А. Байтұрсынұлы еңбектеріндегі жазу мәселесі

Халық өмірі бір жылдап, он жылдап, хатта жүз жылдап та емес, мың жылдап саналады». «Тіл құралы» еңбегінде ғалым жазу мәселесіне бірнеше қағидалар жазып қалдырған. Мысалы: « «О» дыбысы сөздің бас буынында ғана естіледі. Басқа буындарында һәм дауысты дыбыстардан соң қазақ сөзінде кей орындарда естілмейді, сондықтан бас буыннан басқа орында яки дауысты дыбыстан соң (о) жазылса, (ұ) қылып оқу тиіс» делінеді. Ал сөзді жазудың ережесіне мынандай бес бөлімнен тұратын жалпы ережелер жиынтығын ұсынады «1. Әр түбір сөз һәм туынды сөз жұрнақтарымен, жалғауларымен бірге, тұтас жазылады, бірақ үзетін әріптер келген жерде үзіледі (үзетін әріптер: а, д, з, р , о, ұ, е). 2. Қос сөздердің арасы сызықшамен айырылып жазылады (аяқ-табақ, киім-кешек). 3. Қосалқы сөз бөлек жазылады. 4. Жұрнақтар барша сөзге қосылып жазылады. Жұрнақ ішіндегі дүдәмал естілетін қалыпша жазылады. 5. Жалғаулар. Мысалы: жолбарыс – жыртқыш. Ноқат (нүкте) «.» (ұлы тыныс) белгісі біріншіден әбден біткен ойлы сөйлемдердің соңынан қойылады. Екіншіден, мақала, кітап басының атауларынан кейін қойылады. Үшіншіден, қысқартқан сөздің соңынан қойылады. Үтірлі ноқат (нүктелі үтір) «;» (орта тыныс) белгісі сөйлемдердің ішкі жақындығы күшті болған жерде, сыйысулы құрмалас сөйлемдердің баяндауыштары демеулермен құраспай, алды-алдына тұрған жана да қастарында тұрлаусыз сөйлем болған орында қойылады. Теріс...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

А.Байтұрсынұлы еңбектеріндегі жазу мәселесі

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды- жіңішкелі үндестік зааңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды. Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады. Сөйтіп, оқу- ағарту идеясына сол кезіндегі интелегенциясы жаппай мойын бұрды. Әрбір зиялы азамат халқына қара танытып, сауатын ашуды, ол әрекетті «Әліппе» құралдарын жазудан бастауды мақсат етті. Сол 1911-1912 жылдары жасалып, Уфа, Орынбор қалаларының баспаханаларында жарық көрген. Ахмет Байтұрсынұлының әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 1912-1925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. 1926 жылы ғалым «Әліп-бидің» жаңа түрін жазды.

Қазақ тілін ана тілімізде тұңғыш зерттеуші Ахмет Байтұрсынұлы өзінің алдына жүйелі бағдарлама қойғанға ұқсайды: ол әуелі қазақтың ұлттық жазуын (графикасын) жасауды мақсат еткен, бұл үшін араб алфавиті негізіндегі «Байтұрсынов жазуы» дүниеге келген, екінші-сол жазумен сауат аштыруды ойлаған, бұл үшін «Оқу құралы» атты әліппе оқулығын жазған, одан соң қазақ тілінің граматикалық құрылымын ана тілінде талдап беру мақсатын қойған, бұл үшін «Тіл құралды» жазған. 1914 жылы Орынбор қаласынан басылып шыққан

Ғалымның қазақша әліппе жасауы, араб жазуына кіргізген реформасы, қазақ тіл білімінің негізгі терминдерін жұртымыздың образды ойлау мүмкіндігімен сабақтастырып өз топырағымыздан тауып, оларға тұңғыш анықтама бергені, дыбыс жүйесін (фонетика), сөз жүйесін (морфология), сөйлем жүйесін (синтаксис) қалыптастырып шығарған ұлы еңбегі өз кезінде де айтылған болатын.

