«Есімдіктердің түрленуі»

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың есімдік туралы жалпы түсінігін орнықтырып, оны жетік біліп, еркін қолдануын қалыптастыру. Міндеттері: а) Оқушылардың есімдіктердің түрленуі  бойынша алған білімдерін қайталау арқылы пысықтау, еске түсіру, бекіту ; ә) оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру, қызығушылығын ояту, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, сөздік қорын дамыту  ; б)  түрлі жаттығу жұмыстарын орындату арқылы  ізеттілікке, достыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.  Түрі: аралас сабақ Типі: қайталау Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, талдау, жинақтау, т.б Көрнекілік: интерактивті тақта, үлестірмелі тапсырмалар, сызба-кестелер, перфокарта. Пәнаралық байланыс: әдебиет, ағылшын тілі, биология, тарих. Қолданылған әдебиеттер: Оқыту әдістемесі; Дидактикалық материалдар; Электрондық оқулық. Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру.Оқушылардың сабаққа қатынасын түгелдеу. Назарларын сабаққа аудару. Топтастыру. Бір-біріне жылы лебіздерін айту. «Көкірегі сезімді, көңілі ойлыға Бәрі де ашық тұрмай  ма ойлағанда...» (Абай)
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі:

№7 жалпы білім беретін орта мектебі. Қаражал қаласы

Отарбаева Асылзат Нұрлановна

Сыныбы: 7 «А»

Пәні : қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Есімдіктердің түрленуі

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың есімдік туралы жалпы түсінігін орнықтырып, оны жетік біліп, еркін қолдануын қалыптастыру.

Міндеттері: а) Оқушылардың есімдіктердің түрленуі бойынша алған білімдерін қайталау арқылы пысықтау, еске түсіру, бекіту ; ә) оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру, қызығушылығын ояту, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, сөздік қорын дамыту ; б) түрлі жаттығу жұмыстарын орындату арқылы ізеттілікке, достыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ

Типі: қайталау

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, талдау, жинақтау, т.б

Көрнекілік: интерактивті тақта, үлестірмелі тапсырмалар, сызба-кестелер, перфокарта.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, ағылшын тілі, биология, тарих.

Қолданылған әдебиеттер: Оқыту әдістемесі; Дидактикалық материалдар;

Электрондық оқулық.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру.Оқушылардың сабаққа қатынасын түгелдеу. Назарларын сабаққа аудару. Топтастыру. Бір-біріне жылы лебіздерін айту.

«Көкірегі сезімді, көңілі ойлыға

Бәрі де ашық тұрмай ма ойлағанда...» (Абай)

ІІ. Үй жұмысын тексеру. Көркем шығармадан есімдіктер қатысқан сөйлемді теріп жазу. Ж.Аймауытов «Әнші» әңгімесі;

ІІІ. Негізгі бөлім

Сағи Жиенбаевтың «Ертең» өлеңі.

Тұрам ерте,

Шығам ерте үйімнен...

Не қоям мен

Мына қарқын, түріммен?

Анау-мынау...

Белгілі ғой бәрі де.

Қалатұғын не бар дейсің бүгіннен?

Күндегі осы...

Күндегі осы тіршілік,

Жең сыбанып, кірісемін құлшынып.

Анау-мынау... бітіп еді әлгіде,

Тағы да бір «анау-мынау» ... тұр шығып.

Есімдіктерді таптырып, еске түсіру.

Кластер. Топтық жұмыс

Есімдік

«Біз» деген сөз - кішіліктің белгісі,

«Мен» дегеннен қашар болар ер кісі.

«Сіз» - әдемі ілтипаттың бұлағы,

«Сіз, біз» дескен ұтар әркез, шырағым!

(А.Асылханқызы)

Жіктеу есімдіктерін септеу, жіктеу.

1-топ - мен,сен

2-топ - сіз, ол

Енді, бәріміз тақтаға қарайық. Мұнда өлеңдер берілген, сол өлеңдерден есімдікті тауып, олардың орысша, ағылшынша баламасын айту керек.

Тарих қана, халық қана туатын

Алыптардың арқа тұтпас кім атын?! (кто? who? ) сұрау е

Ұлы арманын жырлау үшін қазаққа

Керек болды Абай сынды ұлы ақын,

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, (самому? самого; yourself) өздік е

Еңбегің мен ақылың екі жақтап. (Абай)

Электронды оқулықпен жұмыс

№41. «Әке мен бала».Берілген мәтінді оқып, есімдіктерді тауып, қандай тұлғада жұмсалып тұрғанын айтыңдар. Берілген ұяға есімдіктерді мағынасына қарай салыңдар. (жолбарыстың ұясына жіктеу есімдігін апару, сілтеу есімдігін түлкінің ұясына апару, сұрау есімдігін қасқырдың ұясына апару, болымсыздық есімдігін аюдың ұясына апару, белгісіздік есімдігін күшіктің ұясына апару )

Ж: ана (түлкі), не (қасқыр), еш нәрсе (аю), ол (жолбарыс).

