«Киелі мекен - Маңғыстау!»

Раздел Классному руководителю
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Киелі мекен - Маңғыстау!» атты әдеби сазды кештің СЦЕНАРИЙІ

8 а сынып оқушыларының Қазақ биі


Жүргізуші:Пай! Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүбірлеп өткен жер !
Тұлпарлар дүбірлеп өткен жер !
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер!
Сарылып сал-сері кеткен жер!
Бас иіп, иіскеп топырағына
Тағзым жасамай өтпеңдер!

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі өткізгелі отырған «Махабаттым, мақтанышым - Маңғыстау!» атты әдеби сазды кешімізді ашық деп жариялаймыз.

Маңғыстау . . . Бұл атауды естігенде соңғы кездері көп адамдардың санасында ашылып , игеріліп жатқан мұнай мен газ кен орындары ғана тұрады . Ал, осынау ежелгі мекен тек пайдалы қазбаларға ғана емес , сонымен қатар осы аумақта өмір сүрген Кіші жүз қазақтарының тарихына да бай.

Тарихының тамыры тереңге тарқан Маңғыстау жерінің қасиет тұнған топырағы талайларды тамсандырып келеді. Табиғаты таңғажайып, тау-тасы түртіп қалсаң сөйлеп кеткелі тұрған шежірелі өлке. Ендеше кешіміздің шымылдығын үшін ортаға мектебімізідің жас әншісі Жаңаберді Асылайды «Сәлем саған, туған ел» өлеңімен қарсы алыңыздар.

Жүргізуші: Маңғыстау - кім-кімді де қызықтырып әкететін, терең тарихты өлке. Қазір егемен еліміздің ең бай өңірі, экономикалық даму тұрғысынан көшбасшы болып отырған қазыналы Маңғыстау - «Жеті жұрт келіп, жеті жұрт кеткен», шытырман оқиғаға толы өңір. Жерінің асты қазынаға, жерінің үсті аңызға толы өңір. Әулиелі - киелі мекен. Осы өлкенің тарихын жетік білу бүгінгі сіздер мен біздердің басты міндетіміз

Жер кіндігі атанған Маңғыстау өлкесінің тарихымен Бөлекбаева Жеңіскүл таныстырып өтеді.

Жөнейтова Оразгүл Сабыр Адайдың шығармашылынан «Маңғыстау» өлеңі

Жүргізуші: Ұранымсың, жан баба

Жыр әнімсің жан баба,

Жебеушімсің, жан баба

Демеушімің, жан баба

Бекет Ата-Пір баба!- Маңғыстау десе ауызымызға бірден Бекет Атамен Маңғыстау өлкесінің 362 әулие түседі. Асқақ жұртының асқар - шақаршының басындай тәкаппар, жүрегінен мәңгілік жәннат тапқан, «әлсізге медет, күштіге айбар, зарыққанға жебеу, тарыққанға демеу, асқанға тосқан, сасқанға сая, ұрпаққа ұстаз, ұлысқа ұран, ел иесі, жер киесі Пір Атаға қанша тағзым қылсаң да артық емес деп білеміз. Киелі Маңғыстау жері әулиелерге бай. Әрқайсысының өзіне тән қайталанбас қасиет- ерекшелігі болғаны да аян. Уақыттың куәлік етуіне олардың әрқайсысының әсер ету күші де әр алуан болып келеді. Бекет Атамыздың өмірімен кеңінен таныстыруға Ожанова Гүлнұрды шақырамыз өтеді.

«Ұшады Маңғыстаудан шағалалар» Орындайтын: Төлепбаева Інжу.

Жүргізуші: Отпан тауы - «От Адамның» мекені

Әлімсақта болған екен деседі

Ғұламалар табиғатпен тілдескен

Дана шалдар, өтіп кеткен кешегі

Кіндік қаның тамып, туып-өскен мекеніңді, табаның тиіп тұрған топырақты бәрінен артық көруге хақылысың. Туған жердің бір түйір тасы жаттың ат басындай алтынынан қымбат емес пе? Ендеше жеріміздің төрі- Отпан тау , еліміздің мөрі атанған - Адай Ата кесенесі жайлы 10 сынып оқушысы Осфанова Алтыншаштың дайындаған материалына кезек берейік

5 а сынып оқушысы Сансызбай Ақжүністі «Туған жер» әнімен қарсы алыңыздар

Жүргізуші: Адайда, Абыл, Нұрымдай,

Байбақтыда Сырымдай

Ат құлағын теңдесіп

қайта жауап жазбасақ

Қожекен неден сүріндай - деп Абыл, Нұрым, Сырымдардың ақындық, шешендік талантына бас иген. Киелі маңғыстау жерінен небір жыршылар, әншілер өткен. Солардың бірі маңғаз өлкенің ұлы жазышусы, ұлы даланың ұлы перзенті Әбіш Кекілбаев. Өлді деуге болама айтыңдаршы, артынан өлмейтұғын із қалдырған» бөлімінде кезек бере отырып ортаға 8б сынып оқушысы Еркебаева Ақмаржанды ортаға шақырамыз.

Бекболатұлы Қайсар «Қазақстаным» әні

Жүргізуші: Қазыналы байлықты,

Берген бізге құдайым

Қосты елге бай, мықты

Газым менен мұнайым. «Мұнай мен газ - Қазақстанның басты шикізат байлығы, оның болашақ гүлденуінің негізі» деп Н.Ә.Назарбаев айтқандай Маңғыстау - 40 жылдан астам өзінің қара алтын мұнайы мен газы, құрылыс материалдарымен тағы да басқа пайдалы кендерімен аты мәлім.

Жарылғап Дәурен « Мұнайлы мекен»

Композиция көркемсөз «Туған жерге арнау»

Жүргізуші: Қасиетті Маңғыстау туралы Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев «Маңғыстау тұрғындарына көп адамдар өмірінде тым құрығында бір рет барып көруді армандайтындай жерде тұру бақыты бұйырған», - деген болатын. Ал заңғар жазушымыз Әбіш Кекілбаев: «Маңғыстау… Тарих пен табиғаттың бірге толғанған тамаша дастаны, бірге салған таңғажайып суреті, бірге шерткен тағылымды шежіресі. Оны таңданбай көріп, тамсанбай түйсінуің мүмкін емес», - дейді.

Мусалимов Жандос «Көк тудың желбірегені»

Жүргізуші: Туған жер туралы ой толғап, қалам тербемеген ақын -жазушы жер бетінде жоқ болар, сірә!? Бүгінгі күнге дейін туған жерге қаншама әдемі сөздер арналғанымен, ешкім де әлі атамекеннің құдіретін танытатын сөзді ойлап таппаған да шығар... Неткен ыстық, неткен құдіретті едің, туған жер!

Алтын бесігіме аяқ баспағалы бірнеше айлардың жүзі болған еді. Осы ағаттықтың орнын толтырмақ болып, жақында ғана туған жеріме барып, тағызым етіп, сәлемдесіп келген жайым бар. Шіркін -ай! Өз еліңнің ауасы да , суының дәмі де, адамдары да тым өзгеше, айтып жеткізе де алмайсың! Туған жерге деген махаббат, сағыныш ештеңеге ұқсамайтын - ұлы сезім!

Осымен бүгінгі «Киелі мекен Маңғыстау» атты әбеди сазды кешіміз аяқталды. Қош сау болыңыздар!


© 2010-2022