Классный час на тему Мейірімділік -ең асыл қасиет

Раздел Классному руководителю
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Мейірімділік-ең асыл қасиет

Мақсаты: «Қайырымдылық», «Мейірімділік», адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Бір- бірімен қарым-қатынастарын жақсарту, оларды адамгершілікке, шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.Шығармашылық қиялын, есте сақтау қабілетін, танымдық қабілетін дамыту.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, С Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйі, «Достық »әні, доп, түрлі-түсті жүрекшелер, стикер, ұлағатты сөздер, оқушылардың салған суреттері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

Балалар,бәріміз ортаға шығып, шаттық шеңберін» құрайық.Әрбіріміз қасымызда тұрған досымызға жылы сөздермен,жылы жүрегімізбен, күлімдеген көзімізбен, жымиған езуімізбен жеткізейік.

Күнге қарап қолымды
Бір, екі, үш деп соғайын /қолды соғу/
Қарап тұрған көршіме
Мен қолымды бұлғайын /бір - біріне қол бұлғау/
Жылы - жылы жүзбенен
Маңдайыннан сипайын /сипау/
Жылы - жылы сөзбенен
Жүрегімді сыйлайын /жүректі ұсыну/
Ыстық алақаныммен
Қолыңды бер қысайын /қолды қысу/
Амандасып өзіңмен
Құшақтасып алайын /құшақтасу/.

ІІ. Қызығушылықты ояту.

Оқушыларға сұрақтар қойылады.

- Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыңдар?

- Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді?

- Басқаларға жақсылық жасаған кездерің болды ма?

ІІІ. Тыныштық сәті (баяу музыка Секен Тұрысбековтың «Көңіл толқыны»)

Көзімізді жұмып,біраз демалып,жақсы істерді көз алдымызға елестетейік.Біз қазір керемет,әрі сиқырлы,мейірімділік пен сүйіспеншілікке толы әлемге саяхат жасаймыз.

Бұл әлемнің ауасы таза,жұпар иісті.Бәріміз де сол әлемге қарай қадам басайық! Біздің жанымызда достарымыз,олардың жанында біз өзімізді еркін сезінеміз.Мейірімділік,сүйіспеншілік ізгілік нұры бізге қонып,жан дүниемізді осы жақсы сезімге толтырады.Адамдар бір-біріне тек жақсылық,қуаныш,ізгілік сыйлап жатса,қандай жақсы болар еді.

Қайтатын уақыт та келді.Осы әлеммен қоштаса отырып,мейірімділік нұрын өзімізбен бірге ала кетейік.Енді балалар көздеріңді аша қойыңдар.

ІY. Оқушылардың назарын мейірімділік туралы әңгіме тыңдауға аударамын.

Бір мазасыз балапан өмір сүріпті.Күндердің күнінде ол анасынан «Мейірімділік деген не?-деп сұрапты». «Сен әлі кішкентайсың.Өскеннен кейін түсінесің», деді анасы. Жолда ол жылап жүрген ешкіні кездестіреді,ол балапаннан жоғалып кеткен лағын тауып алуға көмектесуін сұрайды. «Менде уақыт жоқ»,-деді балапан,- мен мейірімділіктің не екенін білуім керек»,-деді де, әрі қарай жүгіріп кетеді. Шалғайдан балапанды кездестіреді,ол ағашқа ілініп қалған шарды ала алмай жүреді. «Балапан,балапан маған шарды алуға көмектесіп жіберші»,-деп сұрайды қыз. «Менде уақыт жоқ,дейді балапан,

-Мен мейірімділіктің не екенін білгім келеді». «Маған айтшы»,-деді балапан. «Бірінші сен шарды алып бер дейді. Балапан шарды алып береді. «Мінеки, сен қайырымды іс істедің.Мейірім деген осы». «Қандай оңай?»-деп таң қалды балапан.

Мәтін бойынша оқушылардың өзіндік пікірлерін білу мақсатында сыныпқа төмендегідей сұрақтар қоямын.

а)Мейірімділік деген не?

ә)Неге мейірімді болу керек?

б)Қалай мейірімді болуға болады?

Мейірімділік-ол басқаларға қамқор болу.Қайырымды болу-жердегінің бәріне қамқорлық жасау дегенді білдіреді.Мейірімділік адамдар мен табиғат және жануармен қарым-қатынаста байқалады,айқындалады.Мейірімді болу адамдарға қамқорлық жасау және де қоршаған ортаға,өзіңе қамқорлық жасау.

Ү. Жағдаяттарды шешу:

1-жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның ролигі жоқ, сенің әрекетің?

2-жағдаят: Сенің алдыңнан бір құшақ газет-журнал көтерген хат тасушы апай шықты , сен не істер едің?

3-жағдаят: Сенің анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып кетті,сенің әрекетің?

4-жағдаят: Сенің алдыңнан ауыр сөмкелерін көтерген әже шықты, сен абайсызда ол әжені қағып кеттің, оның сөмкесіндегі заттары шашылып қалды, сен не істер едің?

Мұғалім: -Балалар сендер өздеріңді мейірімді баламын деп санайсыңдар ма? Ендеше бәріміз бірге «Мейірімділік ағашын» өсірейік, ол үшін сендер өздеріңді не үшін мейірімді санайтындарыңды айтып, «мейірімділік ағашына» жемістерді ілеміз.

YІ. Сергіту сәті.

YІІ. Оқушылар өздері салған суреттерін талдау.

YІІІ. Бағалау: -Балалар сіздер бүгін сабаққа барлығыңыз өте жақсы қатыстыңыздар, сондықтан мен сендерге алғыс айтамын.

ІX. Қорытынды:

Жүректен-жүрекке
- Күлімдеген күн мейірімді!
- Кіршіксіз ақ қар мейірімді!
- Таза мөлдір су мейірімді!
- Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!
- Аяулы анам мейірімді!
- Қадірлі әкем мейірімді!
- Әлпештеген әжем мейірімді!
- Еркелеткен атам мейірімді!
- Жылы жүзді ұстазым мейірімді!
- Тату-тәтті достарым мейірімді!

Рахмет осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар.



Классный час на тему Мейірімділік -ең асыл қасиет

Классный час на тему Мейірімділік -ең асыл қасиет

Классный час на тему Мейірімділік -ең асыл қасиетКлассный час на тему Мейірімділік -ең асыл қасиет



© 2010-2022