Отбасы жарастығы 5 - сынып

      Елестетіп көріңіздер:Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп,кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын  тарай  бастағанын  елестетіңіз.Ол  біртіндеп  күшейе  түсуде.Ой мен  осы  нұрды  қолдарыңызға  түсіріңіз.Сіздің  қолдарыңыз  нұрға  бөленіп, сәуле шашуда.Қол...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



А.Хұсайынов атындағы орта жалпы білім беретін мектебі





Отбасы жарастығы 5 - сынып




5 сынып

Сабақ жоспары





Орындаған: Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Бекманов Салауат Амангелдиевич



Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: А.Хұсайынов атындағы орта жалпы білім беретін мектебі

Тақырып: Отбасы жарастығы

Сынып:5

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Балаларға отбасы туралы толық түсіндіріп,отбасына сүйіспеншілікпен, махаббатпен қарауға тәрбиелеу

Көрнекілік: музыка әуені,дәйексөз, бейнефильм «Шексіз өмір»,ән: «Әкем әнім»

Мұғалім-Бекманов Салауат Амангелдиевич,Сынып 5- сынып,оқушылар саны-13

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «сыйластық», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • оқушыларға отбасы жарастығы,татулығы туралы түсінік қалыптастыру;

  • отбасындағы жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

  • өзара сыйластыққа тәрбиелеу;

Ресурстар: (құралдар,мәліметтер) оқулық,самопазнание КZ.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылар санын тексеру, әр оқушыға 50 балл беру.

  2. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар,денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіздер:Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп,кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде.Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз,құлақтарыңыз тек жақсы сөзбен әсем әуенді ғана естиді.Нұр көздерімізге де жетті,көзіміз тек жақсыға қарап бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп,басыңызға тек ізгі,сәулелі ой келеді.Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды,сіздің денеңізден шығып,жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан - жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын...Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен нұрмын»

Осындай нұр,махаббат және тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалпында сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

  1. Үй тапсырмасын тексеру:

«Бәрінің бастауы -Махаббат» эссе жазып келу.

Сабақ барысын талқылау:

Музыкалық әуенмен мәтінді тыңдап,елестетіп тыңдау.







Эссені жекелеп оқу.

4. Әңгімелесу (сұхбат): « Отбасы татулығы»

аңыз әңгіме

Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті.Отбасындағы адамдар мсаны өте көп екен,бір қауым ел болып,бірге тұрыпты.Ол отбасы ерекше екен,отбасының өзара келісімде,татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады.Оларда ұрыс-керіс,дау-жанжал деген атымен болмайды екен.Бұл отбасы жайлы патшаның құлағынада жетеді.Патша естігенінің ақ-қарасын анықтау үшін ауылға келеді.Ауылда тап-таза,барлығы да жеткілікті,тыныштық пен береке қонған.Патшаның көңілі толып,ерекше бір шаттыққа бөленеді.Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде,уайым-қайғысыз,балалары бақытты,мәз-мейрам екен.Бұған патша таң-тамаша болды.Отбасының қалайша бақытты,тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келді.Ол ауыл ақсақалына келіп,отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінді.Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», жүз рет «кешірім», жүз рет «бірлік» деп қағазға мұқият жазып берді.Үш сөзді оқып патша таң қалып осы -ақ па?

-Иә деді ақсақал.Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құралады,-деді де,сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды.

Өсиет әңгіменің мәні неде?

Отбасының татулығын ұстап тұрған нендей қасиеттер екен?

Сыйластық

Ата болып ақыл айтып көріңдер

Әже болып ертегі айтып беріңдер

Әке болып еркелетіп көріңдер

Ана болып мейірімділік төгіңдер

Мәтінді оқу.


Тыңдайды.



.



Сұрақтарға жауап беру

Мұғалім өлеңнің мазмұнын өз тілімен айту қажет

5.Дәйексөз:

«Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілесің»

Отбасының татулығы қандай табыстарға жеткізеді?

Отбасы татулығы біріншіден бірлікке,сүйіспеншілікке,шыдамдылыққа қол жеткізеді.

6. Жаттығу-ойын

Оқушылар кезекпен шығып,үлкен адамдардың өздерін еркелетіп,жақсы көріп айтатын сөздерін солардың дауыс ырғағына салып айту керек.

Мағынасын түсіну,талдау

Сұрақтарға жауап беру, өз ойларын айту.

Өз ата-аналарының дауыс ырғағын салу керек.

7.Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс

«Отбасың бақытты болуы үшін не қажет?»

І топ: 5 сөз жазып жоспар құр.

ІІ топ: 5 сөз жазып жоспар құр.

Жоспарларын оқу,түсіндіру.

8. «Шексіз өмір» бейнефильм көрсету (2 мин)

9. Топпен ән айту. «Әкем-әнім»

Сөзі:О.Сүттібаевтікі

Әні:Ә.Сүлейменовтікі

Бейнефильм көру

10.Үй тапсырмасы:

«Мен қазақ баласымын» Е.Өтетілеуов

«Менің отбасым-менің болашағым»

Мәнерлеп оқу

От басы жайлы эссе жазу

11. Соңғы тыныштық сәті. «Түстер әлемі»

Муз.әуен.демалу






© 2010-2022