Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»

Сабақтың мақсаты: оқушыларды  қазақтың көрнекті ақыны М.Мақатаев туралы әдеби білім беру, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының сюжетін оқып үйренуге дағдыландыру;. Міндеттері: 1.Білімділік: оқушыларды  қазақтың көрнекті ақыны М.Мақатаев туралы әдеби білім беру, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының сюжетін оқу. 2.Тәрбиелік: оқушыларды  ізгілікке, ұлтжандылыққа, табиғатты қорғауға тәрбиелеу. 3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, мәнерлеп оқу дағдыларын арттыру, ауызша және жазбаша тіл ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1.Пән аты: Қазақ әдебиеті 2.Сыныбы: 8 3.Күні, айы, жылы:

Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»

Сабақтың мақсаты: оқушыларды қазақтың көрнекті ақыны М.Мақатаев туралы әдеби білім беру, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының сюжетін оқып үйренуге дағдыландыру;.

Міндеттері: 1.Білімділік: оқушыларды қазақтың көрнекті ақыны М.Мақатаев туралы әдеби білім беру, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының сюжетін оқу.

2.Тәрбиелік: оқушыларды ізгілікке, ұлтжандылыққа, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, мәнерлеп оқу дағдыларын арттыру, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі: М.Мақатаевтың шығармалар жинағы.

Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, тіл.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру:

1) «Бесеудің хаты» (2-бөлім) 2) «Елім-ай» (шығарма жазу)

Сабақтың мақсатын айту

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

1. Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру. (1931-1976)

ХХ ғасырдың екінші жартысында қазақ поэзиясының дамуына үлкен үлес қосқан ақиық ақын Мұқағали Мақатаев Алматы облысы, Райымбек ауданына қарасты Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келген. Балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарына тұстас келді.

Мұқағали - жыр еліне ауыз әдебиетінің мөлдірінен сусындап, ұлы Абайдың тереңіне бойлап, өзіне дейінгі ақындарды пір тұтып, орыс пен еуропа, шығыс әдебиеттерінен тәлім алып келген ақын.

Оқырман ақынның кез келген өлеңін бейтарап, салқын оқи алмайды. М.Мақатаев өзінің естелігінде былай деп жазыпты: «Егер бір кездерде менің өмірім, шығармашылығым әлдекімнің көңілін аударса, оларға былай дер едім:

  • Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармашылығымды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінемін. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанда түк те емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды дауысындай... Жанымның мұңы мен қуанышы, бәрі сонда. Солар басқа жүректерге өз сәулесін түсіруге тиіс деп ойлаймын. 14 ақпан, 1976 ж».

Сөз жоқ, Мұқағали шығармалары оқушысының жүрегіне сәуле түсіреді. Себебі ақын туған жерін, туған халқын, ана тілін жанындай сүйді. Оның кез келген шығармаларынан жердің, елдің биік рухы сезіледі. Өздеріңе талдауға ұсынылып отырған «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын тебіренбей оқу мүмкін емес.

Ендеше іске сәт! Поэманы оқыңдар...

Түсінгенін тексеру.

Оқулықпен жұмыс

«Аққулар ұйықтағанда»

Өзен де жоқ сыймаған арнасына,

Жылға да жоқ даламен жалғасуға.

Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай,

Қалай біткен мына көл тау басына?!

Мөлдірейді, қарайды қарға, шыңға,

Жалғыздықтан жамандық бар ма, сірә?

Қанша ғасыр өтті екен, қанша заман?

Қанша ұрпақ кетті екен, қаншама адам?

Қанша шырша өсті екен, құлады екен,

Жетімкөлге қараудан шаршамаған?

Жетімкөлден су ішкен қанша марал,

Қанша киік қалды екен сай-салада?

Қанатынан үзіліп ән-самала,

Қаншама аққу кетті екен - аңсаған ән?

Ортаймаған, Жетімкөл толмаған да,

Болған өмір ұқсайды болмағанға.

Сызат та жоқ бетінде, сызық та жоқ,

Айдынына аққуы қонбаған ба?!

Жаңа сабақты бекіту.

Эпилог

...Сол кеткеннен мол кеттім, оралмадым,

Жерді аңсаймын...

Жалғыз-ақ сол - арманым.

Қиын екен, қимасың екі бірдей

Көз алдыңда ғайып боп жоғалғаны...

Көрдің бе бір-біріне дөп келуін,

Бір қырсық бір қырсықпен шектелуін?

Балам-ай, мынау өмір -дарияның

Білмейсің қайда екенін өткелінің.

Аққулар...

Аңыз көп қой олар жайлы,

Көзіңмен көргеніңдей бола алмайды...

Тек қана тыныштықта ұйықтайды олар,

Шошыса, екінші рет оралмайды.

Үй тапсырмасын беру: 1. М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы.2. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының сюжеті.

Оқушылардың жауаптарын бағалау







© 2010-2022