План урока на тему Менің отбасым-менің бақытым

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мақсаты: Ата-аналар мен балаларды қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау. Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен, басқа ата-аналармен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру. Мектеп - отбасы - бала қарым-қатынастың тиімді модельдерін іздестіру.

Түрі: семинар-тренинг

Көрнектілігі: отбасына арналған слайд-шоу, бейнекөрініс, ұлағатты, даналық сөздер

Даналық сөздер: «Баланы дұрыс тәрбиелеу - бұл біздің қарттық шағымыз, жаман тәрбиелеу - бұл біздің келешек қасіретіміз»; «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Бала нені білсе жастан, ұядан - өле өлгенше соны таныр қиядан», «ХХІ ғасырда отбасы тату, өнерлі болуы тиіс»

Барысы:

Семинар-тренингтің жоспары:

І.Психологиялық дайындық

ІІ. «Мен отбасыммен мақтанамын» слайд-шоу

ІІІ. «Отбасы-аялы алақан мекені» сурет салу

ІҮ. «Сәлем-сөздің анасы» мақал-мәтелдің жалғасын табу

Ү. «Салауатты өмір біздің болашағымыз» флешмоб

ҮІ. «Бала тәрбиесі» бейнекөрініс

ҮІІ. «Адам есімінің түстері» тренинг

ҮІІІ. «Әдептілік-әдемілік» дастархан басындағы әдептілік (қойылым)

ІХ.Қорытынды

1. Психологиялық дайындық

Қане, қане, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Тұрсақ үлкен шеңберге

Алақанға ұрайық.

Психологиялық сәт. «Еркелету» жылулық шеңбері. (ата-аналарыңның өздерін еркелеткен сөздерін айту).

- Балалар, біз неге шеңберге тұрып, сабақты бастадық?

Шеңбер - бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық. Шеңбер арқылы - бір - бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз. Шеңбер - сонымен қатар, қай әріпке ұқсайды?

«О» - әріпіне ұқсайды.

«О» - әріпінен басталатын сөздер айтайық. («Отан», «Отбасы» т.б.)

Бала десе елжіреп, еміренбес жүрек болар ма? Жас ұрпақты тәрбиелеп өсіруде ата-аналардың атқаратын қызметі зор. «Баланы таба білсең, баға біл», «Баланы сүйсең тәрбиесін сүй», «Баланы мақтау жетілдірмейді, тәрбиелеп баптау жетілдіреді» - деген мақал-мәтелдер баланы құр айналайын дей бермей, оны бесіктен тәрбиелеу қажеттілігі, тәрбие отбасынан, ата-анадан басталатындығы белгілі.

Отбасы - адамның эмоциясы, күйзелісі, көзқарасымен, қатынасымен байланысты емес, ол - ерекше фономен. С.И.Голод (1998) пікірінше, отбасы фономенінде құрылымдық өріс ерлі - зайыптылар және ата-ана мен бала қатынасы деп қарастырады. Отбасы балаға ықпал етеді, оны қоғамдық өмірге жетелейді. Бала қай жас ерекшелік кезеңінде болмасын, ол әрдайым отбасының яғни ата-ананың қамқорлығын қажет етеді.

Бүгінгі біздің сыныбымызда «Менің отбасым-менің бақытым » атты семинар-тренинг ұйымдастырылып өткелі отыр. Олай болса, бүгінгі семинар-тренингімізге қош келдіңіздер демекпіз.

2.Отбасымыз келіп жетті ортамызға,
Сыпырды томағасын осы дұға.
Қызып келген қырандай керілтеді,
Әдеппенен ізетпен ортамызда..

«Мен отбасыммен мақтанамын» атты слайд-шоумен таныстыруға ортамызға Алиакбаровтар отбасын ортаға шақырамыз.


3.Ыстық - ау кім - кімге де әке деген
Суыққа шалындырмай мәпелеген
Өмірдің соқпағымен өрге тартып
Алдымен адам бол деп жетелеген

Жас едім өмірге еркін бойламаған
Күні ертең не боларын ойламаған
Шарықтап кетсем дағы қанат қағып
Өзіңдей қамқор әке қайда маған- дей келе келесі кезекті әкелеріміздің «Отбасы-аялы алақан мекені» атты тақырыпта салған суреттеріне берсек.

4. Шебер болсақ, тіл байып,
Шешендіктер бір ғайып.
Мақал - мәтел үйреніп,
Тілімізді шыңдайық.

