Тәрбие сағаты Мен егеменді елдің болашағымын (9 сынып)

Раздел Классному руководителю
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Мен - егеменді елдің болашағымын»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, өз Отанын, елін сүюге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге, өз ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді, іскер азамат қалыптастыру.

2. Дамытушылық: Оқушылардыңсөйлеу мәдениетін, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу дағдыларын, өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру.

3. Тәрбиелік: Балалардың жеке басындағы патриоттық сезімді, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру;

Еліміздің болашағы жас өспірімдердің Отан алдындағы борышын өтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Пікірталас, әдеби-монтаж, жобамен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, ҚР Азаматының құқықтары мен міндеттері жазылған плакаттар.

Сабақтың кезеңдері:

Психологиялық даярлық. Оқушыларды топқа бөлу.

1 КЕЗЕҢ. Ояну. Қазақстан, Отан, Қазақстан азаматы туралы ой-пікір.

Әдісі: Ассоциация. Отан туралы ой-пікір. «Отан» деген сөз мағынасын ашу, алғашқы ойларын білдіреді.

Отан дегеніміз - әр адамның туып өскен жері, туған туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Отан - белгілі бір адам үшін оның өзінің елі ғасырлар бойы ғұмыр кешіп және солай болып қалуы үшін, жанын пида қылып келе жатқан байтақ өңір, өлке ғана емес, туған шаңырағы, ата-ана, бала-шағасы, жар қосағы, дос-жаран, ағайын-туысы, солармен бірге жалғаннан көретін қызығы мен бақытының тұрағы, кейін ұрпақтарына рухы жар болып жататын топырағы.

1 Қ

2

А

3

З

4

А

5

Қ

6

С

7Т

8

А

9

Н

1. 1. Қазақстанның ауа райы қандай?

2. 2. Қазақстанның ел ордасы қай қала?

3. 3. Қазақстанның Елбасы кім?

4. 4. Қазақстан қай құрлықта орналасқан?

5. 5. Қазақстанның жергілікті халқы қай тілде сөйлеседі?

6. Қазақстанның рухани астанасы қай қала?

7. Қазақстанның ұлттық валютасы не?

8. Қазақстанның көршілерінің бірі?

9. Қазақстан неге бай?

Мультимедиалық көрнекілік.

Мұғалім: Сонымен біз Отан деген сөз біздерге қандай ассоциация тудыратынын қарастырдық. Енді осы сөздер біздің аталарымызда қандай ой тудырғанын әдеби-монтаждан тамашалайық:...

Қазақстаным менің,

Қазақстаным менің -

Байтағым!

Аз емес саған айтарым!

Қалдырдың артта жолдардың ауыр қайтқанын,

Көгімді шүкір, торламаса екен қайта мұң!

Қазақстаным менің,

Қазақстаным менің -

Мәртебем!

Қазақстаным менің,

Жәннатым!

Көркіңді көрсе - мейірі көздің қанатын!

Қуат бар сенде дастасып бірге табатын!

Қазақстаным менің,

Қазақстаным менің -

Ырысым!

2 КЕЗЕҢ. Түсіну. Өткенге көз тастау.

«Егеменді елдің болашағы» дегенді қалай түсінесіңдер? Әр топ осы жұмыс бойынша өз ойларын маркерлермен ватманға түсіреді немесе интерактивті тақтамен жұмыс жүреді.

Әрекет жасай отырып оқушылар жаңа мазмұн, жаңа ақпарат, идея, жаңаша ойлауға ұмтылады. Бұрынғы білімі мен жаңа мазмұнды интеграциялайды.

Отан патриоты болу үшін өз Отанының, жерінің, елінің тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін құрметтеуді айтады.

3 КЕЗЕҢ. Сыни көзқарастар.

Конституция - халық пен биліктің қарым-қатынасын білдіретін, біздің өміріміз бен тұрмысымызды айқындайтын құқықтық құжат.

Мемлекеттің тұрақтылығы мен гүлденуі, Ата Заңның орындалуында. Әрбір Қазақстан азаматы осы ойды есте сақтауы керек. Заңға бағыну - тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық, адамгершілік т.б. адамға тән қасиеттер бар. Сол қасиеттер ғана қоғамның гүлденіп дамуының негізі, болашағымыздың алтын арқауы болады.

Оқы да білім ал деген,

От бол да мәңгі жан деген.

Ата Заңым менің!

Еңбек ет, еркін жүр деген,

Асыр сап, ойнп-күл деген.

Ата Заңым менің!

Қорғаған аспан, күнімді,

Қолдаған бостандығымды.

Ата Заңым менің!

Құптаған көңіл қоштығын,

Ұлттардың берік достығын.

Ата Заңым менің!

Тәуелсіз, еркін ел бүгін,

Талай жыл күткен теңдігім -

Ата Заңым менің!

Санама құйған таң нұрын

Бақытым, бағым, тағырым -

Ата Заңым менің!

4 КЕЗЕҢ. Қорытынды.

Сараптаулар, синтездеу жұмыстары жүреді. Оқушылар Отан туралы бірнеше мақал-мәтелдер үлгісін жасайды.

Аман қалған шабуылдан жүздеген

Батыр халық екенбіз ғой біз деген

Аямаған жұрттан нанын тұзбенен,

Жомарт халық екенбіз ғой біз деген.

Отан адамға өмір сүру қуанышын, өзінің күшіне деген сенім, елі үшін мақтаныш сезімін сыйлайды. Біздің халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең, біз үшін туған жерді қасиет тұту - қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр.

Өткізген Байсейтова Н.Т.



© 2010-2022