Воспитательный час на тему Жолда жүру ережесі 8 класс

Раздел Классному руководителю
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Сыныбы: 11
Тақырыбы: «Ана - өмірдің шуағы»
Мақсаты: Оқушыларғаата - анаалдындағыпарыз бен қарыздарытуралытүсінік беру. Мейірімділікке, сый - құрметкетәрбиелеу, ұлтқатәнжақсы
қасиеттердіқалыптастыру.
Көрнекілік: Сыныпбөлмесімерекегелайықбезендіру, даналықсөздержазылғанплакаттар.
Түрі: тәрбиесағаты

Барысы:
Жүргізуші: Саламатсыздарма, құрметтіұстаздар, қыздарсіздердікележатқан 8 - наурызхалықаралықәйелдеркүніменқұттықтаймын, сіздергезорденсаулық, мол бақытзорденсаулықтілеймін.
Ана, Ана, Ана!... не дегенмейірлі, не дегеншапағаттысөзедіосынауүшәріптенқұралғанқасиеттісөздіңтүптөркініндеқаншамаұлысезімжатырдесеңізші. Сезім мен қасиетті, бар махаббатпеншапағаттытудырыптұрғанұлыанасезімінқадірлемейтінжан бар маекенбұлөмірде? Жақсылықатаулыныңбарлығы да ананыңсүтінентаралған. Сондықтан да құрметтіасыланалар, қадірліапайлар, қызғалдаққыздарбүгінгі «Ана - өмірдіңшуағы» аттытәрбиесағатымыздысіздердіңқұрметтеріңізгеарнаймыз.

Сыныпіші: Данияртереңойда, сыныпішіндеерсілі - қарсылыжүр. СолкездеАйдоскіріпкеліп:
Айдос: - Данияр, неге көңілсізжүрсің?
Данияр: - Е - е, Айдос, мен кележатқан 8 наурызмерекесінқалайөткізсекекендегенойдамын.
Айдос: - Ондатұрған не бар? Тақпақайтып, өлеңайтып, бибилеп, құттықтаймызаналар мен қыздарды! Мен, мінебибилепберейін, сен тақпақайт……
Данияр:- Жо - о, жоқ! Жарамайды. Жылсайынбибилеп, тақпақайтаберемізбе? Биылбасқаша, өзгешеқұттықтаукерек!
Айдос:- Сен қызықсың, тақпақайтпайболмайды. Анатуралыеңәсем, еңжылысөздерақындардыңөлеңдерінде. Балалар да дайындалыпжүрген, олардышақырыпкімдеқандайтақпақ бар екенінбілейік.
Данияр: - Иә, бәрімізаналарымыздықұттықтағымызкеледі.
Айдос: - Тоқтаңдар, тоқтаңдар! Қазір, нақты «Ана» туралыәнайтайық.

«Анашым» әніорындалады.

Индира: Бүгін - наурыздыңсегізіАнасызжоқбірүнің,
Сұлулықтыңнегізі! Әжесізжоқбіркүнің,
Әдемісөз - Ұсынамызбүгін
АдамныңСөздіңсұлушоқгүлін.
Анағаайтарлебізі.

Анадеймізбәріміз де аңқылдап,
Анадейдіжассәби де жарқылдап
Анадегенбәйтерегіөмірдің
Анадеген - алтын қазық, алтын бақ
Анадеген - асылжаңдарбұлақтай
Оадамдарқадірлейбілананы
Жат қылыққаақыл - ойдытонатпай

Ана десем сезім білер тым ыстық
Жарасымды адамдарға туыстық
Бар адамға берсе ананың мейірін
Орнар еді бар әлемге тыныштық

Айдос: Бүгін - наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз - Адамның
Анаға айтар лебізі

Жүргізуші: Мама - бұл сөз әр бір халықтың тілінде бар. Барлық тілде мейрімді, жылы естіледі. Ана дегеніміз әлемнің жан дүниесі. Ол тіршілік үлкен тағдыр. Ана сөзі біздің елең еткізбей жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды.

Үміт: Ойлы қызы халқымның
Отаным деп туады
Бас жібермей әр күні
Ана жолын қуады.
Қанаттансабалапан,

Қалайынша ұшпайды
Әр бір қыз, әр бала.
Мамасына ұқсайды.

Елшат: Ана десем, алғыс алам халқымнан,
Ана десем, теңіз болам шалқыған
Ана десем, ашылады қабағым
Ана десем, әділдікті ұғамын

Айналайын Анашым

Гүлзат: Өзіңсің сүйікті ана, құдіретім
Жанымды жадыратып күлдіретін
Сендегі маған деген махаббатты
Нұр толы қос жанарың білдіретін
Бар ана туған елдің гүлі дер ем
Анажан қайғың болса күңіренем
Таусылмас тау суындай ақылың бар
Сен барда менің әр бір күнім өлең

Жүргізуші: Әр бір ана өз баласының сүйікті досы, мақтанышы. Бізге әсіресе ананың еңбегі мен ерлігі мақтаныш. Ана махаббаты адамға қанат бітіреді, күш береді, ерлікке рухтандырады.

«Асыл әжем» әні орындалады.

Данияр: Бас қосты бүгін жиынға
Аналардың қауымы
Таусылмасын әрдайым
Отбасының сауығы
Ана өмірдің қуанышы, тірегі

Бала - оның жұбанышы, жүрегі
Ана алдында ел жауы да бас иген
Олар дәйім тыныштықты тіледі.

Айгерім: Анаға арнап ақ тілектер айтар күн,
Әкеге арнап, марапатты бастар күн.
Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар күн.
Бүгінгі күн есінде мәңгі жастардың.

Жаңагүл: Дүниенің ең қымбаты ана екен,
Ананың ең тәттісі бала екен.
Түн ұйқысын төрт бөліп тәрбиелеген,
Ананың орыны бөлек дара екен
Балаға ана еңбегі парыз деймін,
Еңбегін өтеу бізге қарыз деймін

1. Ата - ананыңақысынеменөлшенеді?
2. «Ата - анаңа не қылсаңалдыңасолкелер» дегендіқалайтүсінесің?

Жүргізуші: Анаадамзатмекенеткенжершарыныңәртүпжерінде, әрүйдемейірім мен мерейдіңдостық пен туысқандықтыңтуынтіккенадам. Адамзатеңалдыменанаалдындақарыздар. Алақаныңақуырдаққуырыпберсең де, анаборышынөтейалмайсың. Анапарызыалтынғабөлеуді, ақ орда салудықаламайды, анабаласының ер жігіт, адамболуынқалайды. Анағаосыданартықтартутаралғанныңжоқ.
















Менің Отаным - Қазақстан тәрбие сағаты

Тәрбие сағатының тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан
Мақсаты:
Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, гүлдер, слайд, Астана және Арал қалаларына байланысты суреттер.
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік
Формасы: тәрбие сағаты
Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие беру.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық (өзін-өзі тану пәнімен байланыстыру)
«Шаттық » шеңбер:
Бір шаңырақ астында,
Қазақстанда тұрамыз.
Бірге сайран құрамыз,
Бір үйде біз тұрамыз.
Құт, береке-шаңырақ,
Орын алған ол төрде.
Билігім өз қолымда-
Еркіндігім- Елімнің!

Мұғалім: Біздің Отанымыз-Қазақстан. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар. Қазақстан Республикасы 1991 жылы16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жолдарымызға қарасаақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдинетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз. Осыған орай «Менің Отаным-Қазақстан!» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Ерболсын; Армысыздар! Қадірлі де ұлағатты ұстаздар.
Қош келіпсіздер бүгінгі тәрбие сағатына,
Бас иіп сәлем бердік баршаңызға.

Жанель: Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балдырған.
Қош келіпсіз бүгінгі тәрбие сағатына,
Би билеп, ән де бүгін шырқалар.

Денис: Елімнің атын айтсам- Қазақстан!
Жерімнің атын айтсам - Қазақстан!
Қойнауы қазынағы толған мекен,
Байлығымды айтсам-Қазақстан!

Жайдаргүл: Қазақстан -бабамнан қалған мұра,
Сенбейсіңбе даламнан бар да сұра.
Ел мен жерді дұшпанға таптатпаған
Батырларым демесем болар күнә.

Нұргиса: Естігенде көк аспанның астында,
Тік тұрындар айтылғанда Әнұран.
Бар қазақтың үніндей шарықта,
Шарықташы, Әнұраным, шарықта!
Оны айтуға, жас ұлан, жлықпа.

ӘНҰРАН орындалады.

Мұғалім: Балалар, «Отан дегеніміз не?»
1-оқушы: Отан дегеніміз- адамның туып- өскен жері, туған- туысқандарымен, жақындарымен, бірге тұратын атамекен. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отан- ҚР-сы.
2-Оқушы: Біздің Отанымыз-ҚР-ның жері өте кең. Жерінде тау да, жазық та, ойпат та, қарат та кездеседі. Үлкен-үлкен көлдер, өзендер бар. Республикамыз өсімдікке, жануарларға , қазба байлыққа бай.
3-оқушы: Осы ҚР-ның жас ұланы екенімді мақтан етем. Оның бай тарихын зердеме түйіп, ертеңгі азаматыболу үшін білім аламын, еңбек етемін. Кешегі тарих жолында елдің ел болуына қызмет еткен халқымыздың асыл ұлдарына ұқсап өсемін.
4-оқушы: Отаным менің кең- байтақ, әрі бай. Онда әр түрлі халықтар тұрады. Олар бір-бірімен тату, дос. Қазақ халқы ешуақытта соғыс тілемейді бейбітшілік үшін күреседі.
Мұғалім: Қазақ халқы сөз қадірін білген, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын, өлең өрнектерімен өрнектеп терең мағыналы сөз өнері арқылы, өлең-жырымен тәлім-тәрбиесін зор ойлар айта білген.Қазақтың мақал-мәтелдерінің айтары- өсиет, ұлағат, тәлім, парасат.

Ерболсын: Отан деген- атамекен, Отан деген- туған жер.
Отан - деген ана, пан,
Қазақстан-туған ел.
Отан- менің ата-анам,
Отан -досым, бауырым,
Отан -өлкем астанам,
Отан- аудан, ауылым.
Маржан:
Отанды біз атамекен,
Деп аялап атаймыз.
Өйткені оны мекен еткен.
Бабамыз бен атамыз.
Отан -деген атамекен,
Отан деген- туған жер.
Отан- ана,
Отан -үлкен
Қазақстан -туған ел.
Тілеу: Отан- атам,
Отан -әкем.
Осы сөзім қатемекен?!
Қате болса,
Неге біздер-
Дейміз оны Атамекен?!
Ерғанат: Отан- әжем,
Отан -анам!
Туған ел деп,
Туған жер деп,
Ол бекерге аталмаған.
Тілек: Атам, әжем, әкем, анам-
Төртеуіде Отан маған.
Төртеуіде ботам дейді,
Ер азамат атан дейді.
Мақтанамын Отанымен,
Отаныма ботамын мен.
Елжан: Отан дейміз -от жаққан жерімізді,
Отан дейміз- өсірген елімізді.
Отан дейміз - туған жер, атамекен-
Биік тау, ориан, тоғай, көлімізді.
Отан дейміз- кең байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы,
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Отан туралы мақал-мәтелер айту.

ІІ. Қазақстан мемлекетінің тарихи даму жолын айқындайтын өз рәміздері- Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар.
1-оқушы:
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашан да
Биікке іліп қояды.
Туымызға жас туған
Бір қарамай өтпейді.
Сол көк тудың астында
Көгереміз көктейміз.

2- оқушы: Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай акстында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің, белгісі.
3-оқушы Өзіңдікі- елің де,
Өзіңдікі - жерің де.
Өзіңдікі- өзің еккен бақ,
Тәуелсіздік төрінде!

ІІ. Жүргізуші: Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев әрдайым халықпен бірге, ол өз халқына үлкен қамқорлық көрсетеді.
Қазақстанның атынан өкілдік ететін лауазымды тұлға. Мұндай көшбасшымыз бар біздің болашағымыз айқын.


Тілек:
Әр сөздің астарына осы арады,
Ағайын ой жібере жете қара.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында
Тұлғасы Елбасының жеке- дар!
Өмірің судай ағып өзегімен,
Келеді Президенттер кезегімен
«Елбасы- Назарбаев» - егіз ұғым,
Жасайды мәңгі бізге өз еліне.
Балғын: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданының Шамалған ауылында дүниеге келген.
Ақнұр: 1990 жылы Республикада Президент қызметі белгіленді. Жоғары Кеңестің сессиясында жабық дауыспен Н.Ә.Назарбаев Президент болып сайланды.


Жәнібек:
1994 ЖЫЛЫ 1- ЖЕЛТОҚСАНДА РЕСПУБЛИКАМЫЗДА БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ Президент сайлауы болып өтті.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н.Ә. Назарбаев сайланды.
Қазақстан Р-ның тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.
Елжан: 1996 жылы 16 желтоқсан күні біздің еліміз Тәуелсіздігін жариялады. Елбасымыз Н.Ә:Назарбаев қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды. Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы жүзеге асты.
Маржан:Егеменді болмай ел болмас, тәуелсіз болмай жер болмас- демекші, егеменді ел ,тәуелсіз мемлекет болдық. Қазақстан өзінінің табиғи байлығына, жеріне ие, басқа мемлекеттермен сауда- саттық қарым-қатынас жүргізе алады.
Айдана: 1992 жылы 4 маусымда Президент ҚР-ның Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны туралы ҚР-ның заңдарына қол қойды.
Әли: Алтың заңда парасатым, пайымым,
Алтын Заңда күш-қуатым, жалыным.
Сен қорғайсың,
Бостандық пен құқықты,
Анамдайсың елжіреген жаңа күн.
1995 жылы30 тамыздағы бүкілхалықтық референдумда Ата Заңымыз қабылданды.

Жанель: Қуаң халқым, күшіне енді «Тіл заңы»
«Сүйінші» деп ақын ұлың жырлады.
Ел елдігі бағаланар тілменен,
Сол арқылы құлпырады гүл бағы.
Адамды мұратқа жеткізер- ана тілі мен ата дәстүрі. Егеменді Қазақстан елінде ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң қабылданды.
Туған тілім
Туған тілім-бабам тілі - өз тілім!
Туған тілім- анам тілі - өз тілім!
Туған тілім -далам тілі-өз тілім
Туған тілім- өз тілім!
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнімменен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып алыңдар.

Мейрам:
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп,
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым.
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
1993 жылы 15 қарашада ҚР-ның ұлттық ақшасы-теңге айналымға енді.

Нұрғиса:
Ұшқыш батыр ағаның,
Өнегесін аламын.
Аспан үстін шоламын,
Мен ғарышкер боламын.

1991жылы қазан айындатұңғыш қазақ ғарышкері- Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самсаған.

Денис:
Ата-бабам арман еткен,
Егеменді Қазақ жерім.
Қуанышың көптен күткен,
Құтты болсын, дарқан елім.

«Сарбаздар» ұлдар әні

1-оқушы: Сыр бойындай баулардан,
Алатаудай таулардан,
Сарыарқадай даламнан,
Теңіз Каспий, Аралдан.
Ұл-қызы бар елімнің,
Жұлдызы бар жерімнің.
Ұлы тойдай ұлы ісім,
Жарлған ер жер үшін,
Сырда сұлу күрішім,
Қырда бидай ырысым.
Жыршы-жырау салтымнан,
Әнші, күйші халқымнан
Сәлем саған, туған ел!

2-оқушы: Туған бақыт таңы алдан,
Таңы нұрдан жаралған,
Байқоңырдан ғарышқа,
Қанат қаққан сан арман.
Қазақ деген даламнан,
Аруақты бабамнан,
Ардагерім әкемнен,
Ақ жаулықты анамнан
Сәлем саған туған ел!


Оқушы: ҚР-да 14 облысқа бөлінген әр облыстың өз байлығы бар, соған тоқталайық.
1- оқушы.
Алматы- жері жайсаң облыс,
Ақтөбе- өлке ақ тарысы-мол ырыс,
Атырау-мол қазақстан мұнайы,
Жамбыл-жайлау, қазыналы, шұрайлы.
Жезқазған-кен, бұзылмаған қаймағы,
Көкшетау- көп көгілдір көл аймағы.
Қарағанды-қара алтынның қоймасы.
Қостанай-құт қызыл бйдай қамбасы,
Қызылорда-күрішті сыр сағасы,
Орал-көне Ақ Жайықты жағасы.
Өскемен-өр шығыста Алтай аясы,
Павлодар- қара Ертістің саясы,
Семей-аңыз, Шыңғыстаудай қорғанды.
Ақмола- Арқада ыстық алқабы,
Шымкент- ыстық оңтүстігім мақталы.
2-оқушы:
Әсем әуен салдырған,
Сәбилерде алғыр жан.
Бал дәуреннің қызығы,
Есте қалар балдырған.

Қазақ би «Қазақстан» қыздар
Жүргізуші:
Хандардың қайталамай қателерін,
«Ұлт бол деген нығайтып қатарларын».
Мағжан мен Мұхтар, Жүсіпбектің,
Ұмытпа ешқашан да баталарын.

Жүргізуші: Абылай сынды ақылгөй ханы бар қазақта қара қылды қақ жарған үш кемеңгер билері- Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің шешендік сөз үлгілерін тыңдайық.
( Билер ортаға шығады) Көрініс
Сұрақ -жауап. Оқушыларды ойын ойнату. «Күннін көзін ашу»
1-оқушы: Әйнегі -күн, шатыры -аспан,
Кең дала ... Төсі толқыған егін.
Көлдері көкке күмістен шашқан,
Қазақстан - республикам менің!
2- оқушы: Абай туған, Сәкен туған,
Құрметті достым, қазақтың жерім,
Қамбаға жылда мол астық құйған,
Қазақстан - республикам менің!
3- оқушы: Төлеген, Мәншүк,
Батырлар шыққан.
Қазақстан -республикам менің!
Орманы-пүліс,
Бұлағы -күміс.
Қазақстан -республикам менің!
Таулары заңғар,
Өзені ырыс,
Қазақстан - республикам менің!

Қадыр Мырза Әлидің «Не үшін» өлеңін түсіндіру.
- Екі көзін не үшін керек?
- Жақсылықты көру үшін.
- Екі қолың не үшін керек?
-Елге көмек беру үшін керек?
- құлақ деген не үшін керек?
-ақыл-кенес тыңдау үшін керек?
- жүрек деген неүшін керек?
- Жауларыңнан қыңбау үшін .
-Тіл мен жағын енүшін керек?
- ақиқат айту үшін керек?
-Ал аяғың?....
- Шетте жүрнсем,
Туған жерге қайту үшін.

Қорытынды: Үш бақытым.
Ең бірінші бақытым- халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кеңін.
Ол бар болмаса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
Ал, екінші бақытым-тілім менің,
Жас жүректі тіліммен тілімдедім.
Бақытым бар үшінші -Отан деген.
-Кім мықты? - десе біреу «Отан» дер ем!
(хормен)
Жанель ән «Балалық шақ»




Күні: 1. 09. 2015 жыл

Сыныбы: 7 «ә»

Сынып жетекшісі: Байымбет Нұргүл Байшымырқызы

Тәрбие сағатының тақырыбы:

Менің Отаным - Қазақстан

Сабақтың мақсаты:

Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.

Оқытуда қолданылатын стратегиялар мен тәсілдер

Мерейлі белестер жылымен топқа бөлу, топтық жұмыс, «Егер де мен» ойыны, «Қиял шамы» тәсілі

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар өз ойларын еркін айтуға дағдыланады;

Пікір алмасуға, көшбасшылық жасауға үйренеді;

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Жеті модульдің қамтылуы

Оқушының іс-әрекеті

Күтілетін нәтиже

Ұйымдастыру кезеңі

Сергіту сәті




Амандасу

Сыныпты ұйымдастырып, оқушылар зейінін тұрақтандыру

Ынтымақтастық атмосфераны орнықтыру.

Мерейлі белестер жылымен топқа бөлу.

Алтын ереже

Белсенді қатысу

Уақытпен санасу

Бірін-бірі тыңдау

Ойын ашық айту

Ынтымақтастықпен білім мазмұнын меңгеру

Әркімнің ойы құнды

АКТ-ні пайдалану

Оқушылар орнынан тұрады

Оқу-құралдарын түгендеп, сабаққа назарын аударады

«Мен қазақпын» әніне билеп, сергиді.

Үш топқа бөлінді

Сабаққа кірісер алдында ынтымақтастық атмосфераға қол жеткізеді

Қызығушылықты ояту



Шеңбердегі комплименттер бойынша оқушылар бір-біріне тілек айтады



Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту

Өз ойларын айтады

Тақырып туралы идея алмасады

Мағынаны тану

Жаңа тақырып

Білімді игеру




«Қазақ даласына» 15-ғасырда күннің шығысынан күннің батысына дейін алып жатқан ұлан байтақ даламызда, Керей мен Әз-Жәнібек туын тігіп негізін қалаған Қазақ хандығына биыл 550 жыл толып отыр. Біз XV ғасырдың орта шенінде қазіргі ұлттық республикамыздың шегінде Қазақ Ордасы аталатын айбынды мемлекет құрдық. Бұл қуатты ұлыс төрт жүз жыл бойы кең даланы еркін жайлап, өзгеше тұрпатты озық мәдениет жасады. Бай болды, бағлан болды. Елімізді, жерімізді еркін сақтап тұрды, ешкімге кеудесін бастырған жоқ. Нәтижесінде осыншама бай, ұлан-байтақ жерді иеленді, өзіне лайық ұрпақ өсірді. Кейінгі зерттеушілер 1465 жылды, 1470 жылды, тіпті, бұрын соңғы кезеңдерді атап жатады. Бұл тарихшылардың пайымдауынша, Қазақ Ордасының ту көтеріп, ірге бекітуі тек Әбілқайыр кенеттен қайтыс болған соң ғана жүзеге асқан сияқты. Осыған дейінгі ұзақ он екі жыл тепе-тең күрес үстінде өткені есепке алынбайды.

«Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепті. Бүгінге олар тегі басқа болғанымен теңдігі бір, қаны бөлек болғанымен жаны бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналды. Туған елінің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді әр уақытта. Осылай елдігіміздің ертеңі ошақтың ұштағаны секілді «бір халық, бір ел, бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып отыр», деді Н. Назарбаев. Елбасының осы екі ауыз сөзіне сыйып тұрған толеранттық ұғым әрбір қазақстандық үшін біліп жүретін дүние.
1995 жылы 16 ақпанда Президент Н.А. Назарбаев еліміздегі ұлттық мәдени орталықтардың жетекшілерімен кездесу өткізді.
Сонда, Ел басы республикадағы ұлтаралық келісімді сақтау және оны одан әрі нығайту үшін республикада жаңа қоғамдық институт - Президент жанындағы консультативті-кеңесші орган ретінде Қазақстан халқын ортақ мүддеге біріктіретін Ассамблея құру қажеттілігі туындап отырғандығына назар аударды.
Ассамблеяның басты мақсаты: Қазақстандағы барлық этностардың рухани тұрғыда қайта жанғыруы мен дамуын қамтамасыз ету; өркениеттік және демократиялық ұстанымдарға, мемлекеттік ұлттық саясатта барлық этностардың мүддесіне деген құрметке негізделген ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру болатындығы айқындалды. Барлық облыстарда кіші Ассамблеялар құрылып, олардан сессияға 260 делегат сайланды. Сессия 1995 жылы 24 наурызда Алматы қаласында өтті және оның құрамына 40 ұлттық-мәдени орталықтың өкілдері енді. Сессияда Қазақстан Президенті Н.назарбаев баяндама жасап, Ассамблеяның ұйымдастырушылық құрылымдары белгіленді.
2015 жыл - осы тарихи күнге 20 жыл.
Негізі тарихи күндерді атап өту жақсы үрдіс. Ол есеп беріп, өткеніңе көз жүгіртіп, болашақты бағдарлау. Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында қазақстан тарихының алтын беттері қатталуда. Бұл дегеніңіз болашақтың алдындағы үлкен жауапкершілік.

Оқытудағы басқару және көшбасшылық





Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту



























Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу




Оқушылар ойларын постерге түсіреді, қорғайды



Сыни ойланады

Ойын әсерлі жеткізеді

Әр топ ойын бір-біріне ашық айтып, талдайды.

Ой толғаныс

Қорытындылау


«Егер де мен....»

Егер де мен ғалым болсам...

Егер де мен мұғалім болсам....

Егер де мен дәрігер болсам....

Тірек сөздер: көп ұлттың өкілдері, ұлан-байтақ, міндет

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер







Талантты және дарынды балаларды оқыту

Оқушылар тірек сөздер арқылы тақырыпқа сай әңгіме құрайды

Өзіндік ой қорытады

Бағалау

Ойларын қорыту






























Формативті бағалау «Ду қол шапалақ»

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Өзін және өзгелерді бағалайды

Бір-бірін бағалайды

Үйге тапсырма

Ойларын тұжырымдау


Эссе жазу



Қорытынды. Рефлексия.

Сабақ бойынша ойыңды білдір

Қандай жаңа білім алдың?

Алған біліміңді қолдана аласың ба?



Саған қиындық тудырған түсініктер

Рефлексия

Өзімнің сабағым жайлы пікірім

Сабақты оқыту мақсаты қолжетімді болды ма?

Оқушылар нені білді?

Сыныпта қандай ахуал қалыптасты?

Уақыт бойынша үлгердім бе?

Сабақ жоспарынан ауытқушылық болды ма?









































Тақырыбы: Менің Қазақстаным-менің болашағым


Мақсаты: Отанды сүюге. Ата Заңымызды қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген
сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету
Тәуелсіз, бейбіт ел туралы ұғым. Оқушыларды достыққа,адамгершілікке,
саналылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан туралы слайдтар, суреттер, нақыл сөздер

Сабақтың барысы:
Тәуелсіз ел - Қазақстан арайлы
Бүгін саған әлем түгел қарайды
Тәуелсіздік тұғыры бұл халқымның
Бейбітшілік таңы әр кез арайлы
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы

«Менің Қазақстаным - менің болашағым»
Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Бүгінде Қазақстан елі дүние жүзіндегі көптеген елдермен достық қарым-қатынас орнатқан әлемге танымал елге айналды. Қазақстанның тұңғыш рет өз Ата заңы қабылданды. Тәуелсіздік туы, көк байрағы желбіреп, асқақтаған Әнұраны шырқалуда Қазақстанның жаңа Астанасы күннен күнге жаңарып гүлденуде. Егеменді тәуелсіз Қазақстанды бүкіл әлем таныды.
Қазақстан дейтін менің бар елім
Жатыр алып жарты дүние әлемін
Бұл даланы анам жаспен суарған
Бұл далада атам қолға ту алған
Бұл далада жылап келіп уанғам
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам
Бұл далада өскен жанда жоқ арман

Қазақ жері көп шеккен қасіретті
Қазақ жері өнерлі, өсиетті
Египетті билеген Бейбарыстай
Елі текті, киелі, қасиетті.

Азамат бүгін байлыққа тұнған жерім
Азап жүгін ел жауын қуған ері
Әділет пен бірлікке жанын қиып
Әділ өткен билердің туған жері

Қазақ жері - қонақжай төрлер жері
Қазақ елі - қас сақтай ерлер елі
Елі кедей болмаған, жері байтақ
Едігедей, Бабырдай шерлер елі

Мәнге толы қазағымның ғұмыры
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры
Кеше ғана керексіз ғып тастаған
Ғажап екен әдеті мен ғұрыбы

Шетсіз, шексіз қиырсыз ұлы дала
Шуақ болып шашылмай жылына ма
Сүй, Отанды
Шынымен сүйіп өт те
Гүл боп қадал, ойына, қырына да

Ел болдың ерік алдың астаналы
Енді кімнен қазағым, жасқанады
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі
Нұрсұлтанның атымен басталады.

Сөзжұмбақ «Отан»

1. Ұлттардың бірлігі, татулығы Достық
2. Елордамыз қай қала Астана
3. Біз қай ұлтпыз? Қазақ
4.Мемлекеттің рәміздеріміздің бірі Әнұран

Көп нүктенің орнына осы сөздерді қойып дауыстап айт.

Отаным, туған жерім, Атамекенім, туған өлкем, туған елім.
Менің - Қазақстан

Қазақстан! Қазақ халқының атамекені, ұлы ордасы, киелі ошағы.



Қыран құсым көк аспанда самғасын
Желбіресін көк байрағым сан ғасыр
Жас ұландар, берік ұста туыңды
Жарқыратып туған елдің таңбасын - дегендей, Қазақстан Республикасының өз рәміздерін мақтаныш етеміз.
Еліміздің рәміздерін атайық.
(Туы, Елтаңбасы, Әнұраны)
1992 жылы ҚР жоғарғы Кеңесінің сессиясында Республикамыздың Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды.
Тудың ашық көгілдір түсі соғыссыз бейбіт ашық аспанымызды білдіреді.
Жобасын жасаған - Шәкен Ниязбеков
Елтаңбаның авторлары - Жандарбек Мәлібекұлы және Шота Уәлиханов. Елтаңбадан елдің тарихы, дәстүрі рухы толық танылуы керек. Сондықтан да Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Қазақта шаңырақ биік, керегең кең, босағаң берік болсын деген сөз бар. Осы ұлы тілек негізге алынған.
Республикамыздың Әнұранының сөзін жазған ақын Жұмекен Нәжімеденов және Н.Назарбаев.
Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.


Біздің еліміз
Қазақстан Туымен тұғырлы
Елтаңбасымен еңселі
Әнұранымен айбатты
Еліміздің рәміздері туралы не білесіз?
Әнұраным, жанұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам - Әнұраным

Шексіз көк аспанды жамылады
Уақыттың басылған жоқ дауылы әлі
Бірігіп бір жүрекпен шырқай тұғын
Әнұран - Мемлекеттің халық әні

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
- Еліміздің Туы. Елтаңбасы туралы не айтамыз?

Айнымайды аспаннан. Біздің тудың бояуы,
Оны халық қашанда. Биікке іліп қояды.
Көк аспанда алтын күн. Көк аспанда жас қыран,
Естілгендей біздің үн. Сол ғарыштың астынан.

Туымызға жас туған,
Бір қарамай өтпейміз.
Сол көк тудың астында,
Көгереміз көктейміз.

Қатар шапқан қос тұлпар
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар
Шарықтаған таза күй

Бұл - таңбасы елімнің
Елдігімнің белгісі
Мұнда да бір ерлігім
Мұнда да бар жер күші

Қара -шаңырақ - ел күні. Асқақтатып тұр мұны
Елтаңбасы - елдігім. Елдің тыныш тірлігі

Ән. Елтаңбасы елімнің
Қазақстан - қазақ елі, қашаннан ата-бабамыз қоныс еткен жер. Қазақ жері - ұлан - байтақ. Жер көлемі дүние жүзінде 9 орында тұр. Жерінің кең - байтақ болуына байланысты. Қазақстан жері мөлдір көлдерге сай, қайың мен көктеректі ормандарға, кең алқапты жазық далалы жерлерге бай Қазақстанның жер қойнауынан барлық қазба байлықтар кездеседі.
Ақын - жазушыларымыз
Қандай сұлу, қандай көркем,
Осы менің туған өлкем! - деп тамсана жырлаған.

Әйнегі күн - шатыры аспан
Кең дала, төсі толқыған егін.
Көлдері көкке күмістер шашқан
Қазақстан - Республикам менің!

Айқаста жаудың алқымын сыққан
Ажалға қимай намысты елін
Төлеген, Мәншүк батырлар шыққан
Қазақстан - Республикам менің

Абай туған, Сәкен Туған
Құрметте досттым қазақтың жерін
Қамбаға жылда мол астық құйған
Қазақстан - Республикам менің!

Көгінде күн нұрын төккен
Жерінде гүл жұпар сепкен
Неткен сұлу неткен көркем
Осы менің туған өлкем

Алтын дәнді даласы бар
Ақ күмістей қаласы бар
Неткен сұлу неткен көркем
Осы менің, туған өлкем!

Ер еңбегі шалқып тасқан
Ел еркіндей бақыт тапқан
Неткен сұлу, неткен көркем
Осы менің туған өлкем!

Ән. Отаным Қазақстан!
- Мен. Қазақпын мың өліп, мың тірілген
Жөргегімде таныстым мұң тілімен
Жылағанда жүрегім күн тұтылып
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген
Біздің халқымыз қашаннан көрші елдермен жауласпай, бейбіт қатар өмір сүруді жақтаған. Бұл туралы қазақтың атақты биі Қаз дауысты Қазыбек би былай деген.

Біз, қазақ - мал баққан елміз
Ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз
Басымыздан құт-береке қашпасын деп
Жеріміздің шетін жау баспасын деп
Найзамызға үкі таққан елміз
Ешбір дұшпан басынбаған елміз
Басымыздан сөз асырмаған елміз

Желдей еркін, түздей кең, таңдай азат
«Мен қазақпын» деген де қандай ғажап! дегендей біз өз ұлтымызды мақтаныш етеміз.

Мен, қазақпын биікпін, байтақ елмін
Қайта тудым өмірге қайта келдім
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.




























Біз қазақпыз ел үшін атқа мінген
Жанып жатқан лапылдап отқа түскен
Бойтұмар ғып ар-ождан қазынасын
Ерлеріміз ел намысын сақтап жүрген

Көк байрағын көтеріп
Желбіреткен қазақпыз

Түбі бірге бауырды
Елжіреткен қазақпыз

Бостандықты сағынып
Қолына алған қазақпыз

Жұлдызымыз жарқырап
Жолы болған қазақпыз






















Би «Қара жорға»

Туған тілім - тірлігімнің тірегі

Тіл - қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі құдыретті. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Егеменді мемлекеттің басты белгілерінің бірі - тіл. Қазақ тілі - атадан балаға мирас болып қалған қасиетті мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға тиіс.


Қымбат маған анам тілі, бал тілім
Қымбат маған дана тілім, ар тілім
Ақ сүтімен бірге сеңген бойыма
Ана тілім ардақ тұтар алтыным.

Ана тілін жырлап өткен талайлар
Жырлап өткен Ыбырай мен абайлар
Қасиетті менің ана тілімде
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.

Ана тілім бәрін сөйлер шежірем
Тілсіз нені білдіре алам не білем
Тілім барда ғана мынау ғаламның
Кілтін табар саналысы сезінем

Өлең жырмен арайланса таң күліп
Ардақтымды жырлап өтем мәңгілік
Мағжан, Қасым, Мұқағали жырларын
Жалғастырып жаза берем мәңгілік
Ән «Айналдым ана тілімнен»

Өткен тарихымыздан аздаған түсінік
ХV ғасырда қуатты Қазақ хандығын құрдық Алайда Қазақ елі бейбіт тыныш өмір сүре алмады. Ұлан -байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп, ойран салушылар көбейді. Қаннен қаперсіз жатқан елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап қалың жұртты қан жылатты. Жұрт қасиетті Қара тауға бас сауғалады. Қаратаудың баурайында қалың қазақ бас қосты. Оларды Төле би бірлікке шақырады.

Көрініс Үш бидің даналығы.
Жерімді гүлдендірген аңыз өлкен
Данышпан даналары аңыз еткен
Үш жүздің басын қосып біріктірген
Төле би, Әйтеке мен Қазыбектер



Қазақ биі (Әмірбекова Ақерке)
Отанымыздың жүрегі
Тәуелсіздік тірегі
Жеріміздің кіндігі
Халқымыздың бірлігі - Астана
Қазақстанның жаңа бейнесі, жарқын келбеті
Астана - 1997 жылы 10 желтоқсанда Тәуелсіз еліміздің астанасы болып бекітілді. Бүгінгі Астана - азат елдің бас қаласы.
Астана кеше ғана басқа қала
Айналды бәйтеректі Астанаға

Астана туралы өлең шумақтары

Осынау елде бақ табам.
Осынау елде шат балам
Мерейін елдің артырған
Астанам - менің Астанам

Байтақ дала - жерім менің
Арта берсін кенің сенің
Көк байрағың желбіресін
Егеменді елім менің
Ән «Бала тілегі» (Әбдіхалықова Лиза)

Біздің Қазақстан Республикасы жылдан-жылға, күннен - күнге өркендеп өсіп, кеңейіп, гүлденіп келеді. Біз өзіміздің Көк байрағымызды мақтанышпен жоғары көтеріп, өз Елтаңбамыз бен Әнұранымызды қастерлей отырып күн сәулелі аспанымызда әрқашан Тәуелсіздік пен ерліктің үлгісі дала қыраны шарықтай берсін демекпіз.

Жаса Қазақстаным,
Жаса, менің ұлы елім!

Көрініс

Астана кеше ғана басқа қала
Айналды бәйтеректі Астанаға
Астана қаласы - Біздің Отанымыздың жүрегі:
Жаса Қазақстан,
Жаса, менің ұлы елім!

Жаса Қазақстан, жаса менің қазағым
Артта қалды қиындық пен азабың


Жаса Қазақстан, жаса менің ұлы елім
Атқан таңдай ашық болсын ажарың

Жаса Қазақстан, алаш жұртым ардағым
Алтын бесік байтақ дала - арманым

Жаса Қазақстан, атамекен тұрағым
Көк аспанда желбіресін байрағың

Жарқын көңіл, жайсаң елім қазағым
Өз ұраның айтылсын өз әнің

Ана тілдің айбыны асқақтап
Болсын таза дін

Батыр ұлың ел көшіп бастаған
Жасымасын жас ұрпақ, жаса балаң

Ашық аспан астында
Мәртебең ассын басқадан

Байтақ дала - жерім менің
Арта берсін жерің сенің
Көк байрағың желбіресін
Егеменді елім менің
Ән «Атамекен»
Міне, балалар бүгін өздерінді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендіктерінді көрсете білдіндер. Халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Еліміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарына сеніміміз мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!

























Мен сендерге ертеде өз жерін қорғап қалған хан туралы аңыз айтып берейін.Ерте, ерте ертеде біздің елді бір ақ көңіл, ақылды хан басқарыпты. Көрші қытай елімен тату тұрыпты. Сол себепті ол кедергі көрмей, еліне сыйлы болыпты. Күндердің күнінде көрші елден атой салып елші келіпті. «Уа, алдияр, мынау елдің хабары. Мұны естіп денем мұздап барады. Көршіңіз «Егер тату болам десе менімен, ең жүйрігін берсін!» - деп талап қойып отыр дейді. Өз елінің тыныштығын, тірлігін, екі елдің бірлігін қалаған хан, көп жүйріктің ішінен ойланбастан дүлдүлін таңдап береді. Бірақ, ханның бұл шешіміне билер ренжиді. «Жоқ, жоқ ештеңеге ренжімеңдер. Ел бірлігі жолында, бір жүйрікті қидым. Байлықтан опа таппаймыз. Еліміз тыныш болса, бір жүйріктің орнына, жүз жүйрік келеді»- деген екен ақылды хан. Арада біраз уақыт өткен соң көрші елден елші тағы келеді. «Уа, алдияр көршіңіз менімен тату болам десе, сүйген жарын берсін»- дейді. Бұл хабарға хан өте қиналады. Өзінің туған әйелін қимай хан көп ойланады. Өз елінің тыныштығын ойлаған хан ақыры адал жарын көрші ханға сыйлапты... Ханның бұл шешіміне ел ішіндегі билер тағы наразы болады. Бірақ хан «айтқан сөздеріңе әрине, таласым жоқ. Егер тыныш болса елмен елдің арасы, адал, сұлу жар табылар шамасы» деген екен. Уақыт зымырап өтіп жатады. Бір күні көрші елден суық хабар тағы келіп жетеді. «Уа, алдияр, көрші хан, егер тыныштығын қаласа, қасиетті туып-өскен жерінің бір бөлігін кесіп берсін» дейді. Мұндай сұмдықты естімеген хан ашуға мінеді. Бұл қорлыққа шыдаған хан ойланбастан шешім айтады. «Халқым менің! Қасиетті туған жердің топырағын, алтын кенін қорғау үшін көрші елге соғыс ашамын. Жиналыңдар бәрің де!» деп жарлық береді. Бұл жарлықты естіген билер «Ұлы әміршім, көрші хан жүйрігің мен жарыңды сұрағанда, ойланбастан беріп едің. Асылыңды үн-түнсіз бергенде, шағын жеріңді қорғағаның қалай» дейді. «Менің жүйрігім мен жарымды көршіге үн-түнсіз бергенім, олар менің өз меншіктерім. Ал қасиетті жер- сонау ерте заманнан ата-бабаларымыздың кіндік қамы тамған, олардың найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған халықтың жері. Туған жеріміз менің меншігім емес, ол келешек ұрпақтікі, елімдікі. Қасиетті даламның бір бөлігін басқа елге бергенше, жерімді қорғап өлгенім артық» деген екен. Қасиетті ханның осы салмақты сөзі сол сәтте ел үшін аралап кетіпті. Міне содан бері біздің жеріміз атадан балаға мұра болып бізге жеткен екен. Міне, аңыз осылай аяқталады. Балалар, елін, жерін сүйген біздің ата-бабаларымыз жерімізді ұрпағы үшін елін-жерін осылай қорғаған. Сенде, көк теңбілді байрағымызды жоғары ұста! Еліңді, жеріңді әрқашан сыйла, қорға демекпін.

























Балалар, біз ұлттық рәміздерімізбен таныстық. Енді осы рәміздеріміздің пайда болуы туралы мен сендерге ертегі айтып берейін. Оны Кеңес Оразбекұлы деген жазушы жазған. (Осы ертегі бойынша балалар көрініс көрсетеді) Сонау көне заманда, бүнінгі қазақ елінің төрінде, Ергенеқон елінде ай мүйізді, аққу қанатты қос Пырақ өмір сүріпті. Сол қос Пырақты бүгінгі Қазақтың, кешегі Көк Түріктің, ертедегі Ғұн мен Сақтың ата-бабалары алғаш рет ауыздықтап, жанына серік етіпті. Сөйтіп, «Ат-ердің қанаты» деп, желден жүйрік тұлпар мінген, тұлпар емес-ау, Пырақ мінген Ерлердің рухы биіктеп, бойларына желік бітіпті. Сонымен олар ұшса-қайыспас қанат, ұмтылса қайырылмас қару болып, жер-дүниені кезіп, шарлапты. «Бергеннің қолынан, бермегеннің жолынан» деп, ел мен жерді жаулапты. Шығыста сонау Амурдан, Батыста сонау Дунайға, тіпті Римға дейін саулапты. Бірақ, бір уақыттарда «Ел аралаған сыншы болар» дегендей, Ерлер есін жиыпты. Өзге елдің ерге құт болмайтынын біліп, «Отан- оттан да ыстық», «Өз елім-өлең төсегім» деп, Ергенеқон еліне қайтып оралыпты. Олар қайтып оралғанда, алдарынан қалқып Қыран шығыпты.

-Иә, не көрдіңдер, не түйдіңдер?- депті Қыран.

Сонда қос Пырақ:

-Көргенімізді айтсақ- көп сөз. Түйгенімізді айтсақ, «Әркімнің өз жері- жұмақ» екен, - депті.

-«Туған жер- тұғырың, туған ел- қыдырың»,- деп қостапты Қыран.

-«Кісі елінде күркірегенше, өз елінде дүркіре» дегендей, Алтын Шаңырағымызды өз еліміздің төріне тігуге бел байладық.

  • Онда алдарыңнан жарылқасын!- деді Қыран.

  • Сол Шаңырағымыз биік, берекелі болсын, нұр шашсын, шайқалмасын деп, қанатымыздың астына алып, Жұлдызымыз әрдайым жоғары болсын деп, қырағы қорғаны болмақпыз.

Онда, «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деп, мен де Көк төрінде төбелеріңнен қалықтайын. Алтын нұрлы Күн астында айбарларыңды асқақтатайын.

Тауып айттың, Қыран! «Ынтымақ түбі-игілік»-дейді. Сол игіліктің арқасында «Қазақстан» атты елдің мәңгілік рәмізіне айналсақ, біз үшін бақыт емес пе.

Міне, қысқаша түйіп айтсақ, Еліміздің Елтаңбасы мен Туы осылайша пайда болыпты.









Отан- сенің, ата-анаң,

Отан- досың, бауырың.

Отан- өлкең, астанаң,

Отан- аудан, ауылың.

Отан- тарих, Отан- тіл,

Жасаған елің, ер халқың.

Отан- өлең, Отан- жыр,

Көтерген көкке ел даңқын...

Отан осы, достарым,

Көңілге мұны түйе біл.

«Отан» деп өс, жас қауым,

Оны ардақтап, сүйе біл.


Талайлы тағдыр, тәнтімін саған,

Осындай Отан сыйладың маған.

Осында туып, осында өскен

Әулие әжем, баһадүр бабам.

Жәннаттан артық ғажабым менің -

Мәңгілік мақтан Қазағым - Елім.

Дариядай тасыр дәулетің ертең,

Шұғыладай жайнар сәулетің көркем....

Тебіренте жүрек терімді төгем,

Болардай ырза әулетің ертең!

Жәннаттан артық ғажабым менің -

Мәңгілік мақтан Қазағым - Елім!






















