Тәрбие сағаты Менің елім күндей нұрлы Қазақстан!

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы :Менің елім күндей нұрлы Қазақстан!

Мақсатым:1 .Қазақ халқының тұңғыш призиденті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің өмір жолы,

туып өскен,оқып білім алған,қызымет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;

2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын,халқын сүюге,ержүректікке,

азаматтыққа,ұлттық париоттық сезімге тәрбиелеу.

3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту,құрметтеу.

Көрнекілігі:слайттар көрсету,буклеттер, Біздің Елбасымыз -Н.Ә.Назарбаев атты стент,Елбасының

портреті,оқушылар шығармасы.

Сабақтың барысы

1.Мұғалімнің кіріспе сөзі.

«Елбасына »

Ауыр күнді артымызға тастауы-

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы

Тілім,дінім,ұлтым қайта көтерген

Елбасымыз Нұрағаның бастауы

Туды ұстап тура жолға түсіріп,

Жас Отанның өмірін де түсініп,

«Елім,жерім » деп ұрандап тайсалмай

Бір керемет жасады -ау кісілік!

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,

Үлкен -кіші ,ағайындар -бәріміз,

«Ұлтым,елім»деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де,әніміз.

1.Жүргізуші:Біздің призидентіміз-Нұрсұлтан ӘбішұлыНазарбаев.Мемлекет басқару ісі-машақатты да,мәртебелі міндет.Басшы басқарған ел-ең бай мемлекет,халқы ең бақытты халық.

2.Жүргізуші.Олай болса,бүгінгі тәрбие сағатымызды әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін,ынтымақты,тұтастық,бірлікті ойлаған,ұрпақтың саналығына мән берген,ар мен намысты биік ұстаған,әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш призиденті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне арналғалы отырмыз!Желтоқсан-призидент күніне орай өткізіп отырған «Менің елім күндей нұрлы Қазақстан!»атты тәрбие сағатын ашық деп жариалаймыз.

2.Жүргізуші.Бүгінгі күн бізге оңайлықпен келген жоқ.Тәуелсіз ел атану үшін,қаншама аға -аналарымыз,ата-бабаларымыз тер төкті.Соның арқасында бүгінде біз Тәуелсіз,дербес,әлем таныған Қазақстан атанып отырмыз.Қазақ деген атымызды алғанға дейін қазақ халқының басынан не өтпеді,не көрмеді.Тәуелсіз ел Қазақстан атауы қалай келді,қалай туды алдымен назарымыз экранда.

Қазақ дейтін менің бар елім

Жатыр алып жатыр әлемін !

Бұл даланы анам жаспен суарған

Бұл даланы атам қолға ту алған,

Бұл далада жылап келін уанған,

Бұл даланы көріп алғаш қуанған

Бұл далада өскен жанда жоқ арман! Қ.Аманжолов

Қазақстан туы.Өлеңін жазған.Сұлтан Қалиұлы

Әнін жазған.Қабдрашид Қайым

Көк аспандай көкпенбек

Қазақстан жалауы

Көк есес ол тектен тек

Елдің ашық қабағы

Қ-сы

Бұлт баспасын күнімді

Тарылмасын өрісі

Биік ұстау Туымды

Қасиетті борышым

Ақ ниетті алтын күн

Асқақ арман-қыраны

Жалауы бұл халықтың

Мәртебесі ту,ары.

Бұлт баспасын күнімді

Тарылмасын өрісі

Биік ұстау Туымды

Қасиетті борышым.

1-жүргізуші. Елі құрмет тұтқан, Елағамыз ,ел үшін еңбек еткен Елбасымыз Н.Ә Назарбаевтың өмір жолына шолу.(Өмірбаян айтылады)

Бүгінгі таңда Астана ең әсем,жас,әдемі,көрікті, қалаға айналды.

«Астана»Күлаш Ахметова Астанам.

Байтеректің басына сен шықтың ба? Жаса,жаңа Астанам,

Сарарқаның саф ауасын жұттың ба? Өркен жая бастаған

Өзегіңді жарып аппақ бір сезім. Болашақтың есігін

Өз еліңнің ұлылығын ұқтың ба? Өз қолыңмен аш маған.

Төгеді Есіл төңірегіне өмірлі ән,

Өз Астанаң өз қолыңмен соғылған.

Енді қазақ бір-біріңді аяла!

Түбі бірге,түп қазыққа шоғырлан!

Алатауда қалды жылдар ең асыл,

Есілдің де жандай ыстық жағасы.

Жан даламның-

Алматы мен Астана

Көздеріңнің ағы менен қарасы.

Елтаңбасы елімнің.Өлеңін жазған.Сұлтан Қалиұлы

Әнін жазған .Қабдрашид Қайым

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбәт,әдемі!

