12 жылдық білім беруге көшуге дайындық жұмысындағы бастауыш буын

Оқушы жүрегінде жол табу арқылы сабақтардың әрбір сәтін қызықты, ұтымды өткізу. Оқушыларды тыңдаушы емес ізденуші, зерттеуші өз ойын еркін дәлелдей алатын, жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушының бойындағы ынта-ықыласын жайып алмай, жеке дара қабілетінің дамуына мүмкіндік жасай отырып, қабілетін дамытып, шығармашылығын шыңдау.Оқушылардың қосу және азайту туралы алған білімдерін қалыптастырып дамыту. Өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру. Оқушылардың ойлау қабілетін, зейінін дамыту. Қазіргі ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қай заманда,қай қоғамда болсын алдымызда тұрған зор міндеттердің бірі болашақ ұрпақ тәрбиелеу.Жан-жақты жетілген ақыл,парасаты мен мәдениеті мол, саналы ұрпақ тәрбиелеуде әр халықтың салт-дәстүрі, ел дамуындағы бағалы байлықтың нәрін біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.Халықтың жазбаша жазылмаған,бірақ ұрпақ есінде мәңгілік сақталып,бір ұрпақтан бір ұрпаққа ауызша жалғасып келген нақыл-өсиет, өнеге қағида болып таралып келген тәлім-тәрбие тағылымының бай мұрасы бар.Ол халықтық педагогика деп аталады.

Халықтық педагогика ата-бабаларымыздың тәрбиеге қатысты ғасырлар қойнауынан сараланып жеткен іс-тәжірибелерінің жиынтығы.Ол-адамның жан-дүниесін тәрбиелейтін,зерттейтін ілім.Жалпы,халық педагогикасында бала тәрбиесіне өте үлкен жауапкершілікпен қараған.Халықтық педагогиканың мақсаты-бірнеше ғасырларға созылған халық тәжірибесіне сүйене отырып, болашақ ұрпақты еңбекке,адамгершілік,имандылық қасиеттерге тәрбиелеу.

Сонымен қатар баланың оқуға дайындық деңгейін анықтау-ол баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын,рухани жағынан таза,дүниеге тік қарайтын,қоршаған ортамен жүйелі байланыс түзетін, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан,бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп,дамытып жетілдіретін мектеп болуға тиіс.Елге танымал аты шулы ғұламалардың бірі Әл-Фараби былай деген екен: «Тәрбиесіз қолға білім салма» деген бағдарлы ойын тек қана ескеріп қана қоймай,педагогиканың діңгегіне,мектеп жұмысының тірегіне айналдырып баршамыздың міндетімізге айналуы тиіс.Менің ойымша білім беруді тәрбиеге негіздеудің екі қанаты бар.Олар білімді ұлттық құндылықтар мен өркениетке негіздеу. Шәкіртті өз күш-жігерін пайдалануға баулу.Бұл екеуі құстың қос қанатындай,бірінсіз бірі шәкіртті самғау биікке көтере алмайды.

Ендеше сапалы білім беретін мектеп бүгінгі күнде өзіндік мектеп реформасын қажет етпек.Сондықтан да мектеп реформасын тек мектептің басқару жүйесі мен оқыту процессін ғана қамтып қоймай,солмен қатар оқуға дайындық деңгейін анықтау мектептің бала оқытатын мұғалімдері жаңа бағытқа қарай кәсіби шеберлігін күнделікті ұштауын талап ету жағы тағы бар.

Бүгінгі күнде мектептің жаңа реформалық жүйесі 12 жылдық білім беру турасында әрбір өзін кәсіби оқуға дайындық деңгейі жетілген деп есептейтін кез келген мұғалім,білім беру қызметкері бұл жүйенің қыр-сырын түгел меңгермей,бала дамуының мәселелерін түгелімен меңгере алмайды. Сондықтан да,білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғалімдері талап етеді. Сіздің білім беруге қосар құнды үлесіңіз-ұнамды қатынас болмақ.Ендеше қазіргі заман мұғалімі шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға,педагогикалық қызметінің барлық келеңді-келеңсіз жақтарын зерттеп меңгеруге ынталы,өзінің пәнін жетік меңгерген,кез-келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі,іскерлігі,шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын мұғалім болуы керек.

