Ашық тәрбие сағаты Жол ережесін білу - бәріне міндет

    Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс-жүзінде асыра білуге үйрету. Жолда   жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету. Тәртіптілікке, сақ болуға,көшеде  өздерін дұрыс ұсатап жүруге тәрбиелеу.Балалар ,бүгінгі сабақта біздер жол жүру ережелер қаласына барамыз. Жол ережелер қаласындағы  сендерге дайындап  отырған  тапсырмалары бар. Жол тәртібі бойынша білімдеріңді сынайды.Әр топтан өздерінің шартты белгілерімен бағдаршамдағы орнын табады және топтарын қорғайды. «Сен біле...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Амангалиева Алия Аймухамбетовна

7 сынып жетекшісі

Тәрбие сағаты: Жол ережесін білу-бәріне міндет

Мақсаты: Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс-жүзінде асыра

білуге үйрету. Жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету. Тәртіптілікке,

сақ болуға,көшеде өздерін дұрыс ұсатап жүруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

2.Кіріспе сөз.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

-Балалар ,бүгінгі сабақта біздер жол жүру ережелер қаласына барамыз. Жол ережелер қаласындағы сендерге дайындап отырған тапсырмалары бар. Сендерді жол тәртібі бойынша білімдеріңді сынамақшы. Сыннан өтуге дайынбыз ба?

Ой қозғау.

-Ендеше ,балалар КЖТ дегенді қалай түсінесіңдер?

-Көшеде жүру тәртібі

-Көшеде жүру тәртібі деген түсінікті қалай түсінесіңдер?

жАшық тәрбие сағаты Жол ережесін білу - бәріне міндетАшық тәрбие сағаты Жол ережесін білу - бәріне міндетАшық тәрбие сағаты Жол ережесін білу - бәріне міндетаяу жүргінші тротуар

Ашық тәрбие сағаты Жол ережесін білу - бәріне міндетАшық тәрбие сағаты Жол ережесін білу - бәріне міндетАшық тәрбие сағаты Жол ережесін білу - бәріне міндетжол белгілер

машиналар бағдаршам инспектор қиылыстар

-Жол ережелер қаласының тапсырмаларын 3-топқа бөлініп ,сайысқа түсеміз.

1-оқушы: (бағдаршам болып киінген оқушы)

Ашық тәрбие сағаты Жол ережесін білу - бәріне міндетБағдаршам аты

Көп көзі бар батыр

Тоқ болғанмен заты

Өзінде көп ақыл

Тұрады ол дәйім

Бұрышында жолдың

Қиып өткен сайын

Қарайтұғын балғын

-Сонымен балалар, біздер бағдаршамды «көп көзі бар батыр» екен дедік. Кім айтады бағдаршамның неше көзі бар?

-Ендеше біздің топтарымыз осы бағдаршамның көздеріне байланысты атауларын алып отыр. Қай топтың мүшелері тапсырмаларын дұрыс орындаса, «Үздік жүргіншілер» атағына ие болады.

-Сайысты бастамас бұрын әділқазылар сайлап алайық.

1. Осы мектептің МАИ-дің бастығы тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Еркешова Жанаргүл Мұхамбетсагирқызы

2.МАИ бастығының орынбасары

Арманға алда күткен асығармыз,

Біз талай толқын атпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.

Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген.-деп сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.

1.Өз орынды тап!

2.Реттеуші инспектор қызметкерінің сауалы

3. Қала әліппесі (топ басшыларымен жарыс)

4. МАИ емтиханы

5. Сен білесің бе?

6. Шығармашылық жұмыс. (өлең құрастыру)

Таңдап алған бағдаршамның көздерінің белгілеріне лайықты ма екенін білейік .

1-кезең бойынша «Өрнын тап» ойынын ойнаймыз. Әр топтан өздерінің шартты белгілерімен бағдаршамдағы орнын табады және топтарын қорғайды.

Қызыл топ

Сары топ

Жасыл топ

Мұғалім: -Бағдаршамнан басқа жолда кім тұрады? Реттеуші инспектор қызметкері ала таяғымен тұрады.

Келесі сайысымыздың бөлімі «Реттеуші инспектор қызметкерінің сауалы» . Өздерін қалап алған ұпай бойынша сұрақтарға жауап бересіңдер.