Тақырыбы: «Жылы жүрек - жақсы тілек»
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке,мейірімділікке,қарапайымдылыққа,ізгілікке,
Кеңпейілділікке тәрбиелей отырып, оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді бойына сіңіру, әрдайым жақсылық, қамқорлық жасай білуге баулу
Жүрісі: 1 бөлім
Адамгершіліктің шуағы сөнбесін!
Өмірде жаман адам туылмайды.Егер нәпсісі рухынан жоғары,үстем болса,жақсы іс-әрекеттерді адам бойынан табу қиын.Ал барлық жақсы қасиеттер,яғни шыншыл,мейірімді,кешірімді,еңбекқор, ақылды т.б. адамда ғана болады.Осының бәрі рухтан туындайды.Рух дегеніміз не?Рух- адам бойындағы бір күшті қуат, сезім.Күн адамның рухы болса,күннің сәулесін адам бойындағы жақсы қасиеттер деп алайық.
Ал енді мына күнге қараңдаршы?Осы жарық күнді біз мейірбан шуағын төгетін құдіретті анаға теңейік,бірақ күніміздің бетін жартылай бұлт басып тұр, яғни бұл ана жүрегіндегі көлеңке сезімі.
Жүргізуші : О,алтын Күн көктегі,
Арманың болар, көп тегі...
Күн: Ең әуелі арманым,
Өртенбей еш орманым.
Құты қашып елімнің
Солмаса гүлі жерімнің,
Ренжітпей бірін тек
Адамдар жүрсін күлімдеп,
Деп төгемін нұрымды
Кейде ұқпай пенделер,
Түтінге өзі сенделер.
Олар тартар сазайын
Несіне айтам,о жайын.
Жүргізуші: Балалар күннің бетіндегі бұлттарды ашып,ана көңілін сергітуіміз керек.Ендеше күннің бетіндегі бұлттарды ашып, ана көңілін сергітуіміз керек.Ендеше күннің өзінен сұрайық.Сізді мына бұлттарды арылту үшін не істейік?
Күн: «Жақсылық етсең өзіңе, жамандық етсең өзіңе»деген мақалдың мағынасын ашып беріңізші?
Жүргізуші: Аңыз әңгімеден көрініс:
Бір диуана ел аралап шахардан шахар кезіп;қоржынын арқалап жүреді екен.Оның айтар сөзі «жақсылық етсең өзіңе, жамандық етсең өзіңе» деген мақал болса керек .Күндердің күнінде келе жатып есік алдында ерігіп тұрған кербез әйелге келеді.Әйел оны көріп :- О,жаман неме міне саған жақсылық та,жамандық та мынаны же де өл,-деп у қосылған нанды береді.
Бір күні келе жатып диуана жүрген жерің қайырымды, мейірімді болсын- деп сәлем береді керуен басы.Азық таусылып, біздің күніміз қиын болды.Мына қарақшыларға тоналған әкелі, балалыларға жүрек жалғар бірдеңең бар ма?
Қайыршы қалтасындағы нанды алып екеуіне бөліп береді.Нешекүн нәр татпаған олар қомағайлана жеп алады.Сәлден соң бірінен соң бірі құлап, тіл қатпастан қалады.Керуен адамдары диуананы сабай бастайды. Бір кезде ол үн қатып : -Уа, қайырымды адамзат жазықсыз мені таяқтамаңдар.Мен ел берген садақаны алып жүре беремін.Кімнің не бергенін қайдан білейін. Бірақ сол нанды берген адамның үйін білемін - дейді.
-Жүр,баста онда сол үйге -деп керуеншілер манағы үйдің жанына келеді.Керуенді көрген әйел сыртқа жүгіріп шығады.Хәл үстінде жатқа күйеуі мен баласын көріп, өз ісіне өкінеді.Әйелдің жазықсыз жанға жауыздық жасағаны өз алдына келеді.Жасаған жамандығына өкініп, ақыры ішқұса болып өледі.
Міне «Жақсылық етсең өзіңе ,жамандық етсең өзіңе» деген осыдан қалған.
Күн: Міне балалар,адамдығыңнан айнымай, айналама қамқор болып, жамандыққа жоламай,жақсылыққа жолдас болың.Адам жаман-жақсыны ажырата біліп,жаманнан бойын аулақ ұстап,бойына жақсы қасиеттерді дарыта алғанда ғана өзінің мұратына жете алады.Сондықтан да мен сіздерге жақсы адамға жолдас болатын мейірімділік, сыпайылық,адамгершілік қасиеттерінің шуағын төгейін.Ешқашан да адамгершіліктің шуағы сөнбесін!
2 бөлім Ізгілікке бастар жол
Жүргізуші : Рахмет,Күн Ана! Келесі бұлттан арылту үшін қандай көмек керек?
Күн : Ізгілік не? Тегі қандай? Түсі қандай? Қандай ізгілік істедің?
Оқушы :
Ізгілік не? Тегі қандай? Түсі қандай өзінің?
Мінез-құлық,ісі қандай өзінің?
Ізгіліктің нышаны?
Халық үшін қайтпай құрақ ұшады
Ізгі жүрек ізгілігін сатпайды,
Жомарт жандар құнын тілеп жатпайды.
Қайырымды жан қайырым етпес есеппен,
Есе күтсең,ұрғанмен тең кезекпен.
Қадірсіз зат шеттеп жерде қалады,
Асыл нәрсе төрден орын алады.
Ізгі іс етсең-текті тірлік сүргенің,
Жауыздығың-жерге тірі кіргенің
Ізгі ісіне опық жеген жан бар ма?
Жаманатты зауал таппай қалған ба?
Жамандықты қусаң, азап шегесің!
Жүргізуші: Адамзат баласының өзіне және өзгелерге жасаған жақсылығынан кейінгі ұрпақ өнеге -үлгі,ғибрат алады.Қоршаған ортаға,айналаңдағы адамдарға мейірімділікпен қарап,қолыңнан келгенше көмек көрсете алу адамшылықтың,ізгіліктің белгісі.Осындай ғибрат аларлықжақсы адамдардың ішінен жүзінде нұр ойнаған,пейілі кең,жылы жүректі,ізетті,инабатты,қамқор жандардың бірі-Сара Алпысқызы Назарбаеваны атап айта аламыз.Сара Алпысқызы «Бөбек» қорын құру арқылы қамқорлыққа зәру,жәудіреген қазақтың қаракөз бүлдіршіндерінің жүректеріне жол таба білді.Жас ұрпақты білімі мен өнерді серік етіп,өздерін-өздері ашуға,танытуға үлкен мүмкіншілік жасады.Ол өз сөзінде былай дейді: «Адам баласы шыр етіп дүниеге келген соң,оның ең басты міндеті өмірден адам қалпын сақтап өту.Ол үшін әр адам өзін-өзі таып қана қоймай,адам баласын сүйе білу қажет»
Әрине,біз осындай ізгі істің бастауы бола білген Сара Алпысқызын әрқашан да құрметтеп ,үлгі тұтамыз.
Күн: Ия ,адам ізгілік туралы сөздерді жалаң айтпай,оны іс жүзінде көрсете білгіні дұрыс.Ізгілік пайда үшін емес, адамдардың қуанышы үшін жасалады.Ізгі ниет, ақ көңілмен жасаған әр ісіңде ізгіліктің ізі бар екенін еске сақта! Жақсылық істеуден жалықпа, істеген жақсылығыңа өкінбе.Мен сіздерге қайырымдылық,ізеттілік,ақ ниет,кеңпейілділік қасиеттерінің шуағын төгейін.Ізгі істер бақыт пен дәулетке жеткізсін!
Жүргізуші: Рахмет,Күн Ана! Айтқаныңыз келсін! Келесі бұлттан арылту үшін қандай көмек керек?
3 бөлім Жылы жүрек-жақсы тілек
Күн : Жақын адам.Жанашыр адам деген кім?
Жүргізуші: Жақын адам,жанашыр адам.Қандай жақсы ұғымдар.Бұл сұрақ өте оңай,қарапайым сияқты көрінеді.Ойланып,толғанып,нақты жауап іздей бастасаң,бұлардың оңайлығы да,қарапайымдылығы да сағымдай бұлдырып,алуан ойлардың жетегіне әкетеді.Кейде біз жақын,жанашыр адам дегенде айналамызға төңірегімізге қарамай,әлде бір алыстан іздеп,бөгде бөтен жаққа көз тігетініміз бар.Қасымыздағының бәрі қарапайым,елеусіз ешқандай кереметі жоқ дегендей қомсынамыз ба,қайткенде,оны аттап өтуге бейім тұратынымыз бар.Шынында бағдарлап,бағалап көре білсек, әлгі біз іздеп жүрген кереметтердің бәрі тап өзіміздің қасымызда,көз алдымызда болып жатады.
Айтып жүрген жақсы адамдарымыз жанымызда,өз арамызда жүреді.Бұл жерде айтайын деп отырғанымыз-біздің айналамыздың,өміріміздің тамаша адамдарға толы екендігі.Тек соларды көріп,танып,құрметтеп,сүйе білу керек екен.Ендеше біздің ауылымызда да мейірімді,қарапайым,адал,жақын,жанашыр азаматтарымыз бар.Жылы жүректен жол таба білген осы азаматтарды таныстырып өтейін:ауыл азаматтары,ата-ана,жеке кәсіпкерлер:Қ.Озғанбаев,Е.Багитжанов,Қ.Төребаев,Д.Нуртлеуова,О.Қоштаев,С.Әмірханов.т.б.
Жақсы тілек осы қонақтарымызға беріледі.Сыйлықтарын тапсырады.
Жүргізуші: Мен сөзімді І.Есенберлиннің сөзімен ұштағым келіп отыр. «Мен адамдарды құрмет тұтамын.Бірақ олардың Американы немесе бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқандығынан немесе ғарышқа ұшуымен емес, тек таза көңілмен сүйе білу және жақсылық жасап,әділ бола білу,біреудің қайғысын бөлісе білуіне,қайырымдылық жасауына қарап» дегендей жанында жүрген жандардың қуанышын бөлісіп,қиындығына ортақтаса білген ауыл азаматтарына мектеп атынан алғысымыз шексіз.
Күн: Әрине,адам әрқашан өмірдің жақсы жақтарын көруге талпынуы қажет.Ол үшін айналаға жақсы ниет,жағымды ой,жылы жүрекпен қарау керек.Өзіңе де,өзгеге де жақсылық тіле! Мен сіздерге жомарттық,жанашырлық,сүйіспеншілік қасиеттерінің шуағын шашамын.
Жүргізуші: Көп-көп Рахмет,Күн ана бұлттардан арылып,көңілі сергіп,өзінің нұрын бізге шашып тұр.Ендеше кезекті әнге берейік.
Ән : Ағатайым
4 бөлім Жүректен -жүрекке.
1оқушы: Бізге ашық күн керек,
Аспан керек мөп-мөлдір
Қуанышқа тұр бөлеп,
Бақытты өмір төккен нұр.
2 оқушы : Тыныш болып жер беті,
Түршікпесін денеміз
Азамат боп ер жетіп,
Ағаларға ереміз
3 оқушы : Еңбек етсем ертегі
Бақытыма сенемін
Мақсатыма жеткізер
Уақытыма сенемін
Достық іс пен қасты да,
Жеңеріме сенемін .
Ақыл, сана біліммен
Өнеріме сенемін
Абыройлы ақ ниет
Адамдыққа сенемін
Оқушылардың қолынан жасалған бұйымдарды тапсыру.
5 бөлім
Жақсы сөз - жанға қуат
Қамқорлықты қажет ететін оқушыларға ,ата-аналарға сөз кезегі беріледі.
4оқушы : Адамға ең керегі
Адамшылық,кең құшақ
Өмір сүргім келеді,
Тамыр жайып тереңге
5 оқушы : Өмір сүргім келеді,
Тілегімнің шегі жоқ
Өнер нұрын төгеді
Тұра білсек көгі боп
Өмір сүргім келеді,
Бақытты боп ,арлы боп.
Адамзатқа керегі
Жүрмесе ешкім зарлы боп.
Ата-аналарға сөз беріледі.
6 бөлім
Қорытынды
Жүргізуші : Адам нәсілін жер бетіне баяндатып тұрған бірден -бір күш-мейірім мен рақым ғана.Жақсылық жасау-әр адамның қолынан келеді.Жылы жүрек,шын пейіл ниет,нәзік сезім адамды жақсылыққа бастайды.Жақсылықтан-жақсылыққа ұмтылу адамды бақытқа,игілікке жеткізеді.Ешқандай жақсылық зая кетпейді.Сондықтан да айналаңдағы адамдарға сергек қарап,сезімталдық таныт.Олардың жақсылығын сезіп көре біл.Жаныңдағы адамдарға немқұрайлық танытып,самарқау қарама.Қуанышына ортақ болып, қиындығын бөліс.Сонда сен де олардың сүйіспеншілігіне бөленесің.Сүйіспеншілік-адамдық өлшемнің белгісі Сіздерге айтарым
Талпын жақсы болуға,
Күндей сәуле шашатын
Білім іздеп, өнер тап,
Түнді күндей ашатын.









Тәрбие сағаты: «Ұлдан ұлағат ,қыздан инабат»

Мақсаты: Пікір сайыс тудыра отырып өз ойларын дәлелдеп, ойларын анық айтуға ,өз
бетінше ойлай білуге дағдыландыру.
Оқушыларды қайрымдылыққа ,әдептілікке, инабаттылық, кішіге қамқор болуға
Тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, сөзжұмбақ,слайд арқылы дайындалған материалдар.

1.. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Адамның жақсы жаман қасиеттері. Сен қандайсың?
3. Атадан ұлағат, анадан ғибрат.
4. Бабалар баланы қалай тәрбиелеген .
5. Ырым -тыйым -ұлағат көзі.
6. Сұрақтар арқылы ойтолғау.
7. Қорытындылау.

Барысы:
Мұғалім: Қазіргі заманда қыз тәрбиесі мен ұл тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді.Ұл тәрбиелей отырып,жер иесін тәрбиелейміз,қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз-деп бекер айтпаса керек. Халқымыздың ерте кезден- ақ Адамгершілікті, әдепті жоғары бағалай білген. Отбасы-қоғамның бір бөлшегі, ал отбасының алтын қазығы-әйіл адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған үлгі- өнеге көрген қыз бала қайда болса да келін болғанда да көргендігін көрсетеді.Ал жақсы тәрбие алған үлгі өнеге көрген қыұлдар жау келгенде де жайдақ тақа мініп шабатын өжет,батыл, адал, жеріне туған халқына ыстық ықыласты, үлкенге де , кішіге де қамқор бола білген ғой. Әдептілік,инабаттылық сыйлау жағынан халқымыз алдыны жан салмаған. Бір өкініштісі уақыт өткен сайын осынау асыл қасиеттерімізден айырылып бар жатқандаймыз. Ұлттың ізгі дәстүрімізді ескіліктің қалдығы деп мұрын шүйіре қармай,осы заманға лайықтысын таңдап алып,инабатты қыз ұлағатты ұл тәрбиелеу ата-ананың да ұстаздар қуымының да міндеті.
2. Атадан ұлағат , анадан ғибрат.
1-оқушы: «Ата-балаға сыншы» демекші ,әке өз балаларының жеке ерекшеліктерін қандай іске өнерге бейімділігін ерте аңғарып, шамасы келгенше баласының бойындағы табиғи қасиеттерін дамытуға күш салған.

2-оқушы: Парасатты әке балаларына ата-бабаларының іс-әрекетінің үлгі боларлық өнерін айтып, ағайынның туыстық жақындық қатынасын түсіндіріп ататегі туралы айтып отыруды парыз санаған.

3-оқушы: Ұл бала -қазақта шаңырақ иесі, ер азамат , ата-ананың түтінін түтетуші . Ер бала өз ата-анасына ,іні-қарындастарына қамқоршы , ел қорғаны болып саналады.

4-оқушы: Ер бала еңбекке ерте бейімделеді сөйтіп ауылдың ересек балаларымен ,құрбыларымен ,ағалары,әкелерімен бірге шаруашылыққа қарауға ,әңгіме тыңдап, ертегі айтуға өлең айтып, ән салуға бейімделген. Демек қазақ халқының жігіті сегіз қырлы, бір сырлы болсын дегені тегін емес.
5-оқушы: Қазақ отбасында ер баланы тәрбиелеуде әкенің рөлі үлкен .Сондықтан өз ұлыңа бар өнерін ,естіген -білгенін түгел үйретуге тырысқан. Алегер әр ұл өз тарапынан ағаға ,әкеге еліктеген.
6-оқушы: Қыз бала анасының тәрбиесінде болған. Қыз қылығы түзде демекші той- томалақ ,көп адам жиналған жерде көзге түседі, сыналады. Ондайда өзінің ұстамдылығымен , сергек - сезімталдық ептілігімен , сөзге ұсталығымен көзге түсіп, жұртты тамсандырған.

7-оқушы: Қызға қырық үйден тыйу дегендей қыз баланы тәрбиелеуде тәртіптіерді өте қатты ұстанып отырған . Әсіресе ырым- тыйымдарды қатаң ұстанған.
Адамның жақсы жаман қасиеттері.
Сен қандайсың?
Кемшіліксіз адам жоқ .Алдымен адам өзін жақсы білу қажет. Ол үшін өзіңді -өзің мұқият тексер ,толық зертте . Осыдан барып өзіңді-өзің тәрбиелеу, өзіңді дамыту, өзіңді-өзің жетеілдіру басталады. Өзіңе -өзің баға беруге әркімнің батылы жетпейді.
Кейбіреуі өзіне өте жоғары баға береді, ал өте төмен баға беру- санасының төмендігін ,өзіне сенбейтіндігі.
Нағыз адамға тән қасиеттер.
1.Ұғымды ,ойлы ететін зерде -зейінің.
2. Сені өрге сүйрейтін -өнер-өрісің.
3. Тек ілгері бастайтын -талабың.
4. Ешқашан алдамайтын -тапқырлығың
5.Қиындықта саналатын -қайратың
6. Бәрінен де күшті- Білімің.

«Ер жігіттің »айнымас серіктері:өмірлік жарың, міңген атың-пырағың, парасатты -ақылың,.
Жігіттің жолын кесіп аяғына тұсау болатын жаулары

1. Жалқаулық
2. Аңқаулық
3. Жасқаншақтық
4. Пасықтық
5. Су жұқпас сұйықтық
6. Өсекшілдік
7. Мылжынды
Осы қысқа өмірде орны толмайтын үш нәрсе бар.
Ол-ата, ана , бала. Бір ұрпақ келіп ,бір ұрпақ кетеді. Бірақ жер бетінде өмір өлмейді, өмірді бала қосады.

«Ырым-тыйым- ұлағат көзі»
Қазақтың ырым -тыйымдары.
Ұнасын, ұнамасын, Айтқан сөзді бағамда,
Бұзба құстың ұясын. Күлме кемтар адамға.
Ұқсама теңтек балаға ,
Пышақтың жүзін жалама.
Шаршасаң сәл- пәл аялда ,
Бірақта жерді таяңба.
Құр беталды ермекке ,
Бос бесікті тербетпе.
Жақтыр, мейлің жақтырма,
Нанды жерге лақтырма.
Жоқ әдетті шығарма,
Түнде көлден су алма.
Адамдарды санама.
Түнде айға қарама.
Ақыл-есің бүгінде,
Кісіге қарап түкірме.


Сабақтың тақырыбы: Мамандығым-мақтанышым
1. Дамытушылық. Тіл үйренушілердің ой-өрістерін кеңейтіп, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.

\2. Білімділік. Мамандыққа байланысты мәтін арқылы тіл үйренушілердің лексикалық қорын байыту.

3.Тәрбиелік. Әртүрлі мамандық иелеріне деген құрмет сезімдерін ояту.

Сабақтың түрі: дамыта оқыту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу,салыстыру,талдау

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, оқу құралдары, суреттер, кесте

1 КЕЗЕҢ. БАҒДАРЛАУ - МОТИВАЦИЯЛЫҚ КЕЗЕҢ

Жұмбақтарды шешіңіз.

Білімнің дәнін тереді,

Балаға тәлім береді. (Ұстаз)

Адамның жүзін,

Басы мен көзін.

Айнытпай келбетін,

Салатын кім суретін? (Суретші)

Қалпағы ақ қарасаң,

Дәрігер емес, бірақ ол. (Аспаз)

Өскен шашты жаратпайтын,

Қайшысы бар жалақтайтын. (Шаштараз)

- Сіз қандай мамандық иесісіз?

- Мамандығыныз өзіңізге ұнайды ма?

2 КЕЗЕҢ. ОПЕРАЦИЯЛЫҚ - ОРЫНДАУШЫЛЫҚ

МАМАНДЫҒЫМ- МАҚТАНЫШЫМ

Өмірді мамандықтың түрі көп. Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар. Дәрігер адамдарды емдесе, мұғалім оларды оқытады, әнші ән айтады, құрылысшы үй салса, тігінші киім тігеді. Тағы басқа да мамандықтар туралы айта беруге болады.

Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана бақытты болады. Ал жүрегі қаламаған мамандық иелері көп қиындықтарға кездеседі.

Менің мамандығым - оқытушы. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым. Адам баласына көмектесу - игілікті істердің бастысы. Мен қазақ тілін оқыту арқылы көптеген адамдармен танысып, оларға қолымнан келген көмегімді көрсетіп жатырмын. Менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан мамандығымды мақтаныш тұтамын.



«Қазақстан -2050» Бір мақсат,бір мүдде, бір болашақ- атты елбасының халыққа жолдауын қолдау бойынша форумның сценариі.

«Қазақстан -2050» Бір мақсат,бір мүдде, бір болашақ-

атты елбасының халыққа жолдауын қолдау

бойынша форумның сценариі.

Өткізілетін орыны: Макинск №4 орта мектебі

Өткізілу уақыты: 2014 жылдың 21 ақпаны сағат:13:00

Форумға қатысушылар:8-10 сынып оқушылары және ұстаздар, қонақтар.

Безендірілуі: «Қазақстан 2050» Мәңгілік ел - атты кең көлемді баннер, интерактивті тақта, жалаушалар, мемлекеттік ту, төсбелгілер, сары, көк түсті галстуктер т.б

Фанфар ойналады.

Жүргізуші:-Қайырлы күн құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар!

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің жыл сайынғы халыққа жолдауын биылда ұсынып отыр. Елбасының сындарлы саясатын, еліміздің жарқын болашағын, биылғы «Қазақстан -2050» Бір мақсат,бір мүдде, бір болашақ-атты елбасының халыққа жолдауына қолдау көрсету мақсатында біз бүгінгіфорумды өткізіп отырмыз. Ендеше форумды ашық деп жариялаймыз.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұрны орындалады.

Жүргізуші:-«Қазақстан 2050» стартегиясы-барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өті-ортақ парыз, абройлы міндет-деп елбасы біздерді жұмыла жұмыс жасуға, сын сағаттарда бірлікте, ынтымақта болуға шақырады.

Ортаға 6 оқушы шығады

Оқушылар:

· Біздің күш қуатымыз! Наша сила! Our power!

· Дамыған қалаларда-біздің күшіміз!

· Әділ басқаруда- біздің күшіміз!

· Бақытты халықта- біздің күшіміз!

· Қоршаған ортаға қамқорлық көрсетуде- біздің күшіміз!

· Жаңа күш-қуатты саясатта- біздің күшіміз!

· Бәсекеге қабілетті ғылымда- біздің күшіміз!

Жүргізуші:-Елбасының жолдауы бойынша сөз кезегін тарих пәнінің мұғалімі Алпысов Жұмабек Рахимжановичке береміз.

Слайд-«Қазақстан 2050» Мәңгілік ел

Жүргізуші:-Елім менің Қазақстаным! (оқушылар хормен қайталайды)

- Біз елбасымен біргеміз! (оқушылар хормен қайталайды)

Жүргізуші:-Келесі сөз кезегін еліміздің болашағы жастарға береміз.

Ортаға жоғары сынып оқушылары шығады.

Саягүл: -Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса ол елдің еңсесі биік болады-деп жасампаз елдің жастарына қай уақыттада үлкен сеніммен қараған Елбасы бұл жолы да бізді назарынан тыс қалдырмады.

Ұлттың кемел келешегіне бүгінгі жас ұрпаққа артылар ең үлкен міндет сананың түзу жолмен қалыптасуы мен білімділік, жан-жақтылық жасампаздық -елдің жастарына тән екендігін тағы да айтты.

Әлемнің білім бәсекесінің шыңына еліміздің үмітін ақтап жарқырай шығуымыз жастар біздің қолымызда. Саннан сапаға көшер сәт келді. Елбасының салиқалы саясаты қазақ елін қашанда қияға жетелері қақ. Мәңгілік Елдің-мәңгілік ұрпақтары екендігімізді дәлелдеп еліміздің гүлденуі жолында қол ұстасып бірге болайық!

Асылхан: Барша Қазақстандықтар-еңбектеген балалдан, еңкейген кәріге дейін Тұңғыш Президентті елі үшін сіңірген зор еңбегі, қамқорлығы үшін Елбасы деп атап кеткен.Осы ұғымның мән-мағынасы-жаңа мемлекет құрып, қазақ халқының ұзақ ғасырлар бойғы арманын орындағаны, әлемнің жетекші елдерімен терезесін теңестірген тәуелсіз Қазақстанның жаңа буынын тәрбиелеп өсіргені үшін халқымыздың елбасына деген сүйіспеншілігі, құрмет-ризашылығы шексіз.

Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанды жаһан жұрт танып білді. Қазақ еліне әлем нарығындағы ең ірі компаниялар инвестиция салуға ұмтылды.Тәуелсіз Қазақстанымыз халықаралық беделді ұйымға жетекшілік етті. Сарыарқа төрінен жауһар елордамыз сән түзеп, күннен-күнге жайқалып-жайнап келеді. БҰҰ-ға мүше болдық. Семей ядролық полигоны жабылып, қазақ жері, бүкіл адамзатты бейбіт өмірге шақырды. Бәсекеге қабілетті-дамыған елу елдің қатарына қосылдық. 2017 жылы ЭКСПО көрмесін Астанада өткізуге үлкен дайындық үстіндеміз. Мінеки еліміздің бүгінгі жетістіктері әрине елі сүйген,елін сүйген-елбасының арқасы деп білемін.

Тәуелсіз еліміздің тұңғыш президенті елбасы-егемен еліміз, халқымыз аман болсын.Көк байрағымыз мәңгілік желбірей берсін.Біз әрқашан елбасымен біргеміз!

Жеңіс:Елбасымыздың биылғы жолдауының маңызы зор. Жолдау «Қазақстан-2050» стратегияның орындалуының негізгі жолдарын айқындап берді. Бұл жолдауда да жастарға көп көңіл бөлінді. Жастар-қоғамдағы тегеуріні мықты күш. Президентіміз жастардың заман талабына сай қалыптасып еңбек етуін, білім алуын, түрлі жаңашылдықтарды жете қабылдап жастық күш-жігерлерін Отаны үшін жұмсағанын қалайды. Қалап қана қоймай оған жағдай туғызып отырады. Кейінгі ұрпақтың білімімен білігін , алапат күш-қуатына сүйсіне отырып, ұлттық тіл мен ділден, діннен алшақтамауға көп көңіл бөлінген. Алдымыздағы бағындырара биіктер мен алынар асулар айқын, ендігі баршамыздың міндетіміз осынау асқақ мұрат-мақсаттарды іске асыру үшін жан аямай еңбек ету.

Жүргізуші:-Келесі сөз кезегі тарих пәнінің мұғалімі Дүйсенбаева Шолпан Мұхамадиқызына беріледі.

Слайд.

Жүргізуші:-Біздің Қазақстан -мәңгілік ел! (оқушылар хормен қайталайды)

Ән-«Қазақстан» орындайтын Тайман, Дулат

Жүргізуші:-Болашақтың іргесін бірге қалаймыз! (оқушылар хормен қайталайды)

Жүргізуші:-Құрметті оқушылар Президенттің Қазақстан халқына арналған жолдауын қолдау үшін өткізілген форумды жабық деп жариялаймыз.

Фанфар ойналады.

Қазақстан жолы - 2050: "Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ"

Жарияланды 29-01-2014, 02:17 Категориясы: Сценарий

Класы: 8
Тәрбие сағатының тақырыбы: Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н. Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер.

Тәрбие сағатының барысы:
Қазақстан туралы не білеміз? Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын. Мен еліммен мақтанамын. Елімнің гүлдене бергенін қалаймын.
Ой қозғау:
- Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
- Қазақстан.
- ҚР - ның халқы қай тілде сөйлеу керек?
- ҚР - ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек.
- Біздің тұңғыш президентіміздің аты - жөнін білесіңдер ме?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- 17 қаңтар күні «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауын жариялады.

Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.

Сөзжұмбақ «Жолдау» сөзі шығу керек.
1. Әлемдік сөзінің синонимі (жаһандық)
2. Отағасының антонимі (отанасы)
3. Ата - ана тәрбиелейді? (бала)
4. «…- біздің табысты болашағымыздың негізі» (Ұлт денсаулығы)
5. Тіл дамуы, сақталуы үшін қандай қаріпке көшпекпіз? (латын)
6. Ел ертеңі жарқын болу үшін не істеу керек? (Білім алу)
- Ендеше, балалар, бүгін Жолдау туралы әңгімелесеміз.

Қазақстан - 2050 стратегиясының логотипін таныстыру
2050 Стратегиясының жаңа логотипі бірліктің мазмұны. Ол қазақтың ұғымындағы бірлік пен қауымдастық белгісін бейнелейтін әлем аллюзиясының бірігуі мен үндесу идеясын көрсетеді.
Біріншіден, логотиптің негізі болып табылатын шаңырақты біз алдымен елтаңбадан көре аламыз. Шаңырақ өз үйіміздің призмасынан көрінетін аспанның символы. Бізде ортақ аспан, ортақ Отанымыз Қазақстан және ортақ ұлттық идеямыз 2050 Стратегиямыз бар. Шаңырақ сөзі «шаң» - күн деген ұғымнан бастау алады. Сол себепті де болар, ол қазақстандықтарға көпұлтты елдегі бірліктің белгісі ретінде танылады.

2050 Стратегиясының жаңа логотипінен қазақ киіз үйінің керегесін де аңғара аламыз. Керегенің мақсаты киіз үйді біріктіріп ұстап тұру десек, біз алып отырған кереге беглгісінің Стратегия айналасындағы ұлтымыздың ұйысу идеясы болып табылады.
Сонымен қатар, қиылысқан сызықтардан еліміздегі барлық ұлт өкілдерінің бірлігі, сондай - ақ, еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейінгілердің өзара татулығын байқаймыз. Өйткені, қазақстандықтардың барлығы тізе қосып әрекет қылғанда ғана ұлы белестерді бағындыра алмақ.

Стратегия символының негізі мемлекеттік елтаңба, шаңырақ, кереге, дархан дала көкжиегі, теңіздің шексіздігі, ағайынды жұрттың қол ұстасуы мен ел бірлігі.
Белгінің мазмұны бірлік пен қуатта.
Аталмыш белгі Қазақстан халқына етене таныс және жақын болып келетін дөңгелек шеңбер түріндегі қиылысқан жартылай мөлдір сәулелерден тұрады.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жалпы тәуелсіздігіне жиырма жылдан астам уақыт болған ел егемендігінің тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс - тіршілігінің дамуына бірден - бір ықпал еткен фактор - бұл Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауы екендігіне көз жеткізер едік.

Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз.

Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3 - 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс», деп атап көрсетті.

Осыған орай, үлкен жауапкершілік жүктеліп отырған мұғалімдерге жаңашылдықпен жұмыс жасауға тура келеді. Ең алдымен барлық пән бойынша білім сапасын арттыру керек. Сол мақсатта Ақтөбе қаласындағы №32 орта мектеп - гимназия мұғалімдері де тынбай еңбектеніп, өз үлестерін қосуда. 2013 - 2014 оқу жылынан бастап, мазмұнды және оқыту технологиясын жаңарту негізінде орта білім берудің сапасын елеулі арттыру мақсатында экспериментті «e - Learning» электронды оқыту жүйесі енгізілді.

e - Learning электрондық оқыту жүйесі - Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қосылған ауқымды мемлекеттік жоба.
Тағы бір жайт - тіл мәселесі. Сондықтан Елбасымыз да тілді дау - дамайдың төркініне емес, даму мен өркендеудің негізіне, ұлттың ұйытқысына айналдыру - баршамыздың парызымыз екендігін бәрімізге де тағы бір мәрте тиянақты ұғындырды деп ойлаймын.
Ақтөбе қаласындағы тұңғыш қазақ гимназиясы қазақ тілін дамытуда ауқымды шаралар өткізе отырып, тіл мәртебесін одан әрі өркендетуге зор міндеттер қойып отыр. Мәңгілік елдің мәңгілік тіліне айналған тіліміздің мәртебесі арта берері анық.
Елбасының әр Жолдауы - толғауы терең қайталанбас дүние. Биылғы Жолдау да Президентіміздің өзіндік стиліне сәйкес көптеген ерекшеліктерімен ел есінде қалады деген сенімдемін.

Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы - балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне -«Бала тәрбиелеу - болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Адамзат өзінің байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен қамқорлыққа шақыруы көңілге қонымды.

Отағасының серігі отанасы демекші Елбасы Жолдауында әлеуметтегі әйел адамның рөлі, оның келешегі жөнінде айтылған. Әйел адам ең алдымен - ана. Ал ана - отбасы, мемлекет шамшырағы. Қыз баланы - ұлттық дәстүрде тәрбиелеп, құрметтеу керектігін, оны зорлық - зомбылықтан сақтау, заманға сай білім алып, кейін қызмет етуіне құқылы екендігі айтылған. Баланы жалғыз тәрбиелеп жатқан аналарға көмек көрсету, олар үшін икемді еңбек түрлерін қалыптастырып, үйде жұмыс жасауларына жағдай туғызу перспективасы қуантады.

Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ.

Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы - Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз.
Ән: Елім менің.( тыңдалады)
Өлеңдер оқылады. (тіл, тәуелсіздік, отан туралы)
Қорытынды:
- Жолдау туралы не түйдің, осы айтылған тарауларда не айтылмады?

«Ойын»
«Мен президент болсам халыққа Жолдауым…» Оқушыларға өз ойларын айтқызу.
Ән: Көк тудың желбірегені. (тыңдалады)
Мен 21 - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін.
Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! - деген елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымды аяқтаймын. Тыңдап сабаққа қатысқандарың үшін рахмет!

Күні:6.04.2015жыл

Тақырыбы: Бақытың да, байлығың да - Денсаулық.
Мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Тәрбиелік: Тазалыққа, спортқа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: Мақал - мәтелдер, нақыл сөздер, сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Адамның денсаулығы - қоғам байлығы.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа арнаған «Қазақстан - 2030» жолдауында бізді Отан игілігі үшін өз денсаулығымызды сақтауға шақырады. Қазақстанда тұратын әрбір азаматтың денсаулығы мықты болуы керектігін айтады. 2008 жылдың 8 - ақпандағы кезекті жолдауында денсаулық мәселесіне көбірек тоқталып кетті. Ауруды емдеуден гөрі оның алдын алу керектігін айтты. Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз салауатты өмір салтын сақтау мақсатында «Бақытым да, байлығым да - Денсаулық» деп аталады.
Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз 2 - слайд. «Днеі саудың жаны сау» деп бекер айтпаған. Отанымыздың келешегі, көркеюі балалар сіздердің қолдарыңызда. Сондықтанда сендердің таңдауларын - салауатты өмір салтын сақтау.
Балалар сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан - жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойласыңдар?
Әрине, Денсаулық.
Денсаулық адам ағзасының қалыпты, дұрыс жұмыс істеуі.
Денсаулық дұрыс тамақтану.
Денсаулық тәулігіне 10 сағат ұйықтау, ұйқы ең алдымен миды тынықтырады.
Денсаулық таза ауада көбірек жүру.
Денсаулық тазалық сақтау.
Денсаулық тамақты шамадан тыс тойып ішпеу.
Денсаулық тамақтан соң ауызды шайып, қолыңды жу.
Көрініс.
Қоян.
Ой, тісім қақсап барады
Жанымды қоярға жер жоқ
Мұғалім.
Балалар, қараңыз мына бір сұмдықты
Қоянға не болған?
Қоян жылама, жылама.
Қасқыр.
Не болды жасырма, айтшы өзің
Неліктен ісінген бас - көзің
Қоян.
Енді не істеймін
Тісімнің ауырғаны қоймай тұр.
Қасқыр.
Онда дәрігер шақырайық
Дәрігер дәрімен емдейді
Ауырса адамды, аңды да емдейді
Кәдімгі мейірімді дәрігер
Шақырсақ қалай келмейді.
Дәрігер.
Кәне аузыңды аш көрейін
Кәмпит жесең көбірек
Тісің жүрер мазалап
Не жесең де күніне
Екі рет жу тазалап
Қоянға ұқсап тістерің ауырмас үшін
Тістеріңді күнде жуып күтіп жүріңдер.
Мұғалім.
- Балалар денім сау болу үшін таза болып жүру мен бірге тағы не істеуіміз керек?
Оқушылар. Таңертеңгілік жаттығу жасап, спортпен шұғылдану керек.
Адамдар әрқашан қимылды қозғалыста жүрсе біздің ағзамыздағы қан жүрісі де қозғалыста болып жұмысы жақсарады. Ауруларға қарсы тұра алатын боламыз. Денімізді сақтау үшін зиянды әдеттерден аулақ болу керек. Адам денсаулығына жақын доста, қастарда бар.
Адам денсаулығына жақын достар не деп ойлайсыңдар?
( тазалық, спорт, таза ауа, дұрыс тамақтану, күн тәртібі.)
Адам денсаулығына қас.
( шылым шегу, ішімдік, салақтық, жалқаулық.)
Денсаулық болса бәрі болады тазалық, дене шынықтыру, дұрыс тамақтанудың маңызы зор.
Тазалық денсаулық кепілі
Шынықсаң - шымыр боласын
Оқушы.
Шығу үшін шымыр боп
Шынығамыз шаршамай
Бұлшық еттер шымыр боп
Аламыз сосын тыныс жай
Оқушы. Жалқаулықты тастаймыз
Жаттығуды бастаймыз
Қиынсынып қашпаймыз
Шынығамыз жастай біз
Оқушы.
Спортпен айналыс
Сұлулық сыйлаған
Сол саған пайдалы іс
Сауық пен кинодан
Сергіту сәті.
Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір
Сағаттыңтіліндей
Иіліп солға бір
Сағатқа қарап ап
Жаттығу оңай ақ
Қақпаға туралап
Теп допты оң аяқ
Теп допты сол аяқ
Жаттығу, сол аяқ
Жаттыға оңай - ақ
Ал балалар, бір ауық
Әріп сырын ұғайық
А дегенде отырып
Б дегенде тұрайық
А - Б, А - Б, А - Б.
Біздің денсаулығымыз мықты болу үшін тазалық сақтау жеткіліксіз. Сонымен бірге денемізді шынықтыруымыз керек. Үнемі дене шынықтырумен айналысатын адам ауырмайды
6слайд. «Ас адамның арқауы»
Тиімді тамақтану денсаулық үшін маңызы зор. Ет, балық, ұн, сүт тағамдарының әрқайсысының орны бөлек. Сонымен қатар жеміс - жидектерді көбірек жеген жөн. Олардың құрамында адам денсаулығына қажетті дәрумендер өте көп. Сонымен қатар шамадан тыс көп тамақтану да зиян.
(әр түрлі тағамдардың суреттерін көрсету)
Сұрақтар.
1 Жеміс - жидектерді жемес бұрын не істеу керек?
(жеміс - жидектерді жақсылап жуып алу керек.)
2 Тамақтану алдында не істеуіміз керек?
(тамаққа отырар алдында қолды жуу керек)
Оқушы.
Тойып ішсен қаншама
Ауырасын соншама
Асқазанды бүлдірсең
Жазылмас қанша күн жүресің.
Сонымен бірге денсаулықтың бір дауасы таза ауа.
Оқушы. Денсаулықтың дауасы
Даланың ауасы.
Көк өзен, күмбез тау.
Ну орман ағашы.
Жұмбақтар шешу.
1. Одан кір қорқады
Судан бұл қорқады. (сабын)
2. Дәміде жоқ, түсіде жоқ
Пайдаланбас кісі жоқ. (су)
3. Жуынып болғанда
Жүреді қолында. (орамал)
4. Түйістіреді көзіңді көзіңе
Жолықтырады өзіңді өзіңе. (айна)
5. Қалтамда жатыр
Тістері бар батыр. (тарақ)
Бәтеңкесін, полтосын
Өзі кие білмейді
Бұл баланы кім дейді? (жалқау)
Көзінен жас кетпейді
Балалардан шетпейді
Бұл баланы кім дейді? (жылауық)
Шықпай жатып көшеге
Үсті басы кірлейді
Бұл баланы кім дейді? (салақ)
Мақал - мәтелдер
(Оқушылар денсаулық туралы мақал - мәтелдер айтады)
«Кел ойнайық» Сөзден сөз шығару «Денсаулық»
Қорытынды
1. Адамның дені сау болу үшін қандай шарттарды орындау қажет?
(Денесін, беті - қолын киімін әрдайым таза ұстаукерек. Зиянды заттардан аулақ болу керек.)
2. Адам не үшін жуынады?
3. Тазалықтың достары мен қастарын ата?
Деніміз сау болсын десеңдер, міне жоғарыда айтылғанның бәрін денсаулық үшін істелетін жұмыстар. Таза ауада демалу, спотпен шұғылдану, денені күтіп ұстау, еңбек ету, дұрыс тамақтану барлығы салауатты өмір салтына жатады. Осы айтқандарды күнделікті тұрмыста пайдалануымыз керек.















Күні: 6.10.2014

Сабақтың тақырыбы: Сәлем - сөздің анасы
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Оқушыларға сәлемдесудің түрлерімен таныстырып, оның инабаттылық, әдептілік, адамгершілік қасиеті екенін
түсіндіріп, білімдерін нығайту.
ә) дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, дүниетанымын, сөйлеу мәдениетін дамыту.
б) тәрбиелік: Оқушыларды үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, сыйластыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеу. Сабаққа назарын аудару.
Құрамында 10 оқушы болатын екі топ қатысады. І - топ «Ұлағат» тобы. ІІ - топ «Зерек» тобы. Сайыс ҮІІ айналымнан тұрады.
I айналым: «Таныстыру»
II айналым: «Сәлемдесу рәсімдері»
III айналым: «Әдептілік қағидалары»
ІҮ айналым: «Әдептілікке байланысты тиым сөздер»
Ү айналым: «Әдептілік туралы мақал - мәтелдер»

ҮІ айналым: « Ұшқыр ойдан - ұтымды жауап»
ҮІІ айналым: Қорытынды
I айналым: «Таныстыру»
Бұл шартта әр топ өздерінің ұраны мен топтарын таныстырады.
I топ «Зерек» тобы Ұраны: Кішіден ізет, үлкеннен парасат
Біздің де тобымызда өнерлі коп,
Көрермен өнерліге сүйсінер кеп,
Зерек деген тобымызға
Жақсы баға берсін деп тіледік көп
II топ «Ұлағат» тобы Ұраны: Үлкеннен ұлағат, кішіге аманат Тобымыз «Ұлағат» атына сай,
Өнерлі балаларымыз бәріміз де
Бәйгеден озып келген жүйрік аттай
II айналым: «Сәлемдесу рәсімдері»
Әр топ әр елдің сәлемдесу түрлерімен таныстырады. Амандасудың бірнеше түрлері бар: қол беріп амандасу, төс қағыстырып амандасу, қолды сүйіп амандасу, маңдайдан сүйіп амандасу, көзден сүйіп амандасу.
III айналым: «Әдептілік қағидалары»
Әр топ жағдаяттық сұрақтарға жауап береді.
1. Қолында 2 ауыр сөмкесі бар бір әжей базардан келе жатыр еді. Алдынан ойнап 2 бала шығып, әжейді абайсызда қағып кетеді. Әжей жығылып, қолындағы бар заты шашылса да, екеуі артына қайырылмай алысып ойнап кете береді. Егер де сіз сол балалардың орнында болсаңыз не істер едініз?
2. Екі оқушы мектепке келе жатыр еді, алдарынан қарт кезігіп қалды. Ол оқушылардан мектепке дейін жол көрсетуін сұрады. Сонда оқушылар өздерін асығыс екенін айтып, өз жөндерімен кетіп қалады. Егер де сізде осындай жағдай болса сіздің іс әрекетіңіз?
3. Қоғамдық көлікте орында отырдыңыз, бір аялдамадан балалы әйел мінді ондай жағдайда қандай әрекет жасайсыз?
4. Көшеде жүргенде қандай әдептілік ережелерін сақтау керек?
ІҮ айналым:: «Әдептілікке байланысты тиым сөздер»
Бұл айналымда оқушылар әдептілікке байланысты тиым сөздер айтады.
1. Үлкен кісімен сөйлескенде қолыңды қалтаға салып тұрма
2. Үлкен кісімен сәлемдескенде қолыңды бұрын ұсынба
3. Бас киімді теппе, аяқ асты тастама
4. Кемтар адамға күлме.
Ү айналым: «Әдептілік туралы мақал - мәтелдер»
Бұл шартта оқушылар мақалдың жалғасын табады.
1. Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені
2. Әдептілік, ар - ұят - амандықтың белгісі
3. Әдепті бала - арлы бала Әдепсіз бала - сорлы бала.
ҮІ айналым: «Ұшқыр ойдан - ұтымды жауап» Бүл шартта топ басшылары білім бәйгесіне түседі.
«Зерек» тобының сұрақтары:
1. Әдептілік дегеніміз не?
2. Үлкен кісімен қалай сөйлесу керек?
3. Қонақ келгенде не істейсің?
4. Мектепте, сыныпта қалай жүру керек?
5. 5 асыл істі атаңыз?
6. Жағымсыз әдеттерді атаңыз?
7. Не ұнамсыз?
8. Әдепті бала қандай болады?
« Ұлағат» тобының сұрақтары
1. Әдепті бала әдептілікті қайдан үйренеді?
2. Қонаққа барғанда өзіңді қалай ұстау керек?
3. Сіз бен сенді шатыстырған күнің болды ма?
4. 5 дұшпанды атаңыз?
5. Қайырымдылық дегеніміз не?
6. Саған өзіңнің досыңның қандай қасиеттері ұнайды?
7. Удан ащы не бар?
8. Әдепсіз бала қандай болады?
ҮІІ айналым: Қорытынды
«Сиқырлы таяқша» ойыны. Балалар дөңгелене отырып, сиқырлы таяқшаны бір - біріне көрсетіп, сол баланың жақсы қасиеттерін айтады.
Ж - жігерлі
А - адал
Қ - қайырымды
С - сыпайы
Ы - ынтымақты.
Оқушылардың алты айналымнан өткен фишкаларын есептеп, нәтижелерін шығарып, топтар марапатталады. Жоғары ұпай алған топ сайысымыздың жеңімпазы атанады.



Тақырыбы: Сәлем - сөздің анасы.
Мақсаты:
1. Оқушыларға әдептілік белгісі сәлемдесуден басталатынын түсіндіру, сәлемде де сұлу сыр бар екенін білдіру.
2. Ойлау қабілетін, сыйластық қасиетін, үлкенге-құрмет, ізеттілігін дамыту.
3. Адамгершілікке, әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Әдісі: Сұрақ-жауап, топтық.
Сынып сағатының барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
Әңгіме оқу.

II. Кіріспе: Ой шақыру
" Сәлем" сөзінде қандай сыр бар?
III. Негізгі бөлім. Сәлем-әдептілік белгісі. Сәлемдесу - адамдардың бір-бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөленуі, тілдесуі, ізеттілікті білдіреді. Сәлем берудің де бірнеше түрлері бар.
Сәлемдесу түрлері:
Сәлеметсіз бе!
Армысыз! Қош келдіңіз! Ассалаумағалейкум! Аман есенсіз бе? Сәлем.
Сәлемдесудің мәнін ашу: Оқушылар пікірін тыңдау:
Аяжан: Үлкен адамға сәлем беру-кішінің міндеті. Сәлем беру -имандылықтың, мәдениеттіліктің белгісі.
Нұрдәулет: Халқымызда ақ сақалды атаны, ақ жаулықты ананы сыйлап сәлем беру - біздің ата дәстүріміз.
Балнұр: Әдептілік дегенің
Әрқашанда керегің
Көршілерді көргенде
Сыйлап сәлем беремін.
Фатима: Кім үлкенді сыйласа
Кім үлкенді тыңдаса
Сыйлы болмақ өзі де
Үлкен болған кезінде.


Нақыл сөздер.
Сәлем-сөздің анасы.
Сәлем-әдептілік белгісі.

Әдепті елдің баласы
Алыстан сәлем береді.
Сәлем беру де парыз
Сәлем алу да парыз.

Жақсы сөз-жарым ырыс

IV. «ҰЛЫҚ БОЛСАҢ-КІШІК БОЛ»
Ғалия: Армандап ап бетке,
Көгер қане, көкте.
Кімді көрсең дағы,
Сәлем бермей өтпе.
Оқушы. Сәлем-тілек шыңы, Сөзімнің бұл шыны.
Ұлттық салтты сақтау, Кісіліктің құны.
Нұртілеу: Сыйла үлкен кісіні
Қамқорлыққа ал кішіні
Сәлем жасамай өтпегін
Әдепті қыл бұл ісіңді

V. «Жалғасын тап»ойыны
1. Әдепті бала -арлы бала
------------------------------.
2. ------------- сөздің анасы.
3. Әдепті бала ата-анасын мақтатар
------------------------------.
4. Сәлем беру де парыз,
---------------------------.
5. Әдептілік белгісі -
-----------------бергені.

Көрініс. "Алты жасар Жандостың ауылға келуі, алпыс жастағы қарияның амандасуы".
- Бұл әңгімеден нені білдік?
Жанел: Қазақта «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария сәлем береді»дейтін аталы сөз бар. Ауылға алғаш келген адамға жасына қарамастан үлкендер өздері келіп сәлем береді.
Айдана: -Меніңше, кішіпейіл болғаннан кішірейіп кетпейсің деген осыдан шықса керек.