Мектепалды даярлық сыныбында баланың оқуға дайындық деңгейін анықтау маңызы өте зор.Оқуға дайындық деңгейін жетік меңгерудің алғашқы сатысы 1-сыныпта әліппе кезеңінен басталады.Оқушы 2-немесе 3 дыбыс әрпін үйренгеннен кейін-ақ жеке-жеке әріптеп оқытпай,неғұрлым буындап оқуға дағдыландыру қажет. 1-сынып оқушылары буындап оқуды меңгергеннен кейін-ақ шапшаң оқудың алғашқы сатысы қаланады деуге болады.

Қазақ халқы қашанда сөзге бай,өз орнын білетін,рухы мен талғамы биік халық қой.Жыр десе ішкен асын жерге қоятын ұлы ақындарымыздың бірі данышпан Абай атамыз бірде былай деп жырлаған екен:

«Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегін кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуге балаға ».

Мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету,өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінуіміз керек және өмір бойы ізденушілікті,зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жете аламыз.Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі,қимылы,аяқ алысы,жүрісі,көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады.Сондықтан әрбір ұстаз үшін оқу мен тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді.

Қазақстан әлемдік қауымдастық қатарында басқа елдермен терезесі тең дәрежеге қол жеткізуі үшін,жас ұрпақтың нұрлы болашағы үшін осындай батыл қадамдарға бару қажет.Қоғам игілігі,елдің өркендеп дамуы үшін жасалып жатқан осы маңызды бастамаға білім беру және ғылыми саласы қызметкерлерінің,жалпы барша халықтың қолдау көрсетіп,барынша ат салысатынына сенеміз.Сол сенім бізді алға жетелейді.

Халқымыздың ғасырлар бойы армандап,екі ғасыр тоғысында қол жеткізген бақыты ло біздің-тәуелсіздігіміз.Оның іргетасының мықты болып,нығаюы жас ұрпақтың терең білімі мен тәлімді тәрбиесіне байланысты болмақ. Ендеше 12 жылдық білім беруге көшуде барлығымыз біріге күш жұмсап,ел ертеңіне сеніммен қарайық,аяулы да ұлағатты ұстаздар!









Шаған жалпы орта білім беретін мектебі



Баяндама:

«Баланың оқуға дайындық деңгейін аңықтау»

Оқыған: Искакова Д.К.



2013-2014 оқу жылы

Шаған жалпы орта білім беретін мектебі

Баяндама:

«12 жылдық білім беруге көшуге дайындық жұмысындағы бастауыш буын»

Оқыған: Искакова Д.К.

2012-2013 оқу жылы

Қазіргі таңда республикамызда 12 жылдық білім беруге көшуге дайындық жұмыстары жан-жақты талқылануда.Мұндағы біздің басты ұстанымыз-тұлғаның жеке дамуына негізделген,жан-жақты зерттеліп, сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын айқындау,нәтижесінде еліміздің әлемдік өркениетке негізделген білім саясатындағы стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру.

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу-қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы.Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы жарыс,адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуге тиіс.

12 жылдық оқытудағы басты мақсаты

-қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті;

-өзін-өзі дамытуға;

-өз ойын еркін айта білуге;

-өз қалауымен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім;

-жоғары білімді шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру.

Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде оқу-білімінің, соның ішінде болашағымыз-бүгінгі мектеп оқушысының білімі мен тәрбиесі маңызды мәселе.Еліміздің әлеуметтік экономикасының дамуына өзіндік үлес қоса алатын,өзіндік ой-пікірі бар,жан-жақты дамыған,білімді де білікті тұлғаны дайындап,тәрбиелеу-аса құрметті қоғамдық міндет.Себебі,ел тұтқасын жан-жақты білімді ұрпақ ұстанған шақта ғана өркениет алған дамымақ.

Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу-әр ұстаздың,әрбір мектептің ең қасиетті міндеті.Осы міндеттері орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде.Осы мақсатта мемлектіміздің білім сапасын арттыратын түрлі құжаттар қабылданып,бағдарламалар енгізілуде.

Білім беруді жаңарту-үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үрдісі,бұл білім беруде кезең-кезеңімен өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзету енгізіліп,талданатын өзгерістер.Сонымен қатар білім беруді жаңарту үрдісі салт-дәстүрді,мәдени мұраны,жалпы ұлттық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауды талап ететін тұрақты жүйелерден тұрады. Сондықтан да 12 жылдық оқытуға көшуді жүзеге асыру-оның қажеттілігі мен тиімділігін әр педагогтың,әр ата-ананың санасы түрде түсінуін,қабылдауы мен оған белсенді түрде араласуына мүмкіндік беруді,асқан ұқыптылық пен сезімталдықты қажет ететін үрдіс.

