Сынып сағаты Менің сыныбым

Тақырыбы:  «Менің сыныбым» Мақсаты: Оқушылардың «ұжым»,«достық» құндылықтары туралы түсінініктерін кеңейту. Міндеттері: – ұжымның адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; –  өзара татулық, сыйластық қарым-қатынастарын дамыту; – бірлікке, сыйластыққа, достыққа тәрбиелеу. Жүру барысы 1.     Ұйымдастыру бөлімі Психологиялық  сәт: Барлығымыз ортаға шығып, шеңбер жасап тұрамыз. Бір-біріміздің қолымызды ұстап, оң жақтағы  көршіме, сол жақтағы көршіме күлімсіреп қараймыз да барлығымыз  «Сәлематсыздар м...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Менің сыныбым»

Мақсаты: Оқушылардың «ұжым», «достық» құндылықтары туралы түсінініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- ұжымның адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

- өзара татулық, сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

- бірлікке, сыйластыққа, достыққа тәрбиелеу.

Жүру барысы

  1. Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық сәт: Барлығымыз ортаға шығып, шеңбер жасап тұрамыз. Бір-біріміздің қолымызды ұстап, оң жақтағы көршіме, сол жақтағы көршіме күлімсіреп қараймыз да барлығымыз «Сәлематсыздар ма» деп айтамыз.

  1. Негізгі бөлім

Мұғалім: Балалар, оқу жылы да аяқталып қалды. Бір жылы бойы біз бәріміз бірге көп нәрсе үйрендік, бір-бірімізбен жақсы қарым-қатынаста болдық. \ендеше , біз бүгін өз сыныбымыз туралы сөз алып жыл бойы не білгеніміз туралы қорытындылайық. Жарай ма?

Алдымен, сендер бір-біріңді қаншалықты білдіңдер екен соны байқайын. Мен қазір мінездемелер оқимын, ал сендер бұл кім екенін тауып айтыңдар келістік пе?

  • Біздің сыныпта ең тәртіпті оқушы ....

  • Сыныпта ең зерек оқушы ол...

  • Достықты қадірлей білетін оқушы ...

  • Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын ...

  • Егер де сыныпта көңілсіз болса, онда бүгін сабақта .... болмағаны

  • .... тақта алдында жауап бергені бізге өте қызық

  • Жарыстардың лидері ол ...

  • Сыныпта ең салмақты .... деп санаймыз

  • Арамызда өлеңді нақышына келтіріп оқитын ....

  • Билеуден жан салмайтын ....

  • Сыныптағы ең ақкөңіл ол....

  • Көмегін аямайтын ... деп есептеймін



  1. Рахмет, жарайсыңдар. Бір-біріңді жақсы танып білген екенсіңдер. Енді әрқайсың осы жыл ішінде жеткен жетістіктеріңді айтып шығыңдар.

Әр оқушы өзі туралы айтып болған соң барлығы қол шапалақтап құттықтайды.

  1. «Күн нұрындағы менің портретім» атты жаттығу

Менің қолымнан келедіСынып сағаты Менің сыныбым

Әрбір оқушыға парақ қағаз беріледі. Ортасында дөңгеленіп «Менің қолымнан келеді» деген жазу жазылған. Әр бала күннің шапағын сала отырып жанына біреу үшін не істей алатынын жазады , артынан барлығы оқылады.

Мұғалім: Осы істер арқылы біздің сынып оқушылары өте тату, ұйымшыл және болашақта жақсы азамат болатынына сенімдімін. Енді тағы бір тапсырма беремін. (оқушыларға алты қырлы қатырма қағаз, фломастер, қарындаштар беріледі) . Қазір әрқайсың өз таңбаларыңды саласыңдар. Таңбаға аттарыңды және бір жақсы қасиетіңді жазып қоюларың керек. Таңба елтаңба секілді әдемі оюлармен, суреттермен әшекейлену керек, себебі ол сенің бейнең немесе сенің таңбаң болып саналады.

Тақтаға бал араларының ұясы секілді сурет ілінеді, ортасында «Біздің сынып» деп жазылған. Әр оқушы өз таңбасын осы суретке әкеліп жапсырады.

Біздің

сынып

сыныпСынып сағаты Менің сыныбым

Мұғалім: Неге ара ұясының суретін ілдім? Қалай ойлайсыңдар? (ара өте еңбекқор, олар бірлесіп бал жинайды т.б.) Біздің сынып та ара секілді ұйымшыл, жеке-жеке таңбаларыңды ілдіңдер, ал барлығын қосқанда бір тұтас сынып шықты. Енді сендердің жазған сөздеріңді оқиық. (таңбаларға жазылған қасиеттерді оқиды). Осындай жақсы қаситеттері бар балалар ешқашанда өз достарын сатпайды, ренжітпейді деп ойлаймын.

Барлығы қосылып:

Еңбекке де қолы епті,

Ынтымақты дос ыңғай.

Біздің сынып - әдепті.

Біздің сынып осындай.

Біздің сынып осындай!

  1. Қорытынды бөлім. Рефлексия.

Оқушыларға қолдан жасалған ұялы телефонға өз досына бүгінгі сынып сағаты қалай өткені, қандай баға бергені туралы SMS хабарлама жазулары сұралады. (оқушылар ұялы телефонды алдын ала өздері үйден жасап келулері сұралды)



© 2010-2022