«Тәуелсіздік жасасын!» атты мерекелік іс-шараның жоспары

Раздел Классному руководителю
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Талица жалпы негізгі білім беретін мектебі» КММ«Тәуелсіздік жасасын!» атты мерекелік іс-шараның жоспары«Тәуелсіздік жасасын!» атты мерекелік іс-шараның жоспары

Тақырыбы:


«Тәуелсіздік жасасын!»

атты мерекелік іс-шараның жоспары


«Тәуелсіздік жасасын!» атты мерекелік іс-шараның жоспары

Дайындаған: Политехникалық пәндер бірлестігі.



«Тәуелсіздік жасасын!» атты мерекелік іс-шараның жоспары«Тәуелсіздік жасасын!» атты мерекелік іс-шараның жоспары





2015 - 2016 оқу жылы

Тақырыбы: «Тәуелсіздік жасасын!»

Мақсаты: 1. Оқушыларды Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, қол жеткен жетістіктерімен қысқаша таныстыру.

2. Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі үшін аянбай күресуге және еңбек етуге жастарды баулу.

3. Оқушылардың бойында Қазақ еліне, жеріне, ұлттық рәміздеріне, Елбасына деген сүйіспеншіліктерін ояту.

Сахнаның көрнекілігі: «Тәуелсіздік жасасын!» атты тақырып, қабырға газеттері,Қазақстан Республикасының рәміздері, Желтоқсан оқиғасына слайд, Тәуелсіздік күніне слайд,Қ.Рысқұлбековтың портреті, үнтаспа, суреттер, шарлар т.б.

Іс - шараның жоспары.

1. Сапқа тұру.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау.

3. Қ. Рысқұлбековтың бейнесін көрсету.

4. Астана туралы өлең жолдарын орындау.

5. Қазақстан Республикасының ассаммблеясы туралы өлең жолдарын орындау.

6. Жаса Қазақстан әні орындалады.

7. Достық биі.

8. Қара жорға биі .

9. Хор «Атамекен».

10. Құттықтау сөздер.

а) Мектеп директоры: А.И.Игентаев

ә) Озерки ауылдық округының әкімі: Б.Ш. Нұғманов

б) Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Т.Т. Құсаинов

Өткізу күні: 15.12.2015

Өткізу уақыты: 10.00

Сыныптар: шағын орталық және МАД топтары, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9.

09.30 - музыка ойнату (патриоттық);

09.50 - сапқа тұру;

10.00 - басталуы.

Мектеп алаңы шарлар, жалаушалармен безендірілген,



1 жүргізуші:

Міне, жастардың арман еткен Тәуелсіздік туы желбіреді. Еліміз тәуелсіздік алды. Жаңа заман басталды. Бұл тәуелсіздік дәуірі. Тәуелсіздік ұлттық сананы оятты.

Баршаны ата-баба жолына үңілдірді .Тәуелсіздік жолы-ерлік жолы. Тәуелсіздік -құдіретті, ардақты ұғым. Ата- баба ерлігі -халық мұрасы, оның тарихы, мақтанышы. Ата- баба жолы- тәуелсіздік жолы, халық перзенттерінің ақ жолы.

Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне, халықаралық қоғамдастықта абыройының өсуіне адал қызмет етуге парыздармыз. Қазір Қазақстан - көп елдермен терезесі тең, елдік рәміздері анық, мәртебесі беделді мемлекет.

2 жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жасасын» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 20 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқшанда айтып өтеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.

  1. жүргізуші:

Сахнаға 5 - 6 «А» сынып оқушыларын шақырамыз





  1. Милена:ҚР Мемлекеттік Әнұраны

«Тәуелсіздік жасасын!» атты мерекелік іс-шараның жоспары

  1. Инабат: КР Мемлекеттік Туы.

Мемлекеттік ту - мемлекет егемендігін кейіптейтін мемлекеттік биліктің ресми белгісі. Қазырғы мемлекеттік туларға көбіне сол мемлекеттің символикалық ерекше таңба-белгілері салынады. Көгілдер аспан реңінде алтын күн бейнелеген. Оның айқын және мейрімді сәулелері астынан қазақ халқымен тарихи тағдыр біріктірген көптеген ұлт адамдары Қазақстанды өз Отаны деп санайды.Қазақстың дәстүрлі ою-өрнегімен қатар жалау композициясының тағы бір маңызды бөлігі - күн үстіне көтерілген қыран. Ол дүниежүзінің көптеген халықтарының рәмізінде бар және халықтың данышпандығы мен ойының биіктігін айғақтайды.Жалаудың көкшіл-көгілдір біртүстілігі бірігі идеясына беріктігін көрсетіп қана емес сонымен бірге әрқашан барлық халықтар бейбітшілікті, тыныштық пен әл- ауққаты кейіптеген бұлтсыз аспанды еске салады. Герольдика тілімен алғанда көк түс пен оның реңі адалдық, сенімділік, үміт сияқты адам қасиеттеріне сәйкес келеді. Оз сәулесіне шомылған алтын күн тыныштық пен байлықты, ал дала қыраны- қазақстандықтардың қайырымдылығы мен қырағылығы ой биігін көрсетеді.Шекараның бұзылмайтындығын бейнелейтін күн шексіз далада ұшқан қыран ою - өрнек - Қазақстанның ғасырлар бойғы қалыптасқан жинақы бейнесі.