Оқулықпен жұмыс жүргізу. 97-жаттығу. Мәтінді оқыңдар (суреттер топтамасындағы 3-суретке назар аударыңдар). Есімдіктердің мағынасына, сұрағына, тұлғасына қарай талдаңдар.

Сергіту сәті «От шашу»

Ашық түрдегі тест:



  1. Үлкенді сен сыйласаң, Кіші ...(сені) сыйлайды.

  2. Жаманның ... (өзі) бола алмайды. Болғанды көре алмайды.

  3. Балапан ұяда ... (не) көрсе, ұшқанда соны іледі.

  4. Не ексең ... (соны) орасың.

  5. Біреу тойып секіреді, ... (Біреу) тоңып секіреді.

Үлестірмелі тапсырма.

І топ

  1. Сөйлемдерден болымсыздық есімдікті тауып, оның қандай сөздердің орнына қолданылып тұрғанын айту.

Сәден ешбір жұмысты ойламай, білмей, істемейтін.

Сөзін ешкім тыңдамаған Сарыбас аңырап тұрып қалды.

Ермек ешқайсысына жауап қайтарған жоқ.

Бұл мәселенің ешқандайына келісуге болмайды.

Ол ешкіммен сөйлеспейді, ешкімнің қасына бармайды.

Біз жеңеміз. Оған ешкімнің де күмәны болмасын.

Әне, әлдеқайда ұшып бара жатқан қараша қаздардың даусы естіледі.

ІІ топ

Қарамен жазылған есімдіктердің мағынасын айқындап, оларды тұлғасына қарай талдаңдар.

Осының бәрін мен Нүркеден сұрағым, білгім келді.

Мен одан мәселені ашусыз шешуді өтінгім келді.

Қобалжу, жүрексіну - бәрімізде бар.

Көзімді ашып, айналама қарап едім, - ештеңе көрінбейді.

Бетімді әлдекім әлсін - әлсін желпіп отиырған сияқты, бір салқын жел тиеді.

Олардың түрінде ерліктің ешқандай белгісі жоқ, тек үрей ғана бар.

Ол үй ішінде өзінен өзге жан жоғын білді.

Гүлден ұшқан көбелектей көп бояулы, нешебір көріністер.

Ешкім де қыстаған жоқ, өзім келдім.

IY.Бекіту «Перфокарта» көмегімен есімдіктерді мағынасына қарай топтау.

І топ

Мысалдар

Жіктеу есімдігі

Сілтеу есімдігі

Сұрау есімдігі

Өздік есімдігі

Белгісіздік есімдігі

Болымсыздық есімдігі

Жалпылау есімдігі

А

Ә

Б

В

Г

Ғ

Д

1

Барлық


2

Кейбіреу


3

Олар


4

Мыналар


5

Өздері


6

Ешқашан


7

Біздің


8

Мынау


9

Баршасы


10

Қайда?


11

Ешкім


12

Әркім


13

Қайсыбір


14

Әлдеқашан


15

Қашаннан




ІІ топ

Мысалдар

Жіктеу есімдігі

Сілтеу есімдігі

Сұрау есімдігі

Өздік есімдігі

Белгісіздік есімдігі

Болымсыздық есімдігі

Жалпылау есімдігі

А

Ә

Б

В

Г

Ғ

Д

1

Өзіміздің


2

Осынау


3

Біреуге


4

Кімде-кім


5

Әрқайсысы


6

Әлдекім


7

Ешқайда


8

Әрқашан


9

Дәнеңе


10

Өзді-өзіне


11

Ештеңе


12

Түгел


13

Әне


14

Қалай


15

Тегіс




Y. Қорытынды

Жүсіп Баласағұн: «Біле бер қанша білсең, тағы тіле. Жетерсің мақсатыңа біле-біле» .

Не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді?

Жапсырма қағаздарға оқушылар өздерінің ұсыныс -пікірлерін, көңіл-күйлерін жазып, смайликтерге жапсырады.

YI.Үйге тапсырма: «Тәуелсіз Қазақстан - менің болашағым» атты тақырыпқа ойтолғау жазып келу.

YII.Бағалау

















© 2010-2022