Абай-дана, Абай-дара қазақта

Сабақтың тақырыбы:  Абай- дана, Абай- дара қазақта.   Оқушыларды халқымыздың біртуар перзенті Абай өмірімен таныстыра отырып, Абай шығармаларының қазақ тарихында алар орнын,маңызын ұғындыру мақсатында сынып сағатын өткіздім. Бұл сынып сағатында оқушылар Абай мен әкесі  Құнанбай арасында болған әңгімеден үзінді көрсетті. Абай Құнанбайұлының шығармаларын оқыды және әндерін орындады.Сіздерге  "Абай- дана, Абай- дара қазақта" тақырыбындағы сынып сағатының жоспарын ұсынып отырмын. Абайды тану арқылы...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Абай- дана, Абай- дара қазақта.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды халқымыздың біртуар перзенті Абай өмірімен таныстыра отырып, Абай шығармаларының қазақ тарихында алар орнын,маңызын ұғындыру.

Түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: журналдар, слайдтар,буклеттер, суреттер (көрме)т.б
Оқыту әдісі: рольдік ойын, бейнефильм,әңгімелеу, баяндау, сұрақ- жауап.
Пәнаралық байланыс: тарих, музыка.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
1 Оқушылармен сәлемдесу.
2 Жаңа сабаққа психологиялық ахуал туғызу.


2. Жаңа сабақ

Абай ақын өмірі, шығармалары, ақын туралы естеліктер

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе,

Адамдықты көздесең, жаттап тоқы көңілге,-дегендей Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына арналған сынып сағатымызды Сұлтанмахмұт Торайғыровтың осы өлең жолдарымен бастағым келіп тұр.

Сабағымызды бастамас бұрын Абай Құнанбайұлының еңбектеріне шолу жасап өтейік.

І. Жалпы мағлұмат беріледі. (слайд 1,2,3)

Абай Құнанбайұлының қанша өлеңі бар ? 176 өлеңі, «Ескендір», «Масғұт», «Әзімнің әңгімесі» поэмалары бар.

Қанша қара сөздері бар? 45 қара сөзі бар

Аудармалары: М. Ю. Лермонтов, И. А. Крылов, А. С. Пушкин, Я. Полонский

Әндері:«Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Бойы бұлғаң», т.б.

«Май түні», «Тор жорға», «Абай желдірмесі».

ІІ. Абайдың өмірі мен шығармалары туралы бейнефильм көрсетіледі.

ІІІ. Поэзия минуты (Ақын өлеңдері оқылады)

Ақайдын: Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап.

Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішінде қулық сақтап.

Өзіңе сен өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе,

Құмарпаз боп мақтанды қуып кетпе.

Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып,

Салпылдап сағым қуған бойыңа еп пе?

Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,

Қызық келсе , қызықпа, оңғаққа ерме.

Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,

Сонан тапқан- шын асыл тастай көрме.

Махаббат: Ескендір поэмасынан үзінді

Осы жұрт Ескендірді біледі ме екен,

Македония шаһары оған мекен.

Филипп патша баласы ер көңілді,

Мақтан сүйгіш қызғаншақ адам екен.

Филипп өлді Ескендір патша болды,

Жасы әрең жиырма бірге толды.

Өз жұрты аз көрініп көршілерге,

Көз алартып қарады оңды солды.

Сұмдықпен әскер жиып қаруланды,

Жақын жерге жау шауып тура аттанды.

Көп елді күтінбеген қырды жойды,

Ханды өлтіріп қаласын тартып алды.

Жазықсыз жақын елдің бәрін шапты,

Дарияның көліндей қандары ақты.

Шапқан жердің бәрінде бодан қылып,

Өкіметпен қолынан тартып апты.

IV. Ал, балалар, енді Құнанбай мен баласы Абай арасындағы әңгімені тамашалайық.

Көрініс: Абай мен Құнанбай арасындағы әңгіме .

Құнанбай: Маған біткен саған да біткен екен. Алдыма кісі салып кісі түсірмеймін деуші едім шіркін Қаратай- ай .Бөжеймен де сол арада араз қылып еді сені баулыған да сол ғой. Неге мені көлдеңдейсің, ендігәрі менімен салғыласпа!

Абай: Әке мен сенімен ел алдында сөз таласқанма өзім де өкініп тұрмын.Менің үстімнен арыз тастап жүрген Қаратай ғой. Қаратай сияқтылардың бар ойы, біздің арамызды ашу.Халықпен арандату.

Құнанбай: Жә, балам саған кезі келгенде айтпақ болған сөзім бар еді соны айтайын.

Абай: Құлағым сізде, әке !

Құнанбай: Сенің бойында үш үлкен мін бар.Ең әуелі, сен бәрімен күліп сөйлесесің, жайдақ су сияқтысың. Жайдақ суды ит те , құс та жалайды.Елге қадірің болмайды.

Екіншісі, көрінгенмен жақын боласың. Кісі талғамайтын кісінің қасына ел үйірілмейді. Ел алатын қылық ол емес.Үшіншісі, орысшылсың, иә балам орысшылсың. Орыстың дұшпандығын ұмытасың.

Абай: Қолында құралы бар бірен- сараңның қолына ғана тиетін шыңыраудағы су болғанша, әрбіреудің қолы жететін жайдақ суды артық деп білемін.Екіншіңізге айтарым, бұрын қазақ бір қора қой сияқты болған. Бір қора қойды бір қойшы шәйт десе үркітіп, айт десе шәлдеткен.Бертін келе, түйе сияқты болды, жанына тас тастап шәйт десе ғана басын бұрады. Ал, қазір біздің заманымызда халық жылқы сияқты,мұны ақ қар, көк мұзда етегін төсек, жеңін жастық қылған жылқышы ғана баға алады. Оқып білген, басшы адам ғана баға алады.Орысшылсың дейсіз егер әке өнер өндіруден қашсақ бұл надандық , жақсылық емес. Мен, мен өнерде ғана орысшылмын.

V. Ал балалар Абай Құнанбайұлының өмірі,өлеңдерімен таныстыңдар ендігі кезекті әндеріне берейік.Октябрь Айзада мен Ермек Айзаданың орындауында «Көзімнің қарасы» әні.

Абайды тану арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, Қазақ халқын танытамыз.

Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс,- деген Елбасымыздың сөздерімен сабағымды аяқтаймын.




© 2010-2022