Планирования казахскому литературу Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы 8-сынып

 ҚЫСҚА МЕРЗІМДІК ЖОСПАР   Пәні Қазақ әдебиеті Сынып 8 Күні 12.02.2014ж. Тақырыбы Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы Мақсаты Білімділік: Сезіммен өлең өрген жыр пырағы Мұқағали поэзиясына талдау жасау, ақын өлеңінің идеясын, мақсатын ұғындыру, поэманың тақырыбы мен идеясы, композициясы туралы теориялық білім беру. Поэманың негізгі кейіпкері ана бейнесі арқылы көл еркесі аққуға жасалған қиянаттың қайғылы оқиғаға тап болу себебін таныту, қоршаған орта заңдылықтарына қарсы келмеу қажеттігін нақты дәлелдермен түсіндіру. Аққудың басқа құстардан өзіндік ерекшелігі, қасиеті, киелі құс екендігін суреттеудегі ақынның шынайы с...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІК ЖОСПАР

Пәні

Қазақ әдебиеті

Сынып

8

Күні

12.02.2014ж.

Тақырыбы

Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы

Мақсаты

Білімділік: Сезіммен өлең өрген жыр пырағы Мұқағали поэзиясына талдау жасау, ақын өлеңінің идеясын, мақсатын ұғындыру, поэманың тақырыбы мен идеясы, композициясы туралы теориялық білім беру. Поэманың негізгі кейіпкері ана бейнесі арқылы көл еркесі аққуға жасалған қиянаттың қайғылы оқиғаға тап болу себебін таныту, қоршаған орта заңдылықтарына қарсы келмеу қажеттігін нақты дәлелдермен түсіндіру. Аққудың басқа құстардан өзіндік ерекшелігі, қасиеті, киелі құс екендігін суреттеудегі ақынның шынайы сезімін таныту.

Дамытушылық: Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Сөйлеу тілін жетілдіріп, шешендік өнерге баулу, еркін сөйлеуге, шығармашылық қабілетін дамыту, сыни тұрғыдан ойлауға, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Ақын тілімен салынған табиғат суреті арқылы эстетикалық талғамға, көркем шығарма арқылы табиғаттың сырлы көріністерін тамашалап, сұлулығын сезіне қамқорлықпен аялай білуге тәрбиелей отырып, экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Оқушыларды қайырымды, төзімді, қайратты және қарапайым болуға, жамандықтан жиреніп, жақсылықты үйренуге тәрбиелеу.

Міндеті

  • Ақпаратты алдын ала айтып түсіндірмей, жұмыстың тәсілдерін көрсету арқылы жеткізу.

  • Білім алуда ізденістер, зерттеулер, саяхаттар, жаңалық ашу формаларын жүзеге асыру.

  • Мұқағали Мақатаев өмірі жайлы айтып, шығармаларын талдауға бағыт - бағдар беру.

  • «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын оқуға деген қызығушылығын арттырып, талдауға бағыт-бағдар беру.

Күтілетін нәтиже

  • Оқушылардың қызығушылығы оянады.

  • Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жөнінде біледі.

  • «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын оқуға деген қызығушылықтары артады. Мазмұнын біліп, талдай алады.

  • Сөйлеу тілі жетіледі, сауатты жазады.

  • Өз бетінше жұмыс жасауға қабілетті болады.

  • Ойын еркін жеткізіп, еркін сөйлеуге, сыни тұрғысынан ойлайды, диалогте нақты әңгіме құра алады.

  • Өз-өздерін, бірін -бірі бағалап үйренеді.

Түйінді түсінік

Теориялық білімді практикамен ұштастыру, ойларын тиянақты жеткізе білу. Білім деңгейлерін бақылау.







САБАҚТЫҢ ӨТУ БАРЫСЫ

Сабақ кезеңдері, модульдері

Мұғалім әрекеті

Тапсырма мазмұны

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар

І. Бақылау

(Оқу бағдарламасын анықтау: балалар нені оқып-үйренеді және сабақта жоспарланған жұмыс формаларының нәтижесінде қандай әрекеттерді игереді)

Сабаққа қатысушылардың эмоционалдық көңіл-күйін көтеру, проблемаға бетбұрыс жасау, топта бағалаушы тағайындау.

Сынып оқушыларын ортаға жинау, қол ұстаса шеңбер құру, оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. (1 минут)

Парақшаларды таңдату арқылы («Аққу», «Ана», «Көл») таңдату арқылы топтарға бөлу.

Парақшаларды алады, сол бойынша топқа бөлінеді. Ұжыммен жұмыс жасайды.

Формативті бағалау, ынталандыру т.б.