«...Сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жаза білуге: қай сөз қандай орында қалай өзгеріп, қалайша біріне-бірі қиындасып, жалғасатын дағдысын білу керек. Халық өмірі бір жылдап, он жылдап, хатта жүз жылдап та емес, мың жылдап саналады». «Тіл құралы» еңбегінде ғалым жазу мәселесіне бірнеше қағидалар жазып қалдырған. Мысалы: « «О» дыбысы сөздің бас буынында ғана естіледі. Басқа буындарында һәм дауысты дыбыстардан соң қазақ сөзінде кей орындарда естілмейді, сондықтан бас буыннан басқа орында яки дауысты дыбыстан соң (о) жазылса, (ұ) қылып оқу тиіс» делінеді. Ал сөзді жазудың ережесіне мынандай бес бөлімнен тұратын жалпы ережелер жиынтығын ұсынады

«1. Әр түбір сөз һәм туынды сөз жұрнақтарымен, жалғауларымен бірге, тұтас жазылады, бірақ үзетін әріптер келген жерде үзіледі (үзетін әріптер: а, д, з, р , о, ұ, е).

  1. Қос сөздердің арасы сызықшамен айырылып жазылады (аяқ-табақ, киім-кешек).

  2. Қосалқы сөз бөлек жазылады.

  3. Жұрнақтар барша сөзге қосылып жазылады. Жұрнақ ішіндегі дүдәмал естілетін қалыпша жазылады.

  4. Жалғаулар. Түбір сөзге де, туынды сөзге де қосылып жазылады. Жалғауда «т» мен «д» дыбыстары дүдәмал болса, «т» жазылмай, «д» жазылады.

Жұрнақтар түбір сөздің, жалғаулар түбір һәм туынды сөздің аяқ дыбысының түріне қарай өзгеріп жалғасады».

«Тіл құралы» 1925 жылғы басылым, Қызылорда, қазақстан мемлекеттік баспаханасы, 1-ші тіл танытқыш кітап. «Тіл - адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. Осы дүниедегі адамдар тілінен айырылып, сөйлеуден қалса, қандай қиындық күйге түсер еді, осы күнгі адамдар жазудан айырылып, жаза алмайтын күйге ұшыраса, ондағы күйі де тілінен айырылғаннан жеңіл болмас еді»[39, 39б.]. Бұл еңбегінде балаларға керек сөздерді өздері жазып, дағдылануға, үйренгенін жаза ала ма? Жоқ па? Осы мәселелерге көңіл бөлген.

«Тіл құралы» 1925 жылғы басылым, Қызылорда, қазақстан мемлекеттік баспаханасы, 3-ші тіл танытқыш кітап. Бұл еңбекте ғалым жазуға керекті қосымша белгілер мен тыныс белгілерінің жалпы ережелерін ұсынады. А.Байтұрсынұлы: «Кіші сызықша «-» (тіркестіру белгісі) біріншіден, бір сөз бен екінші сөз тіркесетін орындарда қойылатын белгі, бүтін бір сөз қылып айтылатын орындарда қолданылады (қос сөздерде). Мысалы: ер-тұрман, сауыт-сайман,әке-шеше. Екіншіден, сөздің бір бөлімін екінші бөліміне тіркестіру керек болған орындарда қойылады, ондай тіркестіру көбінңнесе тасымал кезінде қолданылады. Және де сөздің жалғауымен арасына демеулік шылау келіп қосылғанда тіркестіру белгісі қойылады. Үлкен сызықша «--» (жұмақтау белгісі) белгісі шашыраңқы ұғымдарды жалпыландырып, теңелерлік нәрселерді теңеп, балап айтылатын орындарда қойылады. Мысалы: жолбарыс - жыртқыш. Ноқат (нүкте) «.» (ұлы тыныс) белгісі біріншіден әбден біткен ойлы сөйлемдердің соңынан қойылады. Екіншіден, мақала, кітап басының атауларынан кейін қойылады. Үшіншіден, қысқартқан сөздің соңынан қойылады. Үтірлі ноқат (нүктелі үтір) «;» (орта тыныс) белгісі сөйлемдердің ішкі жақындығы күшті болған жерде, сыйысулы құрмалас сөйлемдердің баяндауыштары демеулермен құраспай, алды-алдына тұрған жана да қастарында тұрлаусыз сөйлем болған орында қойылады. Теріс үтір «,» (кіші тыныс) бұратана сөздерді бөлек шығару үшін, сыйласу сөйлемдердің біріңғай мүшелерінің арасына, бағыныңқы сөйлемнің жігін басыңқы сөйлемнен айыру үшін, лепті сөйлемдерде одағайдан кейін, бір сөз немесе сөйлем қайта-қайта айтылған орындарда қойылады.

