Баяндама тақырыбы: Табиғат тағдыры-адам тағдыры

Раздел Классному руководителю
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Табиғат тағдыры-адам тағдыры


Мақсаты: Оқушыларға экологиялық білім беру.Табиғат пен адам өміріндегі жануарлар мен өсімдіктер маңызын анықтау.

Тәрбиелік: Қоршаған орта мен оның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғай алатын,аялай білетін адамгершілігі мол,ізгілікті,экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары ұрпақ тәрбиелеу.

Дамытушылық: Экология мәселелеріне ,табиғат келешегіне көз жүгіртіп,қоршаған ортаның тағдырына немқұрайды қарамауға баулып,табиғатқа сүйіспеншіліктерін одан әрі дамыту.

Көрнекілік: Газет-журналдар

Барысы:

Бүгінгі таңда адамзат баласы алданда ең күрделі екі мәселе тұр:бірі-әлемді алапат соғыстан алып қалупроблемасы болса,екіншісі өзімізді қоршаған тіршілік -биосфераны келешек ұрпаққа бүлдірмей,ластамай,көркейтіп,көріктендіріп жеткізу.Өйткені тіршіліктің барлығы сыртқы ортамен байланысты.Осы жауапты іске өз үлесімізді аз да болса қосу үшін бүгін біз сіздермен өз еліміз Қазақстан Республикасының экологиясы,қазіргі хал-жағдайын білу үшін кездесу ұйымдастырып отырмыз.

Эколог маман: экология-биология ғылымдарының қарқынды дамыпкеле жатқан саласы.Оны биология ғылымында енгізген австралық ғалым-биолог Э.Геккель еді.Экология грек сөзі(oikos-үй,тұрақ,мекен мен logos-ғылым,) қазақша тірі ағзалардың тіршілік ететін ортасы мен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым деген мағына береді.Оның ең басты мақсаты- биосфера шегіндегі әлемдік проблемаларды бақылай отырып,ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау.Адам-қоғам-биосфера арасындағы қарым-қатынасты үйлестіре отырып,табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды реттеу.


© 2010-2022