Білім стандарты, күнтізбелік-тақырыптық жоспар, сабақ жоспары, Жалпы білім беретін мектептің 8- сыныбына арналған оқулық.

Арман-ПВ баспасы, Google, «Ашық сабақ», «YouTube»,«Білімділер», «45 минут» сайттары.

Слайд, бейноролик, парақшалар, түрлі-түсті бояулар, түрлі пішіндегі шартты белгілер.

ІІ. Өткен тақырыптарды пысықтау

(сабақ басталмас бұрын оқушылар нені білетіндіктерін анықтау)

Алдыңғы сабақта өтілген тақырыпты сұрау, кері байланыс орнату.




Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту

1.Ой қозғау

Жоспар:

  1. Екі салт атты жолаушы;

  2. Көшіп кеткен ауылдың сұрқай көрінісі;

  3. Айдаладағы жалғыз нар;

  4. Қараша үйдегі кездесу;

  5. Кедей үйдің көңілсіз суреті;

  6. Нарды идірген күй құдіреті;

  7. «Нар идірген» күйінің шығуы

«Мұқым елдің мұзбалағы» бейнеролик көрсетіледі.

-М.Мақатаев туралы не білесіңдер?

Жауабы: М.Мақатаев Алматы облысы, Райымбек ауданына қарасты Қарасаз деген жерде дүниеге келген.

-Ақынның қандай шығармаларын білесің?

Жауабы: «Қош махаббат», «Райымбек», «Аққулар ұйықтағанда»

-Бүгінгі сабаққа қатысы бар ма?

-Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев туралы не білдік?

1. «Ой қозғау» стратегиясы бойынша оқушылар сұраққа жауап береді. (5 минут)

Стикер, бағалау бетшесі.

Слайд, парақшалар, түрлі-түсті бояулар.

ІІІ. Негізгі бөлім

(оқушылардың тарау бойынша оқып-үйренген білімдерін қорыту)

Өз бетінше гипотеза құру, шешімдер әзірлеу

Барлық қатысушылардың элементтерін топта біріктіру.

Оқушыларға жаттығуларды, тапсырмаларды бере отырып, өз беттерінше жұмыс жүргізуге, өз шешімдерін дайындауға мүмкіндік беру.

Оқушыларға жалпы тапсырмалар беру.

Әр топқа жаттығулар беру.

Оқушылардың ойын сергіту, сабақтан шаршағандарын басу.

-«Аққулар ұйықтағанда» поэмасы халықтың наным-сенімін, әдет-ғұрпын жаныңмен ұғып, санаңа сіңіруді көздеген туынды. Ақын бұл поэмасын бір түнде жазып, ертеңіне Ғабит Мүсіреповке келіп, оқып беріпті. Ғабит Мүсірепов поэманы мұқият тыңдап, Мұқағалидың арқасынан қағып: «Өте жақсы»,-деп бағасын беріпті, ақынға алтын қалам сыйлапты. Ендеше осы қасиет пен қасіреттің белгісіне айналған поэмамен танысайық!

«Көл» тобына:

  1. Нұрланған айдын көл

  2. Сорлаған Жетімкөл

«Ана» тобына:

  1. Ана-мерген

  2. Бала-аққу-ана

«Аққу» тобына:

  1. Аққу киесі

  2. Ана қасіреті

Топта оқушылар бірігіп әрекет етеді. Берілген тапсырмаларды орындауда бастарын біріктіреді. Тапсырмаларды топта жинақтайды, әлеуметтендіруге дайындалады.

Топта жасалған жұмыстарды жариялап, жалпы талқылауға шығарады.

Берілген тапсырманың негізгі айтар ойын, түйінін шығарады.

Бағалау дискрипторлары

Суреттер, сызбалар, ватмандар, түрлі түсті бояулар.

ІV.Сабақты қорытындылау

(оқушылардың оқып үйренгендерінің нәтижесін бағалау)

(Способность сознания человека сосредоточиться на самом себе, адам санасының өзіне тоқталу қабілеті) - жұмыс соңындағы өзіндік баға. Жасалған әрекеттен туған сезімдерді бастан өткізу, қорытындылар жасау, болашақты жоспарлау.

Үй тапсырмасын беру.

Пікірталас:

Ананың аққуды атқанына қалай қарайсыңдар?

Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын оқып келу.

«Аққу-киелі құс» тақырыбында шығарма жазып келу.

Сабақты бекіту тапсырмасын орындайды.

ИНСЕРТ жаздыру.

Не білемін

Не білдім

Не білгім келеді.

Сабақтан алған әсерін жазады.

Үй тапсырмасын жазып алады.

«2 жұлдыз, 1 тілек»

Бағалау бетшесі

Стикер, бағалау бетшесі, кесте.



© 2010-2022