«Төрт түлігім-бірлігімнің ырысы» тәрбие сағаты

Мақсаты: а)Оқушыларға төрт түлік мал,малдың пірлері туралы түсінік беру; ә)Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру,артистік қабілеттерін шыңдау; б)Еңбекқорлыққа,бір-бірін тыңдап,сыйлай білуге тәрбиелеу; Көрнекілігі:төрт түлік малдың,олардың төлдерінің суреттері.                                  Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі:             Сәлем –сөздің анасы.(амандасу)                       Би:Кең жайлау ІІ.Негізгі бөлім   Ақмаржан: Баяғыда төрт жігіт Мал бағыпты төрт түлік: Ойсылқара түйені  Алыбым деп сүйеді. Мақтайды кеп шұбатын Шипа болып жұғатын Қірешінің бағы бар, Көлігі ғой жануар! Түйе атасы:Ойсылқара келеді!(музыка ойналады)   Райымбек: Қамбар ата қанатты Жылқы бағып қарапты. Сары қымызы -сары бал, Шөлдемейсің қанып ал. Туған елді сен депті, Қүзетуге мін депті. Жылқы атасы:Қамбар ата келеді!(музыка ойнайды)   Саяжан. Зеңгібаба сиыр деп, Қояды екен күлімдеп. Құрт,ірімшік,майлары Бәрінен де пайдалы! Сүт ішсін деп халықты, Сиыр жайып бағыпты. Сиыр атасы:Зеңгібаба келеді!(музыка ойнайды)
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты

Тақырыбы:Төрт түлігім- бірлігімнің ырысы.

Мақсаты:

а)Оқушыларға төрт түлік мал,малдың пірлері туралы түсінік беру;

ә)Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру,артистік қабілеттерін шыңдау;

б)Еңбекқорлыққа,бір-бірін тыңдап,сыйлай білуге тәрбиелеу;

Көрнекілігі:төрт түлік малдың,олардың төлдерінің суреттері.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі:

Сәлем -сөздің анасы.(амандасу)

Би:Кең жайлау

ІІ.Негізгі бөлім

Ақмаржан:

Баяғыда төрт жігіт

Мал бағыпты төрт түлік:

Ойсылқара түйені

Алыбым деп сүйеді.

Мақтайды кеп шұбатын

Шипа болып жұғатын

Қірешінің бағы бар,

Көлігі ғой жануар!

Түйе атасы:Ойсылқара келеді!(музыка ойналады)

Райымбек:

Қамбар ата қанатты

Жылқы бағып қарапты.

Сары қымызы -сары бал,

Шөлдемейсің қанып ал.

Туған елді сен депті,

Қүзетуге мін депті.

Жылқы атасы:Қамбар ата келеді!(музыка ойнайды)

Саяжан.

Зеңгібаба сиыр деп,

Қояды екен күлімдеп.

Құрт,ірімшік,майлары

Бәрінен де пайдалы!

Сүт ішсін деп халықты,

Сиыр жайып бағыпты.

Сиыр атасы:Зеңгібаба келеді!(музыка ойнайды)

Нұрлыбек

Қойлар менен ешкінің

Жүрген жері пайдалы.

Жүні шекпен болады,

Төлі көптен болады.

Қой атасы:Шопан ата келеді!(музыка ойнайды)

Батырхан:

Ертеменен айқайлап

Қайта-қайта дауыстап

Шөре-шөре-шөрелеп

Шекшек ата келеді!(музыка ойнайды)

Төлдерді шақыру

Шопан ата:

Қой баласы қоңырым

Қойдай жуас момыным

Қошақаным қайдасың? пұшайт,пұшайт

(Қошақан келеді: Мәәә-мәәә-мәәә)

Шекшек ата:

Жауын жауса бақырған

Ешкі атасын шақырған

Өрісте өскен жануар

Шәкетайым қайдасың? Шөре,шөре

(Лақ келеді: Мәәә-мәәә-мәәә-мәәә)

Қамбар ата:

Жолға шықсам көлігім

Жапанда жүрсем серігім

Құлыншағым қайдасың? Құрау,құрау

(Құлыншақ келеді:Ииааа-ииааа -ииаааІ)

Зеңгібаба:

Тілімен мұрнын жалаған

Тілімен бойын тараған

Көкке мұрнын шүйіріп

Көз төңкеріп қараған

Әукешім менің қайдасың? ауқау,ауқау

(Бұзау келеді:Мөөө-мөөө-мөөө!)

Ойсылқара:

Екі көзі танадай

Екі өркеші баладай

Елпеңдеген ойнақтап

Енесіне қарамай

Ботақаным қайдасың? көс-көс

(Ботақан келеді:Бөөе-бөөе-бөөе!)

Нұрдана:

Үйір-үйір құлыншақ,

Қора -қора қозы -лақ.

Табын-табын бұзаулар.

Жайылады күн ұзақ.

Жайылады-оттайды,

Шапқылайды тоқтайды!

Бірақта олар ,бір-бірін

Түсінбейді,ұқпайды.

(Музыка ойналады,төлдер билейді.)

Қозы мен лақтың айтысы

Эленора:

Қой мен ешкі кездесіп

Кең далада сөйлесіп

Бірін-бірі менсінбей

Тәкаппарласып теңсінбей

Қалған екен қағысып

Кемітіп кінә тағысып

Қой:

Менің жегенім ошаған

Сенің жегенің ошаған

Сенің құйрығың неге шошайған?

Ешкі:

Менің жегенім жантақ

Сенің жегенің жантақ

Сенің құйрығың неге жалпақ?

Қой:

Менің жегенім ебелек

Сенің жегенің ебелек

Саған келсін кебенек

Ешкі:

Менің жегенім ошаған

Сенің жегенің ошаған

Саған келсін топалаң

Кой:

Қағысуды қояйық

Шүйгін шөпке де тояйық

Тілемейік жамандық

Болсын басқа амандық

Топалаң да келмесін

Кебенек те келмесін

Төліміз оны көрмесін

Ешкі:

Ашуды тасқа ұрайық

Тату-тәтті тұрайық

Қара құлақ қасқырға

Бірлесіп қақпан құрайық

Қой:

Жақын келсе сүзейік

Омыртқасын үзейік

Келіңдер,қане, бәріміз

Дос болып әркез жүрейік

(музыка жіберіледі,бәрі дөңгеленіп билейді)

Ән.Қошақаным кайда екен?






© 2010-2022