Ғибраты мол ғұмыр иелері

8 Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған сыныптан тыс мерекелік іс-шараның сценарийі.      Кештің барысы: Қонақтарды кешке шақыру, оларды қарсы алу, тілек білдіру, өнер көрсету, құттықтау сөздер, қорытынды сөз, жалпы қорытынды жасау.   Жүргізуші: Қазақтың дәстүрі кең әрі ауқымды. Бүгінгі тақырыпқа тұздық болып отырған ауылдағы асыл аналарымыз, әжелеріміз, мектеп ардагерлері. Су сұраса, сүт берген, айран берген, Қартайып қалыпсың-ау қайран жеңгем-деп ақындардың жырына арқау болған, қазақ халқының қасиетті сөздерін бойына сіңіріп, салт-дәстүр мен әдет-ғұрпын сақтаған, келінге тән ізеттілік пен ибалылықтың қаймағын бұзбаған, қазіргі таңда ауылымыздың өнегелі ұл-қыздарын тәрбиелеп отырған аналарымызды ортаға шақырамыз.
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кештің барысы: Қонақтарды кешке шақыру, оларды қарсы алу, тілек білдіру, өнер көрсету, құттықтау сөздер, қорытынды сөз, жалпы қорытынды жасау.

Жүргізуші: Қазақтың дәстүрі кең әрі ауқымды. Бүгінгі тақырыпқа тұздық болып отырған ауылдағы асыл аналарымыз, әжелеріміз, мектеп ардагерлері.

Су сұраса, сүт берген, айран берген,

Қартайып қалыпсың-ау қайран жеңгем-деп ақындардың жырына арқау болған, қазақ халқының қасиетті сөздерін бойына сіңіріп, салт-дәстүр мен әдет-ғұрпын сақтаған, келінге тән ізеттілік пен ибалылықтың қаймағын бұзбаған, қазіргі таңда ауылымыздың өнегелі ұл-қыздарын тәрбиелеп отырған аналарымызды ортаға шақырамыз.

Жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі. Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын дей отырып сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.

Сіздер ұстаған дәстүрімізді келешек ұрпақ ұстанса, халықтың бар болмысын сақтауға көмектеседі, ары қарай білім мен адамзаттың дамуына өз үлесін қосады. Біз адами құндылықтарды насихаттап ұстанғанда ғана адами қалпымызды сақтап қаламыз.

Өміріне серік еткен үмітті,

Еңбегімен еліне ол сүйікті.

Өзгелердің бақыты үшін тер төгіп,

Өзгелерге тілеп жүрер биікті.

Тарқалмасын қызықтың шағы қызған,

Жана берсін бақ артып бағыңыздан.

Құрметпенен ұсындық сізге сөзді

Ақтарылып көріңіз ағыңыздан!-дей отырып алғашқы сөзді шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан мектебіміздің директоры Қаракеева Айжан апайға береміз.

Жүргізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде, - дей отырып келесі кезекті Әбішбекова Арайдың орындауындағы «Аққу» биіне береміз.

Жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй, - деп, Абай атамыз айтқандай Мұстафаева Аружан мен Әшірбай Мақпалдың орындауындағы «Мерекем» әнін қабыл алыңыздар.

Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады. Мұқағали Мақатаевтың «Ана» атты өлеңі оқылады.

Ана

Сен бақыттысың,

Жыламағын!

Жай түсіп жатқанда да құламадың

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның

Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой

Тірімін ғой,

Қасыңдамын.

Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.

Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,

Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа

Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.

Екі жыр жазсам саған бірін арнап

«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

Тәңірім кеше көрсін кесірімді

Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!

Ана,

Сен бақыттысың, тербете бер

Құба талдан иілген бесігімді…

Жүргізуші: Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті, жан аналар!

Десек те уақытпен жарыспайды,

Қиялға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Өнерін аналарға бағыштайды.

«Өзбек» биі, қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: Барша ана құтты болсын мерекеңіз,

Әрқашан ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып ұл-қыздарыңыз жүрекжарды тілектерін ұсынады.

1-оқушы: Анасыздар, әр үйге панасыздар,

Бала десе от болып жанасыздар.

Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,

Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

2-оқушы: Анасыздар - Ақ Еділ, Жайықсыздар -

Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.

Маздататын, жүректе от лаулататын,

Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар.

3-оқушы: Өр десек те сіздерді - лайықсыздар.

Төр десек те сіздерді - лайықсыздар.

Ер десек те сіздерді - лайықсыздар.

Зор десек те сіздерді - лайықсыздар.

4-оқушы: Анасыздар, кең байтақ даласыздар.

Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.

Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ,

Үлбіреген жауқазын баласыздар.

5-оқушы: Сіздер - Күнсіз, аспанда жарқыраған,

Сіздер - өзен, тау суы сарқыраған,

Сіздер - ана, сіздер - жар, сіздер - қыздар,

Сіздер - жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

6-оқушы: Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.

Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.

Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,

Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.

