Көктем аруы атты сынып сағат

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«КӨКТЕМ АРУЫ» атты қыз сыны сайысы

Мақсаты: Сайыскердің танымдық белсенділігін арттыру, дүниетанымы мен мәйекті сөздермен байыту, олардың ойлау және ойын тиянақты, жетік тілмен жеткізе білу дағдыларын дамыту. Ұлағатты ұлы сөздерден тәлім алып, халқымыздың салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу, сахна өнеріне баулу. Қол өнерін, жылдамдық, іскерлігін, сән үлгісін көрсете білу.

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті көрермендер!
2-жүргізуші: Бүгінгі «КӨКТЕМ АРУЫ» атты қыз сыны сайысына қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе,елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам,
2-жүргізуші: Пір тұтқан махаббатты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған талай жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман тәтті.
1-жүргізуші: Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет, құрбылармен жарыста.
2-жүргізуші: Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне, ортаға толқып-тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
1-жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.
2-жүргізуші: Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмерлерін алып, өз өнерін көрсетеді. Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.
1. Өзін-өзі таныстыру.
2. Өнер көрсету
3. Сұрақ-жауап.
4. Ас мәзірін даярлау.
5. Қол өнер.
6. Сән үлгісі.
1-жүргізуші: Кел, достар, бастайық
Бастайық той кешін.
Қызықтан еш адам,
Қалмасын құр қалып.
2-жүргізуші: Бірінші сайыс- өзін-өзі таныстыру
Көңілге түй сен мұны.
Әр бүлдіршін- ел гүлі,
Бақытты елде туғаның,
Есіміңнен белгілі.
1-жүргізуші: Екінші кезең- өнерліге өріс кең.
Өнерсіздер қашып жүр,
Өнермен үлгі шашып жүр,
Өнерді көп білетін дана болар,
Өнерсіздің ісі шала болар.
2-жүргізуші: Үшінші кезең- сұрақтарға жауап.
Әдет- ғұрып, салт- дәстүрі қазақтың,
Жарасымды, үйлесімді ғажап шын,
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық.
1-жүргізуші: Ата- бабаларымыздан келе жатқан салт-дәстүрлерлің бірі- қонақжайлық. Қандай жағдайда да, «құдайы қонақпын» деп келген адамды кеудесінен итермей, жылы шыраймен қарсы алып, қолдағы барымен дегендей, шамасы келгенше сый-құрмет көрсетіп аттандыру әркімнің парызы сияқты болатын. Ендеше, төртінші сайысымыз- ас мәзірін дайындау.

2-жүргізуші: Ал, құрметті ағайын, бесінші кезеңімізді бастайық. Бұл сайыс - «қолөнер сайысы» болмақ. Ендеше шебер қыздарымыздың қол өнерлерін тамашалайық.
1-жүргізуші: Сымбатына сән киімі жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасақ,- дей келе, сайысымыздың шығармашылық сән үлгісі кезеңін тамашалайық.
2-жүргізуші: Әділқазы алқасы аруларымыздың ұпайларын есептегенше, өнерпаздардың өнерлерін тамашалайық.
Қазиоллаев Айсұлтанның орындауында «Анашым» әні.
« Атамекен» әні. Жігіттер квартеті.

1-жүргізуші: Енді сөзді төрешілерімізге береміз.
( Әділқазылар алқасы сөз алып, әр номинация бойынша («КӨКТЕМ АРУЫ», «КӨРЕРМЕН КӨЗ АЙЫМЫ», «БІЛІМДІ АРУ», «КӨРКЕМ АРУ», «ШЕБЕР АРУ» т.б.) жүлде тағайындайды.)
2-жүргізуші: Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа.
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
1-жүргізуші: Баршаңызды наурыз мерекесімен құттықтай отырып, құт-береке тілей отырып, сайысымызды аяқтаймыз.
«Қыз- ұлттың жаны» демекші, ата-аналардың аяулысы, құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы, даламыздың гүлі, өміріміздің сәні бола беріңіздер!



© 2010-2022