Қазақ әдебиеті Қазақ әліпбиі

Раздел Классному руководителю
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ әліпбиі

Қазақ тілі 5 - сынып
Сабақ тақырыбы: Қазақ әліпбиі
Сабақтың білімділік мақсаты: Қазақ әліпбиінің құрамы мен ретін және тарихымен танысады, өз ойларын ұшқыр ұтымды жеткізіп, тапсырмалар арқылы бір - бірін тыңдауға, сыйлауға дағдыланады және басқаның еңбегін әділ бағалауға үйренеді
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Бірін - бірі түсіндіру, талдау, жаттығу орындау, ойлау, дәлелдеу.
Сабақтың көрнекілігі: плакат, түрлі түсті фломастерлер
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих.
Мұғалімнің іс - әрекеті: Өткен тақырыптар, жаңа сабақ барысында ашық сұрақтар қою, Кластер толтырту және бағыт - бағдар беру, қажетті құралдармен қамтамасыз ету, кесте дайындау
Оқушының іс - әрекеті: Бірін - бірі оқыту арқылы түсіну, сұрақтарға жауап беру, оқулықпен жұмыс жасау, талдау, топтастыру, Кластер құру, эссе жазу.
Күтілетін нәтиже: Өткен сабақта алған білімдерін бекітеді, топпен, бірін - бірі оқыту арқылы жаңа сабақты түсінеді, жаттығу жасау, талдау жасау арқылы білімдерін кеңейтеді, топтастыру жұмыстарын жасай отырып өзін - өзі бағалауға үйренеді, түсініктеме кестесін толтыру арқылы ойларын жинақтайды.
Бағалау формасы: топбасшының бағалауы

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
«Шаттық шеңбері» қуаныш сыйлау. Санау арқылы 3 - топқа бөліну.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1. Бір буынды сөздердің дауысты, дауыссыз дыбыстарын өзгертіп, жаңа сөздер құраңдар:
ат, тал, сой, ақ, ес, ін, ұл, күн, қақ, жаз.
2. Жаңа сөздің біріне мәтін құра

ІІІ. Жаңа сабақ Топтық жұмыс
А) Ойлан, топтас, пікірлес.
- Балалар, әліпби дегенді қалай түсінесіңдер? (топтастыру)
Ә) Жұмыстарын қорғау (бірін - бірі қайталамай, толықтырып отыру керектігі ескертіледі)
Б) Оқулықпен жұмыс ( топпен жаңа тақырыпты оқып, сызбаларын толықтырады)
В) Кластер қорғау.
Оқулықтағы ережені пайдаланып кластерді толтырады
Әріп

42
таңба
Жазба түрі бар
Баспа түрі бар
Сөздіктерде пайдаланылады
Бас әріп
Кіші әріп
Орналасу тәртібі бар
Төл 9 әріп бар

Г) Сергіту сәті «Айна»
ІY. Тапсырма
1 - топ - Әріптерді әліпби ретімен жазу
2 - топ - Жоғалған әріптерді қой.
Қ... за...... азба м... ралар... ны... к... пш... лігі ара... ә... іпби... арқ... лы біздің... ама... ымы... ға жет... і. 1912 жы... ы... хмет Ба... тұр... ынов а... аб әліп... иін... н.. гіз... елген қа... ақ жазуы... а ал... ғаш ре... орма жа... а... ы.
3 - топ - Мына сөздерді бас әріппен жазып, мағынасында қандай өзгеріс болғанын айтыңдар.
қанат, болат, берік, сәуле, әділ, бек, астана, тараз, раушан, райхан, алтын, күміс, самал, дидар.
Жұмыстарын қорғау
Ү. Рефлексия
А) Мына сандардың мәнісін айтыңдар (ауызша)
42 -
40 -
2 -
15 -
26 -
1912 -
1929 -
1940 -
Ә) Эссе жазу
ҮІ. Үй тапсырмасы
1. 239 - жаттығуды шарты бойынша орындау
2. Басқа тілдердегі әліпбидегі әріптердің санын біліп келу

ҮІІ. Бағалау
Топ басшысы ұпайларын санап, қойған бағасын айтады. Өздерінің қойған бағаларымен салыстырып, пікірлерін айтады.



© 2010-2022