Салауаттылық менің қалауым. Сынып сағаты. 8 сынып

Тақырыбы : «Салауаттылық –менің қалауым»Мақсаты : Оқушылардың денсаулық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Денсаулығын сақтай білу іскерлігін дамыту. Денсаулықты күтуге, бағалауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: тренинг Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын Көрнекі құралдар: үнтаспа, сюжетті суретттер, слайдӨту барысы: Шаттық шеңбері:Ой бөлісу. -Спортпен шұғылдану адамға не үшін қажет? -Өздеріне спорттың қандай түрлері ұнайды? -Сендер қан...
Раздел Классному руководителю
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Бекітемін: . 15.10.2014

Тақырыбы : «Салауаттылық -менің қалауым»

Мақсаты :

  • Оқушылардың денсаулық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

  • Денсаулығын сақтай білу іскерлігін дамыту.

  • Денсаулықты күтуге, бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: тренинг

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын

Көрнекі құралдар: үнтаспа, сюжетті суретттер, слайд

Өту барысы:

Шаттық шеңбері:

Ой бөлісу.

  • Спортпен шұғылдану адамға не үшін қажет?

  • Өздеріне спорттың қандай түрлері ұнайды?

  • Сендер қандай спорт түрлерімен шұғылданасындар?

  • Салауаттылықты қалыптастыру үшін не істеу керек?

«Сиқырлы себет» жаттығуы. ( отбасы мүшелері жазылған қағазды суырып, дүкенге барып, қажетті заттарын алады, алған заттарын не үшін таңдағанын айтады)

Отбасы мүшелері: Әкесі, анасы, әжесі, атасы, баласы , ағасы, апасы, інісі, қарындасы.

Дүкендегі заттар: Айран, нан, чипси, кола, сухарики, алма, жүзім, ірімшік, шеколад, қызанақ, торт, т.б

«Салауатты адам портреті» жаттығуы.

Ортаға екі оқушы шығып, біреуі салауатты, дені сау адамды көрсетеді, екіншісі салауатты өмір салтын ұстанбайтын адамды көрсетеді)

«Иә, жоқ» жаттығуы.

  • Спортпен айына бір рет шұғылданса жеткілікті.

  • Күн режимін сақтау денсаулық кепілі.

  • Дұрыс тамақтану артық салмаққа акеп соқтырады.

  • Көтеріңкі көңіл күй салауаттылық негізі.

  • Темекі адам ағзасына зиянды емес.

«Қолшатыр...» жаттыгуы
-Біз зиянды заттардан қорғану үшін не істеуіміз керек? Оқушылар қолшатырдың әр бөлігіне қағазға өз ойларын жазып іледі.
«Денің сау болсын десең...» жаттығуы
Бір оқушы «Денің сау болсын десең...» деп ортаға шығады. Қалған оқушылар осы сөйлемді толықтырып аяқтап, шеңбер құрайды.
«Мен, сені сүйем, жарқын өмір» жаттығуы.

Мен - өздерін көрсетеді.

Сені- оң қолын жаяды,

Сүйем - жүрек жасайды

Жарқын өмір - құшағын жаяды.

Қорытынды.


© 2010-2022