Қорыту. Хаттарға жауап.
1. Сәлемі түзу екен дегенді қалай түсінесің?
2. Сыныптағы сәлемдеспейтін оқушыға не айтар едің?
Осыдан қандай қорытынды шығару керек.
Бағыжан: Сәлемдесе білу де - өнер. Сөздің басы сәлемнен басталады.
Әсел: Сәлем беру-өткінші міндет емес, өмірлік міндет.
Әсем: Сәлемдесуден жалықпайық.
Ерзат: Сәлем беру - кішіліктің белгісі.
Дәулет: Әдептілік белгісі -иіліп сәлем бергені.


Мұғалім: Сәлемдесу - ынтымақ, бірлікке шақырады. Адамдықтың белгісі сәлемдесу екенін ұмытпайық.
Сәлеміміз түзу болсын!
Сәлемдесер адамымыз көп болсын!

Үйге тапсырма. «Мен әдепті баламын» шығарма жазу.






























«Бақ - берекем, құт - мерекем - әз Наурыз!»

Жүргізуші :

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Той дабылын қағып тұрған мұнда біз бар!

Наурыз тойы басталды!

Бір орында тұрмаңыздар!

Көргендер де арманда

Көрмегендер де арманда

Қызықтан тыс қалмаңдар

Жаңарғаны сананың

Ұмытады мұны кім

Ата салтын бабамның

Алып келді ұлыс күн

Бір анадан туғандай

Бір ұядан ұшқандай

Бір аспанның астында

Бір дастарқан басында

Береке бірлік болсын деп

Күшейтейік бірлікті

Еңбек пенен тірлікті

Салт дәстүрмен жараса

Қайта құрып жаңаша

Жарыса өнер көрсетіп

Той тойлайық тамаша

Жүргізуші :

Естімегендер естіңіздер!

Тыңдамағандар тыңдаңыздар!

Наурыз тойы басталды!

Шақырамыз бәріңді

Ұлыстың ұлы күніне

Жиналыңдар алаңға

Кешігіп одан қалмаңдар

Күміс көмей әншілер

Құдіретті күйшілер

Мың бұралған бишілер

Жарыса өнер көрсетсін

Қайта құрып жаңаша

Той тойлайық тамаша

Жүргізуші :

Келіңдер, Наурыз тойға бәрің бүгін,

Аямай өнерпаздар ән мен жырын!

Тойлайық халық тойын Наурызымның,

Шуағын жерге төккен бақыт күнін!

Жүргізуші :

Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,

Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.

Қаһарлы қыстан өтіп Наурыз келді,

Арқаңды кеңге созшы, уа, халайық!

Жүргізуші :

Уа, халайық, құтты болсын мерекең,

Құтты болсын, құтты болсын берекең.

Наурыз тойы тойланады мектепте,

Қош келдіңдер мерекені көруге.

Жүргізуші :

Ендеше, Наурыз мейрамына арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

Апа:

Қашанда құт береке орнасын деп

Тойларда шашу шашу салты елімнің

Уа халайық теріп ал мәмпәсиді

Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін

Шашу, шашу көп шашайық шашуды

Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр

Уа жамағат жинап ал несібеңді

Ризығың болсын көл көсір

`( Осы кезде сахнаға оқушылар шығады ер балалар бірі бірімен қос қолдасып төс қағыстырып сәлемдеседі.)

Оқушылар:

Амансыз ба ұлыс оң болсын

Ақ мол болсын

Қайда барса жол болсын

Ұлыс бақты болсын

Төрт түлігі ақты болсын

Ұлыс ьереке берсін

Бәле жала жерге енсін

Жүргізушілер:

Жыл басымен , жаңа күнмен құттықтап амандасқандарыңа рахмет. Наурыз күнгі дәстүрлі амандасудың ретін ата аналарыңнан жақсы үйреніпсіңдер. Дегенмен көктемнің бұл тамаша мерекесіне жаңаша мынау шәкірттік, мектеп өміріне лайықты амандасуды ойластырсақ қайтеді

Оқушылар:

Әр күніміз жақсы болсын

Достығымыз берік болсын

Білім өнер серік болсын

Ұлыс оң болсын

Бестік баға мол болсын

Жүргізуші:

О халайық, мерекеміз қыза түссін, араларыңда күйші, әнші , биші,тақпақшы жастар болса өнерлерін ортаға салсын.

Оқушы

Наурыз тойға жиналған халқым менің,

Бәріңнің ойға алғаның жарқын сенім.

Бүгінгі той, ертеңгі ардақты ісің.

Ғажап болсын таппайтын тепе теңін.

Оқушы

Келді Наурыз бұла күш, тасқынменен,

Құлпырып, қайта өзгеріп жастығымен.

Жер иіп, тамыр тал бүршік жарып,

Табиғат ықыласына тас жібіген.

Оқушы

Күн күлімдеп, нұрын шашар шуағын,

Құтты болсын, наурыз айы қадамың,

Бүгін бізде салтанат, қызық ойын

Халқым-ау, құтты болсын жаңа жылың.

Оқушы

Көктем жетті көл-көсір шуақ құрып,

Қыс барады қиылып, жылап тұрып.

Шатырында үйлердің Наурыз жүр,

Мұз пердесін ақпанның лақтырып.

Оқушы

Жаңғырар дәстүр салтымның

Көзделсін бұлақ жалғасы.

Қастерлі менің халқымның,

Мереке Наурыз ― жыл басы!

Оқушы

Көргенде қуанасың таза ауаны,

Құлаққа естілгендей жаз әуені.

Жыл сайын тойланатын мәңгі - бақи,

Наурызың құтты болсын, қазақ елі.

Оқушы

Той дегенде қазақтың жаны кірер,

Бағаңды жас білмесе, кәрі білер.

Наурызың құтты болсын, нар ағалар,

Наурызың құтты болсын, бар інілер.

Оқушы

Жақсылық жүрегіне жыр еселер,

Биікке шарықтатар киелі өнер,

Наурызың құтты болсын, апа - әкелер,

Наурызың құтты болсын, ата - әжелер.

Оқушы

Желпіген аққу құстың қанатындай,

Бақ келіп ақ үйлерге қонатындай.

Қасиетті наурыз тойы пәктігіңнің,

Тойы деп айтуға да болатындай.

Оқушы

Көңілдің құлпыларын ашайық та,

Қиялмен қияларға асайық та.

Қасиетті наурыз тойы елдігіңнің,

Ерке бір қуанышы десе айып па?

Жүргізуші:, бүгін тойға тіпті өлеңдетіп, сықыйып киініп келіпсіз ғой.

Жүргізуші : биыл .мектебім..наурыз айын ( мектептің нөмірін, атын,қысқаша жетістіктерін айтады) үлкен табыстар мен қарсы алып жатқанда жыртық шапан менің теңім бе?

Жүргізуші :

Той кезінде жас құрбым,

Жалтақтама, тайынба,

Тартқан күйің тамылжып,

Тіл бітірсін қайыңға,

Ән кезегі келеді,

Әндеріңді дайында

Жүргізуші :

Сіздердің алдарыңызда кеш ю тобы

Жүргізуші :

Наурыз келсе, барлығы жасарады.

Жасарады, табиғат жасалады,

Алпыс төлдің анасы ақ жүрекпен

Аластасын пәледен босағаны. - Алас! Алас!

Әже : Алас! Алас! Еліміздің елдігін тоздырғысы келетіндерден,

Ерімнің ерлігін жойғысы келетіндерден Алас!

Соғыстан, табиғат апатынан барша жамандықтан Алас!

Жүргізуші

Аластаса әжеміз босағаны

Бар жаманның көңілден босағаны

Жеті шырақ жаңа өмір жаршысындай

Лаулап жанып жақсылықты тосады әлі.

Әже алда ойын сауық та бар, қазан тола көп көже де пісіп жатыр.

Әже:

Бәсе бәсе манадан бері хош иістің мұрнымды жарып бара жатқаны көжелерің неше түрлі тағамнан пісіріліп жатыр

Жүргізуші

Оны көжешіден сұрайық. Көжеші, әжем сенің тай қазанға қанша дәм тағам салғаныңды білгісі келеді.

Көжеші:

Ұлыс күні қазан толса бұл жылы ырыс мол болар дегендей. Наурыз көжеге жеті түрлі тағам қостым. Олар соғымнан қалған сүр ет, сүзілген құрт, ақ тары, пияз, сәбіз, уызды сүт , айран

Ау, аталар, аналар!

Айналайын, балалар!

Тоя ішсін деп, тамсанып,

Жеті түрлі дәм салып,

Наурыз көже пісірдім.

Оттан қазан түсірдім,

Бал көжеден татыңдар,

Бар қызыққа батыңдар!

Жүргізуші

Ынтымағымыз бен бірлігіміз жарасқан елімізді ұйғыр халқы да құттықтап келіп, өз өнерлерін ала келіпті, ендеше келесі кезекті ұйғырдың биіне берейік, тамашалаңыздар

Жүргізуші

- Наурыз мейрамы - өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке. Ол парсылардың «Нау-рыз» жаңа күн деген сөзінен шыққан.Бұл жөнінде халқымыздың кемеңгер ұлдары Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов, Ахмет Байтұрсынов біршама деректер жинаған. Күн мен түн теңелген, мал төлдеп, адамның аузы аққа тиген,жер бусанып, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі - «Ұлыстың ұлы күні»- деп атайды екен.

Жүргізуші

Наурыз мейрамы бір ай тойланады. Қазақтар бұл күндері бір-бірін жаңа жылмен құттықтап, қонақ шақырады. Әр-түрлі ойын-сауықтар, бәйге, көкпар және жарыстар ұйымдастырылады. Наурызды неғұрлым жақсы қарсы алсаң, соғұрлым жаңа жыл жақсы болады деген салт бар. Әр үйде неше түрлі тамақ дайындалып, наурыз көже пісіріледі. Тамақтың алдында аруақтарға арнап молда міндетті түрде құран оқиды.

Ең соңында үйдегі ең үлкен кісі, жаңа жылды жақсылыққа жорып бата береді.

Жүргізуші

- ..........., ендеше Қызыр атаны шақырып бата сұрайық!

Жүргізуші

- Ата, бүгінгі думанға сонау алыстын ат арытып келгеніңізге орай, ала келген ақ батаңызда бар болар?! Мына отырған халқыңызға ақ батаңызды беріңіз!

Жүргізуші

- Әумин!

Қызыр ата:

Мінгендерің балалар

Жорға жорға тай болсын

Жорғалаиып келгенде

Көптің көңілі жай болсын

Ай жағыңа қарасаң

Алтыннан терек орнасын

Айыңда келген мейманың

Оған атың байласын

Күн жағыңа қарасаң

Күмістен терек орнасын

Күнде келген мейманың

Оған атын байласын

Елдеріңнің іргесі берік болсын,

Жасқа құрмет, кәріге күтім болсын,

Сөздерің серттей берік болсын,

Ісің ілгері, ақылың серік болсын,

Еккендерің өнімді болсын,

өмірлерің көңілді болсын,

төрт түлік төлді болсын,

Баққандарың шелді болсын

Ақ көп болсын,

Қайғы жоқ болсын,

Пейілдерің кең болсын,

Сапарларың оң болсын,

Мына ұлыстың ұлы күні әр бір отбасына бақыт әкелсін!

Ұлыс оң болсын! Әумин!

Жүргізуші

Қызыр атамның ақ батасына мың да бір алғыс!

Жүргізуші

Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,

Қастерлейік, қадіріңді білдік пе!

Құтты болсын Ұлыс күн жұмылдырған,

Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке!

Жүргізуші

Мың бұрала би билеген қырмызы,

Қызғалдақтай, алма мойын қыр қызы.

Он саусақтан өнер тамған, бал тамған,

Беу, қазақтың дара біткен бір қызы

Жүргізуші

Бұл сөздерің тап біздің биші қыздардың құрметіне арналғандай!

(Музыкалық номер Би «Қазақ биі»)

Жүргізуші

Той дегенде қазақтың жаны кірер,

Бағаңды жас білмесе, кәрі білер.

Наурызың құтты болсын, нар ағалар,

Наурызың құтты болсын, бар інілер.

Жүргізуші

Жақсылық жүрегіне жыр еселер,

Биікке шарықтатар киелі өнер,

Наурызың құтты болсын, апа - әкелер,

Наурызың құтты болсын, ата - әжелер.

Жүргізуші

Желпіген аққу құстың қанатындай,

Бақ келіп ақ үйлерге қонатындай.

Қасиетті наурыз тойы пәктігіңнің,

Тойы деп айтуға да болатындай.

Жүргізуші

Көңілдің құлпыларын ашайық та,

Қиялмен қияларға асайық та.

Қасиетті наурыз тойы елдігіңнің,

Ерке бір қуанышы десе айып па?

Жүргізуші

- Уа, халайық!Ұлыс бақты болсын,Төрт түлік ақты болсын,

Жүргізуші

Ұлыс оң болсын,

Қайда барсаң жол болсын,

Ұлыс береке берсін,

Бәле-жала жерге енсін.

Жүргізуші

Ән қосылсын әніңе,

Сән қосылсын сәніңе.

Ырысты боп Жаңа жыл!

Бақ дарысын бәріңе!

Қара жорға биін тамашалаңыздар

Жүргізуші

Наурыз мерекесі әр қайсыңызға көтеріңкі көңіл күй, қажымас қайрат, өшпен үміт пен шексіз махаббат әкелсін! Өмірлеріңіз қуаныш пен шаттыққа толсын!

Жүргізуші

Бұл жыл - баршаңыздың естеріңізде қаларлықтай қымбат естеліктерге толы болсын! Көңілдеріңізге береке, ынтымақ, достық пен күлкі ұяласын! Ұлыс оң болсын!

Жүргізуші

Ой қосылып ойыңа,

Бой қосылсын бойыңа!

Аман-есен жетейік,

Келесі Наурыз тойына!

Бірге:

Қош сау болыңыздар!








- Ақыл, әжеміз бізді дастарханға шақырып келе жатыр ғой деймін.

Әженің әуені:

Көктем - Наурыз тойында!

Құмар болып ойынға,

Іске үлес қоспаған

Ішер бір-ақ тостаған.

Еңбекқорға талапты,

Қоямын қос табақты.

Асқа кәрі - жасыңды.

Шақырып, ием басымды!

Жүргізуші

Шапағатын аямай бұл жақта аспан,

Жадырайды әр адам мұң шақпастан.

Ой ағайын, келіңдер! Бүгін бізде -

Наурыз көже құрт - қатық, тары қосқан.












Алдар көсе:Ә -Ә, ағайын,

Той деп жар салайын.

Наурыз тойға келіңдер,

Мен де бірге барайын!

Қожанасыр: Ағайын, тойға келіндер,

Мерекені көріндер!

Ұлу жылы келді еліме,

Той көрімдік беріндер!

Жүргізуші :

- Әсел болсаңдаршы енді, қонақтар келе жатыр, қонақтарды қарсы алайық!

Жүргізуші :

Армысыз әлемнің алтын шырағы,

Күн Ана! Төрлетіңіз!

Атар таңға, батар күнге тәу-тәу!

Күн Ана. ()

-О, қасиетті Жер Ана! Алла -тағаланың әмірін қалт жібермей орындап, адамзат үшін саған бас иемін. Мен сен үшін табиғат байлығына енген тау - тасыңнан, жан-жануарыңнан бастап адам затына дейін қуаныш нұрын себу үшін, өзіңнің гүл көктеміңді, Ару көктемімді шықырғалы отырмын.

Жүргізуші :

Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тіршілікке,

Құтты болсын қуанышың Ару көктем,

Шақыратын бәрімізді бірлікке.

Көктем Ару. ()

-Армысыздар халайық,

Бармысыздар халайық,

Наурыз тойын жұп жазбай,

Жылда қарсы алайық.

Өшкен шырақ жағылсын,

Көктемнің әрбір ақ таңы,

Қуанышпен, жақсылықпен ашылсын.

Оқушы

- Бүгін ұлыстың ұлы күні! Ата бабаларымыздың сөзімен айтсақ

«Ақ түйенің қарны жарылған күн». Ендеше, Наурыз мейрамының салтанаты Наурызды шақырайық.

Оқушы

- Наурыз келсе құт келгені халайық,

Есік ашып шын жүректен,

Ел болып қарсы алайық!

Күн Ана.

- Зарыға күткен жаңа жылым да,

Наурызым келді - ау!

Жаңа жылым жарылқа, ескі жылым есірке.

Ұрпақтарым аман ет.

Жамандық әрі кет, әрі кет.

Наурыз батырым төрлет!

Наурыз батыр.

Сәлем Анам алтын күн,

Нұр шуағы халқымның.

Ашық болсын аспаным,

Аман болсын жас - кәрің.

Жыл иесі қояным,

Құт иесі қояным,

Бақыт әкел еліме

Құт - береке молшылық

Дари берсін жеріме.

Жүргізуші :

- Рахмет; Наурыз батыр, Күн Ана, Ару көктем, тойымызға келген қадамдарыңызға нұр жаусын!

Жүргізуші :

Бүгінгі тойымыздың сәні мен әні болыңыздар!

(Музыкалық номер Ән )

Қызыр ата: ()

- Уа, ағайын! Бүгінгі күн мен түн, жарлы мен бай, хан мен қара теңескен қасиетті Наурыз мерекесі баршаңызға құт әкелсін!

Беу, халайық! Жер Ананы мекен еткен күллі адамзаттың үштен бірі - барша мұсылмандардың қасиетті мейрамы - Әз Наурыз әр отбасына береке әкелсін!

Жыл, 12 ай, 365 күн асыға, аңсай күткен, жер жүзі мейірге, жылулыққа шомылған, қыз-бозбала құлпырған киелі Наурыз сендерді шаттыққа бөлесін!

Тазша бала мен Алдар көсе ортаға шығады.

Тазша бала: ()

- Ассалаумағайлекум Қызыр ата!

- Уағалейкум ассалам.

Қызыр ата:

- Алдар көсе, Тазша балам, екеулеріңнің бастарың қосылып қалыпты ғой? Жақсылыққа болғай.

Тазша бала:

- Қызыр ата, біз жай қыдырып жүрген жоқпыз, ұлттық дәстүр, ән - жырды ел есіне түсіріп, жастарға таныстырып жүрміз.

Алдар көсе: ()

- Қызыр ата, жақсы пейілді адамдарға көмек көрсетіп, қара ниетті адамдарды алдап жүрген жайым бар!

- Менің бір әнімді тыңдап көріңіздер!

Мен Алдармын, Алдармын,

Сайтанды да алдаймын.

Алдар көсе:

Уа, тоқтаңдар, жарандар,

Ана жаққа қараңдар.

Той қазанын көтерген,

Бұл не қылған адамдар?

Бұл кім десем апыр-ау,

Шығайбай ғой бәтір-ау.

Меңсұлу қызы қасында,

Шықбермес қой расында!

Алдар көсе:

(Шапанымен қазаңды жауып жатқан Шығайбайдың қасына келіп):

Не істеп отырсың, байеке?

Жұмыртқа басқан тауықтай.

Қазанға жапқан шапаның

Отқа жанса қауіп қой.

Шығайбай:

Қазан жоқ бұл жерде…

Алдар көсе:

Қуын қара байекенің

Наурыз тойында қазанын қорғамақ!

(Сол кезде дабыл қазылады)

Алдар көсе:

Аттан! Аттаныңдар!

Байеке, бол, тез аттан.

Қасқыр шапты қойыңа!

Шығайбай:

Ойпырмай, бұл қалай?!

(Алқына жүгіріп шығып кетеді)

Алдар көсе:

Бай асығыс кетті ғой қасқыр қуып,

Кәне, алыңдар, қалмасын тамақ суып.

Қызыр ата байқаған шығарсыз өнерімді?

Қызыр ата:

- Әй Алдарым- ай, мына тұрған мені де алдап кететін түрің бар-ау.

- Тазша балам сен қандай өнер көрсетесің?

Тазша бала:

- Мен бе Қызыр ата? Менің барғой, қолымнан келмейтіні жоқ. Мереке қонақтарын би билетіп, ойын ойнатып жіберем.

Қызыр ата:

- Жарайсың Тазша бала, ойыныңды да ойнатарсың, енді балалардың өнерін тамашалайық.

(Музыкалық номер Би «Қара жорға»)

Оқушы

Тазша бала:

Ей, балалар, балалар,

Енді маған қараңдар!

Наурызды тойлайық,

Қызық ойын ойнайық

Ойындар ойнатылып, сыйлықтар таратылады.

«Бүркіт» деп аталатын ойын. Ойын шарты: ойнаушы жүресінен отырып, екі аяғының аралығынан екі қолын жерге тіреп, еңкейіп жердегі орамалды түйіншегінен аузымен іліп алуы керек. Бұл ойын екі білектің күшін сынауға арналған.

(Арқан тарту)

Жүргізуші

Жүріңдер наурыз тойға басып аяқ,

Қалыс адам болмасын некен-саяқ.

Ән шырқап, би билейік қауым болып,

Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.

(Музыкалық номер Ән «Наурыз думан» орындайтын )

Оқушы

Наурыз келсе, барлығы жасарады.

Жасарады, табиғат жасалады,

Алпыс төлдің анасы ақ жүрекпен

Аластасын пәледен босағаны. - Алас! Алас!

Әже : Алас! Алас! Еліміздің елдігін тоздырғысы келетіндерден,

Ерімнің ерлігін жойғысы келетіндерден Алас!

Соғыстан, табиғат апатынан барша жамандықтан Алас!

Жүргізуші

Аластаса әжеміз босағаны

Бар жаманның көңілден босағаны

Жеті шырақ жаңа өмір жаршысындай

Лаулап жанып жақсылықты тосады әлі.

Жүргізуші

- ....... сен қазақ халқының салт-дәстүрлерін білесің бе?

Жүргізуші

- Әрине білемін.

Жүргізуші

- Ал, Наурыз мейрамы туралы не білесің?

(Музыкалық номер Ән «Қазақтай ел қайда» орындайтын ....................)

Жүргізуші

Көктем жетті көл-көсір шуақ құрып,

Қыс барады қиылып, жылап тұрып.

Шатырында үйлердің Наурыз жүр,

Мұз пердесін ақпанның лақтырып.

Жүргізуші

Жаңғырар дәстүр салтымның

Көзделсін бұлақ жалғасы.

Қастерлі менің халқымның,

Мереке Наурыз ― жыл басы!

(Музыкалық номер Ән «Бұлқынды жүрек» орындайтын .......................)

Жүргізуші

Көргенде қуанасың таза ауаны,

Құлаққа естілгендей жаз әуені.

Жыл сайын тойланатын мәңгі - бақи,

Наурызың құтты болсын, қазақ елі.

















Наурыз-құт береке мерекесі

Жарияланды 5-02-2013, 17:55 Категориясы: Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Наурыз - құт береке мерекесі»
Мақсаты: Наурыз мерекесі - шығыс халықтарының көпшілігінде көктем мен еңбектің ежелгі мерекесі екенің түсіндіру. Күн мен түннің теңелген күні мейрамдалады. Наурыз көже ерекшелігі жеті тағамның ерекшеліктерін айтып түсіндіру.
Бастаушы: 1. Қош келіпсіз, құрметті ата - аналар,
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған.
Балғын шақты біз бақытты балалар!

2. Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би - биленіп, ән де бүгін шырқалар!
Ән: «Наурыз - жыл басы»
Наурыз тойы тамаша,
Наурыз тойы жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
Наурыз тойы салтанат,
Наурыз тойы мархабат.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап.
Оқушылар: Қарсы алайық Наурызды (музыка тоқтайды).
Наурыз - қыз: «Наурыз» қызбын.
Нөкерлерім қасымда.
Ұлыс күнге,
Жеттім міне асыға.
Келген жылым,
Жақсылыққа басташы.
Қуанышпен әр үйдің,
Босағасын атташы.
Келген жылым,
Шуағыңмен, тасып от.
Адамдарды бір - біріне ғашық ет.
Келген жылым,
Болсын дәйім бақытты.
Тыңдаңыздар енді халқым,
Жыл иесі Жыланды.
«Наурыз - 2013» - жаңа жыл (жылан келеді).
жылан: Мен Жыланмын.
Жалғаймын Ұлу жылдың жора күнін.
Келдім мен ақ тілекті жалау етіп,
Даярлық сыныптың қонағымын.
Мен Ұлумын жақсы оқудың жалауымын,
Өнегелі тәртіптің алауымын,
Бұл сыныптың, намысының бастауымын,
Бұл мектептің алға сүйрер тарауымын.

Өлең өрлеп, жыр самғай
Үйлесті әсем сәніміз
Болады екен жыл сондай
Қандай болса Наурыз.
Жан қалмасын жай тұрған
Мәз болсын жас кәріміз
Күй шертілсін, ән айтып
Би билейік бәріміз.

Би «Айгөлек» /қыздар/

Бастаушы: Наурыз келсе,
Құт келгені халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық. (шашу шашылады)
(Ән. «Наурыз». Әні: М. Ілиясовтікі).

Бастаушы: Уа, халайық, құлақ сал!!!
Жақсылыққа қашанда,
Жан баласы тоймаған,
Жаңа жылдың басы деп,
Жылда бізбен тойлаған.
Шашу шашып көл - көсір,
Көжесі қазанда қайнаған.
Әнге ырғағы жарасқан,
Асқар таудың шыңдары.
Ақ жаулықты аналар!
Ақ кимешегі наурыздың аппақ қарындай, ананың аппақ арындай әжеміз наурыз көже әкелді. Қош келдіңіз, әже!

Әже: Наурыз құтты болсын! Осы мейрам әр шаңыраққа бақыт, табыс, қуаныш әкелсін.
Ұлыс бақты болсын!
Әр күндерің жақсы болсын!
Ақ мол болсын!
Бәле жала жерге енсін!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Оқушы: Наурыз тойын әдемі,
Әжем еске түсірді.
Біздерге арнап әдейі,
Наурыз көже пісірді
Оқушы: Ашылды да кебеже,
Дәм әзірлеу басталды.
Әжем наурыз көжеге,
Жеті түрлі ас салды.

Бидай, күріш, тары бар,
Бар сұр ет пен шұжығы.
Ащы құрты тағы бар,
Көже елдің ырзығы.
Оқушы: Ал, халайық тұрмайық.
Әндетейік шырқайық.
Ортамызды ашайық.
Думандатып би билеп,
Ән мен күйді төгілдіріп,
Інжу - маржан шашайық.
Жиналған жұрт таң қалсын,
Өнерден күмбез жасайық!
Би: «Батырлар биі» ұлдар тобы.

Қыс өтіп, қар кет
Шырайлы жаз жетіп,
Шаруаның кенелген,
Мейрамы ежелден.
Құтты болсын, Наурыз!
Жаңғырар дәстүр салтымның,
Көзелсін бұлақ жылғасы.
Қастерлі менің халқымның,
Мереке «Наурыз» жыл басы..
Алдар - Көсе: Күн мен айға әлемнің
Берем ыстық сәлемін
Қарттарыма сүйініп,
Сәлем берем иіліп
Орындалды ойларың
Құтты болсын тойларың!
Ей балалар - 2 рет
Енді маған қараңдар
Наурызды тойлайық
Қызық ойын ойнайық.
Ойын «Ханталапай»

Алдар - Көсе: Айтыссыз мына өмірдің несі көктем.
Айтыс десе қазекемнің есі кеткен
Ақынның тауып айтқан өткір сөзі
Көкейін тыңдаушының тесіп өткен.
Ақыл. білім жастарда
Сөз беремін жастарға
Нұрдаулет, Еркеназ - өреннің
Тыңдайық айтыс - өнерін!
[center]Айтыс: /Тоғжан - Алихан/[center]
Осы кезде «Тазша бала» дорбасының ішінде нөмірленген асықты оқушыларға үлестіріп береді. Содан соң осы асықтың нөмірін атап, сұрақтар қояды. (сайыс түрінде өтеді).
Қошақан тобы: №1. Наурыз дегеніміз не?
№ 2. Наурыз туралы қандай мақал - мәтел білесің?
№3. Наурыз туралы ән немесе өлең айт.
№4. Жеті қазынаны ата.
№5. Жеті ата дегеніміз қандай ұғым? Атауларын ата.
Ботақан тобы: №1. Үш тәттіні ата.
№2. Үш арсыз не?
№3. Шұбат дегеніміз не? Ол қалай дайындалады?
№4. Төрт түлікке қандай жануарлар жатады? Аттарын ата.
№5. Наурыз көже дегеніміз не?
Ойын: «Теңге алу»
Күн ғой бүгін жарылған
Ақ түйенің қарыны
Ақ дастархан жайылған
Лаулар ошақ жалыны
Ұлыс күні ұлыстың
Күн мен түнді теңеген
Тәтті дәмін ырыстың
Таттық Наурыз көжеден.
Жасай берсін жаңа күн
Туа берсін жаңа жыр
Дүр сілкінсін дала бір
Құтты болсын Жаңа жыл.
Құтты болсын Наурыз - той
Құтты болсын жаңа жыл!
Ән. «Қазақы дастарханы»
Бастаушы: Ән қосылсын әніңе,
Сән қосылсын сәніңе!
Ырысты боп жаңа жыл,
Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа!
Аман - есен жетейік.
Келер Наурыз тойына!

Мерекенің соңында әже балаларға бата беріп, қонақтарды



































































Бақ-берекем, құт-берекем - әз Наурыз!

Мақсаты: бүкіл түркі халқының ұлық тойы - Наурыз мерекесін ұлттық салт- дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Мектеп алдындағы мереке өткізілетін үлкен алаңға әр сыныптың бұрыштары ұйымдастырылған.Бұрыштар киіз үйдің ішіне ұқсастырыла жасалып,ұлттық нақыштармен барынша безендірілгені абзал.Оқушылардың қолымен жасалған қолөнер бұйымдары мен ұлттық киімдер, әр түрлі үй құстары, көгершіндер, тазы иттер, халқымыздың тұрмыстық тұтыну бұйымдары қойылады. Оларды таныстырытын бір-бір оқушысы дайындалғаны дұрыс.Тамашалаушы көпшіліктің ықыласын білу мақсатында әр бұрышқа тілек альбомдары қойылады.

Көрнекілігі:Мереке қарсаңында барлық жерге Жаңа жылдық рәміздік әшекейлер мен ұлттық ою өрнектермен жиектелген тілектер жазылады.

1) «Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын!»

2) «Дастархан берекелі болсын!»

3) «Ақ жарылқасын!»

4) «Жыл басы Наурыз, мол болсын дәм тұз !»

Барысы.

Алдар Көсе:Уа, халайық! Тойға келіңдер! Тойға!

Қожанасыр: Нұрлы Наурыз тойына келініздер!

Тазша бала:Уа, балалар!Сиыр жылының айтулы тойы, біздің мектептің Наурыз мерекесіне келіңдер!

Алдар көсе:Ә -Ә, ағайын,

Той деп жар салайын.

Наурыз тойға келіңдер,

Мен де бірге барайын!

Қожанасыр: Ағайын, тойға келіндер,

Мерекені көріндер!

Ұлу жылы келді еліме,

Той көрімдік беріндер!

Тазша бала: Алдар аға, бүгін тойға тіпті өлеңдетіп, сықыйып киініп келіпсіз ғой.

Жел бір жағынан кіріп, екінші жағынан шығып кететін шұрық тесік әйгілі шапаныныз қайда?

Алдар Көсе: биыл ұлу жылын ( мектептің нөмірін, атын,қысқаша жетістіктерін айтады) үлкен табыстар мен қарсы алып жатқанда жыртық шапан менің теңім бе?

Қожанасыр:Тотыша тақылдағған мұның кім тағы?

Алдар Көсе:Қожеке , танымадыныз ба, бұл Тазша бала ғой.

Қожанасыр:Тзша баламысың ,ей? Келші бауырым, құшағымы қысайын.

Тазша бала:Амансың ба? Қожеке!(Екеуі құшаұтасып амандасады.)

Алдар Көсе:Уа, халайық Тойға!Тойға!

Ұлыстың ұлы күні мерекеде

Кенелсін Қазақстан берекеге!

Қожанасыр: Наурыз мерекесі құтты болсын, ұлу жылы елімізге бақыт қонсын!

Тазша бала:Ұлу жылы болсын деп мақсат, асқар шың

Оқушылар:Наурыз думан басталсын!»(фанфара орындалады.)

1 сынып оқушылары: «Наурыз» тақпақтары.

Гулбану: Қадірменді ағайлар мен апайлар, құрметті оқушылар! Сіздердің алдарыңызда бақ пен ырыстың ,молшылық пен тоқшылықтың, ынтымақ пен бірліктің мерекесі келді.

Назерке:

Тәуелсіз биік халқымның,

Желбіреген туы шалқысын.

Әз Наурыз келіп еліме,

Жерана бойы балқысын.

Гүлбану: Қымбатты ұстаздар, қонақтар, сіздерді Ұлыстың ұлы күнімен құттықтай отырып, мектеп директорына сөз береміз.

Назерке: Наурыз көктем мерекесі

Наурыз жыл басы

Наурыз жаңа серпін.

Гүлбану: Наурыз қуаныш мерекесі,

Бақыт пен шаттықтың мерекесі

Наурыз шаруашылықтың мерекесі

Наурыз еңбектің мерекесі.

Алдарыңызда «Наурыз-думан» әнімен «Қыздар» тобын шақырамыз. Қарсы алыңыздар!

Назерке: «Ұлыс бақты болсын, төрт-түлік ақты болсын» дей отырып алдарыңызға мың бұралып майысқан, екі қолы қайысқан 3 сынып оқушыларын шақырамыз. «Үкілікәмшат» биі.

Гүлбану:

Наурызым ғажап туысың,

Ұлыстың ұлы күнісің.

Жылыттың жердің жүрегін

Жүрегі елдің жылысын!

Көрініс. «1 теңге».

Назерке:

Наурыз күткен көктемсің

Көгімнен ұшып жеткенсің.

Жеріме лебің гүл болды

Еліме бақыт жеткерсін.

«Қазақ биі» .6 сынып оқушылары.

Гүлбану: «Құлақтан кіріп, бойды алар, әсем ән мен тәтті күй» демекші «Су тасушы қыз» әнімен Ғалымжан мен Мединаны шақырамыз.

Назерке: көрініс «Алдар мен бай»

Гүлбану:

Наурызым тойлы нұрлы күн

Мерейің асып тұр бүгін.

Жерімнің жүзін жылыттың

Елімнің сақта бірлігін.

Ортада «Жаңа қазақтар» биі. 5 сынып оқушылары.

Назерке:

Қыс бойы қалтыраған қырат қырлар

Шуақтан қуат шашып егілгенде.

Аққулар ақ аспанда гәккулетіп,

Әуені нұрға өрлеп төгілгенде.

Ән «Қазақы дастарханы»

Гүлбану:

Наурызым жылдың басысың,

Қуаныш қартта жас үшін.

Көңілде шаттық тасыттың

Елімде ырыс тасысын.

«Сарыжайлау» әні: Лена мен Мерей.

Алдар: Уа, халайық, Ұлу жылы жақсылық орнасын!

Қожанасыр: Еш жамандық болмасын.

Тазша бала: Қол жайып бата сұрайық.

Қызыр баба:

Уа, қолыңды жай ағайын,

Кеудеңе от жағайын.

Мәртебесі мектептің

Аса берсін лайым.

Әдепті болып ұл-қыздар,

Жоламасын уайым.

Ұлу жылы әз Наурыз

Төрттік пенен бестікті

Сыйласын деп сұрайын.

Оқушылар озат болсын

Күнделіктері беске толсын.

Елбасымыз аман болсын,

Тыныштық заман болсын.

Әумин!

Гүлбану:

Қызыр бабам қолдады

Ақ батасын бергені.

Ырыс, дәулет молшылық елемізге енгені.

Назерке:

Қлыс күні кәрі-жас

Құшақтасып көріскен.

Гүлбану:

Сәулесіндей көріндің таңғы үміттің

Басын қостың сан ғасыр, сан ғұрыптың.

Жаса наурыз жарқыра көкте күндей

Мерекесі достықтың, мәңгіліктің.

Назерке:

Осымен бүгінгі концертіміз аяқталды. Келесіде кездескенше күн жақсы болсын ағайын!













Аяулы анашым

Міндеттері:
1. Өлеңді мәнерлі, сауатты оқуға жаттықтыру және өз ойларын ортаға салуға үйрету.
2. Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын, шығармашылық ойын. Танымдық қабілеттерін дамыту.
3. Аналарға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, ана еңбегін ардақтап, құрметтеуге тәрбиелеу.

I. Психологиялық дайындық.
Қуан шаттан (2)
Қуанатын күн бүгін,
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін.

II. «Анама» әнін айту
1. «Көмек» ойны. Балапандарынан айырылып қалған тауыққа көмектесу үшін, балапандар суретінің артқы бетіндегі сұрақтарға жауап береді.
- Балалар біріншіден әр тобымызға ат қояйық.
- Қане, аналардың сендерді қалай атап еркелетеді?
Айым, күнім, жаным, ботам, балапаным, қошақаным және т. б.
- Ендеше, аналарымыз бізді еркелетіп, аймалап, аялы алақанына салып отыр деп ойлаңдар.
І - топ: Қошақандар (қой туралы мәтін оқу)
ІІ - топ: Құлыншақ (жылқы туралы мәтін оқу)
ІІІ - топ: Ботақандар (түйе туралы мәтін оқу)
ІV - топ: Ақ лағым (ешкі туралы мәтін оқу)

III. Миға шабуыл жасау: «Бесік жыры» әнін қосу
Әрбір оқушы өз анасы туралы әңгімелейді.(Суретін салып, анасы туралы айтады)
Өмірде анаңнан артық адам жоқ, өйткені ол сені мәпелеп өсіреді, барын аузыңа тосады, дүниенің жақсысын саған сыйлайды, бар өмірін балаға арнайды. Түн ұйқысын төрт бөліп ақ сүтін береді. Сондықтанда еш бала өз анасын ренжітпеуі тиіс. Анасы бар адам бақытты. Ана деген кешірімді жан. Сенің барлық қылығыңды кешіреді, аяйды.

IV. Оқушылардың танымдық әрекеті.
1. Видео көрсету. Аналардың ақ ниеті.
- Ендеше, балалар осы айтылған мейрімді сөздерден «Ана» туралы мәтін құрастырайық.
Тірек сөздер: асыл ана, мәпелейді, еркелетеді, күтеді, ананың алақаны, сыйлау, ақылын айтады.
(Әр топ жетекшісі қорғайды)
V. Сергіту сәті

VI. «Ана» туралы қандай мақал - мәтел, тақпақ білесіңдер?
Әр сөзіңді жаттаған,
Жүрегімде сақтағам.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ анам!
Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүргі.
Ана десем сезім билер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық
Берсе барлық адамға ана мейірін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық.
Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
Ананың сүті - бал,
Баланың тілі - бал.
І - топ: Анаңды суреттеп айтып бер.
ІІ - топ: Анаңа қандай тілек айтасың.
ІІІ - топ: Үйіңде анаңа қалай көмектесесің?
ІV - топ: Аналарыңды қалай қуантар едің?
VIII. Олай болса, бәріміз аналарымызды жақсы көреміз.
Енді аналарымызға арнап қолымыздан гүл жасайық.

IX. Сөзжұмбақ шешу
1. Анаңның әкесі саған кім болады?
2. Өзіңді қайдан көре аласың?
3. Суда тіршілік ететін не?

X. Алған білімнің диагностикасы
Бес жол өлең
1. Кім? Ана
2. Қандай? Мейірімді, ардақты
3. Не істейді? Ойлайды, қорғайды, тілейді
4. Сезімді білдіретін сөз тіркесі: Анамды көргенде шаршағанымды ұмытамын.
5. Мәндес сөз: Шеше

XI. «Анаға» байланысты жақсы сөзді айта отырып, «Күннің шуағына» гүлді жапсыру. Төмендегідей сөздер айтады:
Менің анам - сұлу
Менің анам - мейірімді
Менің анам - аяулы
Менің анам - өмір нұрын себуші
Менің анам - ардақты
Менің анам - ақ жол нұсқаушы
Менің анам - қамқоршы
Менің анам - жанашыр

XII. Әнмен аяқтау. «Әр қашан күн сөнбесін»
Әр қашан күн сөнбесін,
Аспанға бұлт төнбесін.
Қасымда болсын анам,
Болайын мен де аман!

XIII. Аналарына сыйлықтар тапсыру.
Сабақ соңы







Тәрбие сағатының тақырыбы:
« Отбасы- тәрбие бесігі»
Сынып сағатының мақсаты:
Ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан, топ бастайтын, отбасы тәрбиенің қайнар көзі екендігін санамызда жаңғырту. Үш тұлға: ата-ана, бала, ұстаз арасындағы ашық әңгіме арқылы ұлттық қазақы тәрбиемізді оқушы санасына сіңіру. Жас жеткіншектерді ата-ананың қадірін, қасиетін, өнегелі өмірін, үлкеннің ақыл кеңесін тыңдауға, инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу. Бала тәрбиесінде ата-ананың орынының ерекше екендігін түсіну.
Сынып сағатының өту формасы: дөңгелек үстел
Сынып сағатының көрнекілігі: ұлағатты сөздер, ой толғау сұрақтары, шақыру билеті, фото-сурет, үй-ішілік альбомдар.
Сынып сағатының барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
1.Тақырыппен таныстыру
Отбасы ошақтың үш тағаны сияқты, олар- әке, ана, бала. Үшеуінің бірлігі отбасының бірлігі. Қоғамдағы әр шаңырақтың босағасы берік, мерейі үстем болмай , мем лекетіміз мықты болуы мүмкін емес.. Бала- ата-ананың игі істерін жалғастырушы болашағы.
Атамыз қазақ «Бала-адамның бауыр еті», «Балалы үй базар» дейді. Өйткені, бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы - бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.
Әр бала-дара тұлға. Бала тәрбиесінде жаман қылықтар көрсетуден аулақ бо-лып, балаға үлгі бола алсақ- жан-жақты дамыған, шығармашылық қызығуы бар ұрпақ тәрбиелей аламыз. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дегендей жақсы тәрбие беру ата-ананың парызы. 2. Топқа бөлу «АНА» , «ӘКЕ»
Әр топтың оқушылары отбасы туралы тақпақтар айтады.
3. Әке мен шеше, ата мен әже, аға мен әпке - біз жақсы көретін ең жақын адамдар. «Ата - бәйтерек,бала -жапырақ», «Әкеден - ақыл,анадан- мейір», «Ағасы бардың- жағасы бар,інісі бардың - тынысы бар»,-дейді халық. Осындай ынтымағы бір, тілегі бір отбасында өмір сүріп жатқан біз-бақыттымыз (хормен).
4.Бүгінгі біздің тәрбие сағатымызға қонаққа келіп отырған отбасымызды таныстырайын. Бала таныстыруды айтады.
Таныстырылым. «Әке көрген от жонар, шеше көрген тон пішер!» Ата-әже туралы.
5.Оқушылардың көрінісін тамашалаңыз. Ситуациялық көрініс.
Апа, Апа, маған ұялы телефон (сотка, сотка) алып берші! деп анасын мазалайды .Анасы әртүрлі сылтау айтып, көңіл бөлмейді.
-Кейін алып берермін
-Не қажеті бар? Осы ситуацияны үлгілі отбасына талқылауға беру.
Сұлтаналы отбасына сұрақ:
Осындай жағдайда сіз не істер едіңіз?
6.Оқушылар постар қорғайды «ӘКЕ» , «АНА»
7.Үлгілі отбасының арнауы «Ата-әже, әке-шеше» туралы ән орындайды.


8. Қорытыныды:
«Әке- асқар тау. Ана- ағып жатқан бұлақ, бала жағасындағы құрақ» таныстырылымын көрсету.
Әке асқар тауымыз әр уақытта биіктен көрінсе, ағып жатқан бұлақ сарқылмайтын қазына болса, сол бұлақтың жағасында әр кезде жап-жасыл құрақтар өсіп тұрса, табиғатымыз отбасымыз, әсем болмай ма? Сыйластық пен мейірімділік орын алған отбасы ешқашанда шайқалмайды. Болашақ Қазақстанның әрбір отбасы тату болса, еліміз де тату болады.
Әлем өзгеруде. Мысалы: Жапонияда ата-аналар мен мектеп тығыз байланыста болып, әр сабағына қатыса отырып, демалыстарда да «ашық есік» күнін өткізеді екен. Біздер де үнемі осылайша мектеппен байланыста болып, өзгеруге, дамуға әзір боламыз деп ойлаймын.

Дастарқанның басында
Әдептен біз озбаймыз:
Үлкендердің қасында
Қолды бұрын созбаймыз.

Тамақ ішер кезде енді
Сөйлемейміз,күлмейміз,
Астан басқа өзгені
Елемейміз,білмейміз!

Атамнан басталар,
Әжемнен қосталар
Отбасым мынылар:
Ең жақын адамдар-
Әкем мен анам бар,
Бір туған ағам бар,
Бір туған апам бар...
Бәрін жақсы көремін,
Еркелеймін,еремін!

Титтей бөбек кезімнен
Әлдилеген емізген,
Еркелетіп күлгізген,
Алғаш «апа» дегізген.

Кішкентайы-мен үшін
Тағат,байыз таппайтын,
Не жемесін, не ішсін,
Менсіз тағам татпайтын.
Шомылдырып кешкісін,
Мен жатпасам,жатпайтын-
Анам менің қандай-ды!



Ерте кетіп жұмысқа,
Үйге кештеп қайтатын,
Болған күндіз құрылыста
Қызықтарды айтатын.

Жаз келісімен,күн қызып,
Машинасын жүргізіп,
Барлық көрші баланы
Маған қоса мінгізіп,
Аралайтын даланы,
Қыдыртатын қаланы-
Әкем менің қандай-ды!

Қарағанда басқаға,
Қызықты көп бастайтын.
Күнде ертемен бақшаға
Мені апарып тастайтын.
Талай-талай істерде
Үлгі болар біздерге
Ағам менің қандай-ды!

Төрт жас үлкен өзімнен,
Оқи,жаза білетін.
Мені титтей кезімнен
Ойнатуды сүйетін.
Кітабынан кіл қызық
Әңгіме оқып беретін-
Әпкем менің қандай-ды!



Тақырыбы: Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ.

Мақсаты: Оқушылардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету; зиянды заттар мен әдеттердің(ішімдік ішу, шылым шегу, дұрыс тамақтанбау) ағзаға тигізетін әсерін ұғындыру арқылы өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау сезімдерін дамыту; денсаулық сақтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулу, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.

Түрі: тренинг

Көрнекілігі: денсаулық жайлы мақал-мәтелдер, сюжетті суреттер, витамин, сағыз, тәтті сусын, чипсы және т.б.

Барысы:І. Кіріспе.

ІІ. Маман кеңесі.

ІІІ. Сергіту сәті.

ІҮ. Жұмбақ шешу.

Ү. Зиянды әдет - мың бір әдет.

ҮІ. Мақал-мәтел айту.

ҮІІ. Рефлексия.

І. Кіріспе.

Мұғалім:- Құрметті оқушылар, ата-аналар, ұстаздар! «Денсаулық - зор байлық» деген мақал тегін айтылмаса керек. Денсаулық болса бәріде болады. Денсаулық - табиғаттың адамға сыйлаған құнсыз сыйлығы. Әйтсе де денсаулық адамға өмірлік болып берілмеген, сондықтан оны сақтау керек. Адамның денсаулық жағдайы адамның тамақтану әдетіне, кәсібіне, өмір сүру салтына, өзіне тікелей байланысты. Әр адам дені сау, күшті, сергек, бақытты болуға ұмтылады. Балалар, бүгінгі тәрбие сағатының «Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ» аталуы тегін емес екенін енді түсінген боларсыңдар (мақсатына тоқталу). «Ас - адамның арқауы» дейді халқымыз, балалар, қалай ойлайсыңдар, дұрыс тамақтанудың денсаулыққа пайдасы бар ма?

