Ел боламын десең, бесігіңді түзе

Раздел Классному руководителю
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ел боламын десең, бесігіңді түзеЕл боламын десең, бесігіңді түзеЕл боламын десең, бесігіңді түзеЕл боламын десең, бесігіңді түзеЕл боламын десең, бесігіңді түзеЕл боламын десең, бесігіңді түзеЕл боламын десең, бесігіңді түзеЕл боламын десең, бесігіңді түзеЕл боламын десең, бесігіңді түзеТақырыбы: Ел боламын десең, бесігіңді түзе

Мақсаты:Ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі жоғары екенін, тәрбиенің ұсақ-түйегі болмайтынын айта отырып, ата-аналардың пікірін білу, талқыға салу, баланың тәрбиесінде кездесетін кейбір олқылықтарды ортаға салу арқылы бірлесіп шешу жолдарын қарастыру. Ата-аналарды пікір айтуға ынталандыру, олармен ұрпақ тәрбиесі жөнінде пікір алысу.

Түрі:тренинг

Көрнекілігі:слайд, плакат, қанатты сөздер, түрлі түсті фломастерлер, тиындар.

Барысы:

І.Ұйымдастыру.

ІІ.Кіріспе

Мұғалім:Ұлы педагог А.С. Макаренко: «Тәрбие баламен сөйлесумен, әңгімелесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие- тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің жеке басы арқылы үлгі, өнеге көрсетуінде»,-деген екен. Шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол-бала тәрбиесі. Бала-ата-ана өмірінің жалғасы. Ал,бала тәрбиесі -қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі үдеріс. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз-ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер-жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді.

Ата-ана-бала тәрбиесіндегі басты тұлға болғандықтан, әке мен шеше балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Баламен сөйлесуге арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздарымен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Кейде сабақты жиі қалдыруға әртүрлі сылтауларды үлкендердің өздері үйретіп отырады. Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырғанын аңғармй да қалуы мүмкін. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді, ертең-ақ ұл өсіп ер жетер, қыз өсіп бой жетер. Сондықтан да әркез ата-ана, үй ішінің үлкендері әдептілік танытқаны жөн. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау-ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала-әр жнұяның бақыты. Олай болса, бақытымызды бағалай білейік.

ІІІ.Тиын ақшалармен топқа бөлу.

1-топ:10 теңге

2-топ:20 теңге

3-топ:50 теңге

ІҮ. «Жылдар сөйлейді». Тиындардың шыққан жылына орай әр ата-ана сол жылы отбасында қандай қуаныш, жақсы жаңалық болғандығын айтады.

Ү. «Бала кім?» ассоцация құру.

Бала кім?


Ел боламын десең, бесігіңді түзеЕл боламын десең, бесігіңді түзе

ҮІ. «Өнегелі отбасы қандай болу керек?» отбасының (үйдің)моделін құру.

ҮІІ.Мұғалім:Ата-аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы, болмаса тәрбие жұмыстарында тек қана өз ойлары мен көзқарастарына ғана жүгінуі немесе қажетті педагогикалық білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан тәрбие үдерістері көптеген қателіктерге ұшырап отырады.

Мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білу

Баланың жан дүниесіне үңілу


Әңгімелескенде олардың пікірімен санасу

Сенген сырын жарияламай,сақтай білу

Әке мен шеше


Ашық сөйлесе алу

Ата-анаға ұсыныс:

1.Бала үшін ата-ана тек асыраушының рөлін атқармай, оның білім мен тәрбие алу жолындағы нағыз серіктесі болу қажет, әртүрлі жағдайда ақыл-кеңес беру.

2.Ата-ана баласына көбірек уақыт бөліп қадағалау, бағыттау, бағалау,білім олқылықтарын анықтап дер кезінде көмектесіп отыру.

3.Ата-ана баласына педагогикалық көмек көрсететіндей дәрежеде болуы керек.

4.Ата-ана өзін-өзі жетілдіру бағытында жұмыс істеу (газет, журнал, теледидар)

Ата-анаға кеңес:

1.Балаға уәде бергеннен кейін орындауға тырысыңыз, орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда дұрыс түсінік беріңіз.

2.Балаңыздың өзіне-өзі қызмет етуіне дайындаңыз.

3.Жанұяда бала тәрбиесіне бірдей талап қоя біліңіз.

4.Балаға мектеп мұғалімі туралы көбірек мағлұмат беріңіз.

5.Баланың өз бетімен әрекет жасауына мүмкіндік беріңіз.

6.Балаңызға сүйіспеншілікпен қараңыз. Бала түсіністікте, сүйіспеншілікте өссе, ол әлемнен сүйіспеншілік табуды үйренеді.

ҮІІІ. «Ақылыма ақыл қос» тренингі.

Ата-аналар екі бөлек парақтарды алып, оның біреуіне баласының жақсы қылықтарын жазса, екіншісіне жаман қылықтарын жазады. Сол жаман қылықтары жазылған парақшаларды мұғалім жинап алады да, араластырып қайта таратып береді. Қолдарына басқа біреудің балалары туралы жазылған парақшаларды алып, ата-аналар өздерінің пікірлерін білдіріп, ақылдарын айтады.

Ел боламын десең, бесігіңді түзеЕл боламын десең, бесігіңді түзе

ІХ.Қорытынды

Сонымен отбасы-адам баласының алтын діңгегі. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын ешнәрсе толтыра алар емес. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындап тұр емес пе? Сондықтан отбасы тәрбиесі мен мектепте берілетін тәрбиенің қамалы мықты болса, одан шыққан бала неге тәртіпті, инабатты, ибалы, адамгершілік қасиеттерге бай, тәрбиелі бала болмасқа?!

ІХ.Жүректен жылы жүрекке

Ата-аналарға арнап оқушылар өздерінің жүрекжарды тілектерін, айтып өнерлерін көрсетеді.


© 2010-2022