Кенжеғұловтар отбасы мен Асқаровтар отбасы сіздерге арнап мақал-мәтел дайындап келген екен. Бізге мақалдың алғашқы қатарын ғана айтады, ал біз сол мақалдардың жалғасын табуымыз қажет.

1. Балаңа байқап сөйлесең, (ақылыңа көнер.)
2. Өз білмегеніңді кісіден сұра (Үлкен жоқ болса, кішіден сұра)
3. Әдептілік белгісі (Иіліп сәлем бергені)
4. Оқу - білім бұлағы (Білім - өмір шырағы)
5. Қына тасқа бітеді (Білім басқа бітеді)
6. Ер жігіт ел үшін туады, (ел үшін өледі)
7. Қарағайға қарап тал өсер (Қатарына қарап бала өсер)
8. Досы көпті жау алмайды (Ақылы көпті дау алмайды)
9. Тіліңмен жүгірме (Біліміңмен жүгір)

10.Отансыз адам (Ормансыз бұлбұл)

5. Ұстанған салауатты өмір салтын,

Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,

Спортшы отбасылар келді ортаға

Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!

Келесі кезекті Бегмановтар отбасы мен Шакуовтар отбасына берсек. Ортада флешмоб.

6. Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы,

Жарқырап жатыр жолыңда - демекші ата-ана мен баланың дайындаған «Бала тәрбиесі» атты бейнекөріністі тамашалайық және өз ойымызды ортаға салайық.

7. «Адам есімінің түстері» тренинг

Мақсаты: Адамның есімі маңызды екенін сезіндіру, өздерінің және басқа адамдардың есіміне құрметпен, сүйіспеншілікпен қарау, әрбір адамды дұрыс сезініп, оны тек жақсы жағынан көруге және қабылдауға, алған әсерін ашық айтуға шақыру. Қиялды, шығармашылық қабілетін дамыту.

Көрнекілігі: қарындаштар, қағаздар

Мына қағаздарға өздеріңіздің ұнататын түстеріңіз бен есімдеріңізді жазыңыздар. Әр түске қарап сіздің қандай қасиет, қабілеттеріңіз бар екенін айтып береміз.

Қызыл түс - энергия түсі, ол адамды іс-әрекетке итермелеп, үнемі жігерлендіріп отырады. Жоғары сезімді, жігерлі, күшті, мінез-құлқы батыл тұлға.

Сары түс - көңілді түс адамдармен тез араласуға көмектеседі. Бұл түсті таңдап алған адамдар - іскер, мінез-құлқы мықты, жаратылыстану пәндеріне жақын.

Қызғылт сары түс - шығармашылық, белсенділіктің түсі. Осы түсті таңдап алған адамдар - жауапкершілігі мол, өз сезімдеріне мықты.

Жасыл түс - адамның өз-өзіне деген сенімділігін арттырып, жүрген ортасында белсенді болуына ықпалын тигізеді. Осы түсті таңдап алған адамдар мейірімді, ақ көңіл, табиғатты сүйеді.

Көгілдір түс - сенімділік, үйлесімділік, тыныштық түсі. Бұл түсті таңдап алған адамдар - өз-өзіне сенімді, рухани байлығы мол.

Қоңыр түс - еңбекшіл, мейірімді, қолдарынан бәрі келеді.

Қара түс - ақ көңіл, шыншыл.

Ақ түс - өз мақсатына жетеді, дарынды әрі мәдениет саласында өнерлі.

8. Дастархан басындағы әдептілікке байланысты шағын қойылымға берейік.

(Аналарымыз үйден әзірлеп келген астарын дастарханға қояды)

Қорытынды

Абай атамыздың жетінші, сегізінші, оныншы қара сөздерінде бала туралы, ақыл үйрену мен насихат тыңдау мәселелері сөз болады.

"Жас бала анадан туғанда, екі түрлі мінезбен туады. Біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұл тәннің құмары… Біреуі білсем, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген". Бұл қара сөзде қаралған бала тәрбиесіне негізгі көмекші бірден бір ата-ана екендігі айдан анық. Бала болашағына негіз салушы - ата-ана.

Ана - бала, бала - ана бір ұғым
Бір - бірінсіз жоқ олардың бақыты
Омыртқаның үзбеу үшін жұлынын
Екеуінің өтсін бірге уақыты

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар осымен бүгінгі біздің «Менің отбасым-менің бақытым» атты семинар-тренингіміз аяқталды.





© 2010-2022