- Ал, дұрыс тамақтану дегенді қалай түсінесіңдер?

- Тамақты уақытында ішу;

- Ақ нанды мүмкіндігінше сирек жеу;

- Дастарханға тамақ ішерде ғана отыру;

- Тамақты асықпай әбден шайнап жеу;

- Тамақ мәзірі әртүрлі болуы керек;

- Суды мөлшерден тыс ішпеу керек.

- Қолды жууды ұмытпау керек.

- Жемістер мен көкөністерді жумай жемеу керек.

(Сол сәтте сабақтың үстіне есік қағып Жалқаубек келеді.)

Жалқаубек: - Сәлеметсіздер ме? Сіздерде керемет сабақ өтіп жатқанын естіп, балалармен бірге мен де тамақтану құпиясын білейін деп келдім және құр келмедім. Балаларға базарлық ретінде тәтті сусын, сағыз, чипсы әкелдім.

(Сөмкесінен әкелген заттарын шығарады)

- Ұялмай алыңдар, балалар, сендерге әкелдім бәрін.

ІІ. Маман кеңесі.

Мұғалім: - Жалқаубек, асықпа. Бізбен бірге отыр. Қазір сенің әкелген тамақтарың туралы дәрігерден сұрайық. Құрметті дәрігер, газды сусын, сағыз, чипсиді тамақ ретінде қолдануға бола ма?

Дәрігер: - Газды сусынның құрамына түрлі консерванттар, бояғыш пен ароматизаторлар - дәм беретін, иіс беретін заттар кіреді, олар азқазан мен ішек жолына жағымсыз әсер етеді. Газды сусындағы көп мөлшердегі қант тіс құртының пайда болуына себепкер болады. Жәй тәтті газды сусын құрамында баланың ағзасына қажетті витаминдер не болмаса минералды заттар жоқ.

Мұғалім: - Ал, көп балалар жақсы көретін сағыз туралы не айтасыз?

Дәрігер: - Қанттың тіс құртының, яғни тіс ауруының басты себебі екенін мамандар ертеден-ақ дәлелдеген. Ал сағыздың құрамында қант бар. Дәрігерлердің тәжірибесінде іш ауруы мазалаған баланың ішегінен тас болып қатып қалған сағызды алған, сағызды абайсызда жұтып қою өте қауіпті. Ағзаға еш пайдасы жоқ, артық жайсыздықтарға әкелетін сағыздың не керегі бар.

Мұғалім: - Сізге рахмет, дәрігер. Енді диетолог маманнан сұрайтынымыз: чипсы, яғни қуырылған картоп денсаулыққа зиян емес пе?

Диетолог: - Балалар, ғалымдар қуырылған картоп пен чипсидің құрамынан бірнеше зиянды заттарды тапқанын білесіздер ме және пластмасса мен бояу өндіруде қолданылатын заттар да тапқан. Бұл заттар жүйке жүйесіне улы әсер етеді. Газды сусын, чипси, кәмпит жейтін балаларда витамин жетіспейді, тамақ құрамында витаминнің жетіспеуі оқушының оқу үлгерімінің төмен болуына, тәртіптің бұзылуына себеп болуы әбден мүмкін дейді ғалымдар.

Мұғалім: - Балалар, Жалқаубектің ұсынған тамағын қабылдаймыз ба? (Жоқ)

Мұғалім: - Ал қандай тамақ пайдалы?

Оқушы: - Құрамында минералды заттар мен витаминдері бар тамақ ағзаға пайдалы.

Дәрігер: - Ал, витамин(дәрумен) дегеннің не екенін білесіздер ме?

- Витамин адам ағзасына қажетті зат, vito - өмір, amin - қажетті деген латын сөзінен тұрады. Егер витамин жетіспесе адам ауырып қалуы мүмкін.

Мұғалім: - Витамин туралы бірненше оқушыға тапсырма берілген еді, соларды тыңдайық.

1-оқушы: - Балалар, дұрыс өсіп, жақсы көру үшін және тістерің мықты болсын десеңдер А витамині керек. Ол сәбізде, қызанақта, балық етінде кездеседі.

2-оқушы: - Сендер мықты болу үшін, болмашы жағдайға ренжіп көңілсіз жүрмеу үшін В витамині өте қажет. Оны күріштен, бұршақтан, сырмен наннан алуға болады.

3-оқушы: Егер суық тимесін десеңдер, үнемі сергек жүру үшін С витамині керек. С витамині қарақатта, итмұрында, лимон мен пиязда, болғар бұрышында, капустада, шиеде көп кездеседі.

Диетолог: - Дұрыс айтасыздар, көкөністер мен жеміс-жидек - пайдалы тамақ. Олардың құрамында иммунитетті нығайтатын, күшейтетін, көптеген аурулардың алдын алатын витаминдер бар.

Мұғалім: - Міне, көрдің бе, Жалқаубек, бұдан былай қандай тамақ пайдалы екенін біліп жүретін болдың. Ендігі кезекті биге берейік.

ІІІ. Сергіту сәті.

- Әйгілі «Қаражорға» биін билейік.Би - қозғалыс. Қозғалыс - денсаулық. Денсаулық - зор байлық.

Би «Қара жорға»

ІҮ. Жұмбақ шешу.

1.Оны күткен адамдар

Ұзақ өмір сүреді.

Қадірін білген жарандар

Байлық осы деседі. (Денсаулық)

2. Бір-бірімен дос туыс,

Тау түбінде қос қуыс. (Мұрын)

3. Жарасы жоқ сыздайды,

Өртенеді, мұздайды. (Жүрек)

4. Ертемен күнде сен

Қолыңа сүйкесең.

Кетіп кір, ласың

Тап-таза боласың.

Бұл не? (Сабын)

5. Шомылған баланы

Аймалап алады:

Сүртеді қолын да,

Сүртеді жонын да.

Бұл не? (Сүлгі)

6. Сырты жаман, іші жын,

Абыройын түсіреді кісінің. (Арақ)

7. Түтін болып кіреді,

Күркіл болып жүреді. (Темекі)

Ү. Зиянды әдет - мың бір індет.

Мұғалім: - Арақ ішіп, темекі шеккен,

Денсаулық түбіне жеткен, - деген нақыл тегін айтылмаған. Маскүнем адамдардың қоғамға тигізер пайдасынан зияны асып кетеді. Олар адамдық бейнеден кетеді. Қоғамда белгілі орны жоқ. Тұрмыс жағдай, ой-өрісі төмен жандар. Өмірі қайғылы аяқталуы мүмкін. Осы зиянды заттар туралы не ойлайсыңдар?

Оқушы: - Спиртті ішімдіктер - адам ағзасын ірітіп-шірітетін заттар.

Оқушы: - Ішімдіктердің құрамында адамға зиянды улы заттар көп болады.

Оқушы: - Бір сөзбен айтқанда, ағзаны улайды, ең соңында ішімдікке салыну өлімге әкеледі.

Мұғалім: - Темекі түтіні тартып тұрған адам ғана емес айналасындағы адамдарға да кері әсер етеді. Темекі құрамындағы негізігі зат - никотин. Осы никотин жүйке жүйесіне, ас қорыту, сондай-ақ тыныс алу және қан тамырлар жүйесіне әсер ететін ерекше «У». Темекі шегу ақырын ғана өлімге жетелейді. Дүние жүзінде жыл сайын 3 млн адам темекі кесірінен қайтыс болады. Балалар арасында да үлкендерге еліктеп темекіге әуестенушілер өте көп. Темекі шегуге әуестенетін достарыңа не айтар едіңдер?

Оқушы: - Темекі шегу - халық арасына кең тараған зиянды әдет және ол адам ағзасын іштей жейтін құрт.

Оқушы: - Әрбір тартылған темекі тартушының өмірін сегіз минутқа қысқартады екен.

Оқушы: - Темекіде смола күйе деп аталатын жабысқақ зат болады. Күнделікті темекі тартатын адамның өкпесінде 1 жылда 1 литр смола жиналады екен.

Мұғалім: - Дені сау ұрпақ - елдің ертеңгі жалғасы. Сондықтан адам ағзасын улайтын әдеттерден аулақ болыңдар. Енді денсаулық жайлы мақал-мәтелдер айтып көрейік.

ҮІ. Мақал-мәтел айту.

- Дені саудың - жаны сау.

- Денсаулық зор байлық.

- Шынықсаң шымыр боларсың.

- Ас адамның арқауы.

- Тазалық - денсаулық кепілі.

- Дана көптен шығады,

Дәрі шөптен шығады.

- Ішің ауырса, аузыңды тый.

Көзің ауырса, қолыңды тый.

- Ауырып ем іздегенше,

Ауырмаудың жолын ізде.

- Ыдысы тазаның - ырысы таза.

- Қотыр қолдан жұғады.

- Ластың досы - шыбын.

- Емнің алды - еңбек,

Еңбек бәрін жеңбек.

- Аурудың жақсысы жоқ,

Дәрінің тәттісі жоқ.

ҮІІ. Рефлексия.

- Балалар, бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?

- Денсаулық сақтау үшін немен шұғылдану керек?

- Денсаулықты әлсірететін қандай жағдайлар?

Мақсатымыз - салауатты өмір сүру,

Үлкенге ізет, кішіге көмек қылу.

Әдеттен жаман жиреніп,

Жақсыны тек үйрену, таза жүру.

Салауатты өмір салтын біздер сақтаймыз,

Жас ұландар ерініп бос жатпаймыз.

Болашақтың жарқын тұрған төріне

Дені сау ұрпақ салтанатпен аттаймыз.

Воспитательный час на тему Жолда жүру ережесі 8 класс









Қазақша Тәрбие сағат: Қазақстан жолы - 2050 "Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" (8 сынып) Қазақша Тәрбие сағат: Қазақстан жолы - 2050 Тәрбие сағатының тақырыбы: Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н. Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер. Тәрбие сағатының барысы: Қазақстан туралы не білеміз? Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын. Мен еліммен мақтанамын. Елімнің гүлдене бергенін қалаймын. Ой қозғау: - Біз қандай мемлекетте тұрамыз? - Қазақстан. - ҚР - ның халқы қай тілде сөйлеу керек? - ҚР - ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек. - Біздің тұңғыш президентіміздің аты - жөнін білесіңдер ме? - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. - 17 қаңтар күні «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауын жариялады. Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды. Сөзжұмбақ «Жолдау» сөзі шығу керек. 1. Әлемдік сөзінің синонимі (жаһандық) 2. Отағасының антонимі (отанасы) 3. Ата - ана тәрбиелейді? (бала) 4. «…- біздің табысты болашағымыздың негізі» (Ұлт денсаулығы) 5. Тіл дамуы, сақталуы үшін қандай қаріпке көшпекпіз? (латын) 6. Ел ертеңі жарқын болу үшін не істеу керек? (Білім алу) - Ендеше, балалар, бүгін Жолдау туралы әңгімелесеміз. Қазақстан - 2050 стратегиясының логотипін таныстыру 2050 Стратегиясының жаңа логотипі бірліктің мазмұны. Ол қазақтың ұғымындағы бірлік пен қауымдастық белгісін бейнелейтін әлем аллюзиясының бірігуі мен үндесу идеясын көрсетеді. Біріншіден, логотиптің негізі болып табылатын шаңырақты біз алдымен елтаңбадан көре аламыз. Шаңырақ өз үйіміздің призмасынан көрінетін аспанның символы. Бізде ортақ аспан, ортақ Отанымыз Қазақстан және ортақ ұлттық идеямыз 2050 Стратегиямыз бар. Шаңырақ сөзі «шаң» - күн деген ұғымнан бастау алады. Сол себепті де болар, ол қазақстандықтарға көпұлтты елдегі бірліктің белгісі ретінде танылады. 2050 Стратегиясының жаңа логотипінен қазақ киіз үйінің керегесін де аңғара аламыз. Керегенің мақсаты киіз үйді біріктіріп ұстап тұру десек, біз алып отырған кереге беглгісінің Стратегия айналасындағы ұлтымыздың ұйысу идеясы болып табылады. Сонымен қатар, қиылысқан сызықтардан еліміздегі барлық ұлт өкілдерінің бірлігі, сондай - ақ, еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейінгілердің өзара татулығын байқаймыз. Өйткені, қазақстандықтардың барлығы тізе қосып әрекет қылғанда ғана ұлы белестерді бағындыра алмақ. Стратегия символының негізі мемлекеттік елтаңба, шаңырақ, кереге, дархан дала көкжиегі, теңіздің шексіздігі, ағайынды жұрттың қол ұстасуы мен ел бірлігі. Белгінің мазмұны бірлік пен қуатта. Аталмыш белгі Қазақстан халқына етене таныс және жақын болып келетін дөңгелек шеңбер түріндегі қиылысқан жартылай мөлдір сәулелерден тұрады. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жалпы тәуелсіздігіне жиырма жылдан астам уақыт болған ел егемендігінің тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс - тіршілігінің дамуына бірден - бір ықпал еткен фактор - бұл Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауы екендігіне көз жеткізер едік. Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3 - 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс», деп атап көрсетті. Осыған орай, үлкен жауапкершілік жүктеліп отырған мұғалімдерге жаңашылдықпен жұмыс жасауға тура келеді. Ең алдымен барлық пән бойынша білім сапасын арттыру керек. Сол мақсатта Ақтөбе қаласындағы №32 орта мектеп - гимназия мұғалімдері де тынбай еңбектеніп, өз үлестерін қосуда. 2013 - 2014 оқу жылынан бастап, мазмұнды және оқыту технологиясын жаңарту негізінде орта білім берудің сапасын елеулі арттыру мақсатында экспериментті «e - Learning» электронды оқыту жүйесі енгізілді. e - Learning электрондық оқыту жүйесі - Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қосылған ауқымды мемлекеттік жоба. Тағы бір жайт - тіл мәселесі. Сондықтан Елбасымыз да тілді дау - дамайдың төркініне емес, даму мен өркендеудің негізіне, ұлттың ұйытқысына айналдыру - баршамыздың парызымыз екендігін бәрімізге де тағы бір мәрте тиянақты ұғындырды деп ойлаймын. Ақтөбе қаласындағы тұңғыш қазақ гимназиясы қазақ тілін дамытуда ауқымды шаралар өткізе отырып, тіл мәртебесін одан әрі өркендетуге зор міндеттер қойып отыр. Мәңгілік елдің мәңгілік тіліне айналған тіліміздің мәртебесі арта берері анық. Елбасының әр Жолдауы - толғауы терең қайталанбас дүние. Биылғы Жолдау да Президентіміздің өзіндік стиліне сәйкес көптеген ерекшеліктерімен ел есінде қалады деген сенімдемін. Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы - балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне -«Бала тәрбиелеу - болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Адамзат өзінің байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен қамқорлыққа шақыруы көңілге қонымды. Отағасының серігі отанасы демекші Елбасы Жолдауында әлеуметтегі әйел адамның рөлі, оның келешегі жөнінде айтылған. Әйел адам ең алдымен - ана. Ал ана - отбасы, мемлекет шамшырағы. Қыз баланы - ұлттық дәстүрде тәрбиелеп, құрметтеу керектігін, оны зорлық - зомбылықтан сақтау, заманға сай білім алып, кейін қызмет етуіне құқылы екендігі айтылған. Баланы жалғыз тәрбиелеп жатқан аналарға көмек көрсету, олар үшін икемді еңбек түрлерін қалыптастырып, үйде жұмыс жасауларына жағдай туғызу перспективасы қуантады. Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ. Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы - Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз. Ән: Елім менің.( тыңдалады) Өлеңдер оқылады. (тіл, тәуелсіздік, отан туралы) Қорытынды: - Жолдау туралы не түйдің, осы айтылған тарауларда не айтылмады? «Ойын» «Мен президент болсам халыққа Жолдауым…» Оқушыларға өз ойларын айтқызу. Ән: Көк тудың желбірегені. (тыңдалады) Мен 21 - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін. Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады. Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық. Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын! Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! - деген елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымды аяқтаймын. Тыңдап сабаққа қатысқандарың үшін рахмет!




Тәрбие сағаты: Балалардың құқығы

Қоғам үшін қауіпті адам , ол - қылмыскер. Қылмысқа жақын кісі, өзінің жеке басының мақсатын іске асыруды көздеп жүреді. Ол сол жолда тіпті ештенеден тайынбайды. Біреуді жәбірлейді, әлдебіреудің қанын төгеді, тонайды, ұрлық жасайды, бопсалаумен айналысады. Бұл ретте қылмыс табиғатын, мәнін түсіну қиынға соғады. Сондықтан да ол заң тұрғысынан алғанда әрқашанда жеке іс ретінде қаралады. Себебі әр қылмыстың себеп-салдары, нәтижесі, тіпті көздеген мақсаты да бір-біріне ұқсамасы белгілі. Қылмыс табиғатының астында көп себеп бар - кек алу, өшпенділік, есе қайтару, пайда табу, тағысын тағылар. Абайсызда жасалатын қылмыстар да болады. Құлағымыз үйреніп қалған қылмыстық жаңалықтардың ішінде жасы кәмелетке толмағандардың бар болуын қалай түсінуге болады? Жалпы, мұндай балалар бесіктен белі шықпай жатып қылмысқа қалай барады? Әлдебіреулердің ықпалына, азғыруына түсіп қала ма, ол жағын біржақты ұғыну да оңай емес.

Баланың ақ адал көңілі қылмыс атаулыдан жырақ болуы тиіс еді ғой, әлде қоғам, ата-ана, мектеп баланың тәрбиесіне жіті мән бермей отыр ма? Бір қарағанда, әр баланың өмірі әртүрлі жағдайда өтеді. Әлеуметтік қиындығы бар отбасының баласы мен төрт түлігі сай отбасындағы баланың мінезін, өмірге деген көзқарасын салыстыруға мүлде келмейді. «Аш бала тоқ баламен ойнамайды» деген сөз бекер айтылмаған болар. Отбасылар арасындағы әлеуметтік теңсіздік баланың тағдырына, тіпті ойлау жүйесіне де әсер етеді. Бала айналаға қарап өседі. Өзінің құрбы- құрдастарына қарап еліктейді. Біреу бай болып, өзі кедей болса жан дүниесі қалай құлазымасын? Баланың не себепті тура жолдан тайып, қылмыс әлеміне еніп кететінін кім біледі? «Ақша», «байлық» дейтін түсініктердің дәуірі жүріп тұрған заманда, жақсы тұрмыс, қалың қалта баланың да ойына кіріп-шықпай ма? Оның үстіне, жұмысбасты болып кеткен ата-ананың да баласының өмірін қадағалайтын мүмкіндіктері жоқ. Балалардың ермегі болатын дұрыс нәрселер азайып кетті. Бала бүгінде ермекті өзі тауып алатын болды. Көшеге шығады, өзі сияқты бос жүргендермен жолығысады. Ақшасы болса, ойын залдарына барып уақыт өткізеді. Ақшалары болмаса, бірігіп не істейтіндерін ойластыра бастайды. Дос-жарандар бір жерге шақырады. Олардан қалмауға тырысып, сол қатарда абыройлы, беделді болуы үшін не істемейді?! Топтың айтқанымен, солардың меңзеуімен жүріп-тұруына тура келеді. Көше заңы басқа заңдарға, түсінік-пайымдарға қарағанда қаталдау ма дерсің… Ол әлсіздерді кешірмейді. Барлығын бір ортақ ұғымға, түсініктерге ұйыстырады. «Баланы көше тәрбиелейді» деген сөзді жиі естиміз. Бұл дұрыс. Өйткені бүгінгі бала, шын мәнінде, өз өмірімен жеке қалып отыр. Түске дейін мектепте болса, түстен кейін өз еркі - өзінде. Үйінде қарайтын біреу болса жақсы, болмаса, ол жағы да қиындау. Балалық кезеңде адам баласы қашанда бір нәрсені көргісі келіп, бір нәрсені білгісі келіп тұрмаушы ма еді?! Мұндай шақ кез келген бала үшін сын сағатына айналады. Аяғын шалыс басса, қылмыс жасап қойып, заң алдында жауап беруі де ғажап емес. Жастайынан қылмыскер атанып, темір тордың ар жағында отырғандар аз ба? Олардың тағдыры мен өмірі не себепті солай болды? Ойланатын мәселе. Солардың арасында айналаға қатыгездік көзбен қарайтындары да жоқ емес. Қылмысын жасады, жазасын алды. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың туындау себебін қоғамдық жағдайлардан, әлеуметтік себеп-салдардан, тәрбиелік жұмыстардың әлсіздігінен көруге болатын шығар. Дегенмен бұл бағытта көп жұмыстар атқарылады. Тәрбие беріледі, қылмыстың алдын алу шаралары, түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Оның бәрі қылмыстың аз болуына ықпал жасайтыны рас. Бірақ қылмыстың болуын түбегейлі жойып жібере алмайды. Неге? Өйткені жасы кәмелетке толмаған баланың өмірге деген көзқарасы қалыптаспаған. Ол әлі ненің жақсы, ненің жаман екенін де ажыратып үлгермеген. Турасын айтқанда, олардың кейбіреуіне айтылған ақыл бір құлағынан кіріп, екінші құлағынан шығып кетеді. Себебі ол сондай кезеңді басынан өткеруде. Сол сияқты баланың өмірі қоғамның назарынан тыс қалған уақытта, баланың басына не кіріп-шықпайды? Ғаламтор бола ма, әлде басқа да нәрселер бола ма, баланың табиғатына көп әсерін тигізуде. Кеңестік кезеңде «Аула клубтары» деген болды. Ол балалардың бос уақытын тиімді өткізу үшін жоспарланатын. Қазір ондай орталықтар жоқтың қасы.
Кәмелетке толмағандардың өмірі мектеп өмірімен тығыз байланыста. Мектеп - әлеуметтік ортаның бір бөлігі. Бүгінде мектептерде не болмай жатыр? Оқушылар арасындағы төбелес те, мұғалімдер мен ата-аналар арасындағы дүрдараздық та мектептегі жағдайлардан хабар береді. Оқушылардың бірін-бірі пышақтап кетуі, тапа-талтүсте оқ жаудыруы - ойлантарлық мәселе. «Олардың қолына суық қару қалай түсіп жүр, мұны бақылауда ұстауы тиіс органдар қайда» деген сауалдар туындайды. Қазіргі таңда мектептерге бір-бір инспектордан бөлініп жатады. Құптарлық жайт. Бірақ та инспектордың назарынан тыс қаншама дүниелер жасалуы мүмкін. Бір инспектор бір мектепке жете ме? Мың сан оқушыны ол күндіз-түні жұмыс істесе де, бақылауында ұстай алмасы анық. Әйтеуір инспектордың мектеп өміріне атсалысып жүргенінің өзі біраз қылмыстың болдырмауына сеп болары ақиқат. Баланың тағдыры, баланың психологиясы бір қалыпты емес. Ол азғыруға көп ұшырайды. Бір өзі шешім қабылдап қылмысқа барған баланы аз жолықтырасың. Олар қылмысқа көбінде топ болып барады екен. Кім топтан бөлінгісі келер дейсің?! Бірен-сараны болмаса, балалардың біраз бөлігі үшін өз араларындағы абырой беделі бәрінен жоғары болмақ. Сол жолда ол неге болса да баруға дайын тұруы мүмкін. Қылмыстың шеті осы жерден басталады. Бұл күнде көп кездесетін қылмыстардың ішінде мүліктік қылмыс, қарақшылық тәрізді қылмыстар аталады. Күнделікті көріп жүргеніміз - оқушылардың қолындағы ұялы телефондардың әртүрлі болып келетіндігі. Жағдайы жақсы бай баласы қымбат ұялы телефон ұстайды. Ал материалдық жағдайы одан төмен отбасының баласы ұялы телефонның арзанын ұстайды. Осындай теңсіздіктер қылмыстық себептерді туындатады.
Кейбір деректерге назар аударсақ, Қазақстанда жасалатын қылмыстардың 57 пайызын 14-29 жас аралығындағылар жасайды екен. Мысалы, Алматы қаласында жасөспірімдер қылмысы өзге аймақтармен салыстырғанда біршама төмен. Бұл жөнінде Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің бастығы, полиция майоры Салтанат Әзірбек:
- Жыл басынан бері Алматы қаласында 2000 мыңға жуық жасөспірім полиция бөлімшелеріне жеткізілген болатын. Олардың 630-ы жүріс-тұрысы нашар жас ретінде арнайы есепке алынды. 2000 ата-ана балаларын түнде қаңғытып жібергені үшін, 48 ата-ана балаларын тәрбиелеуден бас тартқаны үшін жауапқа тартылды. 20 ата-ана соттың үкімімен ата-ана құқықтарынан айырылды. 640 жасөспірім оқшаулау орталықтарына жіберілді. 180 бала қылмыс жасаса, оның тең жартысынан көбі - басқа қалалардан келгендер. Алматыда Қазақстан бойынша жасөспірімдер арасындағы қылмыстың саны ең төменгі деңгейде. Бүгінде қаладағы 181 мектепте мектеп инспекторлары тағайындалған. Олар мектептің төңірегінде ешбір қылмысты болдыртпайды. Жылдың басынан бері барлық мектептерде бейнекамералар орнатылған. Қылмыстың басым көпшілігі ұрлық жасау, қарақшылық шабуыл, мүліктік қылмыспен байланысты. Аса ауыр қылмыстар ілуде біреу болмаса, кездеспейді. Қылмысқа баратын жасөспірімдер - отбасының жағдайы нашар, тәрбие көрмеген, жүгенсіз кеткен балалар, - дейді.
Айтылған деректерге қарағанда, бала тағдырына жауапты ата-ана салғырттығы да балалар қылмысына себеп болып отырғандығын аңғаруға болады. Егер әр балаға өзінің ата-анасы тарапынан тиісті дәрежеде көңіл бөлінсе, балалар тарапынан орын алатын қылмыстық істердің алдын алуға болар еді. Балаға көбіне-көп отбасындағы келеңсіз жағдайлар өз әсерін тигізбей қоймайды. Маскүнемдікке салынып кеткен әке-шешенің баласы қандай өмірге тап болады? Елестетудің өзі қиын. Әрбір ата-ана өз баласының өмірі, тағдыры үшін жауапты. Осы жағынан алғанда, кемшін тұстар жетерлік. Бала қараусыз қалса, оны қылмысқа итермелейтін себептер де аяқ астынан табыла кетпей ме? Мақалаға орай, Алматы қаласындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Зиядінхан Әбдібайұлына жолығып, біраз мән-жайларға қанық болдық. Білгеніміз, сотта қаралатын әрбір істің астары терең зерделенеді екен. Бала қылмысқа қалай барды? Қылмысқа барудағы ниеті қандай? Әлдебіреулердің ықпалына түсіп қалған жоқ па? Біреудің айтқанымен барды ма, әлде өзі шешім қабылдады ма? Баланың отбасылық жағдайы қандай? Сот төрағасының айтуынша, 2008 жылдың шілде айынан бастап, бүгінгі күнге дейін 286 үкім шығарумен қаралған қылмыстық іс болыпты. Барлық қаралған іс - 463. Сотты болған кәмелетке толмағандар саны - 366.
- 546 сотталғандардың ішінде 121-іне бас бостандығынан айыру жазасын қолдандық. Ал соның ішінде кәмелетке толмағандардың саны - 40. Өткен жылдарды алатын болсақ, бас бостандығынан айырылған кәмелетке толмағандар 2008 жылы - 5 адам, 2009 жылы - 25 адам, 2010 жылы - 5 адам, 2011 жылы 5 адамды құрап отыр. Бізге келетін істердің 93 пайызы - меншікке қарсы қылмыстар, яғни бөтен мүлікті ұрлау, тонау, қарақшылық жасау. Жасы кәмелетке толмағандар өзімен қатарлас балалардың әдемі, бағалы ұялы телефон ұстап жүргенін көреді. Сөйтіп, «онда неге бар, менде неге жоқ» деген түсінік пайда болады. Ол оны қылмыс деп те есептемейді. Қылмыс жасағаны жөнінде кейбіреулерінен сұрағанда «біз бұған қылмыс деп қарамадық» деп жауап береді. Тағы бір топқа үлкендердің ықпалы әсер еткен. Әйтпесе өзін қоршаған айналасының ықпалына ұшырайды. «Досымызға жәрдем берейік, соған ақша қажет болып тұр», «бір жерге қарыз болып қалыпты» деген желеумен қылмысқа бой ұрады. Сөйтеді де ең оңай сатылатын - ұялы телефонды ұрлайды немесе біреуден тартып алады. Оны 5-10 мыңға сатып, пайдаланатын кездері болады. Балалардың мұндай қылмыс жасауына көбінесе өмірлік қағидасының қалыптаспағаны әсер етеді. Ауылда өсті. Тоғызыншы сыныпты бітіреді, қалаға келіп колледжге түседі. Еліктеп, басқалар сияқты ұялы телефон ұстағысы келеді, жақсы киінгісі келеді. Ол үшін ақша қажет. Оны қалай табуды білмейді. Сөйтіп жүргенде жанындағы біреулер «гоп-стоп» жасадық та, мына ұялы телефонды алдық» деп әлгі баланы қызықтырады. Оған «мен солай неге жасамаймын» деген ой келеді. Содан кейін барады да біреуден тартып алады. Ашық тартып алған соң Қылмыстық кодекстің 178-бабына, ал топ болып жасаса, осы баптың 2-бөлімі, яғни топ болып тонауға жатады. Ал егер өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданам деп қорқытса, Қылмыстық кодекстің 179-бабымен қарақшылық қылмысқа өтіп кетеді. Қарақшылыққа өтетін себебі, олардың біреуінің қолында пышақ болады, не болмаса жарақат түсіруге бейімделген заттары болады. Жасы кәмелетке толмай, бас бостандығынан айырылып сотталғандардың бәрі - осы қарақшылықпен сотталғандар, не болмаса, бұрын адам тонап, қайталап қылмыс жасағандар. Өзіңізге белгілі, қазір мемлекетімізде сот ісін ізгілендіру саясаты жүргізілуде. «Жасы кәмелетке толмағандар орташа ауырлықта қылмыс жасаса, оған бас бостандығы еркінен айыру жазасы берілмейді» деп Заңның өзінде де жазылған. Егер ізгілендіру саясаты бұрынғы жылдары болған болса, ол кездердегі істердің жартысына жеңіл жаза қолдануға болушы еді. Соны біз қазір қынжылып еске аламыз. Ол кезде заң қатал болды. Сондықтан да көп жағдайда кәмелетке толмағандарды бас бостандығынан айыруға тура келді. Қылмыстық кодекстің 481-бабында: «Кәмелетке толмағанның жасы (туған күні, айы, жылы), кәмелетке толмағанның тұрмысы мен тәрбие жағдайы, интеллектуалдық, ерік-жігерінің және психикалық даму дәрежесі, мінезі мен тегеурінділік ерекшеліктері, мұқтаждықтары мен мүдделері, кәмелетке толмағандарға ересек адамдар мен басқа да кәмелетке толмағандардың ықпалы анықталуы тиіс» деп жазылған. Осыған байланысты біз сот ісін қарағанда барлық жағдайды саралаймыз. Топтың әсері болды ма, үлкендердің ықпалы болды ма, жоқ өзінің қызығушылығы болды ма, балалықпен жасады ма, құрбы-құрдастарының алдында мақтаныш сезіммен өзінің күшінің басым екенін көрсеткісі келді ме, әлде пиғылында мүліктік пайда көру болды ма» деген мән-жайлар тексеріледі. Қылмыстық жазадан босату мәселелері де Заңда көрсетілген. Сондай-ақ оны бас бостандығынан айырмай-ақ басқа жаза беріп, тәрбиелік әсері бар мән-жайларды қолдану да қарастырылады. Ол Қылмыстық кодекстің 82-бабында көрсетілген. Осылайша, барлығын саралағаннан кейін белгілі болып шығады. Сонан кейін ғана «бас бостандығынан айыру жазасы беріле ме, әлде тәрбиелік әсері бар шаралар қолдану керек пе» деген мәселе үкім арқылы шешіледі. Үкім бойынша ата-анасының қарамағына беріледі немесе арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік ұйымдар оның тәрбиесімен айналысады, жүріс-тұрысын қадағалайды. Баланың өзіне қосымша шаралар жүктеледі. Мысалы, белгілі бір уақыттан кейін үйден шықпау, белгілі бір жерлерге бармау, өзі тұратын аудан көлемінің өзінде тек рұқсатпен ғана шығу сияқты шаралар қолданылады. Жүріп-тұруы қадағалауда болады. Осы шаралардың нәтижелерін біз қазір көріп отырмыз. Кәмелетке толмағандар ойламаған жерден, үлкендердің, болмаса бір топтың ықпалымен қылмысқа барып қалады. Ал өзімен тікелей сөйлессең, өте тәрбиелі, жеке басы қоғамға қауіпті емес, жайлы отбасынан шыққан. Айналасындағыларға одан келетін қауіп жоқ. Осындай мәселенің бәрін қараған кезде қайтадан сот алдына келетіндері жоқ деуге болады. Алайда қылмысқа қайтадан аяқ басатындар болып тұрады. Мәселен, басқа соттардан «кәмелетке толмаған балаға шығарылған үкімінің көшірмесін жіберіңіздер» деген хаттар келеді. Сонда осындай жағдай арқылы, біз ол баланың қайтадан істі болып, қылмысқа барғанын білеміз, - дейді Зиядінхан Әбдібайұлы.
Бұдан түсінгеніміз, қылмысқа баратын әрбір баланың серіктестері, азғырушылары, қылмыс жасауға итермелейтін сыртқы күштер де болады екен. Сонда баланың сондай топқа түсіп қалмауы үшін біз не істеуіміз керек? Қоғам не жасау керек? Мемлекет қандай шара қолдануы қажет? Иә, қылмыс әлемі жасарып келеді. Үлкендер жасайтын қылмысты кіші де жасай беретін болды. Бала кезден осындайға қылықтарға үйір болған адам, өскеннен кейін түзеліп кетеріне кім кепіл болады?! Есейгенде қылмысқа баруын қояды деп кім айта алады? Істі болып, сотталған баланың ертеңгі тағдыры да қай жағынан алып қарасақ та, өзіне жеңіл болмасы анық. Түрмеден босап шыққанда, күні ертең оның бетіне басып айтатындар да табылады. Әр баланың психикасы әртүрлі. Оған біреу шыдайды, біреу шыдамайды. Әлеуметтік ахуалы, ішкі жан дүниесі дағдарысқа ұшырап, өз-өзіне қол жұмсауы да мүмкін. Қарап тұрсаңыз, сан мың тағдыр, есепсіз көп мәселелер. Қазіргі кезде жас жеткіншектің әлі қалыптасып үлгермеген психикасына зорлық-зомбылық көрініске толы фильмдер, түрлі ақпараттар әсер етіп отырғанын мамандар айтып жүр.
Кәмелетке толмағандардың қылмысқа баруын қалай тежейміз? Көше түсініктері, жастардың арасындағы қылмыстың тыйылмай отырғаны - бірігіп ойласатын жағдай. Бәлкім, біз тәрбиені уыстан шығарып алған шығармыз? Мүмкін балаларға қатысты тәрбие технологияларын өзгерту керек шығар? Қылмысқа барудың себеп-салдары тиісті дәрежеде сараланбай отырған болар? Бала қылмысқа барды. «Неге барды, не түрткі болды» деген мәселеге мән берілмей отыр. Мектеп, ата-ана, қоғамдық институттар осы мәселемен мықтап айналысуы керек. Әлеуметтік қиындықтар, баланың басына түсетін психологиялық дағдарыстар, түрлі себептер баланы қылмыс жасауға итермелейді. Әрбір баланы оған әсер ететін топтың ықпалынан қалай құтқарамыз? Кәмелетке толмағандармен жұмыс жүргізудің оңтайлы шаралары ойластырылып, мемлекеттік деңгейден көңіл бөлінуі тиіс. Әйтпесе, қылмыс әлеміне бір кірген бала оның есігін қайта ашуы әбден мүмкін. Еліміздің әр баласы - мемлекетіміздің болашағы. Олардың тәрбиесіне, өміріне мән беріп, немен айналысатындығына, кімдермен байланыста екендігіне, бос уақытын қалай өткізетіндігіне назар аударуы керек. Балалардың өміріне қатысты барлық жағдай елеусіз қалмауы керек. Өйткені баланың өмірі мен тағдыры бәрінен қымбат. Оның қалыптасуына, өмірде дұрыс адам болып өсуіне қоғам болып, мемлекет болып көмектесуіміз қажет. Осыдан келіп барлық жұмыстарға мазмұндық һәм сапалық өзгерістер ауадай қажет. Ең бастысы, кез келген баланы қылмыс әлемінен алшақтатудың, соның құрығынан құтқарудың жолдарын табуымыз керек.

Құқық негіздерімен таныстыру
Қылмыс жасағаны үшін жазаға тартқаннан гөрі оның алдын алған әлдеқайда жақсы. Алдын алу жұмысының нәтижелі болуы алғаш жасалған теріс қадамның дер кезінде анықталуынан ғана емес, сонымен бірге кәмелетке толмағандардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеруге де байланысты.
Мектеп жасындағы балалардың құқықтық санасының төмендігі олардың қылмысты көп жасауына, заң талаптарына өз талаптарын
қарсы қоюына әкеліп соғады. Сондықтан оқушылар қылмысының алдын алып, құқықтық тәрбие беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Құқықтық тәрбие - кәмелетке толмағандар арасында заң ұғымдарын насихаттай отырып, жасөспірімдерді қажетті заңдылық біліммен қамтамасыз етуді мақсат етеді. Жастарды заңның негізгі принциптерін біліп қана қоймай оны меңгере білуге де үйрету қажет. Осы мақсатта ата - анамен мен оқушылар арасында өтілген «Заң және мен» дөңгелек үстел.
Дөңгелек үстелге заң қызметкерлері шақырылады. Қанатты сөздер қолданылады.
«Құқығыңды сақтап үйрен, бірақ басқалардың құқығы бар екенін ұмытпа», «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды», Заң біткен жерде зұлымдық басталады».
Дөңгелек үстел 5 бөлімнен тұрады:
1. Күнделікті көрініс.
2. Мен заңды қаншалықты білемін?
3. Ешқандай заңы жоқ арал.
4. «Қызыл, сары, көк ауыл».
5. Қылмыскер бала қайдан шығады?
Мұғалім: Халқымызда «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген тамаша мақал бар. Ақылды болу айналаңдағы адамдарды сыйлай, қадірлей білу деген сөз. Құқықтық тілмен айтқанда бұл - заңды білу, яғни заңды білген адам өзгелерге құрметпен қарайды. Заңды білмегендіктен заңсыз істер істеп, зардап шегіп, өзін қорғай алмай жүргендерді көптеп кездестіреміз.
1. Күнделікті көрініс: Ауыл іші, түн, топ бала өлең айтып, шулап отыр. Жандарынан өтіп бара жатқан балаға отырғандардың біреуі атып тұрып:-«Әй, бері кел» деп айқай салды. Қайырылмаған оған пышақ көрсетті.
Көріністен кейін қойылған сұрақтар: - Қалай ойлайсыңдар, демалып отырған жастар заңды бұзды ма?
- Кім қалай бұзды? ( Кім қалай бұзды).
- Ата - ана, сіздің тарапыңыздан қандай жауапсыздық кетті? (Ата - ана жауабы тыңдалады.)
Бұлардан соң заң қызметкерлерінің пікірі тыңдалады. Ол демалып отырған жастардың заңның қандай бабымен танысуына тура келгендігін айтуы керек.
Мұғалім: 2 - бөлім. «Мен заңды қаншалықты жақсы білемін»? деп аталады. Қазір мен бірнеше жағдайларды оқимын. Бұның ішінен оқылған жағдайды қылмыс деп тапсаңыздар оң қолды көтересіздер де, себебін алдарыңыздағы параққа жазасыздар, егер қылмыс емес десеңіздер сол қолдарыңызды көтересіздер, себебін тағы параққа жазасыздар. Әр жағдайға жеке тоқталып, түсініктеме бересіздер.
1. Дүкенде спирттік ішімдікпен бірге есірткі де сатылады.
2. Түнгі көшеде жастар айқайлап өлең айтып келе жатыр.
3. Сатушы сатып алушыға байқамай артық ақша беріп жіберді, ал сатып алушы өзіне тиесілі ақшадан артық екенін біле тұра қайтіп бермеді.
4. Бір оқушы сыныптасына: « ертең 20 теңге әкеліп бересің, әкелмесең басқаша сөйлесеміз» деп күш көрсетті.
5. Химиялық завод өзінің зиянды өнімін өзенге тастады, сол өңірдің ауасы бұзылды.
6. Мектеп оқушылары жүзім ұрлады.
7. Сыныптағы бір бала екінші баланың сумкасын сызып тастады. (Оқушылар түсініктеме берген соң заң қызметкері заңға сүйене отырып, өз ойын айтады.)
Мұғалім: Ендігі бөлім «Заңсыз арал» деп аталады.
Біз ешқандай заңы жоқ аралда өмір сүрсек, не болар еді? ( Оқушылар пікірі тыңдалады.)
Оқушылар пікірі тыңдалады.
Осы бөлімді қорытындылау. Заңсыз елде әркім өз білгенін істейді, тәртіп сақталмайды. Сондықтан адамдар қалыпты жағдайда өмір сүре алмайды, ал тәртіп пен заң біздің қалыпты тіршілігіміз үшін қажет.»Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген Б. Момышұлының сөзін естен шығармайық.
Мұғалім: «Қызыл, сары, көк ауыл» деп аталатын 4 - бөлімді айтып, әр топтың ортасына әр түрлі лента қояды.
Мұғалім: Жер енді ғана жаратылғанда адамдар бір - бірімен дос, бауыр болыпты, бір - бірінен ешнәрсе аямапты. Бір күні аспаннан әр түрлі ленталар түсіпті де адамдар үлгергенінше бірі көгін, бірі қызылын, бірі сарысын алыпты.
Күндердің күнінде қатты жел тұрыпты да қызыл лента алғандар қызыл, көк лента алғандар көк болып бөлініпті. Әр ауыл бөлек - бөлек қорған тұрғызыпты (Осы кезде мұғалім: ленталарыңызбен өздеріңізді қоршап алыңыздар дейді.) Біраз уақыттан соң адамдар достықты ұмытады. Көк ауылда су бар азық жоқ, қызыл ауылда азық бар су жоқ, сары ауылда азық та, су да бар, от жоқ. Енді қалай өмір сүруге болады, не істейсіздер? ( Оқушылар жауабы тыңдалады.)
Әр түрлі ой айтқан олар қорғанның келегі жоқ, біз дос болуымыз керек деген ойға тоқталады. Бұл әңгіменің астарында бір жұмбақ жатыр, сол жұмбақты кім шешеді деген сұрақ тасталады.
Жауап: Адамдардың ауыл - ауыл көше - көше болып бөлінетіндігін, сол бөліну кезінде құқықтары бұзылатындары айтылады.
Мұғалім: 5 - бөлім. (Қылмыскер бала қайдан шығады»?
Бүгінгі күні қоғамды алаңдатып отырған жағдайлардың бірі ол - мектеп жасындағы балалардың қылмыс жасауы.. Келесі бөлім балалардың жасаған қылмысы туралы болмақ.
- Құқық бұзушылықтың себебі неде деп ойлайсыздар? ( Ата - ана мен оқушылардың жауаптары тыңдалады. )
Құқық бұзушылық істейтін жұмыстың жоқтығынан, Абай атамызша айтқанда «көйлегі көктік, тамағы тоқтық, аздырар адам баласын». Ата - аналарға екі сурет көрсетіледі: Біріншісі тіп - тік әдемі салынған үйдің суреті.
Екіншісі - фундаментінен бастап кірпіші дұрыс қаланбаған, төбесі жарылып кеткен үйдің суреті.
Мұғалім: Бұл тек үйдің суреті ғана емес, көріп отырып бала тәрбиесі туралы не айтуға болады?
( Сурет жайлы ата - ана ойы тыңдалады.) Бұдан соң бірінші сурет тәрбиесі дұрыс бала екендігін, екінші сурет тәрбиесі дұрыс болмаған бала жайында екендігі айтылады. Бала тәрбиесі үйдің фундаменті сияқты жас күнінен басталатынына ата - ананың назарын аудару керек.
«Отбасы - барлығының басы, жан - жақты негізі болатын тәрбие институты. Ата - анамен баланың қарым - қатынасы нәтижесінде адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгісі қалыптасады. Ал әке мен шеше, ата мен әже, апа мен ағалар баланың алғашқы тәрбиешілері»- деп В. А. Сухомлинский айтқандай, алғашқы тәрбиешілердің алғашқы тәрбиесі ерте бастан яғни бесіктен басталуы тиіс. Яғни, екінші сурет бала тәрбиесінің о бастан дұрыс басталмағанын көрсетіп тұр.
Тақтаға тау бейнесі және таудың ортасынан жарып шығып келе жатқан жанартау бейнеленген сурет ілінеді. Жанартаудың төбесіне «Қылмыскер бала» деп жазылып, беті қағазбен жасырылып қойылады. Жүргізуші мына суреттегі тау ортасынан көтерілгелі тұрған жанартауға қараңыз, тау сізден балаңыз болса, ал тауды жарып шыққалы тұрған жанартау балаңыздың қылмыскер болуы деп жасырулы тұрған сөзді ашады.
Мұғалім: Бала бір күнде қылмыскер болмайды. Жанартаудың атқылауына дейін қаншама процестер жүретіні сияқты бала қылмыскер болуы үшін де бірнеше жағдайлар әсер етеді. Оған ата - ананың баланы бақылауысыз жіберуі, баланың топқа кіруі, жақсы жолдастарының болмауы, 1 - кестеде көрсетілген шарттар бірден - бір себеп. ( Осы шарттардың әрқайсысына түсініктеме берілу керек.) Мұның барлығын дер кезінде байқап, балаға көмекке ұмтылсақ, оны сақтап қалуға болады. ( Бұл бөлімде ата - анаға көп сөз берілу керек, сөйлету керек.)
Бұдан соң заң қызметкерлері сөйлейді.
Мұғалім: Ж. Аймауытов: «Тәрбиеге әсер ететін нәрсе өскен орта, ата - ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара - бара адамды замандас, жолдастың азғырып, адам неше түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі»,- деген. Сол сияқты балаңыздың қылмыс жолына түспеуіне бірден - бір жауапты ата - ана, өздеріңізсіздер.
Дөңгелек үстел бала тәрбиесінде басты ролді ата - ана атқаратындығын, сондықтан олар әр уақытта мектеппен, ұстаздармен байланыс жасауы және достарының кім екенін біліп















Тақырыбы : Ата заңым ар- ұят, ақыл- ойым, асыл мұрам, айбыным, абыройым

Мақсаты : 1. Балаларға Ата Заңымыз, адам құқықтары туралы түсінік беру.
2. Оқушыларды өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету,
өзіндік шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту.
3. Құқықтық сауаттылыққа және Отанын сүйетін ұлтжанды
ұрпақ тәрбиелеу.
Жүру барысы : І. Ұйымдастыру
Кіріспе әңгіме
Еліне арналатын тілегі шын,
Ей, ұлым - Отанымның түлегісің!
Іргесін туған елдің тіреп тұрған
Қадірін Ата Заңның білемісің?!,-деп ақын жырлағандай бүгін оқушыларымызға Ата Заңымыз туралы терең түсінік беру үшін тәрбие сағатымызды ата-аналармен бірлесе отырып тренинг түрінде өткізбекшіміз.
Сен шыр етіп дүниеге келдің. Сен сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы - Конституциясы бар.

