Бұл кесте қазақ тіліне

Раздел Классному руководителю
Класс 7 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Есімшелердің сөйлемдегі қызметі

Есімше-әрі есім, әрі етістік мәнінде қолданылатындықтан, ыңғайына қарай сөйлемнің барлық мүшесінің қызметін атқара алады.

Ережесі

Мысалы

Есімше жіктеліп келіп, сөйлемнің баяндауыш қызметін атқарады.

Қазақтың қай нәсілден тарағанын, Білерсің басқа сөзің жарағанын.

Есімше зат есіммен тіркесіп келіп немесе ілік септікте тұрып анықтауыш қызметін атқарады.

Көшкен ауылды іздеп табалық.

Есімше атау септікте тұрып заттанып, бастауыш қызметін атқарады.

Үнсіз күліп тұрған-бағанағы шәкірт бала.

Есімше атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып толықтауыш қызметін атқарады.

Ұялғанды, жауап айтпағанды кешірмейтін әке мінезі Абайға мәлім.

Есімше барыс және жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің бірінде тұрып немесе шылау сөздерімен тіркесіп пысықтауыш болады.

Білмекке кетті көңілі жөнін сұрап.

Көсемшенің сөйлемдегі қызметі

Ережесі

Мысалы

Көсемше жіктеліп келіп немесе күрделі етістіктің құрамында негізгі етістік көсемше тұлғалы болып, ал көмекші етістік жіктеліп келіп баяндауыш қызметін атқарады.

Жұмабайдың қалаға бұ жолы не жұмыспен барғанын Абай дәл білмейді.

Көсемше қимылдың, іс-әрекеттің амалын, жай-күйін, мақсатын, себебін, мезгілін білдіріп, пысықтауыш қызметін атқарады.

Көшкен ауылды іздеп табалық.

Есімше атау септікте тұрып заттанып, бастауыш қызметін атқарады.

Ескі бише отырман бос мақалдап, Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.

Кейде көсемше тұлғалы етістік жіктеліп келген баяндауышпен, есімшеден болған анықтауышпен, септеліп келген есімшемен, тұйық етістіктен болған толықтауышпен біріңғай мүше болып келіп те қызмет атқарады.

Осы жақта бір қарт атамыз бар дегенге жолығып, қолын алып, бір-екі ауыз ақыл сұрайын деп едім.



© 2010-2022