Дені саудың - жаны сау (сынып сағаты)

Раздел Классному руководителю
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Тақырыбы: «Дені саудың жаны сау»

Мақсаты: Оқушыларды денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу. Дене, жеке бас гигиенасын сақтау және жаман қылықтардан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу.

Дені сау азаматтар-

мемлекеттің ең бағалы капиталы.

(В.Комат)

Адамның табиғаттан алатын ең үлкен сыйы ол - денсаулық. Халық арасында дені сау адамның қолынан келмейтін ісі жоқ деп босқа айтылмаған. Аталған қарапайым ойды тек қана ағзамыз сырқат танытқанда ғана немесе дәрігерлерге жүгініп, олардың қолынан келмейтінді талап еткенде ғана еске түсірмей, үнемі есте сақтап жүрген абзал. Өз заманында әйгілі қолбасшы Александр Суворов «салқын су денеге де, ақыл-ойға да пайдалы»-деп, білген. Өйткені салқын сумен емделу - өзіндік туа біткен әлжуаздықтан арылу -генералиссимустың шайқастарда жеңуіне септігін тигізді. Қазіргі заманғы зерттеулер бойынша, суық суға сүңгушілік жынысы мен тектілікке қарамастан адамның шартты биологиялық жасын төмендетеді. Яғни жасарту әсері бар және ұзақ өмір сүруге көмегін тигізеді. Көп адамдар «Егер мен су ойығына секірсем, мен өлемін, ауырып қаламын, бір жерім үсіп кетуі мүмкін және т.б.» - деп, ойлайды. Қорқыныш үрей тудырады деген рас екен, дегенмен су ойығына бірден секіруді шыныққан адамдардың өзіне де кеңес етпейміз. Ал өзіндік психологиялық тосқауылды - алғашқы рет суға түскендегі салқын су алдындағы қорқынышты - әрбір әлі еті үйренбеген адам өзінше жеңуі тиіс. Көбінесе үрей тудыратын қорқыныштың көзі, жете білмейтін «тілектестердің» кеңестері қыздыра түсетін, өзіндік ағзаның шынайы мүмкіндіктері мен қорларын білмеу болып табылады. Сөзсіз, егер алдын ала өзіңізді ауыруға икемдесеңіз, онда әрине ауруханадан табыласыз, өзін-өзі сендірудің мүмкіндігі шексіз екендігін жақсы білерсіз. Шынығу - сауықтырудағы керемет әдіс. Оның көмегімен көптеген аурулардың алдын алуға болады, сонымен қоса еңбекке қабілеттілікті, өмірге деген махаббатты сақтап қалуға көмектеседі. Әсіресе салқын тиген кезде шынығудың көмегі зор!

Кез келген елдің болашағы - оның халқының денсаулығына байланысты екендігі - дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз - салауатты өмір салты. « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы.

Денсаулық дегеніміз - адам жаны мен тәнінің амандығы. Денінің сау болуын қандай адам қаламайды?

Дені сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп жатқан қоғам үшін де керек. Қоғамадағы не бір жұмысты да сол денсаулық иесі ғана атқара алады. Адам бұл өмірде мәңгілік емес. Сол берілген аз ғұмырды дұрыс пайдалана білмесең, ғұмырың текке өтті дей бер. «Денсаулық - зор байлық» деп атамыз қазақ бекер айтпаған болар. Әр адамның өмірінде денсаулықтың орны бөлек. Сондықтан денсаулығымызға көңіл бөліп, дұрыс сақтанғанымыз жөн. Деніміз сау болмаса, ауру меңдеп, қалжыратса, шалқыған байлықтан, ақшадан не пайда?! Осыдан біз ненің бірінші байлық екенін аңғарамыз.

Шопенгауердің «Дені сау кедей - ауру корольден бақытты»,- деген қанатты сөзі өте орынды айтылған.

Дені саудың - жаны сау. Әрине денің сау болмаса, рухани сауыға алмасың тағы бесенеден белгілі.

Бүгінгі дені сау ұрпақ - елдің ертенгі жалғасы.