Мемлекеттік гимн орындалады.

Айбыны асқақ, атағы әлемге мәшһүр, күн санап өсіп-өркендеп келе жатқан жас мемлекетіміз Қазақстан Қаншама қиындық көрсе де, Қазақ елінің аумағында ғасырлар бойы шапқыншылық болып, астан-кестең оқиғалар мен өзгерістер орын алса да қазақтар, яғни, көне дәуірден бастау алған ата-бабамыз екі құндылықты мәңгілік сақтап қалды, ол Сөз құдыреті мен Заң құдыреті.
Ел басқарудың тамаша үлгілері біздің ата-бабаларымызда да болған. Қазақ тарихында «Қасқа жол», «Ескі жол», «Жеті жарғы» делінген заң үлгілері болған. 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды. Ол 4 бөлім, 21 тараудан тұрды. Алайда уақыт өте келе бұл Конституция заманның талабына сай келмегендіктен, өзінің өмір сүруін тоқтатты.

Тренинг
- Оқушыларды 3 топқа бөлу.
- Келісімшарт жасау.
- Сұрақтарды талқылауда белсенділік көрсетеміз.
- Бір-бірімізді тыңдаймыз.
- Өз тәжірибелерімізді ортаға саламыз.
- Уақытты үнемді пайдаланамыз.
- Ойлануға 3 минут, пікір қорғауға 2 минут, толықтыруға 1 минут.
- Бұл бөлімді үзіліссіз 15 минутта аяқтауға.

І - бөлім «Тәуелсіз елдің тұғыры - Ата Заң »
1- топ Қазақстан елі қандай ел ?

2- топ Оқушы қандай міндеттерді білуі керек ?

3-топ. Ата -аналар міндеттері мен құқықтары
( ата- аналардан құралған топ )
Сарапшы : ата-ана

Түйін сөз
Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы. Сендер әлі кішкентайсыңдар, алайда Қазақстан мемлекетінің мүшесі бола отырып, сол елдің азаматы мен азаматшалары болып табыласыңдар. «Болашақ- жастардың қолында» дегендей оқушы болып, олардың үйдегі ұстаздары- ата-ана және мектептегі ата-анасы - ұстаздар болып, өз міндеттеріміз бен құқықтарымызды біліп,оны дұрыс орындап, бірлік пен ынтымақта жұмыс жасап, Қазақстан елінің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуы үшін үлесімізді қосайық дегім келеді.

ІІ - бөлім « Ата Заңым - мақтанышым, қорғаным »

Оқушы -1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз ҚР тұңғыш конституциясының негізгі заңы қабылданды да, 1995 жылы 30 тамызда біздің қоғамымызда өзгерістерге, жаңа талаптарға сай толықтырылған жаңа Конституциясы өмірге келді.

Оқушы - Қазіргі Ата Заң 98 баптан, 9 бөлімнен тұрады. Конституция негізінен әлемдік тәжірибеде жиі қолданатын, халықаралық Адам құқығы туралы декларация (1948 ж 10 желтоқсан Нью-Йорк) және 1989 ж 20 қарашада қабылданған Балалар құқығы туралы конвенцияға сәйкестендіріліп жасалған.

Мұғалім : Енді Ата Заңымыздың кейбір баптарына тоқталып өтейік.

7-бап оқушы
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiл - қазақ тiлi.
Хор « Ана тілін сүйеміз »
9-бап оқушы
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздері - Туы, Елтаңбасы және Гимнi бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібi конституциялық заңмен белгiленедi.

14-бап оқушы
1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.

15-бап оқушы
1. Әркiмнiң өмiр сүруге құқығы бар.
Мұғалім : Ата - аналар құқығы мен міндеті туралы Ата Заңымызда не делінген екен?

27-бап Қайрат ( ата- ана )
1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттiң қорғауында болады.
2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі мiндетi.
3. Кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға мiндеттi.

29-бап оқушы
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.

30-бап оқушы
1. Азаматтардың мемлекеттiк оқу орындарында тегiн орта бiлiм алуына кепiлдiк берiледi. Орта бiлiм алу мiндеттi.

34-бап оқушы
2. Әркiм Республиканың мемлекеттiк рәміздерін құрметтеуге мiндеттi.

Бейнеклип « Көк тудың желбірегені ! »
36-бап оқушы
1. Қазақстан Республикасын қорғау - оның әрбiр азаматының қасиеттi парызы және мiндетi.

38-бап оқушы Ө
Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға мiндеттi.

ІІІ бөлім - « Ынтымақтың ұйытқысы - Ата Заң »
( әдеби монтаж )
оқушы - Бұл күнде ата Заңымыз өз күшінде. Бәріміз де Ата Заңға бағынып, соның баптарымен жүруіміз керек. Ата Заңда айтылғандай, адам - мемлекеттің басты байлығы. Адамның құқығы мен міндеті Заңда толық көрсетілген. Тек соны әркім өз білгенінше, өз қалауынша жүрмей, жауапкершілікті орындауға міндетті.

оқушы - Өзіміздің ойшылдарымыз Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би және Абай Құнанбаев та адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаған. Адам дүниеге келгеннен кейін, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын, біздің мемлекетіміздің Ата Заңы - Конституция қорғайды.

оқушы - Біздің еліміздің ең алғашқы Конституция негізін қалаушы - Қорқыт бабамыз. Ол кісінің конституциясы «Адат» деп аталады. Ол мынадай негізгі баптардан тұрған: Атамекенді Жерұйық деп білу,оны жаудан қорғау, жер суды белгілі тәртіппен пайдалану, дау жанжалды ақылмен шешу, кінәліні жазасыз қалдырмау.
оқушы - Бұл құжат еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бас болуымен қабылданды.
Бастайтын болашаққа бас кемені,
Осы жол халықтың да нақ сенері!
«Халқыма адалмын!» деп Ата Заңға
Елбасы қолын қойып Ант береді.

оқушы - Ата-бабаларымыз сан ғасыр арман еткен Егемендігімізге қол жеткізіп, бүгінде өзіміздің Ата Заңымыз бар, біз бақытты ұрпақпыз. Конституцияны білу, заңды білу біз үшін міндет сияқты. Себебі, заңды білмесең, өз құқығыңды қорғай алмайсың.

Ата Заң. Азаттығыңды айқындайтын, Тәуелсіздігіңді паш ететін, Егеменді ел екеніңді танытатын, дербес мемлекеттігіңді көрсететін қастерлі құжат.

Ата Заң. Азаматтың арқа сүйер алтын арқауы. Біздің бүкіл тыныс-тіршілігіміз, өмір салтымыз, қоғамның тамыр бүлкілі - барлығы сол Заңнан бастау алады.

Ата Заң. Әрбір азаматтың конституциялық құқын танытатын, әр қазақстандық бұлжытпай орындайтын заңдардың темірқазығы.

оқушы - Ата Заң. Дүние есігін ашқаннан бастап, басың құбылаға қарағанға дейінгі уақытта сенің құқыңды сақтайтын, құр сөреде жатпайтын баталы заң.

Ата Заң. Аталар аманаты. Кешегі Қасымның «қасқа жолы», Есімнің «ескі жолы», Тәукенің «Жеті жарғысының» жалғасы, заңды мұрагері - біздің бүгінгі Конституция.

оқушы- Әр азамат Ата Заңға арқа сүйеуге міндетті. Егер, Конституцияда жазылған бір бап орындалмай, теріске шықса, оны да қадағалайтын арнайы орган бар. Ол - Конституциялық кеңес.

оқушы-
Ешкім де мін таға алмас елдігіме!
Дауласып жармаспайды белдігіме.
Бойында Ата Заңның өріліп тұр
Даламның кеңдігі де, теңдігі де!

оқушы- Бағынған өз заңына жұмыр ғалам,
Сондықтан Күннен Жерім суынбаған.
Қоғамның сан саласын реттейтін
Әрбір заң Ата Заңнан туындаған.

оқушы- Болғанмен бұл Өмірде айлаң күшті,
Ел үшін кім тындырар қайран істі?!
Еліңнің дамуы мен дағдарысы
Ол-дағы Ата Заңға байланысты!

оқушы- Нұр шашқан жас ұрпақтың ұғымына,
Тікелей әсер еткен ғұмырына
Айналды Ата Заңым мызғымайтын
Тәуелсіз мемлекеттің тұғырына!

оқушы- Әр бабы, әр тармағы жойылмайды,
Шектеу де және тегін қойылмайды!
Келісім-шарт жасасқан барлық шет ел
Қазақтың Ата Заңын мойындайды!

оқушы - Өмірден әділдік пен бақ табатын,
Құқығым қорғалды деп шаттанатын,
Өзіңдей жас өркендер келеді өсіп
«Бұл біздің - Ата Заң» деп мақтанатын!

оқушы - Өркендеп өз қолына алған ісі,
Биікке қазағымның самға, құсы!
Халық боп қадір тұтып, қастерлеген
Ата Заң - Азат елдің Ар-намысы!

оқушы- Міндетімді білемін
Тәртіп сақтап жүремін
Ата Заңым тұрғанда,
Алаңсыз өмір сүремін.

Алса адамның мазасын
Бұзақы тартар жазасын,
Әрі сыйлы, әрі әділ,
Хормен : Ата Заңым жасасын!

ІV бөлім - «Ата Заңым- ар-намысым ! »
І - топ - «Заң білмеген зардап шегеді »
( көріністер көрсету )
Мұғалім : Осы көріністер бойынша сарапшы пікірін тыңдайық .

ІІ - топ « Мектеп заңына бағынайық! »
(Оқушыларға арналған бірыңғай талап ережелеріне тоқталып өтеді )

І. Оқушылардың құқықтары: оқушы
- Мемлекеттік стандартқа сәйкес білім алуға, өзінің ар-намысын құрметтеуді талап етуге, дін еркіндігіне, ақпарат алу еркіндігіне, өзіндік ой-пікірін білдіруге;
- Мектептегі және сыныптан тыс ұйымдастырылатын сабақтарға, үйірмелерге, клубтарға, спорт секцияларына қатысуға;
- Өз қабілеті мен мүмкіндігін таныту арқылы мектеп атынан сайыстарға, байқауларға, жарыстарға және т.б шараларға қатысуға;

ІІ. Оқушылардың міндеттері: оқушы
- Оқуға арналған уақытты толық пайдалануға, өзінің білім аясын кеңейтуге ынтамен жұмыс істеуге, сабаққа жүйелі түрде дайындау, сыныптан және мектептен тыс шараларға қатысу.
- Мұғалімдер мен мектептің басқа қызметкерлерін қадір тұту
- Мінез-құлық ережелерін сақтау:
Үлкендерді құрметтеу
Басқа адамның ар-намысын қадірлеу
Құқық бұзушылыққа жол бермеу
Оқушы әрдайым таза және ұқыпты болып жүреді.
- Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет таныту, мұғалімдер мен ата-аналардың заңды талаптарын орындау.

ІІІ. Жалпы талаптар оқушы
- Оқушылар белгіленген күн режимін сақтап, өзіне-өзі қызмет ету жұмысына қатысуға тиіс.
- Әр оқушы мектеп мүлкіне, өз класындағы және дәліз бойындағы өсімдіктерге сонымен қатар өз нәрселерімен жолдастарының нәрселеріне мұқият, жауапкершілікпен қарауға тиіс.
- мектепке ұялы телефон әкелуге және қолдануға болмайды. Жоғалған жағдайда мектеп жауапкершілігіне алмайды.

ІҮ. Оқушының мектепке келуі оқушы
- Әр оқушы мектепке сабақ басталардан 15 минут бұрын келуі керек.
- Мектепке кірерде аяғыңды сүртіп кір
- Мектептің есігінен кірерде бірінші болып кіруге асықпа, мұғалімдерге, кіші класс оқушыларына жол бер. Ер балалар есіктен кірерде қыздарға жол беру керек.
- Мектепке келген соң дәлізде жүріп қалмай, бірден өз кабинеттеріңе кіру.
-Сабақты бір күн қалдырсаң да дәрігерден анықтама әкел.

Ү. Оқушының киімі мен сырт пішініне талаптар оқушы
- Мектебімізде қыз балалар үшін ақ жиде мен қою көк бетінде жолағы бар костюм, ер балалар үшін қою қара көк түсті костюм мен ақ жиде.
- Киіміңді әрқашан таза және үтектеп ки. Мектепке бір түс киініп кел.
- Ер балалардың шаштары қиылған, бір қалыпта болуы тиіс. Қыз балалар
шашын жинап жүруі тиіс.
- Ақ киімнің таза болуын қадағала
- Дене шынықтыру сабақтары үшін сенің спорттық формаң болуы керек.

ҮІ. Оқушылардың сабақ үстіндегі міндеті. оқушы
- Қоңырау соғылғанда сыныпта не кабинетіндегі өз орныңда бол. Әрқашан өзіңді белгіленген орныңда отыр және таза ретті ұста.
-Сабаққа қажетті кітап, дәптер, күнделігің әзір болсын.
- Оқытушы класқа кіргенде орныңнан тұрып сәлемдес, отыруға рұқсат еткенде ғана отыр.
- Партада тік отыр, жатпа, бүкірейме. Оқытушының түсіндірмесін және оқушының жауабын ықыласпен тыңда.
- Тақтаға жауап беруге шыққанда күнделікпен шық. Жауап бергенде класқа бетіңмен қарап тұр. Анық және асықпай жауап бер.
- Қоңыраудан соң орныңнан секіріп тұрма, айқайлама, мұғалімнің рұқсатымен шуламай кластан шық.

ҮІІ. Оқушылардың үзіліс кезіндегі тәртібі. оқушы
- Мектеп ішіндегі тәртіптілікпен реттілікті сақта: жай сөйле, дәліз бойында жәй жүр.
- Дәлізде оң қанатпен жүр, жүгірме, секірме.
- Мектеп мұғалімдерімен, ата-ана, үлкен кісілермен кездескенде тоқтап сәлемдес.
- Мұғалімнің, балалардың артынан жүгірме.

ҮІІІ. Асханадағы мінез-құлық оқушы

- Асханаға кезекшілердің рұқсатымен кір.
- Тамақ ішкен кезде тыныштық пен тәртіп сақта.
- Асхана мүлкіне ұқыптылықпен қара.
- Тамақтанған соң, ыдыс-аяқты жинап, орныңды тәртіпке келтір, асханада себепсіз жүрме

ІХ. Оқулықтар, күнделіктер және дәптерлерге қойылатын талаптар. Бекзат Ө
- Барлық оқулықтар мен күнделіктерді мұқият қапта.
- Дәптерлеріңді бөгде суреттермен былғама
- Дәптерге анық, айқын етіп жаз.
- Үй тапсырмасын күнделікке мұқият және толық жаз.

Х. Бос мезгілін ұйымдастыру. оқушы
- Оқушылардың мәдени демалысын ұйымдастыру, олардың ой-өрісін, шығармашылық қабілетін дамыту, өнерге деген ынтасын арттыруда, қоғамдық өмірге дайындалуда мектептегі түрлі қызығушылығына қарай үйірмелер, клубтар ұйымдастыру.
- Үйірме, клубтарға әр оқушы өзінің қызығушылығына қарай қатысу керек.
- Кешкі мезгілдерде бос жүріске салынба. Жазғы уақытта кешкі 22-ден, күзгі, қысқы мезгілде сағат 20-дан кейін көшеде ата-анасыз жүрме.

ІІІ -топ. « Әр бала жүрек жылуын қажет етеді ? »
( жағдаяттар шешу )
- Балаңыз үнемі сабаққа кешігеді. Оны ұйқысынан кеш оятып, сабаққа кеш жіберіп отырған кінә өзіңізден екенін біле тұра, балаңыздың «бол да, бол !» деп мазасын алдыңыз. Балаңыз «тағы да сыныптастарым мен мұғалімнен ұят болды-ау » деп ұялғаннан жылап бара жатыр. Сіз не істейсіз?
- Балаңыз сабақтан келді. Есіктен кірмей жатып сіз «Бүгін неше алдың?» дедіңіз. Үнемі осы сұрақтармен қарсы алатын сізге балаңыз ренжулі қарады. Сіздің бұған көзқарасыңыз?

ІІІ бөлім . Қорытынды
Айнажан - Оқы да білім ал деген,
От бол да мәңгі жан деген.
Ата Заңым менің!

Еңбек ет, еркін жүр деген,
Асыр сап, ойнап-күл деген.
Ата Заңым менің!

Қорғаған аспан, күнімді,
Қолдаған бостандығымды.
Ата Заңым менің!

Құптаған көңіл қоштығын,
Ұлттардың берік достығын.
Ата Заңым менің!

Тәуелсіз, еркін ел бүгін,
Талай жыл күткен теңдігім -
Ата Заңым менің!

Санама құйған таң нұрын
Бақытым, бағым, тағдырым -
Ата Заңым менің!

Міндетімді білемін
Тәртіп сақтап жүремін
Ата Заңым тұрғанда,
Алаңсыз өмір сүремін.

Алса адамның мазасын
Бұзақы тартар жазасын,
Әрі сыйлы, әрі әділ,
Ата Заңым жасасын!
Хор «Бақытты балалық шақ »

Мұғалім : Ата заңым!
Арман әнім!
Сенен асқан бар ма бағым!
Жалғыз саған байланысты
Елімде еркін самғағаным
Тәуелсіздігімізге 20 жыл толғалы отырған еліміздің тұрақтылығы мен гүлденуі -Ата Заңның орындалуында. Ата Заңымыз бізді қорғайды, әрі қамқор болады. Халқымызға дұрыс бағыт беретін Ата Заңымыз мәңгілік жасасын ,- дей отырып, бүгінгі тренинге өз ой-тәжірибелерімен алмасқан ата-аналарға және сарапшы Ұлмекен апайға алғысымды айта отырып, « Ардың шыңы -Ата Заң » атты тәрбие сағатын аяқтаймыз.















Ақпаратпен бөлісу:


Отаншыл адам - өз елінің лайықты азаматы

Оқушыларды отансүйгіштік рухқа тәрбиелеуде өздерінің рөлi көрнектi орын алып отырғаны баршамызға аян. Себебi келешек ұрпақтың бiлiмдi, тәрбиелi және Отансүйгiш азамат болып шығуы ең бірінші өнегелi де өнерлi iсiне байланысты.
Бала дүниеге белгiлi бiр қалыптасқан сана-сезiммен келмейдi. Себебi сана ең алдымен - қоғамдық жемiс, сол адамның қоғамдық өмiрiнiң барысында пайда болып дамиды. Атап айтқанда, баланың және оның санасының қалыптасуы өзi өмiр сүрiп отырған ортасы мен табиғатқа қатынасы арқылы пайда болады.
Оқушының санасы өздiгiнен пайда болмайды, ол тек қана ата-анасы мен мұғалiмдердiң тәрбиесi арқылы қалыптасады. Сондықтан мұғалiм өз мамандығының патриоты, ұйытқысы болу керек. Мұғалiм шәкіртті тәрбиелеп, бiлiм беруде сол оқушы жанының инженерi де, оларға адамгершiлiк қасиеттi ендiруде мүсiншi. Ол өз iсiнiң шеберi бола отырып, жоғары мәдениеттiлiгiмен оқушы мен ата-анасының сезiмтал досы болуы керек.
Қоғамды демократияландыру және бiлiм берудегi реформаларды тереңдету жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамытуда, адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыруға, жеке басының дамуы үшiн жағдай жасау арқылы интеллект деңгейін көтеруге септiгiн тигiзедi.
Қоғамдағы түбегейлi өзгерiстер - бiлiм беру жүйесiнде, соның iшiнде мектепте Қазақстан тарихынан бiлiм беруде, жастарды азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйiспеншiлiкке тәрбиелеу, жаңа адамды қалыптастыру, дамыту және кәсiби шыңдауға бағытталған бiлiм алу қажеттiлiгiн жүзеге асыруды талап етедi. Отан тарихын оқытуда оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, олардың бiлiктерi мен шеберлiктерiн (iскерлiгiн) қалыптастыру, өздiгiнше бiлiм алуға деген ынтасын арттыру, оны өз тәжiрибесiнде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, ой-пiкiрiнiң дербестiгi мен еркiндiгiн кеңейту - өте маңызды мәселелер болып табылады. Тарихты оқытуда оқушылардың белсендiлiгiн, өздiгiнше атқаратын ой-еңбегiн арттыруда оқушылардың өздiк жұмысы ерекше орын алады.
Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан тарихын оқып үйрену, бұл - тәуелсiз Қазақстанның азаматы ғасырлар тоғысында өзiнiң арғы-бергi тарихи жолын ой елегiнен өткiзiп, «Кеше кiм едiк? Бүгiн кiмбiз? Ертең кiм боламыз?» деген төңiректе ойлансын» деген болатын.
Бұл - әрбiр азамат туған елiнiң, туған халқының тарихы ешкiмнен де олқы еместiгiн түсiнсiн деген сөз.
Бұл - әрбiр азамат тарих қойнауына ойша тереңдеу арқылы өзiнiң ата-бабалары қалдырған осындай кең-байтақ жердiң лайықты мұрагерi болуға ұмтылсын деген сөз.
Қазақстанда тұрақты тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы. Адамның жақсы, бақытты өмiр сүруi көп жағдайда Отанға деген сүйiспеншiлiгiне байланысты. Отанын сүйе бiлген, Отанын көркейту үшiн аянбай еңбек еткен адамда бәрi де: үй-жай да, құрмет те, қызмет те, алға жетелейтiн шексiз арман да болады. Отан адамның туып-өскен жерiнен басталады. Әркiмнiң туып-өскен ауылы, кентi, қаласы - оның кiшi Отаны. Ол - үлкен Отанның, Қазақстан Республикасының құрамдас бөлiгi. Өйткенi әрбiр ауыл, қала бүкiл Республикамен тығыз байланысты. Бүкiл елде болып жатқан тыныс-тiршiлiк оның түкпiрiнде де жалғасын табады.
Атамекен - халқымыздың ерте заманнан берi мекендеп, суын iшiп, өсiп-өнiп, өмiр сүрiп келе жатқан кең байтақ жерi. Атамекен дегенде алдымызға айдын шалқар көлдерi мен мөлдiр бастау қайнарлары, сарқырай аққан тасқынды өзендерi, алып таулары мен жасыл желек жамылған сыңсыған орман-тоғайлар, кең байтақ, ұлан-ғайыр далалар келедi. Бұл жердiң тарихы - Қазақстан тарихы. Н.Ә.Назарбаев: «Әрбiр адамзат тарих қойнауына тереңдеу арқылы өзiнiң ата-бабалары қалдырған осындай кең-байтақ жердiң лайықты мұрагерi болуға ұмтылсын» деген аталы сөз келтiрген. Қазақ халқының өткен тарихы - ата-бабамыздың бостандық пен бақытты болашақ жолындағы ұзақ та ауыр күресiнiң тарихы.
Қазіргі таңда еліміздің егемендігін нығайту мақсатында Отан қорғаушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру ерекше мәнге ие болып отыр. Қысқа мерзім ішінде өзінің тәуелсіз демократиялық Отанының сенімді қорғаушысы болу және қазіргі заман қару-жарақтарын меңгеру - өте күрделі іс, сондықтан мектеп партасынан бастап жас жеткіншіктерді әскери қызметке, өзінің Отаны - Қазақстан Республикасының және өз халқының алдындағы азаматтық борышын өтеуге даярлау қажет. Бұл жерде мектепте оқытылатын алғашқы әскери даярлық курсының атқаратын қызметі зор, осы пәнді оқыту барысында Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарында әскери қызмет өтеуге мүмкіндік беретін теориялық, практикалық және психологиялық даярлықтың негізі қаланады.

Отансүйгіштік - адамның өзінің туып-өскен өлкесіне деген сүйіспеншілігімен қоса, үлкен достық жанұя құрайтын жүзден астам ұлттар мен ұлыстар мекендеп отырған біздің ұлан-байтақ Отанымызға деген сүйіспеншілік. Әр адамның Отанға деген сүйіспеншілігі осы жерде тұратын барлық адамдарға деген достық пен туысқандық сезімімен біртұтас болып табылады. Оқушыларды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу нәтижесінде қандай ұлттың өкілі болмасын өзін біртұтас көп ұлтты мемлекеттің - Қазақстан Республикасының азаматымын деп сезінеді, Қазақстан Республикасының азаматы болуды өзіне тиген зор бақыт және үлкен жауапкершілік деп түсінеді. Отанға деген сүйіспеншілік әрбір оқушының белсенді өмірлік ұстанымымен ұласса ғана іс-әрекетке айналады. Сондықтан оқушылардың алғашқы әскери даярлық курсының білімді жақсы меңгеруінің өзі Отанға пайдалы талпынуының белгісі болып табылады.
Әрбiр мемлекеттiң болмысын айқындайтын, сүйенетiн рухани мұраты болуы тиiс. Бiздiң қоғамдағы бұл мұраттар өзгермелi, өтпелi сипат алуда. Дербес тәуелсiз ел болып қалыптасудың алғашқы жылдарында қазақ екенiмiздi өзгелерге таныту мәселесi алға шыққандықтан ұлттық идеология қанағаттандырады. Тәуелсiз ел ретiнде өзгелердi мойындатып болған соң, ұлттығымыздың өзiмiзге қажеттi мөлшерiн алып болған соң, қоғамның даму ерекшелiгiне сай, бұл күнде аса қажеттi болып отырған рухани азықты iздестiру үстiнде. Бұл күнде ел болып еңсе көтерген елiмiздiң қауiпсiздiгi, бүтiндiгi мен дербестiгi өзектi болғандықтан отансүйгiштiк мәселесi алға шығып отыр. Қоғамның рухани жүгiн көтерушi үгiт-насихат құралдары осы бағытта жұмыс жүргiзуде. Отансүйгiштiк рух туралы «Бұрынғылардың елiне деген сүйiспеншiлiгi бүгiнгiлерден күштi едi» деген ел арасында кең тараған түсiнiк төңiрегiнде пікір-талас пайда болады.

Отан, Отан!
Сен болмасаң не етер ем?
Мәңгiлiкке бақытсыз боп өтер ем
Өмiрден бұл өксуменен өтер ем.

Құс ұясыз, жыртқыш iнсiз болмайды,
Отаны жоқ өмiрiнде оңбайды.
… Өзiн-өзi қорлайды да, сорлайды.
Тiрi адамға - сол қайғы.

Қорыта айтар болсақ Отансыз тiршiлiгiн елестете алмайтын бақытсыздығы мен ащы өксiгiнiң себебi сол ғана. Әкесiз, анасыз, жарсыз, перзентсiз өмiр сүруге бейiл, ал Отансыз мүмкiн емес. Қағидалары да халықтық тәлім-тәрбиеден нәр алғанының айқын айғағы болмақ.



Тәрбие сағаты: Дінмұхаммед Қонаевтің туған күні

Мақтан тұтар ұлы тұлға

Мақсаты: Оқушыларға Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы мәлімет беру, өмірі, атқарған еңбектері туралы ақпарат беру.
Жоспары:
1. Өмірбаяны
2. Отбасы
3. Мұражайы
4. Көзкөрген замандастарының естеліктері
1-бөлім Өмірбаяны
1-оқушы:
Д. А. Қонаев 1912 жылы қаңтардың 12-де Алматы қаласында туды. Еңбек жолын 1936 жылы Мәскеудегі алтын және түсті металдар институтын бітіргеннен кейін Қоңырат кенішінде бастады. Ол дипломын Қоңырат карьерінің қуаттылығын 90 мың тонна қара мыс беруге жеткізу жөнінде жазып, оны үздік бағамен қорғап шығады.
2-оқушы:
Өзі жұмыс істеген үш жылда бұрғылау станогінің жұмыскерлігінен бастап цех бастығы, рудниктің техника бөлімінің меңгерушісі, бас инженері, директоры болып қызмет атқарды.
3-оқушы:
Сол жылдары Қоңырат құрылысы қарыштап дамыған еді. Д. Қонаевтың өзі тұрған үй, балабақша, аурухана, мәдениет үйі салынды. Осындай қажырлы еңбегі үшін 1938 жылдың шілде айында "Ерекше еңбегі үшін" медалімен марапатталды.
4-оқушы:
Димаш Ахметұлы Қонаевтың ел басқарған кезеңі 1955-1986 жылдары. Осы жылдарда Қазақстанның экономикасы 7 есе өсіпті. Мыңдаған елді мекендер пайда болған, 68 жұмысшы поселкесі, 43 қала салыныпты. Халықтың саны өсті, ол республика қуатының өркендеуіне қол жеткізді.
5-оқушы:
25 қабатты «Қазақстан» қонақ үйі, М. Әуезов атындағы академиялық драма театры, М. Лермонтов атындағы орыс драма театры, Қазақ циркі, жастардың Неке сарайы, Ұлттық кітапхана, «Арасан» моншасы, жабық Көкбазар кешені, тоғыз қабатты Баспасөз үйі, Алматы темір жол вокзалдары, әуежай ғимараты, республикалық Пионерлер сарайы мен «Медеу» спорт кешені Дінмұхамедтің бастамашылығы арқасында дүниеге келген.
6-оқушы:
Заманымыздың заңғар тұлғасы Димаш Ахметұлы Қонаевтың халық үшін, еліміз үшін жасаған еңбегі кезінде жоғары бағаланды. Оған КСРО-дай алып державаның ең жоғары - Социалистік Еңбек Ері атағы үш рет берілді, ең жоғары ордені - Ленин орденімен 8 рет марапатталды.
2-бөлім Отбасы
Дінмұхамед Қонаев зайыбы - Зухрамен
7-оқушы:
Сара ҚОНАЕВА, қарындасы:
Біз - Димекең екеуіміз бір әке, бір шешеден тудық. Ол - үйдегі үшінші бала. Үлкеніміз - Әмина деген апамыз. Ол кісі - көтерілісші Айтжан Түркебаевтың жұбайы. Одан кейінгі апамыздың аты - Мәймуна. Камал Қадыржановтың жары. Үшіншісі - Димекең. Димекеңнен кейін Наиза, Набила, Фазила деген апаларымыз болған. Назила мен Фазила оқу оқып жүрген жерінен өздері сұранып, соғысқа аттанған. Одан кейінгі - Гаухар, атақты сәулетші Бәсеновтың әйелі. Гаухардан кейін Едіге деген ұл болған екен. Оны әкеміз кішкентай кезінде далаға алып шыққанында көлденең жұрттың көзі тиген деседі, сол күні-ақ мұрттай ұшыпты. Шетінеп кеткен. Одан кейін - мен. Димекең екеуіміздің арамыз - он бес жас. Менен кейін Асқар деген ұл, Роза атты сіңлім бар.
8-оқушы:
Кейінде әкем екі рет қатты қуандым дейтін көрінеді. Оның біріншісі - «Димашымның оқуын бітіріп, дипломын алып келгені, - дейді екен, - Ал екінші қуанышым - оның қызметке тұрғаннан кейін «үйленемін» дегені.
Димаш ағам «үйленемін» деген хабарды жеткізгенде - жиырма жеті жаста. Зухра жеңгеміз бізге шешедей болып кетті. Мінезі көркем, ақылға да, парасатқа да бай, әзиз жан еді
9-оқушы:
1990 жылы Димекеңе жарты ғасыр жар болған Зухра жеңгеміз дүние салды. Сол жылы мен отбасыммен Димекеңнің шаңырағына көшіп бардым. Сөйтіп үш жыл бойы ол кісімен бірге тұрдым. Бұл үш жыл - Димекеңнің Зухрасынсыз өткен үш жылы еді. Бұл үш жыл - ол кісінің өмірін қорытындылаған, соңғы үш жылы еді.
3-бөлім Мұражайы
Алматыдағы мұражай үйіндегі суреттері.
10-оқушы:
Алматы қаласындағы қазақ жұртының зиялы қауым өкілдері тұратын Мұқан Төлебаев көшесінің бойына орналасқан Д. А. Қонаев атындағы мұражай-үйі 2002 жылдың 12 қаңтарында ашылған. Өйткені 12 қаңтар - қазақ халқының біртуар дарынды ұлы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың туған күні. Осы мұражайдың іргетасын қалаушылардың бірі әрі тұңғыш директоры Болысбек Батталхановтың айтуына қарағанда, ең алғаш жеке отау тіккен кезде бұл мұражайда 21-ақ жәдігер болған көрінеді.
11-оқушы:
Қазір олардың саны 2, 8 мыңнан асып жығылады. Олардың қатарында Дінмұхаммед Ахметұлының Үкімет тарапынан алған 40-тан астам орден-медальдары - 3 Социалистік Еңбек Ері атағының «Алтын жұлдызы», 8 «Ленин» ордені, Моңғолияның «Сухэбатор» алтын жұлдызы және Чехословакия, Куба, Қытай елдерінің мемлекеттік ордендері, Министрлер Кеңесінің төрағасы болған кезде пайдаланған жазу үстелі, қазақтың тұңғыш мүсіншісі Кәкімжан Наурызбаевтың 1952 жылы, яғни ұлы қайраткердің 40 жасында соққан мүсіні, тағы басқа өзі тұтынған заттары бар. Осы жәдігерлердің бәрі құнды әрі бағалы.
12-оқушы:
Мұражайдың Бас қор сақтаушысы Гүлмира Бекмұратованың айтуына қарағанда, Димаш атамыздың 81 қару-жарағы болған екен. Олардың 12-сі - мылтық, 1 «Браунинг» тапаншасы, қалғандары - пышақ, қанжар, семсер, қылыштар. Бұл жәдігерлердің басым көпшілігін шетел мемлекеттерінің басшылары мен еліміздің белгілі қоғам қайраткерлері сыйға тартқан.
13-оқушы:
Осы жәдігерлердің ішінде Германия, Куба, Югославия, Чехословакия елдерінің басшылары Эрик Хоннекер, Фидель Кастро, Иоссиф Броз Тито, Гусак Густовтардың қос ауызды карабині, Орта Азия Әскери округының сол кездегі қолбасшысы Д. Язовтың 1647 жылы жасалған «Петр» мылтығы және генерал П. Лушевтің 1777 жылы соғылған «Толедо» деп аталатын қынсыз семсері бар. Ал кавказдық қанжардың біріне «Қайғыға емес, сұлулыққа қызмет ет!» деген таңба соғылыпты. Осы қару-жарақтардың ішіндегі ең құнды жәдігерлердің бірі де бірегейі - Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Дінмұхаммед Ахметұлының 70 жасқа толуына орай сыйлаған қанжары. Асыл да бағалы тастармен көмкерілген қанжардың бір бетіне «Д. А. К» ал екінші жағына «Н. А. Н» деген белгі салынған. Бұл - «Д. А. Қонаевқа Н. Ә. Назарбаевтан» деген ұғымды білдіреді.
14-оқушы:
Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев бала кезінде сыныптас досы, кейінірек белгілі жазушы болған Дмитрий Снегинмен бірге жиі-жиі аңға шыққан көрінеді. Ал Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарған жылдары сол кездегі Министрлер Кеңесінің төрағасы Бәйкен Әшімов және оның орынбасары Сұлтан Жиенбаев, қазақтың көрнекті ақыны Олжас Сүлейменов, жеке дәрігері Ахат Мүліковтермен аңға шығып тұрған. Олардың айтуына қарағанда, Дінмұхаммед Ахметұлы құралайды көзге атқан мерген болған деседі. Ол аңға шығу мерзімін қатаң ұстанып, тек астық жинау науқаны аяқталған кезде ғана өзіне демалыс жариялап, аң-құс атуға уақыт бөлген. Ал басқа кезде мемлекеттік маңызды істермен айналысқан. 1986 жылдың қыркүйек айында соңғы рет аңға шыққан екен, - дейді мұражай қызметкері Гүлмира Бекмұратова.
4-бөлім «Көзкөрген замандастарының естеліктері»
ҚОНАЕВ ТУРАЛЫ 300 ӨЛЕҢ ЖАЗҒАН АҚЫН
Өтеш ҚЫРҒЫЗБАЙ «Кемеңгер» атты кiтабы
«Тiрiсiнде биiкке түлеп өрлеген,
Тәнi өлсе де, ұлының жүрегi өлмеген.
Таң нұрына шомылып, күнде азанда,
Таулар бар ма, Димаш боп түрегелмеген.
15-оқушы:
Димаш десем, жанарым нұрға толған,
Сауыт кеудем патша өлең, жырға толған.
Димаш десем, самғаған көктi айналып,
Қыран құсым саңқылдап қырға қонған.
Ол кiсiдей менi жұрт түсiнгенде,
Ит жүгiртiп, кiм бассын мысымды елде,
Димаш жайлы жыр жазам, Димаш нұры,
Көкiрегiме сәулесiн түсiргенде»
16-оқушы:
«Қонаевтың зиялы заманында,
Қадау-қадау жайғасқан дала, құмда.
Жұрттың бәрi көгерiп, көктеп өскен,
Дән жинаған бидайдың сабағында», - деп кешегi «қой үстiне бозторғай жұмыртқалаған» бейбiт заманнан хабар бередi. Ғалымдар жұмыр жердi жайлаған бүкiл елдiң басшыларын компьютерге түсiрiп екшеп, таразылағанда Дiнмұхаммед Ахметұлы Қонаев жетiншi орынды иеленiп, әлемдегi жетi ұлының бiрi атанған.
17-оқушы.
«Үзiлмеген достығы, сәлемдерi,
Басшылар да әрқилы әр елдегi.
Димашқа арнап жыр жаздым жетi шумақ,
Жетiншi ұлы атанған әлемдегi
18-оқушы:
«Жалғанда, мынау жалғанда,
Жұрт түгел жұмақ арманда.
Мұхтардай ұлы тұлғаның,
Жұлдызы биiк жанғанда.
Тұр неге, Дүние тойламай,
Лениндiк сыйлық алғанда?».
19-оқушы:
«Қазақ қалай күн кешсiн шырайланып,
Үкiметтен қол үзген былай қалып.
Бiрақ елiн жасытпай жебеп әлi,
Димаш рухы аспанда жүр айналып»
20-оқушы: Өмірзақ Сәрсенов:
Мынау Алматы облысында Балқаш деген аудан Iленiң Балқашқа құятын жағын мекендейдi. Димекеңнiң арғы атасы Азнабай осы жердi, Күртi мен Iле өзендерiнiң арасын мекендеген. Мұнда сен айтқан мұнай мен газ, темір мен көмір жоқ. Осы ауданда күріш өсіру жобасын Дінмұхамед Қонаев жасаттырды. Бұған дейін күріш дақылы жер бетінде мұндай солтүстік белдікте өсiрiлмеген. Қонаев ғалымдарға осы Балқаш ауданының Бақбақты, Ақдала аймақтарында күрiш өсіруге болатындығын дәлелдеттiрдi. Содан соң арнайы қаржы бөліп, күріш танаптарын жасатты. Iле дариясынан бері қарай каналдар қаздырды. Жолдар салды. Жаңа шаруашылықтар ашты. Сөйтіп, мұнда iрi күріш алқабы пайда болды. Кеңес Одағы осы дақылға деген зәруліктен құтылды. Жергiлiктi халыққа кәсiп те, нәсіп те келді. Ауылдар көркейді. Жұмыс орындары ашылды. Қаншама техника келді. Әрбір ауылға мәдениет, денсаулық сақтау ошақтары салынды. Жергiлiктi халық осының игiлiгiн әлі көріп отыр. Бұрынғыдай самолеттер ұшпаса да, басқасын сақтап қалды. Жекешенің қолына тиген шаруашылықтар сол күрiшiн егіп, сатып өз күнiн көрiп отыр. Мұнай мен темiрсiз де тентіреп кеткен жоқ. Осыны Қонаевтың көрегендiгi дер едім.
21-оқушы: Қасымхан Бегманов:
«Дінмұхамед Қонаев жайлы жыр»
Димаш аға аяулы ағатайым,
Сағынды ғой өзен, кел, бала қайың.
Алтын нұрдан жаралған асылым-ай,
Қазағымның өзіндей қарапайым.
Мәңгілікке өтсең де арамыздан,
Шықпай қойдың бір сәт те санамыздан.
Жүріп өткен жолында ойша шолып,
Сағым жүзген іздедім даламыздан.
Қорытынды:
1993 жылдың 22 тамызында ол дүниеден өткенде, онымен қоштасуға келген халықта есеп болмады. Опера театрынан Кеңсай зиратына дейін жолдың екі жағы адамға толып, сүйікті перзентін ақырғы сапарға шығарып салды.
Сірә сияқты адамдарды әсте де өлді деуге болмайды. Ол артында өлмейтұғын іс қалдырған тұлға. Ол әрқашан халықпен бірге жасайды. Олардың жадында өмір сүреді.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев өмірден өткен соң, 1994 жылы Д. А. Қонаевты есте қалдыру жөнінде Президент Н. Ә. Назарбаев қол қойған Жарлық шықты. Соған орай ол жұмыс істеген мекемеге, институтқа оның аты берілді. Тек Алматыда ғана емес, республиканың жер-жерінде, елді мекендерде де Қонаев атындағы көшелер бар. Тіпті жер-жерлерде оған ескерткіш те қойылып жатыр
Осымен Ахметұлы Қонаевтың 100 жылдығына орай өткізілген
«Мақтан тұтар ұлы тұлға» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.




Советтік Қазақстанды басқарған Дінмұхамед Қонаев - қарама-қайшы тұлға. Қызметінен түскенде басқалар оның атын өшіруге тырысқан болатын, ал, қазір халық оның есімін ұлықтап жүр. Бірақ, қайраткердің көзі тірісінде-ақ оның бедел-бейнесінің даулы тұстары көп еді.

ҚОНАЕВ КҮЗЕТСІЗ ЖҮРЕТІН

Дінмұхамед Қонаев кішіпейіл басшы есебінде танылды. Ол ертеменен Коммунистік даңғыл мен Киров көшесінің (бүгінгі Абылайхан даңғылы мен Бөгенбай батыр көшесінің) қиылысындағы үш қабатты үйден шығып, ылдидағы Үкімет үйіне қарай жайбарақат жұмысқа бара жататын. Қонаев сол үйде көп жылдар бойы тұрды, тіпті, Қазақстан КП ОК-нің бірінші хатшысы болған кезінде де, қаланың орталығында үш бөлмелі пәтері бола тұра әлгі үйде тұрды. Ал басқа үйге көшкенде Қонаев пәтерін өзінің кадрлық саясатын қатты сынап жүрген жазушы Әлжаппар Әбішевке сыйға тартып кетті.Мен де сол кезде Алматының орталығында тұрдым, менің де жұмысқа баратын жолым Коммунистік даңғылдың бойы еді. Анда-санда алдымнан жалғыз келе жатқан ұзын бойлы Қонаевтың сымбатты тұлғасын сыртынан көретінмін. Осыны айтсам, адамдар сенбейді: қалайша ол күзетсіз жүр деп. Расында да күзет қызметінің саны көбейтіліп, кім көрінген жанына күзет қаптатып жатқан уақытта мемлекеттің бірінші адамы жұмысқа жаяу және күзетсіз барады дегенге сену өте қиын.

Министрлер кеңесінің төрағасы болғанда Қонаев академик атағы үшін өзіне төленетін 340 сом шамасындағы ақыдан бас тартқанын білеміз. Бұл ақшаны ол балалар мен жас ғалымдарға көмектесу мақсатында жұмсауға бұйырды. Осындай кішіпейілділік оның туа бітті қасиеті екені көзге көрініп тұрды және жұрттың оған деген сенімін күшейтті. Оның жеке басының байлық-дәулетке қызығушылығы байқалмады.

Оның айналасындағы адамдардың арасында оны ұлықтаудан жарыс болған жоқ, есесіне олар оның көшбасшылық беделін қызғыштай қоритын, оның жетістіктеріне қылау түсірмеуге тырысатын.

ЕКІ КҮН ҒАНА КӨРСЕТІЛГЕН ҚОЙЫЛЫМ

1987 жылдың қыркүйегінде Нұрсұлтан Назарбаев «Дружба народов» журналына сұхбат беріп, Дінмұхамед Қонаевты әшкереледі. Назарбаев оның өмірдің табиғи қажеттіліктерінен алшақ кеткенін, кадр таңдау әдісін, т.б. сынға алды.

Воспитательный час на тему Жолда жүру ережесі 8 классАрада тура үш жыл өткен соң, дәл солай қыркүйектегі санында, бірақ, «Бірлесу» тәуелсіз газетінде Дінмұхамед Қонаевтың сұхбаты

жарияланды. Ол былай деп мойындаған: «Өзімді өзім ақтайын деп отырған жоқпын, дұрыс та, бұрыс та шешімдер қабылдадым: қателік те болды, жетістік те болды. Жалғыз ғана көзімнің жеткені - көп уақыт билік басында болуға болмайды. Айналаңдағы адамдарды тану түйсігің жоғалады, тың ойларды түсінбейсің немесе қабылдамайсың, өзіңе өзің сын көзбен қарауды қоясың. Сосын міндетті түрде қателіктер жасайсың, әсіресе кадрлық саясатта. Негізінде айналаңа өзіңе табынушыларды емес, идея беретін ақыл-парасат иелерін жинау керек».

Қонаев билікте болған кезде өмір сүріп, жұмыс істеген біздің бәріміз адамды биік қызметке қою үшін еңбегіне қарамайтынын, қызметке келгендердің бас салып өз руластары мен жерлестерін сүйрегенін көрдік. Дінмұхамед Қонаевқа руға бөлінудің етек жайғанын, оның қоғамға қауіптілігін тіке айтқандар да болды.

Қазақтың алдыңғы қатарлы жазушыларының бірі Әлжаппар Әбішев Қонаевқа жазған хатында былай деген: «Неліктен халықтар достығының зертханасы боп саналатын Қазақстанда өз жүздеріміз бен руларымыздың арасында достық жоқ? Руға бөлінуді ойлап жүргенде басымыз бөгде біреудің аяғының астында қалып жүрмесін!»

Бірінші басшымен сөйлескеннен де, арызданғаннан да еш нәтиже шықпады. Жазушы бостан бос дабыл қағуды доғарып, өз ойын халыққа пьеса арқылы жеткізуді қолға алды. Сол кезде дүниеге «Даңғойлық пен ар-ұят» шығармасы келді. Осы туынды бойынша Алматыдағы Әуезов атындағы театрда белгілі режиссер Әзірбайжан Мәмбетов қойған және басты рольдерде ең танымал әртістер Асанәлі Әшімов пен Ыдырыс Ноғайбаев ойнаған спектакль халықты дүр еткізді.

Алайда, екі күннен кейін спектакль қойылымнан алынып, ауторы ҚКП ОК-нің идеология жөніндегі хатшысы Саттар Имашевпен әңгімеге шақырылды. Ол спектакльді көрмепті, пьесаны оқымапты. Бірақ, екі сағат бойы жандайшап жеткізушілерден естіп алған «Қанша жерден дана басшы болса да, айналасына жағымпаздарды жинап алып отырғанда қателікке ұрынбауы мүмкін емес», «Аспан ашық, жол тегіс. Бірақ, тізгінді тура бір мас адам ұстап отырғандай, қорыққанымыздан діріл қағамыз» деген спектакль кейіпкерлері айтатын «идеологияға жат» сөздердің төңірегінде әңгіме жүргізген.

Бұл сөздердің қай жерінен ерсілік көріп тұрсыз деп сұрайды жазушы. Бірақ жауап ала алмайды. Билікке жағымсыздау тиетін сын бар, әрине, бірақ, оны жат санаға жатқызу мүмкін емес. Жазушының бұл жөніндегі естеліктері оның «Шерлі шежіре» атты кітабында бар.