12 жылдық білім беру технологияларының ерекшелік жағы ол жеке тұлғалық қасиеттері бағдарланған оқыту,проблемалық бағытқа және шығармашылық сипатқа ие,оның басты бағдары-білім беру,жаңа дүниені ашу мен іздену арқылы білімді іс жүзінде қолдану;баланың жалпы және арнайы қабілеттерін дамыту,білім біліктерді игеру мүмкіндіктерімен оларды қолдану жолдарын көрсетеді.Балалардың психологиялық дайындық компоненттер



«Баланың оқуға дайындық деңгейін аңықтау»







Оқыған: Искакова Д.К.





Жеке тұлғалық дайындық



«Баланың оқуға дайындық деңгейін аңықтау»







Оқыған: Искакова Д.К.

Интеллектуалд-ық дайындық



«Баланың оқуға дайындық деңгейін аңықтау»







Оқыған: Искакова Д.К.





Әлеуметтік-психологиялық дайындық



«Баланың оқуға дайындық деңгейін аңықтау»







Оқыған: Искакова Д.К.





Қазіргі кездегі баланың интеллектісіне,дербес ойлауын дамуға бағытталған, өз бетімен ізденуге даярлайтын жеке жұмыста көптеу беруге болады. Балаларды мектепке дайындау,мектепке бейімделуін және оқытудың жетістігін қамтамасыз ететін маңызды құрамы психологиялық дайындық компнеттері болып табылады.Баланың жеке тұлғасының даму мәселесін шешу,оқытудың тиімділігін арттыру,балалардың мектепте оқуының дайыдық деңгейін дұрыс ескере отырып,жұмыс жасау керек.

Интеллектуалдық дайындық-баланың мектепке интеллектуалдық дайындық компоненті оның ой-өрісін,нақты білім қорын қарастырады. Жалпы айтқанда,мектепте оқыту интеллектуалды дайндықтың дамуы былай болады:

-Дифференциалдық қабылдау;

-Аналитикалық ойлау;

-Болымсызға рационалды жақындау (фантазия рөлі);

-Есте сақтау;

-Білімге қызығушылық;

-Ести отырып сөйлеу және түсіну, әр түрлі символдарды қолдана білуі;

-Қол қимылдарының,көру,қимыл кординацияларының дамуы.

Атақты психологтардың айтуы бойынша «Бала ойын үстінде қалай болса,өскенде сондай болады» дейді.Сондықтан ойын- адамның өміртанымының алғашқы қадамы.

Осы процесінде ойын технологиясы ерекше орын алады.Ойын тнхнологиясын қолдану-оқушының оқудағы танымдық іс-әрекетін және қалыпсыз жағдайларда өз білімін қолдануға мүмкіндік береді.

Дамыта оқыту технологиясы- шығаршылық ойлауға, сапалы дамуға, қиялдауға,есте сақтау, тіл дамытуға бағытталған.Бұл технологияның ерекшелігі: оқығанның пікірсайысқа салу, сабақ құрылымыны тиімділі,дидактикалық ойындар, өзіндік іс-әрекет қарқымдылығы, сабақта әр оқушыға өзін-өзі көһрметуге мүмкіндік беретін педагогикалық жағдай құру.Бұл технологияның бір ерекшелігі «жақсы» , «жаман» туғызуды мақсат тұтуы.

12 жылдық білім беру жағдайында мұғалім осы компонеттерге сүйене отырып,әрбір технологияның өздік жолда әдіс тәсілдерімен ерекшелкендіріп, өз өмірлік және педагогикалық тәжірибесін пайдаланып,балаларды бірлескен әрекеттерге тартудың әр алуан түрлі әдістерін,өз бойында бар мүмкіндіктерін жүзеге асыруды ықпал етсе, оқушының мінез құлқында темперементті, көз қарасы,талабы, талғамы байқалып, үнемі өзін-өзі үйретуі, өзін-өзі тәрбиелеуі,өзін-өзі дамыту,өз іс-әрекеттеріне өзгеріс енгізе алуы, өзін үнемі жетілдіріп отыруы және рефлесиялық қажеттілікті талап етеді.