Тұнығындай көңілді

Ортада аспан әлемі

Қ-сы

Тәуелсіздік жолында

Талай-талай тер тамған

Билігім өз қолымда.

Еркіндігім ел таңбам.

Құт береке -шаңырақ

Орын алған ол төрден

Қанатты қос арғымақ

Оң жақтарын көмкерген

Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын

Елім айтқан ел көтерер жер даңқын

Призидентім ,елбасы , аман болғай.

Мәңгі жаса,жас қазағым,өр халқым!

«Қазақстан -бақытты ел,призиденті танымды,халқы қарымды,досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз.Ел тарихын тұлғалар жасайды.Тұлға -елдің тұғыры,Тұлға-елдің тұтқасы.Біздің Призидентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай тұлға!»

«Қазақстаным»

Қазақстаным -атамекенім! Елімді сендей мақтан тұтамын,

Алыс кетсем,аңсап жетемін Ауаңды жұпар аңсап жұтамын.

Далаңдай байтақ табиғатыңды, Өзіңсің менің айтар ұраным,

Анамдай аңсап,сүйіп өтемін. Тәуелсіз ,бейбіт Қазақстаным!

Нұр-ата

Қазақтың елі-кенен ел

Басшысы жайсаң кемелді ер,

Зейіні зерек,өзі алғыр,

Нұр-ата сынды кеменгер.

Көк тудың желбірегені.

Сөзін жазған:Алмас Ахметбайұлы

Әнін жазған:Ермұрат Зейіпхан

Көк тудың желбірегені

Қазақтың асқақ беделі

Махаббат қайрат екеулеп,

Шымырлатқан денені

Қ\сы

Көк тудың желбірегені

Жаныма қуат береді

Таласқа түссе жан мен ту

Жан емес маған берері

Көк тудың желбірегені

Көк тудың желбірегені

Елдіктің асқақ ,өлеңі

Әр жаққа тартпай қазағым,

Бір сөзге жинал дегені

Көк тудың желбірегені

Бақыттың елжірегені

Қиырда қалған қазақтың

Көзінің мөлдірегені.






Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстанға -25 жыл.

Мақсаты:Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алғанына 25 жыл ішінде жеткен үлкен табыстары

мен таныстыру,білімдерін молайта түсу.

Отанын,жерін,тілін сүюге, болашаққа Қазақстанды өркендетуге өз үлестерін қосатын

дығын түсіндіру.

Тіл байлығы мол,сауатты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Еліміздің рәміздері,қанатты сөздер,альбом. «Туған ел-тұғырың»

« Көк туың қыдырың»

«Тәуелсіздікті нығайту үшін күрес-елге тиген үлес»

Тәуелсіз елдің шуағы-

Әруақтардың шырағы

Мәңгі өшпейтін жалындап

Шапағын төгіп тұрады.

Қолданылатын әдістер:әңгімелесу,сұрақ-жауап;

Сабақтың барысы

Құрметті қонақтар,ұстаздар мен ата-аналар қош келдіңіздер!Бүгінгі 2а сынып оқушылары тәуелсіз еліміздің 25 жыл ішінде қол жеткен жаңалықтар,табыстар туралы ортаға салсақ.

Хор:Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орыдалады.

М\М ана тіліміз өз дәрежесінде дамып жатыр ма?Ана тіліміз дамып жатыр,бірнеше балабақшалар ашылды.Қазақ балалары өз тілдерінде дұрыс,таза сөйлей бастады.

Біздің тіліміз әлі де өз дәрежесіне жете қойған жоқ.Жарнамалар қате жазылады.Теледидардан орыс тілінде хабарларды көп береді.Ол дұрыс емес.

1991 жыл-нарықтық экономикаға көшу жылы.

1992 жыл-қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

1993 жыл-ұлттық теңгеге көшу жылы.

1994 жыл-Евразия одағын құру туралы конвенция қабылдады.

1995 жыл-Қазақстан Республикасының Кониституциясы қаблданды.

1996 жыл-Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы жарлық қабылданды;мемлекеттік ел таңбасы,мемлекеттік ту және мемлекеттік ән ұран қаблданды.

1997 жыл-жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу.

1998 жыл-халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы.

1999 жылы-ұрпақтар бірлігі мен сабақтастық жылы.

2000жыл-мәдениетті қолдау жылы.

2016 жыл -Тәуелсіз Қазақстанға -225 жыл.

16 желтоқсан 1991 жылы Егемендігін алып,тәуелсіз ел болдық.Биыл міне Қазақстан Республикасы болып қайта құрылғанымызға 25 жыл толып отыр.Қазақ елінің тұңғыш призиденті Н.Ә.Назарбаев «Алдымызда алыс сапарға бастаған жол,алыс күндерге шақырған ізгі мақсат жатыр.Ақыл мен парасаттық ұлы көрністерін еншілеген халқымыздың ықылым заманнан бастау алатын қымбат тарихы жатыр »деген толғанысты сөздері ойға қанат,жанға қуат береді.Осы алыс сапар біз Елбасының амандығы ел іргесінің бүтіндігін,егемендігіміздің баянды болуын тілейік.