1Ашық тәрбие сағаты Жол ережесін білу - бәріне міндет. Мына белгі нені білдіреді? (Абайла,балалар!) 5 ұпай 2. Ашық тәрбие сағаты Жол ережесін білу - бәріне міндет Мына белгі нені білдіреді? (қозғалысқа тиым салынады) 5 ұпай

3.Сымға асылып,жүр асығып. ( троллейбус) 10 ұпай

4.Мына көліктер қалай аталады,көлік оқиғасына тап болған адамдар қандай телефондарға қоңырау шалады? ( Өрт сөндіру-01,жедел жәрдем-03 МАИ-02 )

10 ұпай

5.Автобусқа қай есіктен мініп,қай есіктен түседі?( алдан түсіп,арттан мінеді)

15 ұпай

6. Жол белгілерін атқаратын қызметіне қарай неше топқа бөлінеді? (7 топқа)

15ұпай

-Балалар, жол ережелер қаласында да қала әлііппесі бар. «Жол белгілерді» қала әліппесі дейміз.

-Ендеше «Жол белгілер» бөлімізде топ басшылары сайысқа түседі. «Жол ережелері» қаласындағы жол белгілер бойынша білімдерін сыналады. Өздерін таңдап алған белгілер бойынша белгілерді тауып жинақтап МАИ бастығына тапсырасыздар.

Жол белгілерін тапқандарын тексеріп жіберейік:

Ескерту белгісі: Қып-қызыл үшбұрыш

Ескерту белгісі мен болам

Қауіптен сақ бол деп

Сәт сапар жолдаған.

Тыйым салу белгісі

Қызылмен боялған шеңберім аумақты,

Тыйымшыл белгімін,қаталмын,салмақты.

Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,

Қауіп бар бағдарла,көз салып жан-жақта.

Нұсқау белгісі :Баратын жерінің бағыты тұрағын

Үн-түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын.

Күндіз де, түнде де от болып жанады

Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.

-Адамға машинаны жүргізуге қандай құжат керек? Жүргізуші куәлігі. Ендеше келесі 4-кезеңіміз МАИ емтиханы. МАИ етиханын сәтті тапсырсаңдар МАИ бастығы жүргізуші куәлігін табыс етеді.

4-кезең МАИ емтиханы. Сауалнама

1.Жүргіншілер деген кім?

А) машина жүргізетін адамдар В) көшеде жаяу жүрген адамдар С) белгілер

2. Ашық тәрбие сағаты Жол ережесін білу - бәріне міндет Мына белгі нені білдіреді?

А) кіруге тиым салынады В) басты жол С) жол беріңіз!

3. Көлік жүріп келе жатқанда жолаушыға жүргізушімен сөйлесуге бола ма?

А) болады В) болмайды С) білмеймін

4.Жолаушылар таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтіп,міну керек?

А) аялдамалардан В) кез-келген жерден С) дүкен алдарынан

5. Қала көшелерінде жаяу адамдар қандай жолмен жүруге тиіс


А) кез-келген жолмен В) тротуармен С) автомобиль жолдарымен

6. Қала көшелерінде велосипедпен жүруге неше жастан бастап рұқсат етіледі?

А) 10 В) 12 С) 14

7. Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл түспен белгіленген белгілер қандай ұғымды білдіреді?

А) ескерту белгілері В) көрсеткіш белгілер С) тыйым белгілері

8. Мына жол неше қозғалысты?

А) 4 В) 2 С)1 Ашық тәрбие сағаты Жол ережесін білу - бәріне міндет

9. Қай түс жанғанда машиналар жүреді?

А) сары В) жасыл С) қызыл

5-кезең «Сен білесің бе?». Бұл кезеңде берілген тапсырмаларды сандар,белгілер арқылы жауаптарын көрсетесіздер. Әр дұрыс жауапқа 5 балдық жүйемен бағаланады.

Ашық тәрбие сағаты Жол ережесін білу - бәріне міндет

Велосипед жолы деген белгісін көрсет

Ашық тәрбие сағаты Жол ережесін білу - бәріне міндетАшық тәрбие сағаты Жол ережесін білу - бәріне міндет

«Р» деген белгі нені білдіреді ? Ашық тәрбие сағаты Жол ережесін білу - бәріне міндет

Қызмет көрсететін белгілерді санмен көрсет.

Ашық тәрбие сағаты Жол ережесін білу - бәріне міндет

Келесі соңғы 6- кезең «Шығармашылық жұмыс.» Жол ережесіне байланысты тірек сөздермен өлең құрастыру

Өлең құрастыру

------------ балалар

------------- тротуар

-------------- ұмытпа

-------------- сақта!

Жол тәртібі кімге керек-бірге ойланып көрелік,

Әрқайсысың қылығына әділ баға берелік.

Ережені жақсы білген ортаға шық жас ұлан,

Әділқазы алқаларда келесі сөз кезегі деп сөзді әділқазыларға береміз.

«Үздік жүргіншілерді» анықтау.

Қорытынды

Қай көше,қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.

Жол жүру ережесі Заңды тәртіп,

Ол ортақ! Үлкен-кіші баршамызға.















© 2010-2022