Балаларды сүйетін,өз пәнін жетік меңгерген, психология педагогиканы терең меңгерген-жаңашыл мұғалімнің алдында білім алған бастауыш сатыны бітірген жеке тұлғаның бейнесі мынадай болуы тиіс.

Бастауыш сатыны бітірген жеке тұлға бейнесі







Оқыған: Искакова Д.К.







«Баланың оқуға дайындық деңгейін аңықтау»







Оқыған: Искакова Д.К.





Еркін ойын айта алатын

«Баланың оқуға дайындық деңгейін аңықтау»







Оқыған: Искакова Д.К.





Жүрегіне жылылық қалыптасқан



«Баланың оқуға дайындық деңгейін аңықтау»







Оқыған: Искакова Д.К.





Білім стандартына сай міндетті,мүмкіндік деңгеіндегі біліммен қаруланған



«Баланың оқуға дайындық деңгейін аңықтау»







Оқыған: Искакова Д.К.





Білімге деген қажеттілікті ұғынған



«Баланың оқуға дайындық деңгейін аңықтау»







Оқыған: Искакова Д.К.

Танымдық күші қалыптасқан



«Баланың оқуға дайындық деңгейін аңықтау»







Оқыған: Искакова Д.К.





Өз бетімен үйренуду мақсат ететін



«Баланың оқуға дайындық деңгейін аңықтау»







Оқыған: Искакова Д.К.











Шаған жалпы орта білім беретін мектебі

Баяндама:

«Ата-анамен жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері»

Оқыған: Искакова Д.К.

2012-2013 оқу жылы





Сынып жетекшісі, оның міндеттерімен жұмысының ерекшелігі.

Мектеп өмірінде мұғалім -басты тұлға.Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді.Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушы әрә ұстазы,ақылшы-кеңесші болып саналады.Ол өзіне қатысты сынып оқушылар ұжымын ұйымдастыра отырып, осыған сол сыныпта дәріс беретін пән мұғалімдерін оқушылардың ата-аналарын және жұртшылықтың бала тәрбиесіндегі ықпалын біріктіріп, олардың балаға деген талаптарын ортақтастырып отырады.Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы- отбасы.Оның өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді.Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы ата-анасы.Отбасы мектеппен бірлесіп оқу -тәрбие үрдісінің табысты не табыссыз болуын анықтайтын тәрбиелеушіә ортаның факторларының маңызды кешенің туғызады.Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл атқарады.Сондықтан да ата-аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектеп пен қарым-қатынас,тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп есептеу тиіс, өйткені, олардың өз балаларын тәрбиелеудегі нәтежесіне байланысты.Бұл жағдайда оқу-тәрбие процесінің мазмұнын,сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектеппен ынтымақтасып жұмыс істеулерін қажет етеді.Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде «Ата-аналарды тәрбиелеу» деген ұғым пайда болды.Ондағы көзделген мақсат ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық кеңес, оқуды ұйымдастыру, соған сәйкес олардың педагогикалық білімдерін жетілдіре отыруды көздейді. Ғалымдардың айтуынша , әр елде сонымен қатар Отандық педпгогикада жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтежесінде сай ата-аналар балаларын тәрбиелеу барысында айтулы қиыншылықтарға кездеседі.Сондықтанда олар мұғалімдердің ақыл -кеңестерін,практикалық көмектерін аса қажет етеді.Олардың ұйымдастыруындағы ақыл-кеңес тек отбасы жағдайы сәтсіз ата-аналарға қажет емес.Сонымен бірге отбасы тәрбиелі ата-аналарға да керек.Себебі: қоғамның қарқынды дамуы осы бағытта жаңа талаптар қоюда.Сондықтан, ата-аналарға бала тәрбиесінде, біріншіден, педагогикалық білімдерді жинақтауға, екіншіден, оларды өздерінің тәрбиелі және дамуын міндеттейді.Егерде мектеп пен ата-аналардың тәрбиешілік өзара әрекетін бірлікте ұйымдастырса, бұл шешімін табатын міндеттер рухани адамгершілік, еңбектің тәрбиесінің өнісіде жоғары.

Ата-аналарға арналған этикалық кодекспен таныстыру.

Мектептің ата-аналармен жүргізетін жұмысының ерекшелігі осы екі жақтын байланысымен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді.Бұл тұрақтылықты ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді

Ата-аналармен жүргізетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері мен қызметі.Тек ата-аналармен бірге жалпы, күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақыт беруі мүмкін.Олай болса,отбасы мектеппен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды.Сондықтан да педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің тым кендігіне қарамастан,ата-аналармен жұмыстың маңызы ерекшке.

