Тәрбие сағаты Елбасы жолдауын талдау Нұрлы жол (8 сынып)

                          Елбасының халыққа жолдаған жаңа «Нұрлы жол» жолдауымен таныстырып, жолдаудағы басты мәселелерге тоқталу.     Оқушыларды патриоттыққа баулу, ел тарихын білуге, елімізді өркендету үшін білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.     Көрнекіліктер:   Елбасы суреті, «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» жолдауы,          ҚР рәміздері, сөзжұмбақ, суреттер.            Біз Жалпыұлттық идеямыз — Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырл...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол».

Мақсаты: Елбасының халыққа жолдаған жаңа «Нұрлы жол» жолдауымен таныстырып, жолдаудағы басты мәселелерге тоқталу. Оқушыларды патриоттыққа баулу, ел тарихын білуге, елімізді өркендету үшін білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Елбасы суреті, «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» жолдауы,

ҚР рәміздері, сөзжұмбақ, суреттер.

Тәрбие сағатымызды сыныбымыздың оқу озаты Ботакөздің төл туындысымен бастайық

Жаны жарқын,

Жаздай екен жүрегі.

Аман болсын атамыз,

Бар қалықтың тілегі.

Тәуелсіздік алып берді еліне,

Көк байрағын желбіретті көгінде.

Аман болсын Нұрсұлтандай атамыз,

Бақ береке алып келген еліне.

Жарқырап тұр Астанадай қаламыз,

Ел басқарған Нұрсұлтандай атамыз.

Болашаққа бізді бүгін бастаған,

Бұны сізге арнап отыр балаңыз.

- 11 қараша күні елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» атты жолдауын жариялады.

ІІ. Мұғалім сөзі. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жылда халыққа өз жолдауын арнап отырады. 11 қараша күні елбасымыз «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» атты жолдауын жариялады.

Жолдауда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды бірлікті бекемдеп, аянбай тер төгуге шақырды.

«Біз Жалпыұлттық идеямыз - Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан - 2050» стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға тоқтаала келе, ондай идеяның бастауы тым тереңде жатқанын жеткізді.

«Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты - Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін - Елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі - бірлік, берекесі. Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз - Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз», - деді Мемлекет басшысы.Сонымен қатар, Елбасы 2015 жыл - ұлттық тарихымыздың ұлықталатын жылы екенін еске салды. Мәселен, 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз.

«Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. Ел Бірлігі - біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық EXPO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға «Нұрлы жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін!» - деп қорытындылады Елбасы өз сөзін.

ІІІ. Сұрақтарға жауап алу.

- Жолдаудағы негізгі идея не?

- «Мәңгілік ел» туралы не білдік?

- 2017 жылы қандай мерейтойлар бар?

- Қазақтың қандай хандарын білесің?

- Жолдауды жүзеге асыру үшін не істеулерің

УІ. Оқушы шығармасынан үзінді.

Менің Президентім.

Біз отбасымызбен күнделікті теледидар көруді әдетке айналдырғанбыз. Телеэкраннан Н.Ә.Назарбаевтың бейнесі көрінгеннен - ақ әжемнің жаңылмай қайталайтын бір тілегі бар: «Алла тағала, осындай ұл берген саған рахмет. Тек ел шеті бұзылмасын», - деуден жаңылмайды. Бұрынырақ әжемнің бұл сөзіне мән бермейтінмін, енді тарих пәнінен тереңдей оқыған сайын, әжемнің сөзінде көп мағына жатқанын түсініп келемін. Расында да көп ұлтты республиканың тынышын кетірмей ұстау, ондағы әр ұлттың өкілдерінің тілін табу, көрші мемлекеттермен тату-тәтті қатынас орнату үлкен жүректі, асқан ақылды, парасатты адамның ғана қолынан келетіні сөзсіз. Олай болса, Нұрсұлтан Әбішұлы әрбір қазақстандық үшін ұлы тұлға.

2-оқушы
Менің Президентім.
Қазақ халқы ерекше қонақжай халық екені белгілі. Меніңше, біздің Президентіміздің бойында да осы қасиет бар. Соңғы жиырма жылда Қазақстанға кімдер ат басын тіремеді десеңші? Белгілі саясаткерлер, президенттер, мемлекет қайраткерлері мен басшылары, ғалымдар мен өнер қайраткерлері.
Әр елден келген қонақтарға ұялмай көрсететін жаңа қала Астанамызды Президенттің ақыл-ойының жемісі дер едім. Астана күннен күнге бой түзеп жасарып, жаңарып келе жатқан жас қала. Сарыарқаның төсіндегі шағын ғана қаладан, әлем таныған әсем Астана жасаған Елбасының ақыл-ойына кім басын имес? Мен Президентімізді жақсы көремін және соған ұқсағым келеді.


V.Бекіту. «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» ассоциация құру.



© 2010-2022