Бала тәрбиесіндегі отбасының ролі

Бала тәрбиесіндегі отбасының ролі               Бүгінгі жас ұрпақты ата-аналарымыздың жинақталған мол мұрасымен сусындату- біздің басты міндетіміз.  Болашақ ұрпақтың тәрбиелі, мәдениетті де білімді болуы ең алдымен, ата-анадан, отбасы – ошақ қасынан басталмақ. Дана қазақтың «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген даналық сөзі тегін айтылмаса керек. Жас ұрпақты тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлық тәжірибесі бар екені даусыз. Сондықтан, сол мол тәжірибені пайдалануға тырысып, ең бірінші жаны...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бала тәрбиесіндегі отбасының ролі

Бүгінгі жас ұрпақты ата-аналарымыздың жинақталған мол мұрасымен сусындату- біздің басты міндетіміз.

Болашақ ұрпақтың тәрбиелі, мәдениетті де білімді болуы ең алдымен, ата-анадан, отбасы - ошақ қасынан басталмақ.

Дана қазақтың «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген даналық сөзі тегін айтылмаса керек. Жас ұрпақты тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлық тәжірибесі бар екені даусыз. Сондықтан, сол мол тәжірибені пайдалануға тырысып, ең бірінші жаны таза, рухани биік, адамгершілігі мол, халқына пайдасын тигізетін адам тәрбиелеуде отбасының ролі ерекше.

Ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын ізгілік, адамгершілік, үлкенді құрметтеу, ұяндық, пәктік сияқты асыл қасиеттері ерте заманнан бері атаның қамымен, ананың сүтімен бойымызға сіңіріп келеді.

Отбасының негізгі міндеті- баланы еңбекке, адамдар арасындағы өмір сүре білуге үйрету. Ал даналар сөзі ұрпақ үшін тек танымдық дүние ғана емес, ол ата-аналар үшін де ақсап , сусап оқитын тәлімдік, тәрбиелік өнеге.Балаға айналасындағы өмір шындығы ауадай қажет. Ең алдымен әке мен шеше өз ұлтымыздың әдебиетімен, мәдениетімен салт-дәстүрімен, тілімен, тарихымен, өнерімен терең таныс болуы керек.

Отбасындағы үлкендердің қарым - қатынасы, көңіл күйі, ерекшеліктері, еңбек сүйгіштігі , ізденістері бәрі де балаға үлгі - өнеге.

Баланы дұрыс тәрбиелеуді, жақсы әдет дағдыны қалыптастыруды ерте бастан ескерген жөн. Ата - ананың өзара тату - тәтті сыйластығы мейірбандық пен ыстық ықыласы, сөйлеген сөзі бәрі балаға ерекше әсер етеді. Отбасындағы ұрыс-керіс, орынсыз жанжал балаға жақсы әдетке тәрбиелемейді. Жағымсыз

көріністер баланың ар - намысына, ожданына дақ түсіреді.

Ал . ата - ана балаларына үлгі өнеге көрсете алмаса, тәрбиелібала өсуі екі талай. өйткені , бала ересектерге өте еліктегіш келеді, көп нәрсені: жақсыны да, жаманды да солардан үйренеді.

Сондықтан , ата-аналар ұрпақ тәрбиесінде жауапкершілікті бәсеңдетпеуі тиіс.

Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27 бап 2 - тармағында

« Балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» делінсе «Қазақстан - 2030» бағдарламасында «әкелер мен аналардың, аталары мен әжелердің» өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте сақтауға тиіс. Отбасы- дегеніміз туысқандық байланыста болатын бірлесіп әлеуметтік тұрмыста өмір сүретін адамдар.

Отбасы шын мәнінде тату - тәтті болса, одан рухани адамгершілік, қайырымдылық көрінісі туады. Ұлы бабаларымыз :

«Отбасында балалар көп болса, адамның өрісі ұзарады, олжа да , кіріс те мол болады» деген. Ғүлама Абай баланың бойына алты қасиет пен үш асыл мінез- құлық сіңіру парыз деген.

Қазағымыздың ұлттық мәлени - құндылықтарын қастерлей, имандылық адами қасиеттерін құрмет тұта отырып « Ұлт тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қызды тәрбиелей отырып, ұлды тәрбиелейміз» деп өз жеріміздің, ұлтымыздың болашақ иелерін тәрбиелейік.

Оразахынова Майгүл Батырханқызы

Алматы қаласы Әуезов ауданы

№104 жалпы білім беретін мектеп

директорының тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары




© 2010-2022