Туған тілім Дихан Әбілев.

Туған тілім -баба тілі-өз тілім!

Туған тілім-анам тілі -өз тілім!

Туған тілім-далам тілі-өз тілім!

Туған тілім-адам тілі-өз тілім!

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім мененсәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімізді суырып-ақ алыңдар!Адам бірінші өз тілін құрметтеу керек.Содан соң өзге тілді білу керек.Елдің елдігін көрсететін ана тілі.Өз тілімізді жоғары ұстау керек.

Менде өз тілім үшін жүрегімді суырып -ақ берер ем.Өлең

М.Мақатаев «Үш бақытым»

Ең бірінші бақытым -халқым менің,

Саған берем ойымның алтын кенін,

Ал екінші бақытым-Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім,

Бақытым бар үшінші -Отан деген,

Кім мықты?-десе біреу,-Отан дер ем.Дұрыс айтқан ақын Отанын,халқын,жерін, сүймеген ана тілін де сүймейді.

Отан.Жақан Смақов.

Гүлдерің ертеңмен

Қауызын ашқаны

Көктемнің көкпенбек,

Мөп-мөлдір аспанын,

Таулары қол жетпес асқарын-

Ұнатамын бәрін де,

Өйткені ол Отан-

Ұлы Отан.

Бәрін де, бәрін де

Ұнатам,

Өйткені ол Отан-

Ұлы Отан.

Отан туралы.М.Мақатаев.

Мен оның түнін сүйем,күнін сүйем,

Ағынды өзен,асқар тау,гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жә»ндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған «Отан»деп сыбырлаған.

Жаным менің,кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған.

Отан,Отан,

Бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгіліккке сүйіп өтем.

Қаз дауысты Қазбек би:

-Біз қазақ мал баққан елміз,ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.Басымыздан құт-береке қашпасын деп,жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз.

Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.Достықты сақтай білген елміз,дәм тұзды ақтай білген елміз.

Ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздігімізді алған елміз.

Сонымен халқымыз үшін ең қасиетті де,қастерлі тәуелсіздігімізді алғанымызға 25 жыл толды.Аңсаған күнге қол жетті.Айтулы қуанышымыз құтты болсын.

Өзііңдікі -Еліңде,

Өзіңдіке -Жерің де.

Өзіңді өзің еткен бақ-

Тәуелсіздік-төрінде.

Асқар тау да- сенікі

Бақша-бауда -сенікі

Қалтқысыз дос пенен

Қатал жауда - сенікі

Орыс ,ұйғыр немісте.

Үнін қосып жеңіске-

Жұдырықтай жұмылды

Келешегі кең іске.

Өзіңдікі -Туың да

От пен ауа суыңда.

Жаса Қазақстаным.

Белді бекем буын да!

Ұраның да жасасын!

Құраның да жасасын!

Ұланың да жасасын!

Қанатыңнан қайырылып,

Қонақ -Тәуелсіздіктен

Қала көрме айырылып.

Қазақтың туы .Өлеңін жазған:Сұлтан Қалиұлы

Әнін жазған:Қабдрашид Қайым.

Көк аспандай көкпенбек

Қазақстан жалауы

Көк емес ол тептен тек

Елдің ашық қабағы.

Қ-сы

Бұлт баспасын күнімді

Тарылмасын өрісім

Биік ұстау Туымды.

Қасиетті борышым.

Ақ ниетті- алтын күн.

Асқақ арман - қыраны

Жалауы бұл - халықтың

Мәртебесі,Ту,ары.Біз көппіз және бәріміз-бір елміз,бір халықпыз.Өз еліне пайдасын тигізу,өз Отанының тағдырына жауапты болу-әрбір жауапты саясаткер үшін,әрбір қазақстандық үшін парыз және аброй.Біз бірлік пен татулық құндылықтарын қорғаймыз.Барлығы бірлігіміз бен

Берекемізге байланысты.

«Көк тудың желбірегені» өлеңімен аяқталады.

Көк тудың желбірегені-

Қазақтың асқақ беделі

Махаббат,қайрат екеулеп

Шымырлатқан денені.

Қ-сы

Көк тудың желбірегені

Жаныма қуат береді

Таласқа түссе жан мен ту

Жан емес маған керегі

Көк тудың желбірегені

Көк тудың желбірегені-

Елдіктің асқақ өлеңі

Әр жаққа тартпай қазағым

Бір сөзге жинал дегені

Көк тудың желбірегені

Бақыттың елжірегені

Қиырда қалған қазақтың

Көзінің мөлдірегені.


© 2010-2022