«Тәуелсіздік жасасын!» атты мерекелік іс-шараның жоспары


  1. Малика: ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы.

Елтаңба- әл ердін белгісі. Оған қарап тұрып бұл елдің басқалардан қандай айырмасы бар екенін бірден білесің. Қазақстан елтаңбасы - мемлекеттік егемен ремізі - бірнеше рет өзгерді. 1992 жылдың 4 маусымы - тарихи күн. Сол кездегі Республика Жоғары Кеңесі тәуелсіз ҚҚазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен елтаңбасын бекітті. Жаңа Елтаңба рәмізі мазмұнының тереңдігімен және тартымды күшімен ерекшеленеді. Оның көркемдік шешімінің негізінде шаңырақ, бесжұлдыз, содай-ақ аңыздағы сәйгүліктер мен «Қазақстан» деген жазу жатыр.Көкшіл-көгілдір аспан реңінде қазақ халқының дәстүрлі бейнелерінің бірі- шанырақ бейнеленген. Ол отан, кеңірек ұғынсақ дүниежүзі, әлемді білдіреді. Көшпелі халықтардың дәстүрлі түсінігінде бүкіл жер күмбез түрінде болған. Елтаңба авторлаларының бірі Жандарбек Мәлібекұлы мынаны айтты: «Елтаңба осы қалпында ойға келе коған жоқ. Ең әуеле менің ойыма келгені шаңырақ еді. Қарап отырсам, қазақ ешуақытта өз бетімен біреумен соғыспаған екен. Қазақ қашанда жауданқорғанған. Шаңырағын, отбасын, кең даласын қорғаған.Қазақта «Шаңырағың биік, керегең енң, босағаң берік болсын деген сөз бар. Осы үш сөз негізге алынды. «Алты қанат ақ орла үй шайқалды» деп келетін аңыз-жырларды жасымыздан жаттап өскендігіміздің арқасы шығар, елтаңба нышандарын өткен тарихымыздан іздеп, оны бүгінгі күнмен байланыстыру керек болды.Елтаңбадан сол елдің тарихы, дәстүрі, рухы толық танылып тұруы тиіс.

«Тәуелсіздік жасасын!» атты мерекелік іс-шараның жоспары


  1. Аружан: ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев.

  1. жүргізуші:

Желтоқсан - заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың
Желтоқсан - Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

1жүргізуші:

Сахнада 9 «А» сынып оқушысы Саматов Нияз Қ.Рысқұлбековтың бейнесімен «Ақтық сөз»

Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!......

Қайрат атты атым бар,он сегізде жасым бар...
Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!....

Сұранбады, жалынбады тік тұрды,
Барлық жендет қорықты одан тіксінді,
Тас қорғанда жалғыз өзі жатса да,
Қанышерлер айналада көптін-ді....

Бір қазаққа әлі келмей, жер болып,
Мойындатпақ, бір өлікті тергеулік,
Сенің ісің, сен өлтірдің дегенді,
Артпақты олар, өрен жасқа көлдей ғып ....

2 жүргізуші:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан - елім менің

1 жүргізуші:

Сахнада 9 «Б» сынып оқушылары Астана туралы өлең жолдарымен

  1. Александр:

Астана - моя столица!

Астана - моя любовь!

Ею будем мы гордиться

Прославлять ее как птицу,

Ту, что ввысь всегда стремится

За мечтою, за судьбою.

Лучший город Астана,

Это значит вся Земля!

  1. Алина:

Астана - моя столица!

Ты красива, ты светла,

Ты как солнышко лучиста,

Ты как звездочка ярка.

Астана - моя столица!

Вся растет и строится,

Вся в сияниях огней

Ждет знакомых и гостей.

  1. Галина:

Я горжусь своей страной

И столицей - Астаной.

Казахстан - моя земля

Называют все любя.

Строит все наш Президент

Небоскребы каждый день.

Знаменитый на весь свет

Золотистый Байтерек.

1 жүргізуші:

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан

2 жүргізуші:

Сахнада 9 «А» сынып оқушысы Айдынқалы Жандауа «ҚР ассамблеясына 20 жыл» өлең жолдарымен.

  1. Жандауа:

Серт беріп туыс болып қалуға,

Нәубеттерден аман жеттік дамуға.

Байтақ елдің биік ұстап байрағын,

Біздің достық мәңгі болып қалуда.

Тілі бөлек болғанымен тілек бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрек бұл.

Қазақстан бір Ұлысқа шаңырақ,

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

1 жүргізуші:

Бақытым-Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.

2 жүргізуші:
Алдарыңызда 4,5-7 сынып оқушылары «Жаса Қазақстан» әнімен

1 жүргізуші:

Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, -деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші.Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

2 жүргізуші:.

Алдарыңызда бастауыш сынып оқушылары «Достық» және «Қара жорға» биімен.

1 жүргізуші:

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Хор «Атамекен»

2 жүргізуші:.

Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жасасын» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар

Құттықтау сөздер.

а) Мектеп директоры: А.И.Игентаев

ә) Озерки ауылдық округының әкімі: Б.Ш. Нұғманов

б) Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Т.Т. Құсаинов


«Тәуелсіздік жасасын!» атты мерекелік іс-шараның жоспары

© 2010-2022