Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында деңгейлеп оқыту әдістемесін қолдану жолдары

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында деңгейлеп оқыту әдістемесін қолдану жолдары

«Мен өлілердің ішінде кетпеймін, тірілердің бірі боламын»

Б. Момышұлы

Жоспары.



1. Кіріспе бөлімі : Қазақ әдебиеті сабағында деңгейлеп оқыту әдістемесін қолдану жолдары.

2. Негізгі бөлім : І. Бауыржан Момышұлы - аңызға айналған ұлы тұлға.

ІІ. «Жауынгердің тұлғасы» әңгімесін талдау.

ІІІ. Оқушылардың білім деңгейін тексеру мақсатында тест жұмысын жүргізу.

3. Қорытынды бөлім : Әңгіменің көркемдік тілі.

4. Мақсаты : Жаңа технологияны пайдалана отырып, оқушылардың білімін жетілдіру, ізденуге бейімдеу, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Пайдаланған әдебиеттер : 1. «Ақиқат пен аңыз»

Авторы : Ә. Нұршайықов. Алматы, «Жазушы»

2. «Волоколамск тас жолы»

Авторы : А. Бек

3. «Аңыз адам» журналы . №9 қараша 2010ж



Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында деңгейлеп оқыту

әдістемесін қолдану жолдары.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытып, үйрету - көптеген ізденістерді, жаңа технологияны керек етеді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда ең басты мәселе - сабақта әр оқушыға қолайлы жағдай жасау, оқу барысын жүйелі түрде жүргізу. Соңғы кезде модульдік технология негізінде деңгейлік тапсырмалар арқылы әр оқушының қабілеттілік деңгейін анықтап, топтық әдіспен жұмыс істеймін. Деңгейлеп оқыту технологиясы деңгейлік тапсырмалар арқылы іске асады. Деңгейлік тапсырмалар оқушының шығармашылық қабілетін дамытып, іздендіруге жетелейді, пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Жетістіктерге жету үшін ең алдымен оқушылардың білім дәрежесін, ынтасын, ақыл - ой, еңбек дағдысын, өз жұмысына деген жауапкершілігін ескеру қажет. Деңгейлік тапсырмаларды қандай дәрежеде орындай алса баға біліміне қарай қойылады.
Бұл әдістің негізгі ұстанымы - қарапайымнан күрделіге жетіп, игерту. Деңгейлік тапсырмаларды - белгілі бір тақырыпты біткен кезде немесе бақылау жұмысын жүргізгенде және қайталау өткізгенде пайдалану өте ұтымды. Бұл әдістің тағы бір ұтымды жағы - оқушы өзінің нені білмейтінін анық анғарып, келесіде өзі ізденіп оқып келеді. Деңгейлік тапсырмаларды карточка ретінде, тест түрінде сабақта және үйге беруге болады. Сабақта оқушыларға өз ойларын талдауға, айтуға, қорытындылауға көп көңіл бөлу қажет. Мұғалім білімі нашарларға көмек беріп, қабілеттілермен жұмыс ұйымдастырып отыру арқылы қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқуға деген қызығушылығын, белсендігін арттырады.

Қабілеттілік деңгейі бойынша оқушыларға үш топ ұсынылады:
1топ - орташа деңгей - бұларға тақырып бойынша жеңіл тапсырмалар беріледі.
2 топ - мүмкіндік деңгей - стандарт талабы бойынша, жалпы жоспар бойынша тапсырмалар орындайды.
3 топ - шығармашылық топ - күрделеген шығармашылық, шеберлік қабілетін қолдануы қажет.





© 2010-2022