«Сырласайық жеңеше» ауылдық байқау

Жүр : Қыздар – қызыл  киігі  жанұяның Қайықтары  махаббат  дарияның . Ескектерін  ерліктің  жоғалтпаған Сіңілілері  ай  Мәншүк  пен  Әлияның Қыздар , қыздар -  көңілдің  көк  гүлдері Көк  көлдердің  көзге  ыстық  кептерлері Азаймаңдар , арулар , жауқазындар Азаймасын  өмірдің  көктемдері !   Армысыздар , аяулы  ұстаздар  мен  аналар , арулар  ! Бүгін  көктемнің  шуақты  күндерінде  біздің  елде  үлкен  мереке . Көктемгі  жауқазындай  құлпырған  әсем де  сұлу қыздарымыз  өз  бағын  сынауға  келіп...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Сырласайық жеңеше»

Жүр : Қыздар - қызыл киігі жанұяның

Қайықтары махаббат дарияның .

Ескектерін ерліктің жоғалтпаған

Сіңілілері ай Мәншүк пен Әлияның

Қыздар , қыздар - көңілдің көк гүлдері

Көк көлдердің көзге ыстық кептерлері

Азаймаңдар , арулар , жауқазындар

Азаймасын өмірдің көктемдері !

Армысыздар , аяулы ұстаздар мен аналар , арулар ! Бүгін көктемнің шуақты күндерінде біздің елде үлкен мереке . Көктемгі жауқазындай құлпырған әсем де сұлу қыздарымыз өз бағын сынауға келіп тұр . Тотыдай таранған , алтындай ардақты , айнадай таза сымбатты арулар мен аналар көктем мерекеліріңіз құтты болсын ! 8 наурыз мерекелеріңізбен құттықтау үшін сөз мектеп директоры Умарбекова Гүлсара Жарылқасынқызына беріледі .

Жүр : Бірінші қыз білімді

Меңгерген бар ілімді

Екінші қыз елгезек

Алады тез тіліңді

Үшінші қыз мақпалдай

Ағарып таң атқандай

Төртінші қыз үлбіреп

Қос жанары мөлдіреп

Бесінші қыз шығады

Бұрымдары желбіреп

Барлық қыз да өнерлі

Төгеді бар өнерді

Құрметті бүгінгі кешіміздің қонақтары ! Бұл байқауымыздың мақсаты - қазақ қызына тән инабаттылық , қарапайымдылық , әдептілікке тәрбиелеу. Ата салтымызды дәріптеу .

Қол соғып қарсы алыңдар шығады енді

Оларға берейік бүгін төрді

Сыныбының намысы үшін келіп тұрған

Сымбатты аруларға кезек келді

Енді сайысқа қатысушы аруларымызды ортаға шақырайық

Жүр : Арулар - аяулылар , ардақтылар

Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар

Арулар - тіршілікке күре тамыр

Өмірде бір - біріне жалғап тұрар

Енді бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейік

1 . Өзін таныстыру

2 . Өнерін көрсету

3 . Сұраққа жауап беру

4 . Хобби

5 . Көктемгі сән үлгісі

6 . Үй тапсырмасы

7 . Мерекелік дастархан

Жүр : Өнерлерін қыздардың

Тамашалап көрейік

Қол соғып бір желпіндіріп

Әділ баға берейік - дей отырып , келесі кезекте осы сайыстың әділ бағасын беретін

әділқазылар алқасын таныстырып өтейін

1.

2.

3.

4.

5.

6.

Жүр : Отбасының ордасын

Періштелер қолдасын

Тіккен әрбір отауға

Тәңірім жақсылық жолдасын

Алыс - жақын илансын

Ақ батамды сыйға алсын!

Шашыраған қазағым

Шоқтай болып жиналсын

Бақыт ашып қақпасын

Мәңгі бақи жаппасын

Бәле - жәле отбасын

Іздесе де таппасын ! - деп , аталарымыздың батасын айта отырып , қыздарымызға сәт сапар тілейік.

Жүр : Беташарын сайысымның бастайық

Көрерменді бір сейілтіп тастайық

Ата - анаң мен жеті атаңды атап шық

Білгендерді ду қол соғып қостайық

Ендеше ортаға өздерін таныстыру үшін аруларымызды шақырайық

Жүр : Құрметті әділқазылар алқасы аруларымыздың өзін таныстыруына баға берсеңіздер.

Жүр : Мың бұрала билеген

Аруды кім сүймеген

Күміс көмей аруға

Кімдер басын имеген

«Өнерлі өрге жүзер» деп халқым бекер айтпаған

Думандатпай , әндетпей

Тойдан текке қайтпаған

Енді халайық , аруларымыздың өнерін тамашаласақ

Жүр : Құрметті әділқазылар алқасы мың бұрала билеген , күміс көмей аруларымыздың өнеріне баға берсеңіздер.

Жүр : Әдет - ғұрып , салт - дәстүрі қазақтың

Жарасымды , ұнасымды ғажап шың

Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық

Насихаттап , жаңартудан қашпайық

Бұл турда қыздарға халқымыздың әдет - ғұрпы туралы сұрақтар беріледі .

Жүр : Құрметті әділқазылар алқасы аруларымыз халқымыздың әдеп - ғұрыпын қалай біледі екен ? Бағасын берсеңіздер.

Би :

Жүр : Келесі турымыз «Хоббиі» деп аталады . Бұл турда аруларымыз

қолынан келетін қолөнерлерін көрсетеді.

Жүр : Құрметті әділқазылар алқасы он саусағы майысқан аруларымыздың шеберлігі қандай екен ? Бағасын берсеңіздер.

Ән :

Жүр : Келесі турда «Адам көркі шүберек» демекші , қыздарымыз көктемгі сән үлгілерін көрсетеді . Мың бұралған қыздарымыздың әсем көркіне көз тігейік .

Жүр : Құрметті әділқазылар алқасы әсем , ару қыздарымыздың сән киімдеріне баға берсеңіздер.

Жүр : Ендігі сайысымызда аруларымыз әділқазылар алқасының алдында салат жасап көрсетеді . Ортаға барлық аруларымызды шақырайық .

Ән :

Жүр : Құрметті әділқазылар алқасы қыздарымыздың салатын көрген шығарсыздар . Яғни , қыздардың үйде аналарына қалай көмек көрсететіндерін , салат жасаудағы ептіліктерін көріп отырмыз . Енді бағасын берсеңіздер .

Жүр : Біздің қазақ халқымыз кең , қонақжайлы халық екенін білеміз . Ендігі турымызда да қыз баланың үйдегі қонақты қалай күту , дастарханды қалай дайындау керек екенін біле ме екен соны көрейік . Және аруларымыз аналарымыздың мерекесіне арнап , мерекелік дастарханы жанында өздерінің жүрекжарды тілектерін айтса.

Жүр : Құрметті әділқазылар алқасы қыздарымыздың дайындаған дастархан мәзіріне , мерекелік тілектеріне баға берсеңіздер .

Ән :

Жүр : Ортаға бүгінгі сайысымыздың нәтижесін айту үшін әділқазылар алқасын шақырамыз





© 2010-2022