Өз қолымен жазған "Өмірбаянында" (1929, 8 наурыз) Ахмет Байтұрсынов былай дейді: "Орынборға келгеннен кейін, біріншіден, қазақ тілін фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік тұрғыдан зерттеумен; екіншіден, қазақ алфавитін (шрифтін емес), орфографиясын жеңілдету және реттеу үшін реформа жасаумен; үшіншіден, қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа тілдердің синтаксистік ықпалынан тазартумен; ақыры, ең соңында, төртіншіден, проза (іс-қағаз, публицистика, ғылыми жазба тіл) тілін кітаби тіл арнасынан стилистикалық өңдеу, қазақ сөздерінен термин жасау арқылы халықтың жады тілінің арнасына көшіру істерімен айналыса бастадым. Бұлар өзім жасаған оқулықтар және өзім редакциялаған "Қазақ" газеті арқылы іске асты".

«Қай әдіс жақсы?» мақаласы «Жаңа мектеп», 1928, №4, 3-11беттерде басылып шыкты. Бұл еңбегінде ғалым «Кей жұрттар жазу үшін әріп алмаған, таңба алған. Кей жұрттар жазу үшін әріп алғанмен, әріптері тілі өзгергендіктен бұл күнде тіліндегі дыбыстарына әріп арнауында шатақтық бар болғандықтан, сөздерінің жазылуы мен айтылуы екі басқа, кей жұрттардың тілінің шартына сәйкестеп әріп белгілеуге болмайды. Сондықтан оның да сөзінің жазылуы мен айтылуы арасында өзгешелік болады. Кейбір жұрттардың тіліндегі дыбыстары мен әріптері екеуінің арасында сәйкестік күшті болғандықтан, сөзінің жазылуы мен айтылуы арасында да сәйкестік күшті болады» дей келе өзге халықтың жазу түрінен біздің жазу жүйеміздің арасы алыс екенін айтады. Бұл бөлімді қорта келе «Жаза біліп, оқи білмейтін адам бола ма? - Жоқ. Жаза білетіндер оқи да біледі. Олай болса сауаттылық негізі оқу бола ма, жазу бола ма? - Әрине, жазу болады.» деген ғалымның сөзімен аяқтаймын.






Пайдаланылған әдебиет тізімі

  1. А.Байтұрсынұлы Тіл тағлымы. Алматы: Ана тілі, 1992 -414б.

  2. А.Байтұрсынұлы Тіл - құралы. Ташкент. 1922ж. -90б.

  3. А.Байтұрсынұлы Тіл - құралы. Қызылорда. 1927 ж. -73б.

  4. А.Байтұрсынұлы Тіл жұмсар. Қызылорда, 1929. 90б.

  5. Н.Уәлиев Қазақ графикасы мен орфографиясының фонологиялық негіздері: фил.ғыл.канд. ...автореферат. Алматы, 1993. - 162б.

  6. Зиндер Л.Р. Общая фонетика. М: Высшая школа, 1979. -312с.

  7. А.Байтұрсынұлы Емле туралы // ҚР БжҒМ ҒА Хабарлары. 2000, №3.

  8. Мусин Ғ. Жазу мәселесі // Қазақ тілі туралы революциядан бұрынғы зерттеулер. Алматы: Ғалым, 1993. -232б

  9. Н.Уәлиев. А.Байтұрсынұлы және қазақ жазуының онтогенездік дамуы // ұлттық рухтың ұлы тілі. Алматы: Ғылым, 1999. -155б.

  10. Сералин М. Емле мәлесі // Қазақ тілі туралы революциядан бұрынғы зерттеулер. Алматы: Ғалым, 1993. -232б.

  11. Жияшев Ш. Бірге қозғалайық мәселесі // Қазақ тілі туралы революциядан бұрынғы зерттеулер. Алматы: Ғалым, 1993. -232б

  12. Сұлтанғазин Д. Қазақ сөзін қалайша жазу турасы // Қазақ тілі туралы революциядан бұрынғы зерттеулер. Алматы: Ғалым, 1993. -232б

  13. Әбілқасымов Б. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі / Б.Әбілқасымов .- Алматы: Ғылым, 1971.- 272 б.Н. Әміржанованың Латын әліпбиі негізіндегі қазақ жазуының графикасы мен орфографиясы Алматы, 2010ж

  14. Қ. Жұбанов Қазақ емлесі жөнінен // Тілші, 1925ж, 6 ақпан, № 156.

  15. Ә. Жүнісбек Қазақ тілі грамматикасы 2001ж. -14 - 21б.



© 2010-2022