Ата-ана міндеттері

Қазіргі мектепте жағдай көптеп өзгеруде:Оқу және тәрбие процесінің құрлымы мен мазмұны соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастары,оларды өзара қарым -қатынасы сабақтың формалары мен өткізу технологиясы, көптеген оқу пәндерін оқытудағы жаңа көзқарас, сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысы.Отбасы тәрбиесі көзделген нәтежеге жету мақсатында ата-аналар мен отбасы мүшелерінің тарапына жасалатын ықпал процестерінің жалпы атамасы.Бала үшін отбасы бір жағынан-тіршілік қорғауы болса,екінші тараптан тәрбиелік орта.Баланың алғашқы өмірі жағдайдағы отбасы ықпалы басқа жағдайлар мен кейінгі жас кезендерінде болатын ықпалдардан басымдау келеді.Зерттеу деректеріне сүйенсек,отбасы-бұл мектеп те, ақпарат көзі де,қоғамдық ұйымдарда, еңбек ұжымдары да, дос-жарандары да, отбасы- бұл әдеппен өмір кілті.

Ата-аналармен жеке кездесу

Сынып жетекшілерінің,мұғалімдердің ата-аналармен жеке кездесуі мектеп өміріне дәстүрге айналған.Оқушылардың жанұясына бару, ата-аналарды мектепке шақыру арқылы сынып жетекшілері олармен кездеседі.Ата-аналармен әңгімелесудің барысында баланың мінез-құлқы,ынтасы мен қабілеті,қызығушылығы мен бейімділігі, жанұя мүшелерімен,жолдастарымен қарым-қытынасы жайлы түсінік алады.Сонымен бірге,сынып жетекшілері ата-аналарды балаларының үлгерімі,қоғамдық жұмысқа белсенділілігі, кейбір қылықтары туралы мәліметтерімен таныстырады.Оқушылардың күн режимі,оларды еңбекке баулу, ата-аналарға педагогикалық кеңес береді.Мен өзім мектепалды даярлық тобының ата-аналарымен жиі сөйлесіп, баласының тәртібін және сабаққа деген ынтасын айтып отырамын.Әрине кейбір ата-аналар бар баласының тәрбиесіне немқұрайлы қарайды.Ата-аналарды мектепке шақырып сөйлесудің де маңызы өте зор.Ата-аналармен әңгімелесу мазмұны әр түрлі тақырыптарға байланысты. Мәселен,бала жақсы оқыды,тәртібі де жаман емес,бірақ іс-шараларға қатысуға ынтасы жоқ.Бұл жөнінде ата-аналарды күні бұрын ескерту, оларға дұрыс кеңес беру өте қажет.Ата-аналармен кездесіп, оларға педагогикалық кеңес беру сынып жетекшілерінің,мұғалімдердің мектеп басшыларының борышы,нақты көмегі.Мектепте кездесу үшін ата-аналар күні белгіленеді. Осы күні олар мектепке келіп,тәрбие оқу мәселері жайлы пікір алысады, қажетті педагогикалық кеңестер алады.

Ата-аналар сауалнамаларына тоқталу.Ата-аналардан жиналыс соңында 3 түрлі сұраққа жауап алдым.

1.Балаңыздың бойынан мектепке келгеннен кейін қандай өзгерістер байқадыңыз?

2.Мұғалімнің және ата-ананың тарапынан қандай көмек керек?

3.Ата-аналар жиналысына қандай тақырыптар ұсынасыз№

Бұл жұмыстан мен өзім жоспарлап өткізген жиналыстың бағасын білем және ұсыныстарды ескеріе келесі жиналыста талдап түсіндіруге тырысамын.Мысалы Габдуллина Айзеренің жанұясында барлығы көңілді, бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста өмір сүреді, өздеріне сенімді әкесінің жанұяда рөлі жоғары. Ғариппола Жангүл жанұясын биіктен көргісі келеді. Ойлау қабілеті өте жақсы,өздеріне сенімді.Рашид Қайролла,Оразғали Әлидің жанұяларында бір-бірімен әңгімелесу,араласу өте аз.

Сынып жетекшісінің ата-аналарымен жұмысының табысты не табыссыз болуы ата-анамен байланысты болатынын ұмытпауымыз керек.

© 2010-2022