ҚОНАЕВ КЕЗІНДЕГІ ОРЫСТАНДЫРУ

Жуырда Қазақстанда қазақ тілін мемлекеттік тіл етіп жариялаған заңның 20 жылдығы атап өтілді. Бірақ, мемлекеттік тіл өз дәрежесіне сай болып отырған жоқ. Құр әңгіме, үндеу немесе үгіт-насихат. Қазақ балабақшалары мен мектептері әлі күнге аз болып отырғанда басқа себептер туралы айтудың да жөні жоқ.

Советтік Қазақстанның бір кездегі басшысы Жұмабай Шаяхметов орыстың көптігіне қарамастан, ана тіліне деген құрмет пен көңіл бөлуді іс жүзінде көрсетіп, кейде ОК бюросын қазақ тілінде жүргізетін. Нұршайықовты Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінің редакторы етіп бекітетін ОК бюросын Шаяхметов қазақ тілінде жүргізіп, артынан өзі орысшаға аударғанын белгілі жазушы Әзілхан Нұршайықовтың естелігінен білеміз.

Воспитательный час на тему Жолда жүру ережесі 8 классШаяхметов ОК хатшысы болып бекітіліп жатқан ОК комсомолы Анатолий Шаловтан өз өмірбаянын пленумға қатысушыларға қазақша айтып беруін сұраған. Сөйткен Шалов кейіннен Жамбыл облыстық партия комитетінің хатшысы, ҚКП ОК әкімшілік бөлімінің меңгерушісі
болды, ал, зейнеткерлікке шыққан соң Алматы қалалық ардагерлер кеңесіне жетекшілік етті. Ол мемлекет қайраткері және адам есебінде Жұмабай Шаяхметовты ерекше жылылықпен еске алатын.

Тілдің қадірін қашырғанымыз соншалықты, ана тілімізде сөйлеуді қорашсынатын халге түстік. Қоғамдық іс-шараларда, үйдегі отырыстарда менен жасырып бірдеңе айтып жатыр деген ойға қалмасын деген желеумен сонда отырған бір орыс үшін туған тілімізде сөйлеуге қысылатын болдық.

Дінмұхамед Қонаевтың қабылдауында екі қазақ, бір орыс отыр. Олар аудандық партия комитетінің бірінші хатшылығына бекітілейін деп жатқандар еді. Ана тілінде амандасқан екі қазақты Қонаев сол жерде тоқтатып, жалпыға түсінікті орыс тіліне көшулерін сұрайды. Үшінші жолдас әлденені жасырып отыр деп жаман ойлап қалмас үшін.

Сол үшеудің бірі менің ескі танысым Рахымбай Тазабеков болатын. Ол ауылда туған адам. Зоотехник болып өмір бойы ауыл шаруашылығы саласында істеген нағыз ауылдың қазағы. Оған республика басшысының өзі секілді екінші қазақтан орысша сөйлеуін талап етуі оғаш болып көрінген.

БЕСІНШІ БАҒАН

Менде ұйғыр жазушысы Әбдікерім Ғаниевтің «Исмаил Юсупов: «С чистотой помыслов» атты деректі повесі бар. Содан үзінді келтірейін: «Республикаға басшылық етуге мен келгенде «менің қаракөз достарым» Қазақстанның басына ұйғыр келді деді. Ал, Қонаев туралы ондай әңгіме айтылған жоқ. Оның ұлты татар еді ғой. Мұны мен Қазақстанның бұрынғы басшысы ретінде толық жауаптылықпен мәлімдеймін. Қонаевты және оның ата-анасын менен артық ешкім білмейді. Себебі, менің ата-анам оның ата-анасымен Алматыда көрші тұрған. Ал, біз Д.А.Қонаев екеуміз бала кезден бірге өстік, сосын Сопы Зарват атындағы ұйғыр орта мектебінде бірге оқыдық.

Қазақстан басшысын ұлттық кадрлар сапынан бекітеміз деген мәселе көтерілген уақытта Қонаев өз паспортын бір-ақ түнде жойып жіберіп, ұлты қазақ деп көрсетілген жаңасын алған болатын. Оның сол қулығын мен жақсы білетінмін. Бірақ, ол деректі ашық айтатын уақыт ол кезде әлі келмеген еді».

(1962 жылы Исмаил Юсупов Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы болып бекітіліп, екі жыл жұмыс істеген.)

Партияның көнекөз қызметкері Сатыпалды Тотанов «Өткен өмір өткелдері» деген кітабын шығарды. Кітап бірінші жақ - қатысушы және көзбен көруші тарапынан баяндалған әртүрлі деректерге толы. Деректер біреудің шамына тиер-тимесіне қарамастан, боямасыз, қаз-қалпында берілген. Естелікте нешетүрлі қызықтар жетіп-артылады.

Партиялық қызметтен кеткеннен кейін Сатыпалды Тотановқа республика үкіметінің жанындағы дін жөніндегі кеңесті басқару тапсырылған. Сол кеңестің Қарағанды облысы бойынша бөлімшесінің басшысы Қарағанды облыстық мемлекеттік мұрағатты басқарған
Воспитательный час на тему Жолда жүру ережесі 8 класс
, Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақтан екінші), СОКП Орталық Комитетінің бас хатшысы Михаил Горбачев (оң жақта). Целиноград,1985 жыл.

кезінде Қонаевтың өз қолымен толтырылған анкетаны көріп қалғанын айтқан.

Анкетада Дінмұхамед Қонаевтың ұлты татар деп көрсетілген. Қарағанды облысы бойынша кеңестің жетекшісі әлгіндей анкетаның табылғанын сол уақытта Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы болып қызмет ететін Нұрсұлтан Назарбаевқа айтқан. Нұрсұлтан Назарбаев ол құжатты екеуінен басқа ешкім білмейтіндей етіп тығып тастауды сұраған.

Одан соң заман өзгерді. Сатыпалды Тотанов қалалық Ардагерлер кеңесінде жұмыс істеп жүрді. 1990 жылдың 20 сәуірінде Нұрсұлтан Назарбаев Лениннің 120 жылдығын қалай атап өту керектігін ақылдасу үшін Алматының әр ауданынан 10 ардагерді өзіне шақырып алады.

Әртүрлі сұрақтарға, оның ішінде Дінмұхамед Қонаевқа қатыстыларына да жауап беріп отырған Назарбаев оған қатысты артық сөз айтпауды, тыныш демалуына мүмкіндік беруді сұрады. Сатыпалды Тотановтың естелігі бойынша, сол жолы Назарбаев отырғандарға қарап, кішкене ойланып алып, күтпеген жерден: «Қонаев қазақ емес, партияға өту үшін өз қолымен толтырған анкетасында ұлтын татар деп көрсеткен» деп айтып салған.

Заман сондай еді, адамдарға мансап үшін советтік төлқұжаттың көпірме бесінші бағанындағы жазуды өзгертуге тура келген. Өзбекстандағы көптеген қазақ пен тәжіктер өзбек болып жазылуға мәжбүр болған дейді ғой. Кейбіреулер мансабын өсіруге еш кедергі болмас үшін қазақ болып жазылатын ондай жасырын жайт Қазақстанда болған және әлі де бар.

СӘТПАЕВТІ КӨРЕ АЛМАУ

1975 жылы теруден алынып тасталған жазушы Медеу Сәрсекеевтің Қазақстан Ғылым академиясының бірінші президенті Қаныш Сәтпаев туралы кітабын еске алайық.

Жазушы қаламақысының біршамасын алып, жұмсап үлгерген баспадан шығуға дайын тұрған кітапты кімнің не себеппен өндірістен алып тастағанына жауап ала алмай өзінің әуре-сарсаңға түскенін, еш нәтиже шығара алмай әрі-бері сенделгенін кейін жеке бір кітап етіп жазып шықты. Дінмұхамед Қонаев оның екі бірдей хатын жауапсыз қалдырған.

Жазушыны Қазақстан Компартиясы ОК-нің идеология жөніндегі хатшысы Саттар Имашев он үшінші күні қабылдаған, бірақ, нақты жауап беруден жалтарып баққан. Ол жазушының Сәтпаев туралы кітабын жарияламауын сұрап, не ұсынбады десеңізші, моралды-материалды игіліктің барлық түрін беруге даяр болған. Бірақ, ақыр-аяғында бұл «үйде» өзінен басқа да адамдардың бар екенін айтып, шындықтың бетін ашпасқа амалы қалмаған. Әлгіден соң басқа сөздің қажеті жоқ, бәрі де түсінікті болған.

Қаныш Сәтпаев туралы кітап тек бес жылдан кейін ғана, 1980 жылы Мәскеуде «Молодая гвардия» баспасынан жарық көрді. 1994 жылы «Санат» баспасынан Медеу Сәрсекеевтің «Қуғындалған Сәтпаев» деген Сәтпаев туралы әңгіменің оқырмандарға жетуі ауыр да ұзақ болған қиын жолы туралы кітабы шықты.

Көптеген деректердің арасында мынадай да бір өте қызық дерек бар. 1981 жылы Дінмұхамед Қонаевқа ССРО геология министрі Евгений Козловский келеді. Сол министр Сәтпаевты мақтаныш көретінін, Үлкен Жезқазғанды ашқан осынау ірі геолог ғалымның алдындағы борышы жайында сөз қозғайды.

Сол кезде Дінмұхамед Қонаев министрді тоқтатып, «Сіз қателесіп отырсыз, Жезқазғанды түбегейлі зерттеп, ашқан адам - геолог Сейфуллин. Сәтпаев оның еңбегін пайдаланып кеткен» дейді.

Министр дауласпады, өйткені, СОКП ОК Саяси бюросының мүшесіне бәрі жарасымды. Сәтпаев халықаралық қорының президенті Кәкімбек Салықовтың сөзімен жауап берейік: «Қаныш Сәтпаев дүниеден өткеннен кейін советтік замандағы кейбір басшылардың оның есімін ұмыттырып жіберуге тырысқанын үлкен қынжылыспен айтуға тура келеді. Оның бәрі биікке қалықтап шыққан даңқының көлеңкесінде қалудан қорықты».

Десе дегендей-ақ, Қаныш Сәтпаев - Қазақстан Ғылым академиясының бірінші президенті, одақтық Ғылым академиясының мүшесі болған тұңғыш қазақ, осы академия төралқасының мүшесі, Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтар жөніндегі Мемлекеттік комиссияның мүшесі, Жоғарғы аттестациялық комиссияның мүшесі.

Академик Шапық Шоқин оған тағы бір өте биік баға береді: «Синтетикалық ақылдың ойшылдары өте сирек туады. Барынша синтетикалық құрылымдағы ақыл-парасат иелері кеңінен танымал: Леонардо да Винчи, Эйнштейн, Андрей Сахаров. Олар немен шұғылданса да қайталанбас тұлғаға айналады. Мен еш күмәнсіз Қаныш Сәтпаевты да осы айрықша ақыл-парасатқа ие ойшылдардың қатарына жатқызамын».

Ал тіпті Қазақстанның өзінде беймәлім геолог Сейфуллинді онымен салыстыруға да келмейді.

БЕЙСЕБАЕВТЫҢ ЕСІМІН ҚОНАЕВ ҚАЛАЙ ҰМЫТТЫРДЫ

Жоғарғы жақтағы өмір халыққа беймәлім, ондағы болып жатқан жайттардың бір ұшқыны ғана жетеді жұртқа. Сондай жайттардың бірі - Қонаевтан кейінгі ең маңызды адам, республиканың министрлер кеңесінің төрағасы Мәсімхан Бейсебаевтың зейнет жасына жетуіне байланысты зейнеткерлікке шығуы.

Бейсебаевтың күш-қайраты әлі бойында, нағыз бабына келген шағы еді. Оның зейнеткерлікке шығуы өзі үшін де, отбасы үшін де тосын жағдай болғанын біз біраз уақыт өткенде бір-ақ білдік.

Мәсімхан Бейсебаевтың көмекшісі, кейіннен Мемлекеттік жоспарлау комитеті төрағасының орынбасары болған Жарысбек Әбутәлипов сол кезді былай деп есіне алады:

«1970 жылдың 31 наурызында күндізгі сағат он бірде оны Д.А.Қонаев шақырып алып, Жоғарғы Кеңес Төралқасының жетекшісі Ниязбеков пен ОК-тің екінші хатшысы Титовтың қатысуымен оның зейнеткерлікке шығуы керектігін жария етті. Сол күні-ақ сағат 14-те ОК бюросы Бейсебаевты қызметінен босатып, орнына Бәйкен Әшімовты тағайындады.

Оның алдында ССРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Бейсебаевпен ССРО Мемлекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы Н.К.Байбақов, Мемлекеттік жабдықтау төрағасы Э.Дымшиц, қаржы министрі В.Ф.Гарбузов жолығып, республика үкіметіндегі тыңғылықты жұмыстары үшін алғыс айтқан болатын. Сол кезде олар: «Мәке, әлі шашыңда бір тал ақ жоқ. Жұмыс істей бер, біз саған көмектесеміз» деп қалжыңдап еді.

ССРО Министрлер кеңесінің төрағасы Алексей Косыгин Мәсімхан Бейсебаевты іскерлігі, принциптілігі және шыншылдығы үшін сыйлап, бағалайтын. Көп ұзамай, осындай тамаша қасиеттердің иесі - оны Қазақтың шалғын-жайылым шаруашылығы институтының директоры етіп тағайындады. Институт енді ғана құрылып, әлі қалыптасып үлгермеген еді. Бейсебаев қажетті қаражаттың бөлінуіне себеп болып, екі жылдың ішінде кешеннің құрылысын аяқтады. Бірақ, тағы да оның қызметтен кетуін талап етті. Ал, бұл кісі сондай жұмыс істегісі келіп құлшынып еді!»

Республика мемлекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы Камалбай Кетебаевтың естелігінен:

«Оның айналасындағы қайраткерлер де зейнеткерлер еді, сондықтан м




Тәрбие сағатының тақырыбы: «Жаңа жылда жасыл шырша жанында»

Жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме, құрметті жиналған қауым, ата - аналар мен ұстаздар! Баршаңызға жаңа 2014 жыл жылан жылы құтты болсын. Отбастарыңызға бар жақсылықты тілей келе, бүгін міне, шырша жанына жиналып қалған екенбіз. Бүгінгі мерекелеріңізбен сіздерді құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, ашық аспан тілейміз. Жаңа жылымыз сіздерге мол қуаныш әкеле берсін, осылай кішкентай бүлдіршіндеріміздің қызықтарына тоймай, келе беріңіздер. Бүгін балалар сіздерге арнап шағын өлең, би ән жырларын дайындады, аяз атаға да арнап дайындаған өлеңдері мен әндері, билері бар.

Жүргізуші:

Балалар, біздің Аяз атамыз алыс сапарда жүр екен. Олар келгенше біз бәріміз бірге қосылып «Шырша жырын» айтайықшы. Сонда Аяз ата естіп, біздің елді - мекенге келеді. Ән:

«Шырша жыры»

Жүргізуші:

Жарайсыңдар балалар, алыстан Аяз ата мен Ақшақар келе жатқан сияқты. Қане, бәріміз Аяз атаны шақырайықшы. Балалар: Аяз ата а - у - у - у. Аз ата а - у - у - у - у. Аз ата а - у - у - у - у. (Аяз ата мен Ақшақар келеді)

Аяз ата:

Ақшақарым, біз әні мен сәні жарасқан, ұл - қызы өнерлі, халқының бірлігі мол, берекелі елге келген екенбіз. Мен өте қуаныштымын. Ақ қырауға малынған, Сақалы да мұртым да Аяз ата сағынған Сәлем берем жұртыма.

Ақшақар:

Иә, Аяз ата бұл өзіміздің сағына көруге аңсаған Сарат елді мекеніндегі Сарат орта мектебінің білім ордасының шырша тойы екен.

Жүргізуші: Балалар қазір әлемге саяхатқа шығамыз. Мұнда біз әр елдің жаңа жылды қарсы алу дәстүрімен танысамыз, және бізде сол дәстүрлері бойынша өнер көрсетеміз. Келістікпе балалар?!

Балалар:

ия, келістік

Жүргізуші:

Бірінші біз өзбек еліне барамыз. Өзбек елінде таңертең ерте тұрып, өздерін ретке келтіріп, карнавалдық костюмдерін киіп, халық көшеге жиналып өз өнерлерін көрсетеді. Мысалы: ас пісіреді, әншілер ән айтады, бишілер би билейді екен. Ендеше бізде өзбек биіне кезек берейік.

Би: «Өзбек» (кесемен)

Жүргізуші:

Балалар ал көршілес Ресейде Жаңа жылда Аяз Ата мен Ақша қарды күтеді екен. Солармен ән айтып, би билеп, жарыстар ұйымдастырады. Қане, біз де көршілес халқымыздың әуеніне салып, біраз серпілік алайық.

Би: «Орыс биі»

Жүргізуші:

Ал Англияда әртүрлі жастағы адамдар түнде үйде тұрған биік заттардың үстіне шығып алып, төмен қарай секіреді екен. Оларда басты кейіпкер сырнайшы болады. Сырнайшыға келіп, бетіне күйе жағу керек. Сырнайшы ұстатпай қашу керек, аяз ата үйді аралап жүріп сыйлықтар таратады. Қайтарымына балалар ән айтып, би билейді. Ендеше келесі кезекте Диана мен Сағадаттың ағылшын биіне кезек берейік.

Би: Ағылшын биі, Ғарифоллаұлы Сағадат пен Жонысқызы Диана Жүргізуші: Түркияда жаңа жылдың қарсаңында баланың ойыншықтары сөреден жоқ боп кетеді екен. Олардың салтында, музыка аспаптарының үнімен жамандықты қуып, үйге қуаныш шақырады екен. Ендеше, түрік биіне кезек береміз.

Би: «Түрік биі»

Жүргізуші:

Өлең де әзір, ән де әзір, Ойын да әзір, бәрі әзір. Кел, Жаңа жыл біздерге. Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл - дей отыра, ата - аналар арасынан 3 ата - ананы ортаға шақырып, ойын ойнаймыз. Олар: Гүлдана, Қымбат, Алтынсары деген апайлар Ойын «Кел, би билейік» (Столмен би) деп аталады. Ойын шарты мынадай: Ортаға шығып, әр ұлттың биін ырғағына сай етіп билеу керек. Музыка әуені тоқтағанша билеу керек. Музыка сөнген кезде столға отырып үлгеруіміз керек. Ойынға Аяз ата төрелік етеді. (Ортаға 4 ата - ана шығады. Ойын ойналады) Жүргізуші: Рахмет, сіздерге көп - көп. Жеңімпазымызды құттықтаймыз. Қуаныш пен шатыққа кенелейік, Жадырап ән шырқап тербелейік. Төрлет, төрлет халқымның құтты жылы, Бәріміз дөңгелене би билейік - дей келе, ендігі кезекті Нұрдаулет пен Ақниеттің өзбек биіне береміз. Қарсы алыңыздар! Би: «Өзбек биі» Жүргізуші: Басталарда жаңа нұр, Құйылады жаңа нұр. Жүрекке арман бөлеген, Қош келіпсің, жаңа жыл, - дей келе, кезекті әнге береміз. Алиханқызы Аружан «Ертегілер» әнімен ортада қарсы алыңыздар! Ән: «Ертегілер елінде» Жүргізуші: Балалар енді бәріміз бірге шыршаны айналып Аяз Ата биін билейік. Би: «Аяз Ата» биі. Ескі жыл: (Аружан) Сау болыңдар, балалар, Келешегі халқымның. Ашық болсын аспаның Аман болсын жас - кәрің. Жаңа жылым бақытты, Аманат қып барамын Балалардың бір жылғы Сауық - думан кештерін. Жаңа жыл: (Ерсұлтан) Жақсылыққа бағытталған, Боламын мен жаңа жыл. Жаңа жылға бәріңіз, Жаңа үмітпен қараңыз. Қабыл алдым аманат, Жасамаймын мен әркез. Аманатқа қиянат. Аяз Ата: Балалар, енді біздің кететін уақытымыз келді. Біз сіздермен қоштасамыз. Қош сау болыңдар балалар! Жүргізуші: Қане, енді балалар бәріміз көзімізді жұмайық, көзімізді мен айтқанша ашпаймыз. Келістік пе балалар?! Жүргізуші: Біздің оқушыларымыз Аяз атаға хат жазған еді, сол хаттары бойынша аяз ата тілектерін орындап, бізге сыйлық тастап кетіпті. Қане таратып берейік. (Музыка ойналады, Шырша астындағы сыйлықтар таратылады). Жүргізуші: Ерлерім, ел намысын түйіп белге, Келеді қолым жетіп биіктерге. Тілегі қабыл болып Елбасының, Жаңа жыл құт боп келсін сүйікті елге! - дей келе, бүгінгі мектеп алды даярлық топ оқушыларының дайындаған жаңа жылдық кешіміз аяқталды. Құрметті көрермендер келгендеріңізге көп - көп рахмет. Біз сіздермен қоштаспаймыз, тек келесі кездескенше дейміз. Сау болыңыздар!




















Тақырыбы: Заман тозбасын, адам азбасын
Сабақтың мақсаты:
Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі СПИД дертінің алдын - алу, оның жұғу жолдарын одан сақтана, қорғана білу туралы түсіндіру.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, адамгершілікке,
инабаттылыққа, ел жандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: газет - журнал деректері, пікірталас, мақал - мәтелдер.
Ұйымдастыру бөлімі:
1. Оқушылармен амандасу.
2. Түгелдеу.
Кіріспе сөз:
Соңғы жылдары жер шары халықтарының назары ХХ ғасырдың отбасы аталған СПИД (иммунитет жетіспеушілік синдромы) дертіне аууда, қазірдің өзінде ондаған мың адамдардың өмірін жойған осы бір қатерлі ауру жайында жұмыр жердің түкпір - түкпірінде күн сайын хабар бермей отырған бірде - бір газет, журнал, теледидар немесе радио торабы жоқ. Бұл дерттің қара бұлты бүкіл жер шарын басып келеді. Сондықтан осы аурудың алғашқы және негізгі белгілері, одан сақтану жолдары, аурудың алдын - алу және емдеу тәсілдерін білгеніміз жөн.
Сондықтан осы ауру туралы 9 сынып оқушылары сіздерге мәлімдеп береді.
СПИД вирусының қай жылы кім ашқаны туралы.
СПИД қоздырғышын немесе адамда иммунитет жетіспеушілікті туғызатын вирусты (ВИЧ - 1) 1983 жылы француз ғалымы, вирусолог Л. Монтанье тапты. Ал 1984 жылы америкалық ғалым Р. Галло вирустың барлық қасиеттерін жан - жақты тексеріп жариялады.
Оқушы: СПИД вирусы адам ағзасында қалай өмір сүреді?
Адам ағзасына енген ол қанның лимфоцит клеткаларының ішіне кіріп, клетканың генетикалық аппаратына жабысып тез көбейе бастайды. Осының әсерінен клетка жарылып өледі. Одан шыққан вирустар жаңа клеткаларға жабылып, өткен процестерді қайталайды. Лимфоцит клеткаларының осылай өле беруі салдарынан күндердің - күнінде ағзасында иммунитет жетіспеушілік пайда болады. Бұл жасырын кезең ондаған жылға дейін созылуы мүмкін. Айырықша еске салатын жай, осы жасырын кезең кезінде адам өзін аурумын деп есептемейді. Бірақ, ол өзімен қатынастағы адамдарға жұқпалы аурудың көзі ретінде СПИД - ті тарата береді.
Оқушы: СПИД құрбаны (монолог).
- Уа, жаратылыс! Адамзатқа өмір берген құдіреттің қайнар көзі! Сен естисің бе мені? Сүт сәулелі мынау бір өмірдің бар қызығын көре алмай, арманда кетіп бара жатқан, жұмыртқадай жұмыр басты пенденің зарын тыңдашы бір сәт!
Өзімнен өзім сыр таптым,
Өле алмай жүрген сырқатпын.
Шіріген картоп сияқты,
Бұрышында қалған бір қаптың.
Өзімнен өзім тістенем,
Шарабым да тұр ішпеген.
Ұйықтайын десем қорқамын,
Көрмейтін сұмдық түс көрем.
(Тіршіліктен теперіш көрген жас жігіт егіліп жылап тұр.)
- Мен жағдайы әжептәуір отбасында дүниеге келдім. Әп деп өсе бастағаннан ештеңеден таршылық көргенім жоқ. Басқа балалар ішпегенді іштім, кимегенді кидім. ір сөзбен айтқанда, өте ерке болып өстім. әке - шешем бар дегенімді жасады. анда - санда әкем мен тентек болған кезде, айқайлап ұрса бастаса анам: «Ойбай, жалғыз балада нең бар?»- деп ара түсетін.
(Сонау балалық шағы есіне түскен жігіт жүзін қимастық сағыныш басып біраз үнсіз қалды.)
Әлпештеп алды анам алдымнан шығы,
Қасымнан кетпес қиғаш қадам шығып.
Ата - ана перуана боп перзенті үшін,
Күн кешер көрсетпе деп жаманшылық.
Ардақтап ата - анаңды сол секілді,
Қынжылтпай қызмет көрсет адамшылық.
Түседі еске кей кез бала кезім,
Бала кезім... кетуші ем дала кезіп.
Ақ қайынға шайқалған қараушы едім,
Қараушы еді мөлдіреген қара көзім.
- Иә, ата - анамның еркелеткені мені одан әрі құтырта түсті. Жетінші сыныпқа жеткенше екі - үш мектепке ауысып үлгердім. Неге дейсіз ғой. Тәртіпсіздігім үшін. Бір күні көрші подъезге жаңа отбасы көшіп келді. Олардың да мен секілді ұлы бар екен. Сонымен «іздегенге сұраған» дегендей, екеуміздің жұбымыз жазылмайтын болды. Оның менен айырмашылығы наша «деген» пәленің дәмін ерте татқан екен. Енді мен де шеге бастадым. Нашаның адам баласына әкелетін қасіретін ол кезде кім білген? Егерде білген болсам тіріде жолаймын ба?!
Тамырын умен суарып,
Денсаулық деген егістің,
Шірітіп апсың біразын,
Ғаламат қымбат жемістің.
Инемен таза денеңді,
Тесуге неге келісті?
Көк түтінмен уланып,
Ащы суды неге іштің?
Төсекке асыл азамат,
Ауру аеңдеп құлайсың.
Дәрігерлерді мазалап,
Не үшін енді жылайсың?
(Денесін сырқат сыздатқан жас жігіт жасаураған жанарын төмен салып, сөйлеп кетті.)
- Содан арада екі - үш жыл өтті. Бұл кезде мен темекісіз, есірткісіз тұра алмайтын дәрежеге жеттім. Өзім секілді достарым да көбейді. Олар арқылы сарғыш сұйық құйылған инеге де аңсарым ауды. Не құдіреті барын, сол инені көрсем аузымнан суым шығып, есім кететінБұл кезде әкем автомобиль апатынан қайтыс болды. Жалғыз анамның жиған - тергені есірткінің айырбасына кетті. Мен сол құлдырағаннан құлдырай бердім. Бірде қатты салқын тиіп ауруғанаға түстім. Дәрігерлер менің СПИД - пен ауыратынымды анықтапты. Төрт - бес жыл білмей жүріппін.
Таусылмақ дәм. Бітпек өмір - өзенім.
Менің - дағы жетті кетер кезеңім.
Оны көптен тарқамаған қайғы мен
Жүрегімнің мұң көзінен сеземін.
«Өлермін» - деп күңіренем, күйзелем,
Мені есірткі найзасымен түйреген.
Өз әлімше арман - көлде жүзе алмай,
Қанатымнан жараланған күйде мен.
- Соңғы кезде өмір - тірлік, табиғат, жаратылыс туралы көп ойланатын болдым. О, жаратылыс! Жарық дүние! Кеш мені! Шынында да адам өмірі ғажап екен ғой. Бір - ақ өмір! Осы бір - ақ рет берілген өмірінде қартайғанша жүріп, о дүниеге аттансаң арманың бар ма? Бұған кім кінәлі? Балалық па, шалалық па, әлде еркелік пе? Қазір ғой ішім жидіп күйіп кетеді, өкініштің улы запыраны бүкіл денемді қалтыратады. Бәрі кеш енді.
О, Жаратқан!
Жұмыртқадай жұмыр жер мен төңкерілген тайқазандай көк аспан! Сендер естисіңдер ме, мына менің зарымды? Айтыңдаршы, құтқаратын күш бар ма, мына мендей бейбақты.
(Мұңлы ащы әуен ойналады.)
Бұл тірлікте не тындырдым, не көрдім,
Құрбанымын СПИД деген кеселдің.
Ақтамай - ақ кетіп барам арманың,
«Жалғыз бала» деп өсірген әкемнің.
Кім кінәлі, аялаған анам ба?
Бар қажетті даярлаған қоғам ба?
Тек қана өзім кінәлімін сол үшін
Улы дерттің құрбаны мен болам да.
Жас жеткіншек!
Өздеріңе өлер кезде айтып кету борышым,
Ауырсаңдар бұл кеселмен,
Дәрігер де бере алмайды қол ұшын.
Құтқаратын күш жоқ, онда әлсіз тірі өліксің,
Жат әдет пен темекіге, есірткіге жоламаңдар сол үшін!
Азалы да ащы әуен қайта ойнады. Жан төзгісіз азапқа түскен жас бейбақ аласұра дөңбекшіп, жерге құлайды. Бұл оның ақтық сөзі еді.
Оқушы: СПИД - наркотикті егеушілердің инесі арқылы жұғады. СПИД - тен сақтану үшін не істеу керек? Мысалы: ішімдікке әуестік, токсикомандық, шылым щегу сияқты осындай заттардан аулақ болған жөн. Ол ойды да, бойды да өсірмейді. Қайта денсаулығыңды әлсіретіп, өмір жасыңды қысқартады. Ал, дені саудан, жаны саудан артық ештеңе жоқ. Байлық та, бақыт та сол емес пе?
Оқушы: ВИЧ, қазақша АИТВ - адамдағы иммунитет тапшылығы вирусы, жұқтырғандар және СПИД - пен ауыратындар саны өте жылдам көбеюде. Тіпті бұл дерт балалар өміріне де балта шабуда.
Айдана: Олардың арасында ауру жұқтырғандарды былай қойғанда СПИД - тен қайтыс болған ата - аналардың жетім қалған 15 жасқа дейінгі ұл - қыздарының саны 9 млн - ға жеткен.
Оқушы: Еліміздегі ВИЧ жұқтырған азаматтардың саны 900 - ге жетті. Оның ішінде СПИД - пен ауыратындар саны - 25. тек Алматыда ВИЧ жұқтырғандар саны - 38.
Талғат: СПИД ауруын тудыратын вирус - ВИЧ нәрестеге осы аурумен ауыратын ананың құрсағында жатқан кезінде немесе дүниеге келгеннен кейін қан арқылы, емізгенде жұғады.
Оқушы: Кейде СПИД вирусын жұқтырған адамның қанынан ем ретінде сау балаға құйғанда да, бір рет қана қолданатын инені қайталап қолдану кезінде де жұғуы мүмкін.
Оқушы: Ғасыр дерті - СПИД өршіп тұр. Баспасөз бетіндегі соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар саны 1159 болса, 30 адамның СПИД - ке ұшырағанын мәлімдеді. Оның негізгі ошағы Қарағанды, Теміртау, Алматы қалалары болып отыр.
Денсаулығыңды ойласаң (лото)
Жұмыр жерді мекендеген халықтың сонау, ерте заманнан бері айтылып, ғасырлар бойы сұрыпталып келген інжу - маржандай асыл да, даналы сөздері бар. Осынау ғибратты сөздер адамзат баласының денсаулығына зиянды әрекеттерді де жан - жақты қамтыған. Медицинада сөз құдіретінің шарапатына өлшеу жоқ. Азабын арқалатып діңкесіне тиген жаман әдеттен құтыла алмай, амалсыз көніп, медет, көмек тілеп алдына келген науқасқа дәрігердің тауып айтқан бір жылы сөзі тамаша қуат береді.
Иә, мақал - мәтелдер - ғасырлар бойы сұрыпталып, сұлуланып, салмақтанып, кемелденген сөз асылы, парасатты тәрбиеші, әділ сыншы, адал ақылшы ғана емес, сонымен бірге епті, есті емші де.
Карточкалар үлестіріледі. (мақал - мәтелдердің екінші бір бөлігі жазылған).
Бірінші бөлігін жүргізуші оқиды, екінші бөлігін тауып оқу керек.
1. Ішпеген, шылым шекпеген
Жасайды жылдар көптеген
2. Ұзартқың келсе ғұмырды,
Таста арақ пен шылымды.
3. Темекінің кермегі -
Еріккеннің ермегі.
4. Шарап - арақ ішіңе көшеді,
Ақыл шөлмек ішіне түседі.
5. Жабылады шарабыңды ішерде,
Бәле төнсе, жоқ араша түсерге.
6. Жасында темекісін будақтатқан,
Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан.
7. Адам арақты ішеді.
Ақыл арақты ішеді.
8. О басында өзің сақтан, сақ боп жүр,
Одан кейін өзгелерді сақтандыр.
Қорытынды: ТЕСТ
1. СПИД жұқпалы ма?
а) Иә
ә) Жоқ
2. СПИД вирусын не дейміз?
а) Кох талшығы
ә) Айде
б) А вирусы
3. Қай жылы СПИД вирусы ашылды?
а) 1983
ә) 1985
б) 1956
в) 1988
4. Ауру белгілері бірден біліне ме?
а) иә
б) жоқ
5. СПИД қандай жолдармен таратылады?
а) жыныстық жолдар арқылы
ә) қан арқылы
б) тағам арқылы
в) насекомдар арқылы
г) кір қол арқылы.
6. Қай континетте адамдар СПИД - пен ауырғанын білмеген?
а) Африка
ә) Азия
б) Америка
г) Австралия
7. Қазақстанда СПИД - пен ауыратын адамдар кімдер?
а) жастар
ә) балалар
в) үлкен адамдар
8. СПИД - ті қандай жағдайда дұқтыруы мүмкін.
а) норкомания
ә) әңгіме кезінде
в) темекі шегу
г) жезөкшелік
9. Дүниежүзілік СПИД - пен күрес күні?
а) 1 қазан
ә) 1 желтоқсан
б) 1 қаңтар
10 Қай ел СПИД - пен ауырған адамдарды басқа аралға апарып тастайды, оларға жағдай жасайды?
а) Жапония
ә) Канада
б) Қытай
в) Куба
Қорытынды:
СПИД адамзат алдында тұрған жаңа және қиын проблема ол тек медициналық қана емес, әлеуметтік проблема. Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасының 4 басылымында барша жастарды салауатты өмір салтына шақырды.







Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы

Тақырыбы: Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы
Мақсаты:
а) білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру.
ә) Дамытушылық: Оқушыларға президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі - өнеге ету.
б) Тәрбиелік: Оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Н. Ә. Назарбаевтың түрлі жанрларда түскен суреттері, кітаптар бұрышы, нақыл сөздер, слайдтар
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
ІІ. Кіріспе

1 - жүргізуші: Желтоқсаннан бастау алған егемен, Егеменді елде берік керегем. Қазақстан бірлігімнің айғағы, Әлем білген басшысымен көреген.

2 - жүргізуші: Қазақ бүгін бар әлемнен баға алған,
Құт қонған ел қасиеттен жаралған.
Бірлігімнің туын биік ұстаған,
Жаңарған ел желтоқсаннан нәр алған.

1 - жүргізуші: Бірлігімнің бұзылмаған қаймағы,
Бейбіт күнде желбіреген байрағы.
Барлық ұлттар бақыт тапқан өзіңнен,
Қазақстан - ынтымақтың айғағы.
2 - жүргізуші: Былтыр ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі қарсаңында Қазақстан Парламентінің Сенаты «1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мемлекеттік мерекесін бекіткен заңын қабылдағаны баршаға мәлім. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні - барша қазақстандықтарға құтты мереке болғай. Халық үшін қызмет етуді бақыт санайтын Елбасымыз тұрғанда Қазақстан келешекте дамыған, өркениетті ел боларына кәміл сенеміз.

1 - жүргізуші: Бұл - еліміздің жаңа тарихындағы ерекше күн. Нақтырақ айтсақ, жиырма жыл бұрын, яғни 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы болып сайланды. Сөйтіп, ғасырлар бойы халқымыздың асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі ата - бабаларымыздың тарихи аманаты орындалды. Бірауыздан Мемлекет басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды жарқын болашаққа батыл бастады.

2 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, 6 «А, В» сыныптарының «Елін сүйген, Елі сүйген Елбасы» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Көрініс: Нұрсұлтанның балалық шағы:

Рөлдерде: Әжесі - Мырзабала, Әкесі - Әбіш, Бала - Сұлтан «Үшқоңыр» әні, орындайтындар:...................

1 - жүргізуші:. Атақты тұлғаның туған жерін оның өсіп - өнгенін, әсіресе, қазақтар үшін генеологиялық діңгегін білу кез келген адамның қызығушылығын тудырады. Бұл, біріншіден, біздің Президентімізге қатысты. Бұл көп жазылды, фильмдер көрсетілді. Әсіресе «Балалық шағымның аспаны» фильмі өте қызықты, жан жүйеңді толғандырады. Болашақ Президент Алматы облысы Шамалған ауданы Үшқоңыр төбесіндегі киіз үйде туған. Ата - анасының ұзақ күткен ұлы, тұңғыш баласы отбасын, қуаныш пен үлкен қызыққа кенелтті. Әйтеуір шаңырақта бала күлкісі мен кішкентай қадамның дауысы естілді.












Тақырыбы: « Тәуелсіздік елдің ұраны»

Өсер ұлдың қай сәтте де,
Бірлік болмақ қалауы,
Лаула - лаула желтоқсанның
Мұзға жанған алауы.
Өздеріңдей өр намысты,
Жас өркені бар елдің,
Ешқашанда тиісті емес
Еңкеюге жалауы.

Қайырлы кеш, құрметті ата - аналар, мектеп қонақтары! Желтоқсанның дүмпуімен, қылыштың қыры, найзаның ұшына қасқая қарсы тұрған азамат аға - апаларымыздың арқасында жеткен тәуелсіздік мерекесіне арналған «Тәуелсіз елім - Қазақстан» кешіне қош келіпсіздер!
«Тәуелсіз елім - Қазақстан» атты сыныптан тыс әдеби - қойылымдық кешімізді ашық деп жариялаймыз.
Мектеп оркестрі
Көрдік қой зорлық оспадар жандар көрінен,
Жүрегім сыздар, сыр тартсам сол бір әріден.
Қаншама батыр, қыруар ұлды құрбан ғып,
Қиындықтардың қайыспай өткен бәрінен.

Монтаж 6 және 9 сынып оқушылары
Қарасаң қайда, алыс та жақын қырларға,
Алдағы күнге астасып жатыр нұрлы арна.
Қаншама ұлттың құт мекені сияқты,
Бір өзіңе арналмайтын ән бар ма?
Ән «Менің Қазақстаным»

Сүйрік саусақ сағадан,
Мың бұралған өрмелеп.
Асып - тасып сабадан,
Биші кетер дөңгелеп.
Би «Қазақ биі»

Тапталмасын деп қазақтың кек, ары,
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары.
Топты бастап шықты Ләззат алаңға
Толған еді он алтыға не бәрі.
Сахналық қойылым «Қайсар ару - Ләззат қыз»
«Желтоқсан желі» әнінің әуені ойнап тұрады. Көшеде ерсілі - қарсылы өтіп жатқан адамдар. Тәртіп сақшылары
Қар үстінде қызыл қан, қара бұрыш,
Халық та көп көшеде қарақұрым.
Жас ару қыз келеді ілби басып,
Жатақхана тым алыс баратұғын.
Кешкі шамы қаланың сығырайған,
Мезгіл еді айнала тымырайған.
Кеше ғана бұрымын кескен мұның,
Құтылғаны әлі есте сұмырайдан.
Ажал ма, әлде елес пе тақымдаған,
Тырс еткендей болды үн жақын маңнан.
Қыз жүрегі зу етіп, именсе де,
Баса берді ілгері батыл қадам.
(Екі күзетші Ләззатты тоқтатып, құжат сұрап, тексере бастайды.)
Күзетшілер жол тосқан құтқармады,
«Тексереміз,»- деп қызды мықты арбады.
«Бунт жасаған қазақтың қызы ғой бұл»-
Деген сөзге арланды ол бұлтарғанды.
Қорлық сөзге қайсар қыз намыстанды,
Өңменінен итерді жабысқанды.
Жез түймелі қос солдат, түсі бөлек,
Өздерінше жөн көрді танысқанды.
(Екі солдат ұрып, жұлқып Ләззатты алып кетеді. Ләззат барынша қарсыласады.)
Жалған емес, бұл шындық, дастан - әнім,
Бостандықтың ол бұзды тас қамалын.
Қайрат, Ербол, кешегі Ләззаттардың,
Қыршынынан кім қиды жас қанатын?
(Сахнада - Ләззаттың бейіті, суреті, туған және қайтқан уақыты жазылған)
Анасы бейітке гүл қойып, жоқтау айтады:
Оу, көздің жасын бұлайын,
Жүректі жеді - ау уайым.
Саған ғұмыр бермеді - ау
Жарылқаған Құдайым!!!
Құлыным менің қор болды - ау,
Заманың сенің зар болды - ау.
Желтоқсанның қайғысы
Сан анаға сор болды - ау.
Желтоқсанның анаға,
Ызғары көп құлыным.
Намыстан өлген қазақтың
Қыздары көп құлыным.
Сен де соның бірісің,
Өлген жоқсың, тірісің.
Тірі жүрген қыздардың,
Сыйынар жалғыз пірісің.
Зарлағанда не табам,
Сабыр берсін жасаған.
Кімге ғана ұстатар,
Қысқа ғұмыр қашаған?
Заманына қайқайып,
Қарсы тұрған, боташым.
Алтын сақа асықтай,
Алшы тұрған, боташым.
Дәл өзіңдей қыз тапқан,
Менде арман бар ма екен?
Қайтейін, құдай, қайтейін?!
(Гүлін қойып кетеді. Жарық сөнеді. Жарық бейітке түсіріледі, бейіттің ар жағында аруақ бейнесіндегі Ләззат шығады. Ләззаттың басы мен иығы көрінеді)
Ләззаттың сөз сахна сыртынан оқылады.
Ләззат:
Он алтыда қиылдым мен,
Табанында танкінің.
Ләззат атты құрбанымын,
Қазақ деген халқымның.
Шағаладай қалықтаған,
Көк теңізді жағала.
Ләззат дейтін мен болам,
Аспандағы шағала. (шағала ұшыру)
Туған халқым - қазағым,
Сенің үшін жанамын.
Енді қайтіп көрмейік,
Желтоқсанның азабын.
(Жарық жанады. Бейіт басына оқушылар келіп, гүл қойып, сап түзеп тұрады.)
1 - оқушы:
Ұяңнан ұшып шығып, оралмадың,
Ауылың Ақжазыққа қона алмадың.
Шілде айы туған күнің екен сенің,
Ол күннің қонағы боп келе алмадың.
2 - оқушы:
Небәрі 16-дан асып едің,
Балалық бал дәуренмен тасып едің.
Қазақтың салт - дәстүрін, жолын қуып,
Өмірге енді қадам басып едің.
3 - оқушы:
Қайырылмай кеткен қарлығаш,
Желбіреген қолаң шаш.
17-ге жете алмай,
Қиылып кеткен қыршын жас.
4 - оқушы:
Ел үшін ерлігімен елене,
Абырой мен атағына бөлене.
Ләззат сынды қазақ қызы қаһарман,
Ұрпағына болар мәңгі өнеге.
(Барлығы кетеді)

Жүргізуші:
Мұзда жанған мұз балақ. Алау болып жүрегіміздің түкпірінен орын алған. Қазақтың ұлтарақтай жері үшін қасық қаны қалғанша айқасып, өліспей - беріспейтін боздақтарымыз, аға - апаларымызды қалай ұмытармыз. Барлығымыз да бір сәт азаматтық аңсаған, теңдікті талап еткен қыршын жастарымызды еске алайық.

Жүргізуші:
Қуан бүгін, қуан халқым, шынында,
Ақтарылсын ағыл - тегіл жырым да.
Бір құдайдан бірлік қана тілеймін,
Бүгінгі мынау тәуелсіздік таңында.








Сабақтың тақырыбы: Атақ даңқы аңыз болған талайға, ұстаздарға баға беру оңай ма?
1-жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар! Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған Ұлағатты ұстаздар.
Мерекелеріңіз құтты болсын!
2- жүргізуші:
Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға,
Сіздермен тола берсін ортамызда.
Бүгінгі ел басқарған азаматтар,
Білім алған сіздердің арқаңызда.
1-жүргізуші
Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімменен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!
2- жүргізуші:
Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.
1-жүргізуші:
Әл-Фараби: «Ұстаз.... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек болуы керек» деген. Байқайсыздар ма бұл сөзден біз ................... бейнесін көреміз.
2-жүргізуші:
........ апай - мектепте орны бөлек,
Сүйеді шәкірттеріңіз сізді ерек.
Тамыры тереңге тартқан нәрлі ағаштай,
Әр қашан аман болып жүрсін дер ек.
1-жүргізуші:
Тарқалмасын қызықтың шағы қызған,
Жана берсін бақ арт ып бағыңыздан.
Құрметпенен ұсындық сізге сөзді
Ақтарылып көріңіз ағыңыздан!, дей келе сөзді мектебіміздің басшысы ............... беріледі
Ән. «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.
2- жүргізуші:
Сізбенен біз бар әлемді қиялменен шарлаймыз
Мұз боп қатып, жанартау боп сабақтарда қайнаймыз.
Сіз кіргенде дәу картаны қолға алып есіктен,
География, саяхатқа шығамыз деп жайнаймыз.
1-жүргізуші:
Әр адамға құрметпенен қараған,
Өз бойынан мол ізгілік тараған.
Талап пенен тәртіпті тек ту етіп
Осы өмірге мұғалім боп жаралған.
Мектебіміздің оқу ісі меңгерушісі ...... мен тәрбие ісінің меңгерушісі ...... сөз кезегі беріледі.
Ән: «Әке - ана».
2- жүргізуші:
..... апай үйретеді бар білгенін өзінің,
Шын жүректен тілек тілеп бәріміз,
Құттықтаймыз ұстаздардың күнімен.
1-жүргізуші:
Күнім деген күлімдеген
Қамқор болған ұстазым
Жаны жайсаң, жайдары жан,
Ұғындырған сөз сазын.
Ұмытпаймыз, ардақтаймыз,
апай сізді біз.
2-жүргізуші:
Көңіліңіз болсын ақ қардай,
Жарқылдап көзді тартқандай.
Ел жұртың сені ардақтап,
Жүре берсін, ...... апай.
1-жүргізуші:
Ғылым иесі - ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салып мал бағып, терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де - бәрі-бәрі ұстаздан тәлім алған. Ұлағатты ұстаздар, бүкіл адам баласы сіздерге бас иеді.