Халқымыздың тіршілігі мен бірлігі, жарқын келешегі көп ретте денсаулық мәдениетінің қаншалықты дәрежеде қалыптасуына байланысты. Денсаулық - ел дамуының басты арқауы. Денсаулық сақтау біздің өміріміздегі келелі мәселелердің, үшінші мыңжылдыққа атаған еліміз үшін өзекті міндеттердің бірі.

Жеке адамның да, мемлекеттің, қоғамның да басты байлығы - денсаулық. Осынау байлығымызға балаған денсаулығымыздың қамын ерте бастан ойлауымыз қажет екенін естен шығарып алатынымыз өкінішті-ақ. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде адам денсаулығын нығайту жолында үкіметіміз ерекше көңіл бөліп отыр. Республикамызда салауатты өмір салтын сақтау барысында Елбасы Н.Назарбаевтың бастауымен «2002 жыл - Денсаулық жылы» жарияланғаны баршамызға аян.

Табиғаттың ең қымбат жемісі - адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлгені - өзін-өзі сыйлағаны.Осыдан-ақ табиғаттың берген сыйы тұла бойына таза қарап, өмірдің соңына шейін денсаулығы зор болып, адам атына кір келтірмей өту абзал.

Адамның денсаулығы - өмір тіршілігінің ең бірінші шарты болып табылады. Сондықтан үкіметіміз денсаулық сақтау ісіне, адамдарымыздың дені сау, ағзасының күшті болуына үнемі қамқорлық жасап отыр.

Дені сау болса, адамның өзі де, жан-жағындағы адамдар да бақытты.

Адамға денсаулықтан не бар қымбат,

Ауру төнсе кең дүниені тар қылмақ,-дегендей, өкінішке орай, қымбат байлығымызға кереғар әсерін тигізетін зиянды нәрселер де баршылық.

Бір кездері мақтаныш көріп,жерге салып тастаған сан түрлі зауыттардың түтіні адам ағзасын тұншықтыруда. Шашты тік тұрғызар «Семей полигоны» аталған аймақта әлі күнге шейін ауру балалар дүниеге келуде. Айдаһардың үш басындай арақ, темекі және наша - ауруға жол ашатын мүмкіндіктердің басты себептері. Нашақор адамдар - өмірлерінен күдер үзген, болашағы жоқ адамдар деп ойлаймын. Саралап алсақ, осының барлығы адам қолымен жасалып, қоғамның ілгері дамуына кері әсерін тигізуде.

Ашық аспанымызға қара бұлт төндірген заман кеселдерінен арылу, арылту - көкірегі асу, көзі ашық әрбір азаматтың борышы.

Жаңа ғасыр табалдырығынанаттанған болашақтың тағдыры - оның денсаулығында. Ұлы Абай атамыздың «Бес нәрсеге ғашық бол, бес нәрседен қашық бол» қағидасын берік ұстап, ертедегі ата-бабаларымыздың әскерлі сөз мәйектерімен жеткізе білген денсаулық жайлы ойларының қадірін түсіне білу керек.

Сау дене, азат ақыл, адам көңіл,

Үшеуімен бақытты болады өмір,- дегендей, өмірге адам болып келген соң, адам болып өту, өмірімізді мәнді де, сәнді өткізу, келешекке оң көзқараспен қарау - міндетіміз. Бұл өмірді дұрыс өткіземін десең, салауатты өмір салтын ұстан.

Салауаттылық - саулық кепілі, ал саулық - байлық негізі.

Өркениеттің жолындағы елдің ертеңі - халқының саулығына байланысты. Дені сау халық - бай халық, халқының дені сау болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз. Жаны сұлу, тәні сау ұрпақ, саған аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай биік көтер!

Есірткі, нашақорлық - азаматты жұтатын аждаһа екенін бір сәт естен шығармайық!

Өміріміз - өз қолымызда. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Адамға өмір бірақ рет беріледі. Бұл ретте оның денсаулығы мықты, рухы күшті болғаны абзал!

Жаңа ғасыр азаматы - дені сау, рухани бай адам!



© 2010-2022