар жыры немесе героический эпос/

4. Қазақ халқының екі шекті аспабын атаңдар /домбыра/


Ал енді бекеттерге саяхатқа аттанамыз

Бірінші бекет - «Тарих» бекеті


  1. Ұлы Отан соғысының батырларын атаңдар. /Б.Момышұлы, М.Габдуллин, С,Баймағамбетов, Нұркен Әбдиров, Т.Бигельдинов, Ә.Молдағұлова, М.Маметова,Т.Тоқтаров, т.б./

  2. Қазақ хандары мен батырларын атаңдар. /Абылай хан, Әбілхайыр - хан, Тәуке - хан, Тауекл - хан, Қасым - хан, Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Наурызбай батыр,т.б./

  3. 1986 жыл - бұл қай жыл?

  4. 1986 жылы болған Желтоқсан көтерілісіне биыл неше жыл? /25 жыл/

  5. 1986 жылғы желтоқсан құрбандарын атаңдар. /Қайрат Рысқұлбекоа, Ләззат Асанова, Сибира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев/

  6. Қазақтың әйгілі үш биін атаңдар, /Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би/

  7. Қазақстанның елордасын атаңдар. /Астана/

  8. Алтын адам табылған елді мекенді атаңдар. /Есік қорғаны/

Екінші бекет - «Әдебиет» бекеті

  1. ХХ ғасырдың қасыретті жылдары 1921 - 22-ші, 1936 - 1937-і жылдар саяси қуғын - сүргін жылдарының құрбандарын атаңдар? /М.Жұмабаев, Т.Рысқұлов, М.Дулатов, Ә.Бөкейханов, С.Сейфуллин, Мухамеджан Тынышбаев,т.б./

  2. қандай балалар жазушыларын білесіңдер? /М.Әлімбаев, С.Бегалин,т.б./

  3. Биылғы 2011 жылғы әдебиет саласындағы мерейтой иелерін атаңдар? /Қ.Аманжолов, О.Сүлейменов, Б.Бұлқышев, М.Мақатаев, Ы.Алтынсарин/

  4. Қазақ халқының ұлы ақындарын ата. /А.Құнанбаев, М.Жұмабаев, М.Мақатаев, Ж.Жабаев,т.б./

  5. Қазақ халқының ертегілерін атаңдар. /«Ер төстік», «Алтын сақа», «Тазша бала», «Аяз би», «Жыл басы», т.б./

  6. Солтүстік Қазақстан облысының ақын - жазушыларын атаңдар. /Ғ.Мүсірепов,М.Жұмабаев, Шал ақын, С.Мұқанов/

Үшінші бекет - «География» бекеті

  1. Қазақстанның таулы, ең көрікті жері. /Сарыарқа/

  2. Қазақстанның өзендерінің аттарын атаңдар. /Ертіс, Есіл, Іле, Тобол, Балхаш/

  3. Қазақ елінің ХХ ғасырдағы ең алғашқы астанасы? /Орынбор 1920 - 1925/

  4. Қазақстанның көршілерін атаңдар. /Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбек/

  5. Елге көмір беретін қалаларды атаңдар. /Қарағанды, Екібастүз/

  6. Қазақстанда қандай үлкен қалалар бар. /Өскемен, Орал, Ақтөбе, Семей, Атырау, Ақтау, Қарағанды, Түркестан, Алматы, Астана, Қостанай,т.б./

Төртінші бекет - «Ән - күй» бекеті

Қазақтың атақты композиторлврын атаңдар. /Н.Тлендиев, Ш.Қалдаяқов, Ә.Бейсеуов/

  1. Қазақ халқының атақты күйшілерін атаңдар. /Құрмаңғазы, Тәттімбет, Дина, Ықылас\

  2. Қазақтың бұбұлы кім? /Бибігүл Төлегенова/

  3. Домбырашы, күйші, композитор, Қазақтың халық әртісі Дина Нұрпеисованың биыл қандай мерейтойы? /1861 - 1955 (150 жыл)/


Командаларға жеке тапсырма /карточкамен жұмыс/


1 топқа: Сендерге алдарыңда Қазақстанда аталып өтетін қадірлі, сыйлы мейрамдардың аты мен оларға байланысты мағыналы сөздер (бөлек карточкада) берілген. Әрбір мейрамның жанына өзіне қатысты мағыналы сөздерді қойыңдар.

1. Ораза тұту /Рамазан айы/

2. Намаз оқу /Ислам дінінің бес парызының бірі/

3. Ораза айт /Жеті шелпек пісіріп, дастархан жайылу/

2 топқа: Сендердің алдарыңда қазақ ертегілеріндегі кездесетін заттардың аттары берілген. Осы заттар қай ертегілерде кездеседі?

1. Алдар Көсе, қазы /Алдар Көсе мен Шығайбай/

2. Хан, домбыра /Ақсақ құлан/

3. Мыстан кемпір, сақа /Алтын сақа/

Екі топқа: Әріптердің орнын ауыстыру арқылы Қазақстан калаларының атын табыңдар:

  1. МАТЫАЛ /Алматы/

  2. АНАТСА /Астана/

  3. ЫДНАҒАРАҚ /Қарағанды/

  4. ЕКТНМЫШ /Шымкент/

  5. НЕСӨМЕК /Өскемен/

  6. ҒАНҚАЗЖЕЗ /Жезқазған/

  7. ТАУТЕМІР /Теміртау/

  8. ЫРАУАТ /Атырау/

  9. ТАНКЕСТУР /Туркестан/

  10. ЗЫЛЖАРҚЫ /Қызылжар/

«Республикам менің» өлеңді оқитын Жақсыгелді Тоғжан

Тілдесіп көкпен тауларың,

Жайқалды жасыл орманың.

Алатау, Қаратауларым,

Елдіктібізге мұра етіп,

Ерліктің күйін толғадың.

Салтанат пенен сән құрған,

Елім бар бүгін жаңғырған.

Бақытым - Атамекенім,

Тұлпарлар тұяқ шалдырып,

Сұңқарлар қанат талдырған.

Қазақты әлем таныды

Сәлемін жолдап сан қырдан.

Берекелі елмін, құтты елмін,

Атты азат таңым - күткен күн.

Қазақстаным мекенім -

Ынтымақ пенен достықтың,

Кеңдік пен кемелдіктердің.

Даламды бабам мұра еткен,

Жайқалтар соны түлек мен.

Қалалар жайып қанатын,

Ауылымды арай, нұр өпкен.

Қазақстанымды қасиетті

Сүйемін алау жүрекпен!

Осымен біздің ойын жарысымыз, топтық саяхат - ойынымыз аяқталды.



© 2010-2022