2-жүргізуші:
Айта берсек ұстазға тіл жетпеген.
Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген?!
Айтыңдаршы, адам бар ма Өмірде,
Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген?
Ұстаздар, ұлағатты зиялылар,
Сендерде ғалымдардың қиялы бар.
Ағайын, тойларыңа тарту етем,
Шәкірттердің сәлемін қабыл алыңыздар!
Ән: «Құтты болсын төл мейрам»
1-жүргізуші:
Ұстаз - әке шәкірттеріне алаламай қамқорлық жасайды. Ұстаз - ана, ол шәкіртін туған анасындай баурап, өмір өрнектерін, тұрмыс тіршілік мехнаттарын, қиындықтары мен қызықтарын сезіндіріп, баулудан жалықпайды. Ұстаз - жолдас. Ол әрқашан да шәкірттерімен бірге көпшілікпен араласып жүреді, қатар құрбысындай қатарлас өмір сүреді. Ұстаз - дос, ол шәкіртіне тек жақсылық ойлап, қиындықта қымсынбай көмек көрсетеді, жанын сала жақсылық жасайды.
2-жүргізуші
Әні сізге қалықтай,
Қиялменен шарықтай
Құттықтаймыз біз сізді
Ұстазымыз ..... ағай.
1-жүргізуші:
Атақ-даңқы аңыз болған талайға,
Ағаларға баға беру оңай ма?!
Баулыған темірдейін тәртіпке,
Мың рахмет ....... ағайға
2-жүргізуші.
Дене шынықтыру сабағының сусындатып білімін
Себепшісің солмай өсіп - жайнауына денемнің.
Сен арқылы білдім өмір оңы менен солын мен.
Сен арқылы қадірін де білдім атқан күнімнің
Ұстазымыз......... ағайдың және де ұстаз - әкелеріміздің құрметіне ән Қарлығаш пен Назеркенің орындауында «Әке» әнін қабыл алыңыздар.



1-жүргізуші:
Ұл-қызын мәпелеп аялаған,
Досынан қол көмегін аямаған.
Бүгінде ортамызда ....... апай,
Мектеп үшін еңбегін аямаған.
2-жүргізуші:
Білім, өнер, бәріне бар талабы,
Әрқашанда ашық-жарқын қабағы.
....... апайдың әрбір берген сабағы
Мәңгі, мәңгі, мәңгі есімде қалады.
1-жүргізуші:
....... апай нұрын шашқан зейіндінің,
Нұрлы шаш сәулесіндей зейіндінің,
Дарыттың адамдықты шәкіртіңе
Дамыттың дарын отын бейімдінің
2-жүргізуші:
Жүрегі нұр, өмірі гүл ұстаздың
Сондықтан да ұстазыма ұқсадым.
Ақ көңіл де қарапайым қашанда құрметтейміз өзіңізді ....... апай ұстазым
Ән: «Гүлдәурен» әні
1-жүргізуші: Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жарқын жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы болса, ал ұстаз біздің екінші анамыз деп айтсақ артық айтпағанымыз деп санаймыз. Мектебіміздегі шәкірттерге ана орнына ана болып, оқушылардың қуанышына қоса қуанып жүрген тәрбиешілердің еңбегі зор.
2-жүргізуші:
Ұстаз деген - жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген - анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың
Тәрбиеші апайларымызға арнау:


1-жүргізуші:
...... апай көп ойлаумен бала қамын
Нұрланып атар іспен әрбір таңы.
Ғаламды жадыратқан күн секілді,
Баланы аялаған алақаны.
2-жүргізуші:
Келешектің кезінде,
Кесіп айтар өзіңе
Өнеге мол өзінде
Өсиет көп сөзінде
Бар шәкірттің анасындай
....... апай осындай.
1-жүргізуші:
Шәкірттерін баптаған
Тәрбиешім ...... апай деп мақтанам
Тәрбие берген біздерге
Көп-көп рахмет сізге де.
2-жүргізуші:
...... апай! Ұлық тұлға өр екен.
Таси түссін берекең
Келген осы айтулы
Құтты болсын мерекең!
1-жүргізуші:
....... апай өзің барда қам жемедім,
Тәрбие бердің үйреттің, жетеледің.
Шаршауды ешқашан білмеп едің
Ол біздің тәрбиеші апай деген едім.
Ән: «Анашым»
2-жүргізуші:
Ақыл-кеңес көп қой онда ұққанға,
Ардың туын асқақ ұстап шықты алға.
Шетел тілін оқуға бізді үйреткен,
Мың рахмет....... апайға.

1-жүргізуші:
Жас ұрпаққа жалынды
Сөз маржанын дарытқан.
Тіл арқылы табысқан
Орыс тілін меңгерген
Үйретуді жөн көрген
Көсегесін көгертіп,
Ғажайып бір өң берген?
2-жүргізуші:
Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім,
Мұхтар, Абай сөйлеген дана тілім.
Таза сөйле, терең ұқ, көп-көп ізден,
Жоғары ұста мәңгілік тілдің пірін, деп қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын пәндерінің мұғалімдерінің құрметіне
Би»Қаражорға
1-жүргізуші:
Ұстаз! Ұстаздық ұлы нәрсе. Ұстаздық ету өзіңнің уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау. Жарық дүниеде бұдан асқан қиын, бұдан асқан қиямет-қайым қызмет жоқ. Патшалық құру ұстаздық етуден он есе жеңіл. Ұстаздық міндетті патша да, бай да, батыр да атқара алмайды.
2-жүргізуші:
Ұстаздық ұстаздан басқа ешкімнің қолынан келмейді.
Ұстазым екінші анам аялаған,
Біздерден бар білімін аямаған.
Оқысын, білім алып үйренсін деп,
Таңертең күнде құшақ жаяды алдан.- дей келе тәрбиешілерімізді төл мерекелерімен құттықтаймыз.
Ән:
2-жүргізуші:
Алғашқы менің ұстазым
Күлімдеген, күнім деген.
Қамқор болған ұстазым.


1-жүргізуші:
Мен алғаш мектеп есігін ашқанымда,
Күнім болып көріндің аспанымда.
Білім болып егілдің жас жаныма,
Гүлің болып төгілдің асқарыма.
Біз дегенде ұмытып бала қамын,
Қас қағымға қасыңнан тастадың ба?
Бастауыш сынып мұғалімдерінің құрметіне би: «Бипыл»
2-жүргізуші:
Біздер әлі өтелмеген парызбыз,
Сары далада сайрап жатқан сан ізбіз.
Аттары да аталмаған ұстаздар,
Алдарыңда мәңгілікке қарызбыз
1-жүргізуші:
Ұлы өмірге жетелеп,
Ашқан білім есігін
Құрметтейік мәпелеп
Ұстаздардың есімін.
2-жүргізуші:
Келешекке алтын бақ,
Қосар таудай үлесін.
Жасай берсін жарқылдап,
Ұстаз атты ұлы есім.
Ән:
1-жүргізуші:
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.


2-жүргізуші:
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген - ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік!
- деп кешімізді қорытындылау мақсатында сөз кезегін мектебіміздің басшысы Дәулетова Қалия апайға беріледі.
Аяулы ұстаздар! Мерекелеріңіз құтты болсын. Жаңа оқу жылы Сіздердің отбасыларыңызға Ырыс, Дәулет, Бақыт әкелсін! Көңілдеріңіз көктемдей болсын, өмірлеріңіз қуанышқа тола берсін. Кешімізді тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!













Тақырыбы: Тазалықты сүйеміз

Мақсаты:Дені сау ұрпақ тәрбиелеу, оқушыларды тазалыққа тәрбиелеу.

Денсаулық дегеніміз не? Денсаулық кең ұғым. Кейбіреулер денсаулықты жастықпен, сұлулықпен, басқалары күш - қуат, бет - әлпеті сенімділігімен байланыстырады. байланыстырады.
Денсаулық жағдайы организмді сыртқы қоршаған орта талабында сақтауды қамтамасыз етеді. Бұл, даму және өмір сүрудегі денсаулықтың негізгі ролі. Денсаулық өмірмен байланысты, бұл заңдылық. Сонымен денсаулықтың анықтамасы қандай? Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жарлығында көрсетілгендей, денсаулық - аурудың немесе физикалық ақаулардың болмауы ғана емес, ол толық әлеуметтік физикалық, рухани аман - есендік. Біздің денеміз қалай құрылған және қалай жұмыс жасайды, ешқандай дене аурулары жоқ, ол жаттыққан немесе шыныққан.
Жеке денсаулық: бұл адам өзін - өзі адам ретінде сезінуі, өзін көрсетуі, жетістігі, негізгі құндылықтары. Біреулер жұмысынан біреулері - өнерден, үшіншілері - отбасынан, төртіншілері - жеке басынан жетістік іздейді. Өзін - өзі танылу неғұрлым қоғамға қарсы келмесе, соғұрлым ол адамның өзіне пайдалы, осыдан барып нақты адамның жеке денсаулығы сипатталады. Әрқашанда өзіңізді саумын деп сендіріңіз.
Іс жүзінде көз алдыңызға деніңіздің сау екендігін ойлаңыз. өзіңізден ауру іздеуге асықпаңыз. Ертедегі гректер былай деген екен: «Әдемі болғың келсе жүгір, ақылды болғың келсе жүгір».
Валеология - жеке тұлғаның денсаулығы және оны сақтау мен нығайтудың жолдары туралы ғылым екені белгілі. «Адамның жеке тұлғаның денсаулығы - адам ағзасының патологиялық өзгерістерден таза барлық функциялары үйлесімді жағдайда, қоршаған ортамен тепе - теңдік қалпын білдіреді».
Жеке тұлғаның денсаулық - ағзының барлық жүйесінің оптималды өміршеңдігінің ағзадағы барлық зат алмасу процестерінің гармониялық бірлігі арқылы жүзеге асуы.
Біздің денеміз қозғалыс үшін жаралған. Жүйелі түрде дене шынықтырумен айналысқан денсаулық деңгейін едәуір жақсартады. Өйткені:
1. Ағзаның функционалды мүмкіндіктерін, оның басты жүйелерінің жұмысын ұлғайтады.
2. Адам ағзасының тұтастай алғандағы тыныс тіршілігінің үнемділігін, тиімділігін арттырады.
Дене сау болу өркеннің өз ісі деп саналады да, айналадаға адамдар ауыра қалса өзімізді сырт ұстаймыз. Ал, өзіміз ауырсақ , ең алдымен жанымыздағы жақын адамдар мазасызданып біз үшін уайымдамайды, сондықтан бастауыш сыныптан бастап балаларға өз өмірінен денсаулығын қымбат сыйлық ретінде қабылдауды үйретуіміз керек.
Дені сау адам табиғаттың ең қымбат жемісі. Денсаулық адамның басты байлығы. Күнделікті өмірде мұны көбіңіз сезіне білеміз. Дені сау адам өмірде көп жетістікке қол жеткізеді.









Тәрбие сағаты «Әдептілік - әдемілік»


Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды әр ортада өзін ұстай білуге тәрбиелеу;
    2. Оқушыларға адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру;
    3. Кішіпейіл де қарапайым, сымбатты да әдемі болуға тәрбиелеу;
    4. Дүниетанымдарын кеңейту;

  2. Сабақты өткізу әдісі: Аралас; түсіндіре әңгімелеу;
    Сабақтың жабдығы: Интеративті тақта, әртүрлі орындағы адамдар слайдпен.

    Сабақ жүрісі
    І. Ұйымдастыру бөлімі.
    Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен танысу.
    ІІ. Негізгі бөлім.
    1. Мұғалімнің кіріспесі.
    а). Қоғамыздың болашақ мұрагерлері қандай болуы керектігі туралы.
    ә). Сымбаттылық пен әдеміліктің әдептілікпен байланыстылығы туралы.
    2. Негізгі орталарда өзін - өзі қалай ұстау қажеттілігі туралы


а). ҮЙДЕ: Ата - анамен, іні - қарындаспен, аға - апамен қалай сыйласу қажеттігі туралы, қонақ келгенде сәлемдесу, қонақ қабылдау, т. б.


ә). КӨШЕДЕ: Дұрыс, сымбатты жүру, кезкелген үлкен - кішімен сәлемдесу, қарт адамкездессе көмектесу, орынсыз ысқырық, т. б., төбелеске жол бермеу;


б). МЕКТЕПТЕ: Оқушыларға арналған ережелерді сақтау, жолдастарымен, ұстаздарымен сәлемдесу, мектептегі қоғам мүлкіне дүрыс көзқараста болу,
кезекшілік міндеттерін дұрыс орындау, сабақты бар зейінімен тыңдау,
сабақ үстіндегі бірыңғай талап ережелерін сақтау, ұстаздарын, достарын
сыйлау;


в). ҚОНАҚТА: Қонаққа келген үйінің ішіне тесіле қарай бермеу, әр нәрсеге таңданыпорынсыз дүниелерді қайдан алғанын тексеріп сұрай бермеу, босқа
абыржымау, екеу - екеуден сыбырласып әңгіме айтпау, ерсі күлмеу, үн -
түнсіз, өзімен - өзі мұңайып отырмау, басқа қонақтардың, үй иесінің
пікірлерімен санасу, т. б.


г). ДАСТАРХАНДА: Кітап оқымау, әңгіме айтпау, тырнақты ауызға салмау, ұстамау,басын ұстап қасымау, үлкеннен бұрын төрді иемденбеу;


ғ). ҚАЛАДА: Жинақы, қарапайым киім кию, көліктер арасында арасында жол
ережелерін сақтау, автобуста үлкен адамдарға, балалы адамдарға
орын беру, т. б.

ІІІ. Қорытынды бөлім
1. Әдептілік туралы ұлы АБАЙ сөзінің мәнін ұғыну
ӘДЕПТІЛІК - ар - ұят
АДАМДЫҚТЫҢ белгісі,
ТҰРПАЙЫ мінез, тағы жат
НАДАНДЫҚТЫҢ белгісі.
2. Өздерінің жөнді - жөнсіз қылықтарын айту
3. Әдептілік туралы мақал - мәтелдер.
Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала - сорлы бала.
Сәлем - сөз анасы.








Тақырыбы: Аталар сөзі- ақылдың көзі
Мақсаты:
а. Білімділік: Аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру;
ә. Тәрбиелілігі: аталы сөзден өнеге, үлгі алуға баулу.
б. Дамытушылығы: оқушыларды тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға үйрету.
Жоспар:
Аталар сөзі - ақылдың көзі.
Ата өсиеті.
Баталы құл - арымас.
Жарасып тұр дәстүрім.
1 - жүргізуші: «Сәлем сөздің анасы» демекші, армысыздар ағайын!
2 - жүргізуші: Қадірменді көпшілік. Бүгінгі «Аталар мұрасы - халық қазынасы» атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер!
1 - жүргізуші: Ата бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты ғибрат аларлық, тамаша тәлім - тәрбие берерлік өсиет сөздер өте көп.
2 - жүргізуші: Ендеше, күнделікті өмірде ата - әжелеріміздің, ата - аналарымыздың айтып отыратын, «Аталар сөзі - ақылдың көзі» бөліміне сөз кезегін берейік.
Жігіт:
Ата! Қол бастау қиын ба,
Жол бастау қиын ба,
Сөз бастау қиын ба?
Қарт:Е, балам!
Қол бастау қиын емес,
Көк найзалы ерің болса,
Жол бастау қиын емес,
Соныңнан ерген елің болса,
Бәрінен де сөз бастау қиын.
Тауып айтсаң, мереке қылады.
Таппай айтсаң, келеке қылады.
Жігіт:Дұрыс айтасыз, дұрыс айтасыз.
Қарт: Е,балам!
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады.
Қарт: Сөз туралы ұлағатты сөздер өте көп
Әділ төре ел бастар,
Батыр жігіт жау бастар.
Аға жігіт қол бастар,
Шешен адам сөз бастар.
Құсты жисаң,бүркіт жи.
Қыс тоныңды түлкі етер.
Бір жақсымен дос болсаң,
Азбас - тозбас мүлк етер.
Бір жаманмен дос болсаң,
Бүкіл алаңға күлкі етер.
Қарт:Иә, балаларым, сөз кезегін түйіндейтін болсақ
Ақыл - адамды аздырмайтын ем.
Білім - таусылмайтын кен.
Адамның басшысы - ақыл.
Жетекшісі - талап.
Шолғыншысы - ой.
Жолдасы - кәсіп.
Қорғаны - сабыр.
Қорғаушысы - мінез болуы керек.
1 - жүр: Аталар мұрасы - халық қазынасының бірі домбыра.
2 - жүр: Халық әні. «Еркем - ай»
1 - жүр: Әй, тәкаппар, дүние!
Маған да бір қарашы!
Танимысың сен мені,
Мен қазақтың баласы.

2 - жүргізуші:
Ізетіңді ине етіп
Иманыңды түйме етіп
Инабатты күйме етіп,
Жүрші балам жамандықты күйретіп, - дегендей біз, яғни еліміздің ертеңі, бабаларымыздың мұрасын, халқымыздың жақсы дәстүрлерін бойымызға сіңіріп, жалғастырып, жамандықтан аулақ, жаны таза елжанды ұрпақ болып өсейік.
1 - жүргізуші: Көрініс «Ата өсиеті.» ертегісі.
Жігіт: Ассалаумағалейкум, ата!
Қарт: Аманбысың, балам!
Балам,бақытты болу оңай ма?
Жігіт:Ата,жары жақсы болса, бақыты жанында
Қарт:Жоқ, балам! Ақыл басыңда болса, бақыт жаныңда болады.
Ақыл адамды азаттан да мазақтан да құтқарады. Өмірде шын бақытты болам десең ақылдылықты үйрен, не ақылды қызыңа үйлен.
Қарт: Дұрыс айтасыз, дұрыс айтасыз!
Балам, үйде кім, елде кім қадірлі?
Жігіт: Ата, үйде ана, елде бастық қадірлі.
Қарт: Жоқ, балам үйде қонақ, қарт, бала қадірлі. Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі. Қонақты қадірлеуді бәрі біледі. Бала - үйдің патшасы, балалы үй базар, баласыз үй мазар деген халқым.
Қарт: Балам, үйдегі алтын қазық кім?
Жігіт: Ата, үйдегі алтын қазық бала.
Қарт: Жоқ, үйдегі алтын қазық - ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға, әке тәрбиесі ұлға үлгі. Ана - ақылшың, әке - қамқоршың, ағаң - қорғаушың, інің - сүйенішің, қарындасың - қанатың екенін ұмытпа. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейірімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде болады балам.
Қарт: Ой, қандай керемет сөздер!
Балам, достықты нығайтатын не?
Жігіт: Ата, достық пен жолдастықты ынтымақ, бірлік, теңдік, туыстық, бауырмалдық нығайтады.
Қарт: Дұрыс, балам сенің айтқаның достық пен жолдастықты дамытады. Есіңде болсын, шын достық ақылдыға тән. Өмірде дос болуды ойласаң «Сәлеметсіз бе?», «Кешіріңіз», «Рахмет», «Сау болыңыз», «Сәлем айтыңыз», «Рұқсат па» - деген сөздерді шын көңілмен айтуға үйрен.
Сәлемдесуді білген кешіре де біледі. Жөн сөз - көңілді өсіреді, жөнсіз сөз - үмітіңді өшіреді.
Жігіт: Рахмет, ата, сіздің ғибрат аларлық сөздеріңізді есте сақтаймын!
- Иә барлығымыз сақтаймыз.
2 - жүрг: Домбыра. Халық әні «Еркем - ай»
1 - жүрг: Салт - дәстүр халық педагогикасының бастауы. Елдігіміздің, егемендігіміздің арқасында қайтып оралған салт -дәстүрімізді тұрмыстық негізде қолданып жүрміз. Соның ішінде, бата туралы түсінік бермекшіміз.

Баталы құл - арымас,
Батасыз құл - жарымас.
Батаменен ел көгереді
Жауынменен жер көгереді - дейді дана халқымыз.
2 - жүрг: Бата халықтың рухани күш алатын құдіретті сенім күші. Ол ел сенімін ақтайтын абзал азаматтарға, таланты жастарға, көптің жүгін көтерген, адамдарға, жас сәбиге, немесе үлкендер жақсы ісіне риза болған жағдайларда берілетін ұлы адамдар мен ақсақалдардың ақ тілегі, әрі өмірлік жолдамасы.
Батаның түрлері көп.
Жасұланға бата беру.
Жігіт: Әумин!

Қарт:
Ата сөзі дарып мол,
Ақ уызға арып бол,
Абылайдай алып бол,
Шоқан сынды жарық бол,
Абайға ұқсап милы бол,
Құрманғазыдай күйші бол,
Ақандайын сері бол,
Қажымұқандай ері бол,
Сәкен сынды сұңқар бол,
Бағың жанып әрдайым,
Жақсыларға жақын бол,
Осы айтқаным періште, құлағыңа шалынсын.
Бәрінен де құлыным,
Аман бол, қалқам, аман бол!
Әумин!
1 - жүрг:
Кең даланың ежелгі,
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
2 - жүрг:
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң
Тістерсің бір күн бармақты.
1 -жүрг:
Тілім бар да, қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар.
Кең даладай жиналмаған шалғайы, - дей келе, тәрбие сағатымызды осымен аяқтаймыз. Қош сау боп тұрыңыздар!









Тақырыбы: Тәуелсіздік символы - ұлттық теңге

Зерттеу жұмысының мақсаты: Тәуелсіздігіміздің символы - ұлттық теңгеміздің тарихын дәріптеу
Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Теңгенің шығу тарихы
2. Теңге 2006 жылы өз бейнесін өзгертті.
3. Өскемендегі теңге сарайы
4. Қорытынды
5. Пайдаланылған әдебиеттер

Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік,егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн - біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы Конституциялық заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдауына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.

Тәуелсіздік -біздің ұрпаққа берген үлкен бақыт, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік -біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз.
1991жыл Кеңес одағы ыдырағаннан кейін әрбір ел тәуелсіздігін жариялап, өзінің мемлекеттік рәміздерін қабылдады. Қазақстан өзінің Елтаңбасын, Туын, Әнұранын заңмен бекітті. Саяси егемендігін алған ел экономикалық тәуелсіздікке де ие болуы қажет. Осы орайда барлық мемлекет бұрынғы Кеңес одағының рубльдік аймағынан шығып, өзінің ұлттық валютасын шығарды.

1993ж. 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев"Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы"жарлық шығарды.
Ұлттық валютаны «теңге», ал оның жүзден бір бөлігін «тиын» деп атауды сол кездегі ҚР Жоғары кеңесі комитетінің төрағасы Сауық Тәкежанов ұсынған еді.

Теңгенің де өз шығу тарихы бар. Ұлттық теңгені жасауға екі жыл уақыт қажет болды. Қазақстан өз төл ақшасын шығару үшін 1990жыл теңгенің алғашқы үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Тәуелсіз елдің ұлттық валютасын жасап шығарған Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсалы Дүзелханов, Хайролла Ғабжәлеловтер еді. Олар жұмыстарын Қазақстан мәдениетінің тарихи даму аспектілерін зерттеуден бастаған.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Біз ұлттық ақшамызды бір-ақ рет және бір атаумен шығаруымыз керек. Екінші қайтара оның аты өзгермейді. Сондықтан оны әбден зерттеп барып, бір шешімге келуіміз қажет»,- деді.
Содан кейін бүкіл тарихты көтеріп, қазаққа қатысты еңбектер ақтарылып, ертеде қазақта теңге қолданған екен. Біздің академиктер: «орыстың «деньги» деген сөздері сол теңгеден шығуы мүмкін»- деді.Себебі, ақша айналымы Ресейден бұрын Азияда болған. Біздің бұрынғы түркі мемлекеттері салтанат құрып тұрған кезеңде, одан кейін де теңге қолданыста жүрген. Сөйтіп, біздің болашақ валютамыз теңге деген әдемі атауға ие болыпты.

Теңгенің әлемдік биржада 2006 жылдан бастап төбесінде сызығы бар Т әрпімен белгіленіп келеді. Ұлттық банк жарияланған үлкен байқаудың қорытындысы бойынша осы символ үздік деп танылып, оны ойлап шығарушылар миллион теңге сыйақы алды.

Ең алғашқы теңге партиясы Англияның ең көне әрі әйгілі «Харрисон және ұлдары»фабрикасында басылып шықты. Теңгенің алғашқы партияларын сақтау үшін арнайы жер асты қоймалары дайындалған. Оларды төрт ИЛ-86 ұшақтары тасыды. Бір аптаның ішінде олар Лондонға 18 рет ұшып барып-қайтып келген. Жаңа валютаның айналысқа енгізілуінің көрші елдерден құпия ұсталғаны сонша барлық құжаттарда Президент Резиденциясының құрылысы үшін құрал-жабдықтар тасылуда деп жазылған. Алғашқы теңгелер жер асты қоймаларынан елдің барлық банктеріне 8 күн ішінде жеткізілген. 1993 жылы қазан-қараша айларында Қазақстан рубль аймағынан толықтай шықты. Қарашаның 12-сіндегі Президент Жарлығынан 3 күннен кейін теңге айналымға енді. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада таңғы 8.00-де басталып, 20 қараша күні 20.00-де аяқталды. Ұлттық банк алғашқыда 1 теңгені сол кездегі 1000 рубльге бағалаған. Кейін еліміздің саяси және әлеуметтік, мемлекетаралық қатынастары ескеріліп 1 теңге 500 рубль болды. Ал бірінші айналымға енген 1 теңгенің АҚШ долларына шаққандағы құны 4,35 теңге болды.

1992 жылы теңге дизайнындағы бейнелер бекітілді. Ең алғашқы теңгемізде белгілі тарихи тұлғалардың портреттері, Алатау мен Көкшетау көріністері, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің бейнесі, Маңғыстаудан табылған тастағы таңбалар пайдаланылды. Бір теңгелік банкнотқа Әбу Насыр әл Фараби, үш теңгелікте Сүйінбай, бес теңгелікте Құрманғазы, он теңгелікте Шоқан, жиырма теңгелікте -Абай, елу теңгелікте - Әбілқайыр хан, жүз теңгелікте Абылайхан бейнесі салынған. Теңге дизайнерлерінің бірі - Прага сәулет институтының түлегі, бірнеше халықаралық конкурстардың жеңімпазы Х.Ғабжалеловтың пікірінше, ақшада айтулы алаш азаматтарының бейнесін берудің бірнеше себебі бар. Біріншіден, қосымша күрделі бедер - бейнелер банкноттарды қолдан жасаудан қорғайды, екіншіден тарихи тұлғаларымыздың суреттері біздің жас мемлекетіміздің өз тарихы мен болмысын танытады және қазақ ақшаларын әлемдегі басқа валюталардан даралап, айшықтап тұрады.

Қазақстанның ақша сарайы металл тиындарды шығаруға дайын болмағандықтан жедел түрде қағаз түрінде шығарды, бірақ 1 жылдан соң оларды металл тиындарға ауыстырды. 1994 жылы қағаз тиындар жезден жасалған монеталармен алмасты.

1993 жылы құрылысы басталған банкнот фабрикасы 1995 жылы толық аяқталды. 19 мамыр 1995 жылы ресми ашылу рәсімі өтті. Бұл стратегиялық нысанға осынша көп журналистке кіруге алғаш рет рұқсат берілді. Нұрсұлтан Назарбаев осында басылып шыққан алғашқы миллион теңгені бүкіл Қазақстанға көрсетеді.

1995 жылы Алматыда өз банкнот фабрикамыздың тұсауы кесілді. Қазір Тәуелсіз Қазақстан төл валютасын өз елімізде басып шығарады.
2006-2011жылғы банкнот фабрикасы ұлттық ақшаның түрлерін басып шығарды.
Теңге 2006 жылы өз бейнесін өзгертті.
2006жылғы үлгідегі банкноталар бірыңғай стильде орындалған, суреттер бет жағында негізінен тігінен, сырт жағында көлденеңінен орналасқан. Тұтастай алғанда, дизайн Қазақстанның қазіргі бейнесін көрсетеді. Барлық мемлекеттік нышандар, сәулет объектілерінің және елдің табиғат нышандарының бейнелері кіреді.

Банкноттардың бет жағында, ортаңғы бөлігінде"Астана-Бәйтерек" монументі қазіргі заманғы сәулеттің конструкторлық және инженерлік ойдың жетістігі, тәуелсіз Қазақстанның даму нышаны орналастырылған. Банкноттың ортасында түрлі-түсті жолақтарда Қазақстан Республикасының әнұраны ноталарының фрагменттері бейнеленген, оларға номиналды сандық белгісі жазылған."Бәйтерек" ескерткішінің сол жағында бір түспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы салынған
Оң жақ жоғарғы бөлігінде - мемлекеттік жалау бейнеленген. Банкноттың төменгі бөлігінде сенімді шынайылықты және әділеттілікті білдіретін классикалық геральдика ашық алақан бейнеленген.
Оң жақ төменгі бұрышында тігінен номиналы 200, 1000, 2000, 5000, 10000 теңге деп жазылған.

Теңгенің сипаттамасы-2006 ж
200 теңге.Басым түсі:сарғылт - жасыл .Мөлшері:126х64мм
500 теңге.Басым түсі:көкшіл - сұр.Мөлшері:130х67мм
1000теңге Басым түсі:сарғыш - қоңыр.Мөлшері:134х70мм
5000 теңге Басым түсі:күңгірт қоңыр - қызыл.Мөлшері:142х76мм
10000 теңге Басым түсі:күлгін - көк.Мөлшері:146х79мм

2011 жылы 25 мамыр Ислам конференциясының ұйымдарындағы Қазақстан өкілдігіне арналған теңге
Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығына
Қазақстан Тәуелсіздігінің 15 жылдығына
2010 жылы 1мың теңгелік көкшіл - жасыл
2011 жылы Қысқы Азия ойындары
2011жылы Тәуелсіздікке арналған теңге түрлері
2011жылы қарашаның 15-і Қазақстанның ұлттық валютасы - теңгенің қолданысқа енгеніне 18 жыл толды.

Өскемендегі теңге сарайы.Айналымдық теңге, коллекциялық теңге, жетондар.
Тәуелсіздіктің 20 шыңы
7.12. "Алтын теңге"
Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің басты атрибуты - ұлттық валюта күні.
«Ұлттық валюта ретіндегі теңге, біздің еліміздің тарихында өзінің рөлін тәуелсіздіктің экономикалық негізі ретінде ғана атқарған жоқ. Кейбір жағынан алғанда теңге - бұл тарихымыздың өзінің толымды бір бөлігі, өз заманының нысаны».
Н.Назарбаев

Қорытынды
Қазір ел экономикасы даму үстінде. Сондықтан теңгенің тұғыры да тұрақты. Қазір ол жақын шет елдерде сұранысқа ие. Мәселен, теңге Өзбекстан, Қырғызстан, Ресейде евро, доллармен бірге айналымда жүр. Бүгінде осы аумақта Ресей мен Қазақстанның экономикасы ілгерілеу тұр. Рубль мен теңгенің қарым-қатынасы жақсы. Ұлттық валютаның бүгінгі тұғыры бір қалыпты. Жалпы, ұлттық валютаның құны ел экономикасының өсімімен белгіленіп отырады. Бұл - айқын нәрсе. Басқа валютаның қатынасына қарай құны белгіленеді. Жалпы көршілерде теңгені сатып алуға құқық бар, ендеше қазақ валютасына да сұраныс бар. Теңге - дербестік тірегі, экономикалық дербестіктің кепілі. Теңге өзінің тарихи функциясын толығымен орындап шықты, әлі де өзінің құндылығын дәлелдей бермек.

Кері қайту

Материал рейтингісі:


Тақырыбы: «Ислам жолы-тура жол »
Мақсаты: Оқушыларға діни тәрбие берумен қатар бір Аллаға сенімдерін арттыру, дінді уағыздау арқылы балаларды тазалыққа, имандылыққа тәрбиелеу. Оқушыларды адалдыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Абай» энциклопедиясы, тақырыпқа байланысты нақыл сөздер, слайд.
Сабақтың түрі: КездесуБарысы:
I. Кіріспе. Мұғалімнің сөзі.
II. «Ислам діні- таза, күшті, құдіретті дін».
III. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас»-
IV. Қазақтың қара өлеңдері
V. Сұрақ -жауап

Мұғалімнің сөзі:

Армысыздар, қадірлі ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бүгінгі ашық тәрбие сағаттында имандылық, мұсылман діні, Аллаға құлшылық ететін жастар және басқа діни сөздер туралы айтылмақ.
Соған орай бүгінгі тәрбие сағаттымызға мешітінің бас имамы - Химелден ата келіп отыр. Бәріміз қошемет көрсетіп, ортаға шақырайық.

Жүргізуші:

Биыл - біз үшін ерекше қастерлі жыл.
Біз ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына қадам бастық.
Бодан жұртты бүгінгідей бостан күнге жеткізген бұл жолда біз биік белестерді бағындырдық.
Естеріңізде болар, 1997 жылғы халыққа алғашқы Жолдауында : «2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады».
Осы сөздерге кезінде күмән келтіргендер аз болған жоқ.
Дегенмен, діттеген бұл межеге біз 33 жылда емес, бір мүшел жаста ғана жеттік!
Қазір де бүкіл адамзат баласының басында болып жатқан проблемаларды тек Ислам арқылы шешуге болады.

Ислам - адам өмірін сақтаушы, денсаулықтың қорғаны, адамның өзін-өзі құртып, бітіруіне тосқауыл болатын ғажайып нәтижілер жиынтығы.
Ислам мемлекеттерінде тұрмыс жағдайы төмен болса да, қылмыс деңгейі мен ажырасу саны ең аз, рухани бақыт көрсеткіші мен денсаулық деңгейі әжептәуір жоғары.
Дамыған елдерден қанша төмен тұрса да жоғары деңгейдегі мораль мен тәртіп сақталған.
Ислам - өмірдегі ең ұсақ құбылыс бөлшегін түсіндіретін жетілген қоғамдық құрылым жүйесі.
Ислам - қайрымдылық пен зұлымдықтың не екенін нақты түсіндіре алады, қалай дұрыс өмір сүру, қалай дұрыс тамақтану, қалай бала тәрбиелеу, әйелді қалай қастерлеу, қалай киіну, қоғамдық өмірдегі қатынас сияқты т.б. маңызды сұрақтарға жауап бере алады.
Исламда, мемлекетті басқару ұйымы үшін, қалай салық жыйнау, салық мөлшерін белгілеу, қаржыны реттеу, қоғамдық тәртіпті белгілеу және қадағалау, халық қажеттілігін қамтамасыз ету, ресурстарды адамдар арасында әділ бөлу сияқты т.б. нұсқаулар бар.
Яғни, Ислам - «басынан аяғына» дейін құрылымы жетілген нағыз керемет Дін.

Жүргізуші:
«Алланың өзі де рас, сөзі де рас»- Темирхан Бисұлтан

Алланың өзі де рас, сөзі де рас,
Рас сөз ешуақытта жалған болмас.
Көп кітап келді Алладан, оның төрті
Алланы танытуға сөз айырмас.
Аманту оқымаған кісі бар ма?
Уәктубиһи дегенмен ісі бар ма?
Алла өзгермес, адамзат күнде өзгерер,
Жарлық берді ол сіздерге, сөзді ұғарға.
Замана, шаруа, мінез күнде өзгерді,
Оларға кез-кезімен нәби келді.
Қағида шариғаты өзгерсе де,
Тағриф Алла еш жерде өзгермеді.
Күллі махлұқ өзгерер, Алла өзгермес,
Әһлі кітап бұл сөзді бекер демес.
Адам нәпсі, өзімшіл мінезбенен,
Бос сөзбенен қастаспай, түзу емес.
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті.
«Дін- ғылымның анасы» - Хабан Дәурет
Дін- ғылымның анасы,
Дін- ғылымның әкесі,
Ғылым- діннің баласы,
Дін- ғылымның көкесі!!!
Ғылым да бар, дін де бар,
Қоқыс та бар, гүл де бар.
Адам ата өлмесін,
Ақырзаман келмесін,
Қол қусырып құдайға
Ғылым мен дін, бірге бар!

«Бес парыз» - Муканов Бағдат
Болған соң мойнымдағы бас қарызым,
Айтайын өтер-өтпес досқа арызым.
Жәннатқа жақсы істермен жарысайық,
Орындап мұсылманның бес парызын.
Иманды баға жетпес нұрға бала,
Ақылды адам одан құр қала ма?
Дүниені әркімдерге-ақ берген Раббым-
Дінді тек берер сүйген құлға ғана.
Ендеше, дін тірегі- намаз дейді,
Намазбен пенде Алладан пана іздейді.
Құлшынып құлшылығын арттырғандар-
Құранан ешқашан да ара үзбейді.
Тұтпаса уағымен Оразаны-
Адамның тәні толып, жаны азады.
Тұрмаса тізгінделіп тіл мен нәпсі
Тозақтың сенде дей бер бар азабы.
Парызды сонан соңғы- Зекет дейді,
Қолыңа нелер келіп, не кетпейді.
Бергенің береке болып ахиретте
Жұмақтың биігіне жетектейді.
Алланың түссе саған назары асыл,
Сүймейсің бос мақтанмен сөз аласын,
Инша Аллах қабыл болса қажылығың-
Анаңнан туылғандай тазарасын!
Жаратқан «бай», «кедей» деп жіктемейді,
Жалқаулық, сараңдыққа құп демейді.
Тыйым жоқ бес парызда,
бізге Алла-
Келместі қолымыздан жүктемейді
Жүргізуші: Ешбір жеке тұлғаға телінбейтін қазақтың қара өлеңі әу баста былай дейді:
Дүние бір қисық жол бұраңдаған,
Бақ қайтса, басқа дәулет құралмаған.
Күніне мың пәлеге жолықсаң да,
Сонда да күдер үзбе бір Алладан!
Бүкіл қазақ халқының өмір сүру негізін көрсететін есте жоқ ескі заманнан жеткен жәдігер сөз осындай. Бұл біреуі ғана. «Құдайсыз қурай сынбайтынын», «Алладан сұрағанның екі бүйірі, адамнан сұрағанның екі көзі шығатынын», «Құдай деген құр қалмайтынын» заманалардан бері білетін халық мұндай өлең-жырдың мыңын айтқан.Осының бәрін қорыта келіп Абай: «Алланың, Пайғамбардың жолындамыз…» дейді.Абайдан ары да Бұхар жырау: «Бірінші тілек тілеңіз, бір Аллаға жазбасқа…» деп өсиет айтады.
Ал, «Мұсылман мен кәпірдің арасын бұзып дінді ашқан» қарға да бойлы Қазтуғанның жыры болатын.
Жалаңаш барып жауға ти,
Тәңірі өзі біледі,
Ажалымыз қайдан дүр!- деген Шалкиіздің тәуекелі «Мен ісімді Хаққа тапсырамын һәр жерде» деген берік ұстанымнан, тағдырына келтірген кемел иманынан еді.

…Малын салып алдына,
Әр саладан құйылды.
Он екі ата Байұлы,
Бір Аллаға сыйынды -дейтін Жиенбет жыраудың жыры тайға таңба басқандай тарихтың өзі.

Дұшпаннан көрген қорлығым,
Сары су болды жүрекке.
Он жетіде құрсанып,
Қылыш ілдім білекке.
Жауға қарай аттандым,
Жеткіз деп Құдай тілекке! -деген Ақтанберді бабамыздың жастайынан сом жүрегі суарылған ілімнің қайда жатқанын аңғара беріңіз.

Дін мұсылман баласы,
Адамдықтан жерімес.
Тіл мұсылман, қарашы,
Арамдықтан шегінбес.
Дәніккесін бұл шіркін,
Адал бір дәм жегізбес! -деп аһ ұрған Үмбетай жыраудың ақиқатшыл жүрегін ыза кернейді.

Иманын айтып өлерде,
Иекке жаны келгенде,
Сәлем айтты үш қайта,,
Кеттім деп сізді көре алмай.
… Қайырылмас қаза келгенде,
Батырың өлді - Бөгенбай! -деп ардақты батырдың ақ өлімін Абылайханға естіртіп, «иманын айтып өлерде…» - деп көңіліне қуат тұтады, жүрегі Алла деп соққан асыл ер!

Ай, мұсылмандар, жарандар,
Малыңнан зекет беріңіз,
Бірлігін Хақтың біліңіз.
Хақ жолымен жүріңіз,
Пәк болады дініңіз! -
деп зар қаққан Қаблиса жырау бабамыздың жүрек сөзі ақиқатпен суарылған алмас қылыштай өткір еді.

Иман - қой, ақыл - қойшы, нәпсі - бөрі,
Бөріге қой алдырмас ердің ері.
Таяқты қатты ұстап қойшы тұрса,
Жоламас ешбір пәле шайтан-пері -деп тақуалықтың жолын көрсетеді Шал ақын.
Және де:
…Жарлығы екі болмас Хақ Құдайым,
Жанында серігі жоқ, дақ Құдайым.
Жанымды алсаң, Құдая, иманмен ал,
Шайтанның қазасынан қақ Құдайым -деп Алладан ақ адал өлім тілейді. Алланың аманатын орындап, хақ мұсылманша өмір кешуді мұрат тұтады. Айналасына да айтатыны: «Жігіттер, ғибадат қыл маған нансаң, намаз оқы Алланы ойыңа алсаң» деген насихат болды.
Енді заманының зарлы күйін жағы суалғанша жырлаған Дулат ақын ақырында:
Дұға қылып қойыңыз,
Рахым айтып біздерге.
Баршамызға Құдайым,
Иман берсін сіздерге! -деген тұжырымға келіп тиянақ табады.

Құдайдан соң, жарандар,
Мұхаммедті айталық,
Өзінің сүйер дос кісі.
Өтірік жалған сөйлейді,
Иманына қас кісі.
Бейішті қайтып көреді,
Бұл дүниеден бос кісі?
Дулат бабамыздың зар қақсауының түпкі себебі де қазақ халқы діні жаттың илеуіне түсіп, иманынан айырылып қалмауы үшін еді.
Ханның ісі қатайды,
Азамат ерден мал тайды.
Қанды көбе киініп,
Бір Аллаға сыйынып,
Ұрандап жауға тигенде,
Кім жеңеді талай-ды,
Жолдастарым, мұңайма! -деп ақырып жауға тиген ер Махамбеттің иманының кәмілдігі, сенімінің беріктігі аузына осы сөзді салғаны хақ.
Енді атақты Шортанбай:
Құбылаға бас қоймақ,
Мұсылманның тарығы.
Ораза, намаз қаза қылмасаң,
Көңіліңде Құдай барлығы - дейді. Шортанбайдың хақ Ислам жайындағы талғамы бір бұл ғана емес, тұтасымен Алла жолы - ақиқатқа шақыратын жырлары толып жатыр.
Жас шағынан Мекке көріп, Алтай менен Қобданың арасын мекен етіп дін таратқан дала ғұламасы атақты Ақыт хажы Үлімжіұлы:
Бір Алладан басқаға,
Бас кессе де бас ұрма! - деп жырлауы ұрпағының дінін таза, адами рухын биік ұстауына қарата айтқан өсиеті еді. Айтар сөзін бұралаңдатпай шірене тартқан жебедей дөп қадауға әрине жүрек қуаты керек! Сонда ғана қуатты сөз шықбақ. Ол қуат шыққын сөзде емес, шығаратын ақында болады алдымен. Қазақтың бұл ақындарына осыншама қуаттың қайдан келіп жатқанына көзіміз енді жеткендей болды.

Жүргізуші:
Хадис-Мұхаммед пайғамбардың даналық сөздерінің жиынтығы, «Құран кәрімнен» кейінгі ең қастерлі кітап. Мұнда мұсылманшылық, имандылық, инабаттылық, адамгершілік ережелері жинақталған.

Хадисте: «Қайсыбір әйел төрт амалды орындаса, сегіз жәннаттың қалаған есігіне кірсін» делінген.
Біріншісі - күніне бес уақыт намазын оқу.
Екіншісі - жылына бір келетін Рамазан айында ауыз бекіту.
Үшіншісі - күйеуінің ризашылығына бөлену,
Төртіншісі - ар-ұятын сақтау.
Яғни, төртінші амалдағы ар-ұят дегенде, суық жүрістен сақтанып, некелі күйеуіне ғана көрсетуге тиіс құндылықтары мен артықшылықтарын өзге бөтен көздерден тыю.
Себебі, адам баласының бүкіл жаман іс-әрекеті көз жанарынан бастау алады.

Аш адамға көмек беріңдер.Аурудан хал сұрандар.
Қарызға батқан адамның қарызын өтеуге көмек беріндер.

Кездескенде кім бірінші болып сәлем берсе, сол адам тәңір алдында да, адам алдында да иманды адам. Иманның жақсысы-сабырлы және кеңпейілді болу.

Тәңір әйелдермен сыпайы сөйлесуді бұйырады, себебі әйел- анаңыз, әжеңіз, қызыңыз.

Тамақ салынған табақтың шетінен ғана алып жеу керек. Ортасына қол жүгіртпе, себебі береке ортада болады.

Біреуге зиян келтірме, біреудің өзіңе залал келтіруіне жол берме. Мұның екеуі де исламда жоқ.

Апатқа апаратын жеті түрлі күнәдан аулақ болындар: Құдайдың құдіретіне шек келтіру, алдап-арбаумен шұғылдану, біреуді нақақ өлтіру, пайдакүнемдік, жетімің ақысын жеу, күйеуіне адал әйелді сөгу, отан қорғау үшін болған соғыстан қашу.

Мұғалімнің сөзі: Ендігі сөз кезегін, қонағымыз Химелден атаға берейік.
Залдағы оқушылар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қояды.

Мұғалімнің сөзі:
Химелден ата, әңгімеңіз сондай әсерлі, тартымды жақсы болды. Осы берген жауаптарыңыз, әңгімелеріңіз бізді қатты қызықтырады. Енді бұл әнгімеден кейін оқушылар өз ойларын айта жатар.

Мұғалімнің сөзі: Құрметті, Химелден ата, сіз бізге көп нәрсе үйреттіңіз. Сізге осы оқушылардың атынан ризашылығымызды білдіремін. Сізге де Алла тағала бар жақсылықтарын берсін демекпіз.Біз сізден естіген, білгендерін үнемі естен шығармай орындап, имандылық жолында адал болып, сенімнен шығамыз деп уәдемізді береміз.Сіздің алтындай уақытыңызды бізбен бөліскеніңізге көптен- көп рахмет айтамыз.
Жүргізуші:
«…Иман сақтауға қорықпас жүрек, айналмас көңіл, босанбас буын керек. Яғни (оқу арқылы таныған) иманы бар деуге ғылымы жоқ, я алдағанға, я азғырғанға, я бір пайдаланғанға қарап: ақты қара деп, я қараны ақ деп, өтірікті «шын» деп ант ететұғын кісіні не дейміз? Алла өзі сақтасын! Әрнешік білмек керек, жоғарғы екі түрліден басқа иман жоқ»,- деп қорытады Абай.
Бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыз.











Тәрбие сағатыҚылмыс дегеніміз не?