Жүргізуші: Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік! Ана -барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш,тіршіліктің қайнар бұлағы.қазақ әйелінің дастарханы тоқ,қонағы ырза,дүниесі түгел.Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады.Бөбегін бесікке бөлеп,әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!

Орыс жазушысы Максим Горький: «Адамдар-әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен әжелеріміздің құрметіне Сүйіпбаева Назеркенің орындауындағы «Асыл әжем» атты әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,

Жасқанбай әр қадамын нық - нық басып,

Биімен көрерменді тәнті ететін

Арулар келді міне толқып, тасып.

«Испан» биі қарсы алыңыздар.

Жүргізуші: Өміріміздің әрбір сәтін есімізде сақтап қалу мүмкін емес. Десе де, фотоаппараттың көмегімен оны жүзеге асыруға болады. Назарларыңызға естеліктерді ұсынамыз. (Алдын ала аналарымыздың өмірінен, достарымен, қызметтестерімен бірге түскен суреттерден слайд жасалып қояды). Проектордың көмегімен слайд көрсетіледі.

Жүргізуші: Мерекеге арналады бүгін билер.

Көтерілсін, қанекей, көңіл-күйлер.

Алдарыңызға шығады бүлдіршіндер,

Таң қалдырып қанекей би билеңдер,- дегендей, алдарыңызда бүлдіршіндеріміздің орындауындағы «Өзбек» биін қабыл алыңыздар!

Жүргізуші:

«Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші.

Дүниенің жарық күні анамыз
Дана болсақ анаменен данамыз
Тыңдаңыздар, көңіл қойып ағайын
Анаға арнап тағы бір ән саламыз

Ән: Асыл ана

Жүргізуші: Мың бұралып билеген

Аруды кім сүймеген .

Күміс көмей аруларға

Кімдер басын имеген-дей отырып келесі кезекті қыздарымыздың орындауындағы «Шығыс» биіне береміз.

Жүргізуші: Әлемнің жарығын,

Сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін,

Жинадың сен маған.

Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше құрметті аналар сіздермен сұхбат жүргізе кетсек.

Сұрақтар:

1)Сауле апайға-Ұстаздық жолдың сырын шерсеңіз.

2)Рая апайға-Ең сүйікті, есімі есіңізде қалған оқушы

3)Күлшара апай-еңбек жолыңыздағы әріптестердің ауызбіршілігі, достық жайлы қырларыңызбен бөліссеңіз.

4)Ажар апаға-Сол уақыттағы қызық оқиғаларыңыз жайлы айта кетсеңіз.

5)Қадыркүл апаға-Жастарға өсиет айтсаңыз.

Жүргізуші: Ана-өмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы

Аналарға арнау

Анасыздар, әр үйге панасыздар,

Бала десе от болып жанасыздар.

Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,

Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

Анасыздар - Ақ Еділ, Жайықсыздар -

Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.

Маздататын, жүректе от лаулататын,

Әр үйдің Күні десе,- лайықсыздар.

Өр десек те сіздерді, - лайықсыздар.

Төр десек те сіздерді, - лайықсыздар.

Ер десек те сіздерді, - лайықсыздар.

Зор десек те сіздерді, - лайықсыздар.

Анасыздар, кең байтақ даласыздар.

Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.

Көлеңке жоқ көңлінде, қылауы жоқ,

Үлбіреген жауқазын баласыздар.

Сіздер - Күнсіз, аспанда жарқыраған,

Сіздер - өзен, тау суы сарқыраған,

Сіздер - ана, сіздер - жар, сіздер - қыздар,

Сіздер - жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.

Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.

Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,

Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.

Жүргізуші: Бишілер бар бізде қыздар мен ұлдар тобы,

Мерекеге өнерімен келген бүгін.

Таң қалдырып, қанекей би билеші,

Қол соғып, демеу берсе көрермендер!-деп кезекті «Қазақ» биіне береміз.

Жүргізуші:

Не деген құдірет едіңіздер, аналарым!

Сыйынатын болса өмірде құдірет,

Сыйынар ем ана деген тәңірге!

Анады да, мені де әлпештеген,

Қайтпас қайрат, дариядай ақыл берген.

Ниетің қабыл болсын, аналарым,

Өркендеп өсе берсін, бала-шаға, немерелер,- дей отырып мерекелік кешімізді қорытындылау сөзді құрметті аналарымызға береміз.

Жүргізуші: Аяулысың, ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сіздер үшін ән менен күй, өлең мен би,

Сіздер үшін мереке шашулары.

Ортада би, қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіңе,жүрегімді жалғадым.

Өзің мына сыйға берген өмірде

Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым.

Құрметті қонақтар ,біздің «» атты мерекелік кешімізді осымен аяқталды.
1 - жүргізуші: Деңдеріңізге саулық, бала-шағаларыңызға амандық тілейміз. Жүздеріңізден күлкі қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін. Еңбектеріңіз табысты болып, шаңырақтарыңызға құт - береке дарысын! Аспанымыз ашық, мемлекетіміздің іргесі берік болсын!












© 2010-2022