Құқық негіздерімен таныстыру
Қылмыс жасағаны үшін жазаға тартқаннан гөрі оның алдын алған әлдеқайда жақсы. Алдын алу жұмысының нәтижелі болуы алғаш жасалған теріс қадамның дер кезінде анықталуынан ғана емес, сонымен бірге кәмелетке толмағандардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеруге де байланысты.
Мектеп жасындағы балалардың құқықтық санасының төмендігі олардың қылмысты көп жасауына, заң талаптарына өз талаптарын
қарсы қоюына әкеліп соғады. Сондықтан оқушылар қылмысының алдын алып, құқықтық тәрбие беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Құқықтық тәрбие - кәмелетке толмағандар арасында заң ұғымдарын насихаттай отырып, жасөспірімдерді қажетті заңдылық біліммен қамтамасыз етуді мақсат етеді. Жастарды заңның негізгі принциптерін біліп қана қоймай оны меңгере білуге де үйрету қажет. Осы мақсатта ата - анамен мен оқушылар арасында өтілген «Заң және мен» дөңгелек үстел.
Дөңгелек үстелге заң қызметкерлері шақырылады. Қанатты сөздер қолданылады.
«Құқығыңды сақтап үйрен, бірақ басқалардың құқығы бар екенін ұмытпа», «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды», Заң біткен жерде зұлымдық басталады».
Дөңгелек үстел 5 бөлімнен тұрады:
1. Күнделікті көрініс.
2. Мен заңды қаншалықты білемін?
3. Ешқандай заңы жоқ арал.
4. «Қызыл, сары, көк ауыл».
5. Қылмыскер бала қайдан шығады?
Мұғалім: Халқымызда «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген тамаша мақал бар. Ақылды болу айналаңдағы адамдарды сыйлай, қадірлей білу деген сөз. Құқықтық тілмен айтқанда бұл - заңды білу, яғни заңды білген адам өзгелерге құрметпен қарайды. Заңды білмегендіктен заңсыз істер істеп, зардап шегіп, өзін қорғай алмай жүргендерді көптеп кездестіреміз.
1. Күнделікті көрініс: Ауыл іші, түн, топ бала өлең айтып, шулап отыр. Жандарынан өтіп бара жатқан балаға отырғандардың біреуі атып тұрып:-«Әй, бері кел» деп айқай салды. Қайырылмаған оған пышақ көрсетті.
Көріністен кейін қойылған сұрақтар: - Қалай ойлайсыңдар, демалып отырған жастар заңды бұзды ма?
- Кім қалай бұзды? ( Кім қалай бұзды).
- Ата - ана, сіздің тарапыңыздан қандай жауапсыздық кетті? (Ата - ана жауабы тыңдалады.)
Бұлардан соң заң қызметкерлерінің пікірі тыңдалады. Ол демалып отырған жастардың заңның қандай бабымен танысуына тура келгендігін айтуы керек.
Мұғалім: 2 - бөлім. «Мен заңды қаншалықты жақсы білемін»? деп аталады. Қазір мен бірнеше жағдайларды оқимын. Бұның ішінен оқылған жағдайды қылмыс деп тапсаңыздар оң қолды көтересіздер де, себебін алдарыңыздағы параққа жазасыздар, егер қылмыс емес десеңіздер сол қолдарыңызды көтересіздер, себебін тағы параққа жазасыздар. Әр жағдайға жеке тоқталып, түсініктеме бересіздер.
1. Дүкенде спирттік ішімдікпен бірге есірткі де сатылады.
2. Түнгі көшеде жастар айқайлап өлең айтып келе жатыр.
3. Сатушы сатып алушыға байқамай артық ақша беріп жіберді, ал сатып алушы өзіне тиесілі ақшадан артық екенін біле тұра қайтіп бермеді.
4. Бір оқушы сыныптасына: « ертең 20 теңге әкеліп бересің, әкелмесең басқаша сөйлесеміз» деп күш көрсетті.
5. Химиялық завод өзінің зиянды өнімін өзенге тастады, сол өңірдің ауасы бұзылды.
6. Мектеп оқушылары жүзім ұрлады.
7. Сыныптағы бір бала екінші баланың сумкасын сызып тастады. (Оқушылар түсініктеме берген соң заң қызметкері заңға сүйене отырып, өз ойын айтады.)
Мұғалім: Ендігі бөлім «Заңсыз арал» деп аталады.
Біз ешқандай заңы жоқ аралда өмір сүрсек, не болар еді? ( Оқушылар пікірі тыңдалады.)
Оқушылар пікірі тыңдалады.
Осы бөлімді қорытындылау. Заңсыз елде әркім өз білгенін істейді, тәртіп сақталмайды. Сондықтан адамдар қалыпты жағдайда өмір сүре алмайды, ал тәртіп пен заң біздің қалыпты тіршілігіміз үшін қажет.»Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген Б. Момышұлының сөзін естен шығармайық.
Мұғалім: «Қызыл, сары, көк ауыл» деп аталатын 4 - бөлімді айтып, әр топтың ортасына әр түрлі лента қояды.
Мұғалім: Жер енді ғана жаратылғанда адамдар бір - бірімен дос, бауыр болыпты, бір - бірінен ешнәрсе аямапты. Бір күні аспаннан әр түрлі ленталар түсіпті де адамдар үлгергенінше бірі көгін, бірі қызылын, бірі сарысын алыпты.
Күндердің күнінде қатты жел тұрыпты да қызыл лента алғандар қызыл, көк лента алғандар көк болып бөлініпті. Әр ауыл бөлек - бөлек қорған тұрғызыпты (Осы кезде мұғалім: ленталарыңызбен өздеріңізді қоршап алыңыздар дейді.) Біраз уақыттан соң адамдар достықты ұмытады. Көк ауылда су бар азық жоқ, қызыл ауылда азық бар су жоқ, сары ауылда азық та, су да бар, от жоқ. Енді қалай өмір сүруге болады, не істейсіздер? ( Оқушылар жауабы тыңдалады.)
Әр түрлі ой айтқан олар қорғанның келегі жоқ, біз дос болуымыз керек деген ойға тоқталады. Бұл әңгіменің астарында бір жұмбақ жатыр, сол жұмбақты кім шешеді деген сұрақ тасталады.
Жауап: Адамдардың ауыл - ауыл көше - көше болып бөлінетіндігін, сол бөліну кезінде құқықтары бұзылатындары айтылады.
Мұғалім: 5 - бөлім. (Қылмыскер бала қайдан шығады»?
Бүгінгі күні қоғамды алаңдатып отырған жағдайлардың бірі ол - мектеп жасындағы балалардың қылмыс жасауы.. Келесі бөлім балалардың жасаған қылмысы туралы болмақ.
- Құқық бұзушылықтың себебі неде деп ойлайсыздар? ( Ата - ана мен оқушылардың жауаптары тыңдалады. )
Құқық бұзушылық істейтін жұмыстың жоқтығынан, Абай атамызша айтқанда «көйлегі көктік, тамағы тоқтық, аздырар адам баласын». Ата - аналарға екі сурет көрсетіледі: Біріншісі тіп - тік әдемі салынған үйдің суреті.
Екіншісі - фундаментінен бастап кірпіші дұрыс қаланбаған, төбесі жарылып кеткен үйдің суреті.
Мұғалім: Бұл тек үйдің суреті ғана емес, көріп отырып бала тәрбиесі туралы не айтуға болады?
( Сурет жайлы ата - ана ойы тыңдалады.) Бұдан соң бірінші сурет тәрбиесі дұрыс бала екендігін, екінші сурет тәрбиесі дұрыс болмаған бала жайында екендігі айтылады. Бала тәрбиесі үйдің фундаменті сияқты жас күнінен басталатынына ата - ананың назарын аудару керек.
«Отбасы - барлығының басы, жан - жақты негізі болатын тәрбие институты. Ата - анамен баланың қарым - қатынасы нәтижесінде адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгісі қалыптасады. Ал әке мен шеше, ата мен әже, апа мен ағалар баланың алғашқы тәрбиешілері»- деп В. А. Сухомлинский айтқандай, алғашқы тәрбиешілердің алғашқы тәрбиесі ерте бастан яғни бесіктен басталуы тиіс. Яғни, екінші сурет бала тәрбиесінің о бастан дұрыс басталмағанын көрсетіп тұр.
Тақтаға тау бейнесі және таудың ортасынан жарып шығып келе жатқан жанартау бейнеленген сурет ілінеді. Жанартаудың төбесіне «Қылмыскер бала» деп жазылып, беті қағазбен жасырылып қойылады. Жүргізуші мына суреттегі тау ортасынан көтерілгелі тұрған жанартауға қараңыз, тау сізден балаңыз болса, ал тауды жарып шыққалы тұрған жанартау балаңыздың қылмыскер болуы деп жасырулы тұрған сөзді ашады.

Мұғалім: Бала бір күнде қылмыскер болмайды. Жанартаудың атқылауына дейін қаншама процестер жүретіні сияқты бала қылмыскер болуы үшін де бірнеше жағдайлар әсер етеді. Оған ата - ананың баланы бақылауысыз жіберуі, баланың топқа кіруі, жақсы жолдастарының болмауы, 1 - кестеде көрсетілген шарттар бірден - бір себеп. ( Осы шарттардың әрқайсысына түсініктеме берілу керек.) Мұның барлығын дер кезінде байқап, балаға көмекке ұмтылсақ, оны сақтап қалуға болады. ( Бұл бөлімде ата - анаға көп сөз берілу керек, сөйлету керек.)
Бұдан соң заң қызметкерлері сөйлейді.
Мұғалім: Ж. Аймауытов: «Тәрбиеге әсер ететін нәрсе өскен орта, ата - ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара - бара адамды замандас, жолдастың азғырып, адам неше түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі»,- деген. Сол сияқты балаңыздың қылмыс жолына түспеуіне бірден - бір жауапты ата - ана, өздеріңізсіздер.
Дөңгелек үстел бала тәрбиесінде басты ролді ата - ана атқаратындығын, сондықтан олар әр уақытта мектеппен, ұстаздармен байланыс жасауы және достарының кім екенін біліп













«Бекітемін»

Мектеп директоры:

М.О.Туребекова

А.Макаренко атындағы орта мектебінің 2014-2015 оқу жылына «адам өмірі қауіпсіздік негіздері» бойынша өтілетін сабақтардың жоспары.

6 «А» сынып


Тақырыбы

Мерзімі

Сағат саны

І

Төтенше жағдайлардағы адам өмірінің қауіпсіздігі және оны қорғау.

1.2

Локальды сипаттамадағы төтенше жағдайлар.

1

Адамнаң табиғаттағы автономдық тіршілігі.

Қыркүйек

1

2

Медициналық көмек көрсету құралдары.

Қазан

1



Табиғаттағы және техногенді төтенше жағдайдан пайда болуы, оның салдарынан тұрғындарды қорғау.



3

Жер сілкінісі.

Қазан

1

4

Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері.

Қараша

1

5

Зіл зала .

Қараша

1

6

Жел, боран.

Желтоқсан

1

2.1

Медициналық білім негіздері мен балалардың денсаулығын қорғау.




Алғашқы медициналық көмек.



7

Қатты әсер ететін уландырғыш заттармен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері.


Желтоқсан


1

8

Жарақаттанғанда алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері.

Қаңтар

1

9

Жаппай жапа шегуде алғашқы медициналық көмек көрсету.

Қаңтар

1

10

Жаппай жапа шегуде алғашқы медициналық көмек көрсету.

Ақпан

1

11

Оқыс жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері.

Ақпан

1

12

Жарақаттанғанда алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері.

Наурыз

1

13

Зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері.

Наурыз

1

2.2

Салауатты өмір салты



14

Денсаулық туралы түсінік.

Сәуір

1

15

Денсаулық - зор байлық.

Мамыр

1


Барлығы:


15

Сынып жетекшісі: Ералиева Ж.Қ.

«Бекітемін»

Мектеп директоры:

М.О.Туребекова

А.Макаренко атындағы орта мектебінің 2014-2015 оқу жылына «жолда жүру ережелері» сабақтарының күнтізбелік жоспары.

6 «А» сынып


Тақырыбы

Мерзімі

Сағат саны

1

Жолда жүру ережелері (қайталау).

Қыркүйек

1

2

Көлік құралдарының қозғалысы.

Қыркүйек

1

3

Көлік құралдарының тоқтау жолы.

Қазан

1

4

Көлік құралдарының нөмірлік, айырым белгілері мен жазбалардың міндеті.

Қазан

1

5

Оқушылардың жол-көлік оқиғасы кезінде өз-өздерін ұстаулары.

Қараша

1

6

Әр түрлі жарақат алғанда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету.

Қараша

1

7

Жарақаттанғанда, жаралап алғанда және жазатайым жағдайларда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек. Зардап шегіп, ес-түссіз жатқандарға алғашқы медициналық көмек көрсетудің ерекшеліктері.

Желтоқсан

1

8

Жол қозғалысының қауіпсіздігі.

Желтоқсан

1

9

Қозғалыстың жас инспекторлары - ҚЖИ.

Қаңтар

1

10

Жол қозғалысына қатысушылардың құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі.

Қаңтар


1

11

Жүргіншілерге арналған жолда жүру ережелері. Жол «қақпандары».

Ақпан

1

12

Велосипедке қойылатын техникалық талаптар. Велосипедшілер қозғалысына қойылатын қосымша талаптар.


Наурыз


1

13

Жол-көлік оқиғасына әкеліп соғатын жол жағдайларын зерттеу.

Сәуір

1

14

Қорытынды сабақ.

Мамыр

1


Барлығы:


14



Сынып жетекшісі: Ералиева Ж.Қ.


























Сабақтың тақырыбы: Табиғатым тал бесігім

Таза болса табиғат -аман болар адамзат!
Табиғат - адам.
Табиғаттың тынысы кең, тілі бай,
Ауасының шәрбатын - ай, тұнығы - ай!
Бұлбұл болып сайрап кетсе, ал бірде,
Адамдарша сөйлейді екен, күнім - ай!

Табиғат - бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы және аялы есігі, қуатты қонысымен өсіп - өнер мекені. Ол жалпы адам баласының ортақ қазынасы.
Өсімдіктер. Жануарлар. Таңғажайып құбылыстар. Көркем көріністер. Бәрі-бәрі табиғаттың бір бөлігі. Әр адамның «шыр» етіп дүниеге келгені, «Ана» деген сөзді алғаш айтқаны, тәй - тәй басып оқу - білімге жол ашқаны - табиғаттың кең пейілі, мейірімі емес пе? Мен де қоршаған ортаның, табиғаттың таңғажайып құбылыстарын, өсімдіктері, жануарларын біліп, көріп өсіп келе жатқан ұрпақпын.
Табиғатты аялап, керегін жаратып, күнін көріп, мейірлене қараған еңбекшілерге риза болып, рахмет айтамын. Кейбір балалар табиғат - тіршіліктің көзі екенін білмейді, мән бермейді. Мұндай балалардың өмірге, табиғатқа деген көзқарасы олқы болып келеді. Табиғаттың бізге берер көмегі мол. Ал, біз соны тиімді пайдаланып, көптеген жетістіктерге жетіп жатырмыз!
Табиғатқа жыр арнаған ақындарымыз қаншама! Осындай өлең жолдары менің жүрегімде де табиғаттың ең бір көркем мезгілі көктемде жыр боп туды.

Көктем келді ауылға,
Шелектеп құйды жауын да.
Бұзауы қалып, сиырлар,
Қосылды барып табынға.

Күлімдеп күн де аспанда,
Мейірім нұрын шашқанда.
Бүр жарып мынау тал - дарақ,
Бусанды жібіп тастар да.

Жылғалар салды бір әнді,
Көбелек билеп бұралды.
Балауса сұлу қыз - көктем,
Мезгіл - ау жұртқа ұнамды.

Кең даланы күн шуағына малындырған көктемде сайраған құстар, жасыл шөп, түрлі - түсті сарғалдақ, қызғалдақ, бәйшешек, жауқазын сияқты гүлдер көктем келбетін одан әрі әрлей түседі.
Біздің ауылдың көктемі өте керемет.
Жеміс ағаштары бүршік атып, жапырақ жайып, гүл ашып, адамдар ауласын тазалап, кең дала көз жауын алатындай болып құлпырады. Бозторғайлар, қарлығаштар, шымшықтар, сары шымшықтар, сол сияқты су құстары: қасқалдақ, тырна, қызғыш, шағала, тағы басқа дарияның көркін кіргізетін құстар бірінен соң бірі келе бастайды. Қыстап қалған қарға, сауысқан, қараторғай мен алақарғалар өздерінше ән салып, ұшып келген құстармен етене араласып кетті. Көктемде ұшып келген құстар Сырдың ғажайып көркіне әнменен өз үлестерін қосады.
Көктемде біздің ауылдың көркіне көрік қосатын, ғажаптығын сөзбен айтып жеткізуі мүмкін емес бір жер бар. Ол ауыл сыртында орналасқан - қыр үсті. Балалар сонда барып қызғалдақ жинап, мәз болып қайтады. Жинаған гүлдерін ата - аналарына, әжелеріне, құрбы - құрдастарына сыйлап, мәз-мейрам болып жатады.
Біздің ауылдың көктемі дәл осындай.
Ел аузында «Көктемнің бір күні жылға азық» деген қағида бар. Яғни көктемде төккен теріңнің өтеуі бар деген сөз. Бұл мезгілді сенің де текке өткізбегенің жөн, жас дос! Себебі, жер әлемді бусандырып, жанды - жансыз тіршілік иелерін қысқы ұйқысынан оятып, қысқа күнді ұзартатын есік қаққан көгілдір көктем, жай ғана қағып қана қойған жоқ, өзімен бірге бір күнін де текке жіберуге болмайтын тынымсыз тірлігін де ала келді.

Айналаңа зер салып қарашы?! Аулаңның іші, көше бойы қыстайғы күл-қоқысқа толып қалған. Бір-екі күннен соң бүршік жарғалы тұрған тал-теректер мен жеміс ағаштары да тәртіпке келтірілмеген. «Қурап қалды» деп қыста кесіп тастаған әне бір екі-үш теректің де орны бос тұр. Міне, жас дос, мұның бәрі сенің қолыңнан келетін іс. Жұмысты ең бірінші тазалықтан баста. Үлкендермен кеңесіп, тал - теректердің артық бұтақтарын қырқып, тәртіпке келтір. «Бір тал кессең, он тал ек» деген ата-баба өсиетін есіңе алып, кесілген ағаштардың орнына жас көшеттер отырғыз. Өз аулаңды реттеп болған соң, көшеңде, мектебіңде осындай істердің істелуіне ұйытқы бол, соны ұйымдастыр. Сондай-ақ, бақша егіп, егін салатын үлкендерге де қолғабыс тигізуді ұмытпа! Солардан қасиетті іс саналатын диқаншылықты үйрен. Қысқасы, үйренгенің өзіңе жақсы, істегенің ата - анаңа үлкен медет.
Міне, жас дос, көктемде біз атқарар бұдан басқа да істер көп.
Біз табиғатты аялап, қорғауға міндеттіміз. Әрқашан оны қорғап, ластануына жол бермегеніміз жөн.
Қандай ғажап керемет - табиғат,
Іш, бауырым, пейіл қойшы пайымдап,
Игілігің - көкше көлдер, өзендер,
Сеңгір таулар, гүлді орман, қайың бақ...

Мен сүйемін сылдыраған салқын суды,
Судағы салқындаған үйрек, қазды.
Мен сүйемін күн шығарда көтерілген,
Көгілдір көк жиектегі көкшіл буды.












1-жүргізуші:

Армысыздар,қымбатты ұстаздар,құрметті оқушылар!

Бүгінгі 14-19 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері мерекесі «Тілім менің тұтастығым, елдігім» атты апталығының ашылу салтананатына қош келдіңіздер

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев төл тіліміз туралы «Дауға салса алмастай қиған,сезімге салса қырандай қалқыған,ойға салса қорғасындай балқыған,өмірдің кез-келген орайында әрі қару болған,әрі байырғы әрі мәңгі жас,отты да ойнақы ана тіліміз»деп елжандылық танытады.Бәріміз осы ұлағатты сөзді жадымызда түйіп,мемлекеттік тіліміздің қорғаушысы,өзге тілдердің қолдаушысы болуды ұмытпайық.

Қазақ халқы тіл өнеріне,шешендікке зор мән берген.Атақты билер мен шешендер,ақындар мен жыраулар дау шешіп,айтысқанда ұйқастыра өлеңдетіп сөйлеген.

Ендеше ақын қыздарымызбен ұлдарымызды ортаға шақырайық.

Ия өте керемет осындай әдемі өлең жолынан кейін әдемі әннің әуенімен сусындап отырмаймыз ба

Ия қазағымның әніне не жетсін. Жүректерді одан әрі тербетсін дей отырып «Ана тілі» әнін қабыл алыңыздар.

Хор:Ана тілін сүйеміз

1-жүргізуші:

Енді мақал - мәтелдің жалғасын табайық

1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).
3. Ине көзінен сынады, ... (шешен сөзінен сынады).
4. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді).
5. Сөз тапқанға ... (қолқа жоқ).
6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).
7. Шебердің қолы ортақ, ... (шешеннің қолы ортақ).
8. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар).
9. Бас кеспек болса да, ... (тілкеспек жоқ).
10. Айтылған сөз, атылған ... (оқпен тең).
1. Бал тамған тілден ... (у тамған).
2. Тауды, тасты жел бұзар, ... (адамзатты сөз бұзар).
3. Жақсы сөз ... (жарым ырыс).
4. Жақсы байқап сөйлер, ... (жаман шайқап сөйлер).
5. Тіл қылыштан ... (өткір).
6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ... (ой өсіреді).
7. Жыланның уы тісінде, адамның уы ... (тілінді).
8. Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей ... (шешен боларсың).
9. Тілден артық ... (қазына жоқ).

Құрметті оқушылар , мен енді сөз кезегін қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Майра апайға беремін.







Т.Жаңбырбайқызы

Туған тілім-бабам тілі өз тілім!

Туған тілім-анам тілі өз тілім!

Туған тілім-далам тілі өз тілім!

Туған тілім-данам тілі өз тілім!

Н.Дүзелбай:

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

М.Батырбеков:

Туған тілім тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім менде бірге өсемін,

Өшсе тілім менде бірге өшемін.

Қорытындылау:

Бүгінгі айта берсек тіл құдіреті өте күшті.Тіл киелі,қасиетті дейміз.Сондықтан ана тілімізді қадірлеп,сүюміз керек.«Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты кешімізде өз мәресіне келіп жеткен сияқты.Бүгінгі кешке өз жанынан өлең шығарып,тіл байлығын,шешендігін ортаға салған оқушыларға алғыс айта отырып, кешімізді жабық деп жариялаймыз.

Ақпаратпен бөлісу:









Сабақтың тақырыбы: Туған тілде сыры терең жаным бар.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Тіл туралы тақырыпты ала отырып, сауатты сөйлеуге, қазақ тілінің мәртебесін көтере білуге қалыптастыру, тіл байлығын арттыруға ықпал ету
2.Дамытушылық: Тіл төңірегіндегі білімдерін ұштастыра отырып, ой-белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденіске бағыттау, ізденімпаздық қасиеттерін арттыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру
3. Тәрбиелік: Патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт-дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу
Көрнекіліктер: слайд, қанатты сөздер, ақпараттық техникалар
Сабақтың барысы:
1. Көрініс (ортада оқушы тақтадан тіл туралы слайдты көріп отырады), осы кезде екінші оқушы келіп,
- ......, ата-анамыз қонақтан келгенше достарымызды жинап бастаңғы жасайық та?!
- Жасасақ жасайық. Өзіміздің көшенің балаларын шақыр. Аленаны, Маринаны, Ахмедті, Юлияны да шақыр.
- Мен қазір оларды шақырып келе қояйын. (әрқайсысының тұсына барып айтады):
- Біздің үйге қонаққа жүріңдер, бастаңғы жасаймыз.
Олар келіп стол басына жайғасады.
- Ал енді құр отырмай, ойнайық.
- Ойнасақ, ойнайық.
- Әуелі жұмбақ жасырайық.
- Ендеше баста.
- Дүниеде ең ащы не, ең тәтті не?
- Ол - тіл.
- Енді мен жұмбақ жасырайын.
Қызыл түлкі ықпайды,
Өз інінен шықпайды
Қане, кім шешуін табады?
- Бұл да - тіл.
- Дұрыс.
- ......., тіл туралы мақал-мәтел айтып көрші
- (оқушы тіл туралы мақал-мәтелдерді айтып шығады).
«Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады», «Тіл - ақылдың өлшемі», «Өнер алды - қызыл тіл», т.б.
- Бәрекелді, жарайсың! Жаңылтпаш айтайықшы, көңілді болсын.
Оқушының бірі жаңылтпашты тез айтып шығады, басқалар оны тез, дұрыс айтып шығады.
1.Ұшқыш жақсы ма?
Үш құс жақсы ма?
Ұшқыш та жақсы,
Үш құс та жақсы.
2.Ақ тайлақ ақ па?
Қара тайлақ ақ па?
3.Бір қыз кесте тікті,
Кестесін түсте тікті,
Кешке тікті.
- Келіңдер «Сақина салмақ» ойынын ойнайық.
- Жоқ, «Соқыртеке» ойынын ойнайық.
- Достар, одан да екі топқа бөлініп, сайыс өткізейік, бізді осы көшенің тұрғындарының ішіндегі ұстаз болып қызмет ететін үлкендер бағаласын.
- Бәрі: - Иә, сайыс өткізейік.
- Ендеше, екі топқа бөлінейік, сайысты қарсы болмасаңдар мен жүргіземін. (Оқушылар екі топқа 5-5-тен бөлінеді, екі столға отырады)
- Сайысымыз бірнеше турдан тұрады. Бірінші тур - «Бәйге» деп аталады. Мұнда екі топқа 10-10-нан сұрақ қойылады, қай топ сұрақтарға дұрыс әрі тез жауап берсе, жоғары бағаланады.
1-топқа:
1. ҚР қашан тәуелсіздік алады? (1991 ж. 16 желтоқсан).
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров).
3. Шоқанның әжесі? (Айғаным).
4. «Көксерек» әңгімесінің басты кейіпкері? (Құрмаш).
5. Қандай ұлттық тағамдарды білесің? (қазы-қарта, жал-жая, бесбармақ, қымыз, шұбат).
6. Үстеудің неше түрі бар? (7).
7. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы.Алтынсарин).
8. Күй атасы кім? (Құрманғазы).
9. «Орфография» қай елдің сөзі? (герк).
10. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес).
2-топқа:
1. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989).
2. Абайдың туған жылы? (1845).
3. Қазақ даласының жарық жұлдызы? (Шоқан).
4. Ақылды сөзінің түбірі? (ақыл).
5. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (А.Байтұрсынов).
6. Ұлттық киімдер қалай аталады? (тақия, бешпент, қамзол, сәукеле, тон, ішік, кимешек т.б.).
7. Беташар қашан айтылады? (келін түскенде).
8. Тұңғыш кемеңгер? (Ыбырай).
9. Алғашқы романист жазушы кім? (М.Дулатов «БақытсызЖамал»).
10. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ата? (шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату т.б.).
- Екінші турымызды «Жыр парағы» деп атап, өлеңді мәнерлеп оқып жарысайық.
Әр оқушы тіл туралы бір өлеңнен мәнерлеп жатқа оқиды.
1.Тілім менің!
Тілім үшін мың өліп, тірілді елім,
Аралыммен арыммен қатар қойып,
Тілді қорғау -парызым бүгін менің,
Қуан халқым! Күшіне енді тіл заңы,
Сүйінші деп ақын ұлың жырлады
Ел елдігі бағаланар тілімен,
Сол арқылы құлпырады, гүл бағы.
2.Сүйемін туған тілді - анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,
Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.
3.Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,
Туған тілім-анам тілі-өз тілім.
Туған тілім-далам тілі-өз тілім
Туған тілім-адам тілі-өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
4.Тілім менің!
Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің.
Тұнығым, рухани жан азығым
Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.
Ана тілім, туған тілім,бал тілім
Сен арқылы дүние танып талпындым.
Сен арқылы әлемге аян бар ісім
Сен өмірде таусылмайтын алтыным.
5.Туған тілім - тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
6. Тілдің бәрі қымбат маған,
Әр ұлт тілі сыр сақтаған.
Бәрінен де сен артықсың
Қазақ тілім, жыр баптаған.
Тілім барда мақтанамын.
Әнімді айтып шаттанамын.
Сол тілімнің құдіреті
Таптатпаған жатқа бағын.
7. Ата-анамды таныстырған осы тіл,
Танымасты таныс қылған осы тіл
Төле би боп, Қазыбек боп, Әйтеке,
Бітпес дауды жағыстырған осы тіл.
Жау тигенде біріктірген осы тіл,
Індет келсе дүрліктірген осы тіл.
Күштілерден қуғын көрген сияқты,
Туыстырып, кіріктірген осы тіл.
8. Қуан далам, қуанатын күн бүгін.
Серпіп таста, мұңды жүрек түндігін
Тіл туралы заңым енді күшіне,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін
Қазақ тілі
Ұрпақтар талайының
Сен тілісің
Адамзат Абайының.
9. Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бірімен-бірі туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр.
Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Монғол, ұйғыр, дүнгендер,
Армян, тәжік, грузин,
Орыс пенен украин,
Терезесі тең жатыр
Бақыттың әні асқақтап
Құлаққа даусы кеп жатыр.
10. Қазақ жері маған да болған мекен,
Дүниеде дәл мұндай ел бар ма екен?
Досқа - дархан, дұшпанға сонша қатал,
Сүйем оны, сағынып, самғап жетем.
Орыс, қазақ туыс боп ағаласып,
Қаны, тілі жатыр ғой араласып.
Отбасының бақыты ортақ болған.
Қол ұстасып еңбек ет, далаға шық.
Үшінші турымыз «Ән салып, сурет салу» деп аталады. Бір топ тіл мерекесіне қатысты сурет салады, екінші топ ән салады.
- Рахмет, сайысымызды ары қарай жалғастырайық. Келесі сайысымыз «Сөздің көркі - мақал». Мұнда мақалды мен бастаймын, сендер аяқтайсыңдар
1 - топ
1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).
2. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең).
3. Ине көзінен сынады, ... (шешен сөзінен сынады).
4. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді).
5. Сөз тапқанға ... (қолқа жоқ).
6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).
7. Шебердің қолы ортақ, ... (шешеннің қолы ортақ).
8. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар).
9. Бас кеспек болса да, ... (тілкеспек жоқ).
10. Айтылған сөз, атылған ... (оқпен тең).
2-топ
1. Бал тамған тілден ... (у тамған).
2. Тауды, тасты жел бұзар, ... (адамзатты сөз бұзар).
3. Жақсы сөз ... (жарым ырыс).
4. Жақсы байқап сөйлер, ... (жаман шайқап сөйлер).
5. Тіл қылыштан ... (өткір).
6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ... (ой өсіреді).
7. Жыланның уы тісінде, адамның уы ... (тілінді).
8. Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей ... (шешен боларсың).
9. Тілден артық ... (қазына жоқ).
10. Сүңгі жарасы бітер, ... (тіл жарасы бітпес).
- Енді қазақ тіліндегі мақалдардың орысша баламасын тауып көріңдер:
1-топ:
Жақсы сөз жарым ырыс
(Доброе слово - половина блага)
Жүздің көркі - көз, ауыз көркі - сөз
(Глаза украшают лицо, уста -слово)
Сөз қадірін білмеген өз қадірін білмейді
(Кто слов не ценит, сам себе не ценит)
Жақсы сөз - жан азығы
(Хорошее слово - душе опора)
Айтылған сөз атылған оқ
(Сказанное слово - вылетевшая пуля)
2-топ:
Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле
(Даже говоря в шутку - подумай)
Тамшы тас жарады, тіл бас жарады
(Капля камень расколет, слово - голову)
Өнер алды - қызыл тіл
(Начало искусства красноречие)
Мағынасыз сөз болмайды,
Мақалсыз ел болмайды
(Нет народа без пословиц,
Как нет слова без значения)
Байлық - байлық емес,
Бірлік - байлық
(Достаток не богатство,
единство - вот настоящее богатство)
- Ал енді «полиглот» сайысы болсын, кім көп тіл біледі?
1-топ
Жалау -флаг-
Күн - солнце-
Елтаңба - герб-
Халық - народ -
2-топ
Тәуелсіз - независимый
Намыс- честь-
Отан - Родина -
Атамекен - земля предков -
Ал қазір жұмбақ жасырамын, жауабын үш тілде айтасыңдар:
1-топ
Табаныма байладым, қос таяқпен айдадым. (шаңғы-лыжа-snow-shoe)
Түнде бармын, күндіз жоқпын (жұлдыз-звезды-moon )
Жеп көріп ем өзін мен
Жас шығарды көзімнен (пияз-лук-bow)
2-топ
Жайшылықта жекесің, қарай қалсаң, екусің (айна-зеркало-mirror)
Көп әңгімем, өлеңім,
Күнде ақыл беремін.
Жақсы көрсе мені кім
Соған тиер көмегім. (кітап-книга-book)
Қыста келген, көктемде еріген (қар-снег- snow)
- Сайысымызды түрлендіріп, «қазақтың ұлттық ойындары» туралы айтайық, әр топ үш ұлттық ойын түрін атып, шартымен таныстырады.
1-топ.
- Тоғызқұмалақ
- Көкпар
- Қыз қуу
2-топ.
- Теңге ату
- Ақсүйек
- Сақина салмақ
- Достар, осымен сайысымызды тоқтатып, біздің көшенің тұрғындарынан сұрайық, қайсымызды жоғары бағалар екен, ........-нің ата-аналары келетін де уақыт болды.
- Сөз бағалаушыларға беріледі.
- ........., меймандостықтарыңа рахмет, өте жақсы бастаңғы болды, сау болыңдар, жүріңдер, достар, бізді де ата-анамыз іздеп жатқан болар.
- Сау болыңыздар!

Тәрбие сағатының тақырыбы: БАЛА ТӘРБИЕСІ басынан

Еңбекке баулу жасынан

БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА-АНАНЫҢ РӨЛІ
Әрбір ата-ана өз перзетінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының зандылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы - бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сенімді және негізді.
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы - тұған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі, тілі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы - ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» - дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн.
Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да:
«Ана - үйдің берекесі,
Бала үйдің - мерекесі.
Бұтағымен ағаш сымбатты,
Ұрпағымен адам қымбатты.
Бала болсаң балғындай бол.
Айналаңа қорғандай бол» -деген
қағиданы берік ұстаған ата-бабаларымыз өз ұрпағын адам - деген атаққа лайық етіп өсіруді мақсат еткен.
Ата-ана тәрбие беруде ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргізілген үлгі-өнегесінің мәнісі зор. Отбасы тәрбиесінде әкенің де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана баланың алғашқы ұстазы. Адамзат баласы ананың мейірлі мейріне қанып, әке өсиеттерін тыңдап өссе ғана тәрбиелі отбасынан шыққаны көпке таңытыды.
Ана - бала тәрбиесіндегі ерекше тұлға. Дана Абай бабамыз қазақ әйелінің, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы, «адам
бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтімен жаралған» - деген ғұламалық ойды тарата келе, осы қасиеттің міндетті түрде тәрбиеленуі туралы айтады.
Тәрбиенің негізі «ананың әлдиінен» басталады емес пе?
Ана тәрбиесі ұлылық дәнін себеді. Тәрбиелі анадан - тәрбиелі бала өсіп шығады.
Сонғы жылдары отбасында, қоғамда ер адамдардың, әкелердің рөлі төмендегендей. Бұған кейде заманды да кінәләп жатамыз. Әрине, бала тәрбиесіндегі әкенің орны бөлек, әсірессе, ер бала тәрбиесінде. Әкенің қатаң талабын, тәрбиесін көрген бала ертең қоғамда да өз отбасында да шешуші тұлға бола алады. Кавказ халықтарында да: «Нағыз жаылы орын: қылышқа - қынабы , отқа - шырағы, ер жігітке - өз үйі» - деген тамаша нақыл сөз бар.
Қазақстан Республикасы Ата Занының 27 бап, 2-тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиги құқығы, әрі парызы» -делінсе, «Қазақстан - 2030» бағдарламасында: «Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелеріне сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді…» деліні, ұрпақ тағдыры айтылады.
Бала - ата-анасының игі істерінің жалғастырушысы, болашағы. Бала тәрбиесі - ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да жаманға да бірдей бейім болатыны баршымызға мәлім. Ата-ананың үйіндегі әрекеті балаларныың көз алдында өтеді, сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор. Әрбір ата-ана - өзінің баласын Отанға пайдалы, өіне мейрімді, еңбекқор, адамгершілігі мол адам етіп тәрбиелеуге халық алдында да, мемлекет алдында да жауапты. Бірде-бір ата-ананың бала тәрбиесіне немқұрайды қарауға еркі жоқ. Егерде ол, бала өсіруде қате жіберсе, осалдық байқатса, қартайғанда опық жейтіні, өкінішке ұрынатына ешбір дәлелдеп жатуды қажет етпейтін ақиқат.
Бала тәрбиесі туралы сөз болғанда: «Баланы жастан» - деген халық даналығын ұмытуға ешкімнін хақысы жоқ. Сондықтан, «бала жас, әлі
ешнәрсені білмейді, өсе келер бәрі түсінеді», - деп қарау - барып тұрған қателік. Бала тәрбиесі - әр сағат, әр күн сайын тынымсыз жүргізіле беретін
аса жауапты, күрделі процесс. Тәрбие отбасынан басталады, оны қоғамдық тәрбиенің қандай саласы болса да алмастыра алмайды.
Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:
«Обасы -шағын мемелеке,
Мен - президент, сен - премьер», дегені бар.
Отбасы - ең үлкен, мықты тәрбие ошағы, шағын мемлекет. Отбасының негізі баланы өмірге келтіру ғана емес, оны мәдени- әлеуметтік ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжірібиесін бойына сіңіру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжірібиесі, өмірдегі беділі, ақыл-кеңестері, ата-ананың өз борышын мүлтіксіз орындауы, бір-бірін құрметтеуі - үлкен тәрбие мектебі. Бала дүниеге келгеннен бастап ата-ананың ықпалында болып, бағыт беруші тәрбие мектебінен нәр алады. Өз отбасында бала ата-ананың қамқорлығына, шексіз сүйіспеншілігіне бөленіп, әке мен ананың жақсылығы мен дәулетінің қызығын көріп қана қоймай, адамгершілік, әдеп-инабат тағылмдарынын алуы, оларды меңгеріп іс- жүзінде қолданудың ынта мен ықылас, қайрат пен қажыр ететін жолынан өтуге тиіс.
«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнермен қуантады түбінде.
Бала нені білсе жастан, ұядан -
Өле-өлгенше соны таныр қиядан.
Өнер - білім берем дасең басыннан,
Бер оқуға балаларды жасынан,
Жақсы-жаман болса, бала - соларда», - деп
ХІ ғасырда Жүсіп Баласағұн айтқандай, ата-аналар балаларының жеке ерекшеліктерін жас күнінен танып, соған қарай бағыт-бағдар тәрбие берудің маңызы ерекше.
Отбасынадағы тәрбиенің кереметі - баланы еңбекке баулу. Ол - адамдық кемелденудің негізі. Еңбек ете білмеген немесе оны жек көрген адамның отбасы берекелі болмайды. Өйткені, ежелгі Рим философы Горациий айтқандай: «Өмір еңбексіз ештене бермейді.» Сондықтан: отбасындағы да, қоғамдық ортадағы да тәрбиеде балаларды еңбек ете білуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу басты нысана болуы тиіс. Сонда ғана отбасы мүшелелері арасындағы қарым-қаиынаста әдеп-инибат, адалдық пен ақпейілдік үстем бола алады.
Барлық балаларға, соның ішінде ұл балаға оның қалыпты дамуына анасының да, әкесінің де, яғни екеуінің де маңызды да мәнді тәлім тәрбиесі қажет. Қай отбасында болмасын ана барлық балаларына үнемі жақын болып, өзінің аналық мейірімі мен махаббатына бөлейді. Ал ұл бала үшін әкесі жынысына байланысты жақын және олардың мінезі-құлықтары мен қарым-қатынасында көптеген ұқсастықтар анықталады, сондықтанда ұл баланың қабілеттілігі әкенің ықпалына байланысты деп айтып жататыны осыдан.
Әке ұлына күшті жыныс өкілі ретінде үлгі болады. Әке қашанда баланы сөзбен емес, өзінің ісімен тәрбиелейді. Ер бала ең алдымен әкенің өнегесінен нағыз ер адам қандай болу керектігін қабылдайды. Сондықтанда әке ұлын батылдыққа, батырлыққа, ер жүректікке, адалдыққа, қайраттылықа, ұлтжандылыққа, әйел баласына серілік қарым-қатынас танытуға, отағасы қандай болу керек екендігін өз тәжірибесі арқылы үйретіп, үй еңбегінің аса қиын соғатын істерді өз мойнына алуға талпынуға тәрбиелеуі керек
Ал ананың міндеті ұлының алдында барлық әйелге тән жақсы қасиеттерді көрсете отырып, өзінің шынайы және шексіз махаббатымен ұлынан да әйел баласы алдында сондай жауапты қасиеттерді көрсетуге шақырады және оның эмоционалды дамуына себепші болады. Ер баланың анасына деген қарым-қатынасы белгілі дәрежеде қыз балалармен жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру мәнін игеруге мүмкіндік тудырады, адамдарға қамқорлық жасауға үйретеді, өзінің маңайындағыларға қажетті көмек жасауға ықпал етеді.
Отбасында жеткіншек ер баланы тәрбиелеу - бұл қарапайым емес маңызды және жауапкершілікті талап ететін үлкен іс. Өйткені осы жастағы ер баланың бойынан шығармашылыққа, өзінің өмірден орнын іздеу сияқты талпыныстарын байқауға болады. Осы тұста ата-ана олардың жан дүниесін түсініп, дер кезінде бағыт-бағдар көрсетсетсе, бұл ата-ананың бала тәрбиесіндегі тапқырлығы болып саналады. Ер бала бойында болып жатқан кез келген өзгерістерді ескеріп, ата-ана баламен жүргізетін тәлімдік, тәрбиелік істерді олардың барлық қырынан зерттей, ішкі «Меніне» әсер ететіндей ешқандай іс-әрекетке бармай, жақын досындай ақыл-кеңес бере отырып жүргізуі қажет. Сонда ғана ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынас оң нәтиже береді. Сондықтан да, әрдайым өзіндік педагогикалық білімді толықтырып отыру, басқа да ата-аналардың тәжірибелерінің жағымды жақтарын қолдану, мектеп пен мұғалімдермен бірігіп жұмыс істеуді қолға алу, ата-аналарға арналған өзіндік лекцияларды тыңдау, әдебиеттерді оқу керек. Бір сөзбен айтқанда, егер сіздің балаңыздың өмірде белгілі деңгейде жетістікке жетуін қаласаңыз, жеке тұлға ретінде, маман ретінде ашылуына еңбектендіре отырып, көмек беру қажет. Бұл ата-ана үшін, балалар үшін және қоғам үшін өте тиімді.
Бүгінгі таңда ата-анасы қасында болса да қадір-қасиетіне жете алмай, ұлдарымыз маскүнемдік пен нашақорлыққа бой алдырып, қыздарымыз шылым шегіп, жеңіл жүрістерге түсуі отбасындағы тәрбиенің дұрыс жолға қойылмауының айғағы.
Шариғатта да алтын ұя - отбасы жоғары бағаланып, оны бала тәрбиелеп өсіруіне бірінші дәрежелі мән берілген. Ойткені: «Балалар - ата-аналар қолына берілген аяулы аманат.» Бұл ғажайып құдайшылдық аңықтаманы жадыда ұстау былай тұрсын, әр үйдің мандайшасына іліп қою тұрарлық. Баланы өздігінен өмір сүруге мүлде қабілетсіз нәресте кезінен бастап бақытты балалы шақ, жеке шаңырақ көтергенге дейінгі жастық жолдары өтетін отбасын бақытты жағалауын бетке алып, өмір - айдынында жүзіп бара жатқан қайыққа тенесек, оның қос ескегі - әке мен ана дер едік.







Тақырыбы: «Тілі басқа тілегі бір»

Мақсаты: «Құрмет», «Сүйіспеншілік», «Достық», «Ынтымақ» құндылықтарының маңызын түсіндіру.

Міндеттері:

-Сыйластық,татулық,бақыт ұғымдары туралы түсініктерін кеңйту.

-өзара жағымды қарым-қатынасты дамыту.

-өзара достыққа, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстанның рәміздерінің суреттері, елімізде тұратын ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерімен суреттері, глобусь(жер шары), жүрекше,бейбітшілік құсы,күн,әртүрлі гүлдер суреттері.

Әдіс-тәсілдері: «Шаттық шеңбері», «әңгімелеу», «Дәйек сөз», «шығармашылық жұмыс», «сергіту сәті», «тыныштық сәті», «жүректен-жүрекке»

І«[Шаттық шеңбері»

-Арайланып таң атты,

Алтын шапақ таратты

Жарқырайды күніміз

Жадырайды жанымыз

-Сәлеметсіздер ме балалар?

-Балалар бүгінгі іс-әрекетіміз біздің көңіл күйімізге байланысты.Олай болса бүгінгі сәтті күніміз үшін бір-бірімізге,ата-аналарымызға жылы лебізімізді арнайық..

-Балалар сендердің тілектерің қандай тамаша,рахмет сендерге.

Енді өз жүрегімізден шыққан тілегіміз жазылған жүрекшелерді ата-аналарымызға сыйлайық.

-Балалар жаңа біз бір-бірімізге тілек арнағанда бақыт деген сөзді айттық.

-Шынымен «Бақыт»деген не ?

Сендер қалай түсінесіңдер?

-Дұрыс Отан,Ана,Туған жер т.б.

-Ал олай болса «Бақыт» сөзінің мағынасын тереңірек білу үшін Қайыргелді мен папасына кезек берейік.

(Қайыргелді папасымен «Бақыт» сөзінің мағынасын ашып береді)

-Өте тамаша .Мінекей балалар ата-аналарыңның бақыты сендер екенсіңдер.Сондықтан да ата-анамыздың тілін алып оларға қолқанат болу сендердің міндеттеріңде екен

-Балалар біз қандай елде тұрамыз?

-Елімізде қандай ұлттар тұрады?

(Қазақстанда тұратын ұлттар суреттерін көрсету)

-Біз олармен қандай қарым-қатынастамыз?

-Дұрыс балалар біздің еліміз көп ұлтты мемлекет қатарына жатады.

Біз қазақ елі олармен әрқашанда достық қарым-қатынастамыз

Олар біздің елімізде тұрса да өз тілдерінде сөйлеуге,салт-дәстүрін сақтауға ерікті. Сонымен бірге олар біздің елімізде туып өскендіктен менің елім Қазақстан деп айта алады.

Жер бетіндегі барлық халықтар да достықта,ынтымақтастықта өмір сүруге тиіс.

«Әңгімелеу»

Ә.Табылдиевтің «Қасиетті шар»әңгімесін оқып беріп,мазмұнын түсіндіреді

-Шарды неліктен құрмет тұтты?

-Жер шарын,Жер ананы ардақтап көтеру дегенді қалай түсінесіңдер?

-Дұрыс айтасыңдар балалар Жер шары ол біздің мекеніміз, тұратын жеріміз,суымыз көліміз,орманымыз тауымыз.

Әркім өз Отанын құрмет тұтып қадірлеуі тиіс.

«Сергіту сәті»

-Дөңгелене тұрайық

Керегені құрайық

Уық болып иіліп,

Шаңырақ болып киіліп

Достық үйін құрайық

«Дәйек сөз»

«Ынтымақ бар жерде бақыт бар» деген мақал сөз бар.

Ынтымақ деген таулық,достық,бірілік

Жер бетіндегі халық бір-бірімен дос,туыс,бауыр

Біздің елімізде 1- мамыр ынтымақ, достық,бірілік мерекесі болып тойланады.

«Шығармашылық жұмыс»

«Туған еліме тілегім»

Қазақстан картасының суретін тақтаға іледі.

Балалар алдына гүл,күн,көгершін суреттерін үлестірмелі түрде тастайды

Өздері таңдаған суретті Қазақстан картасының бетіне жапсырып не себепті сол суретті таңдағанын тілегі арқылы білдіреді.

Рефлекциялық «Тыныштық сәті»

-Балалар денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар да боладыАуаны терең жұтып терең тыныс алыңдарӨздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап бақытқа,махаббатқа толы таза ауаның бойларыңа толғанын сезінесіңдер.

Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

«Жүректен-жүрекке»

«Мен өз Отанымды мақтан тұтамын»

Тәрбиешімен бірге орындайды

«Мен өз Отанымды мақтан тұтамын» сөзін қолдарын жүрек тұсына қойып бірнеше рет қайталайды.


© 2010-2022