Презентация по классному руководителю на тему Кел төрле, мерейлі Наурыз!

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кел төрле, мерейлі Наурыз!

Мақсаты : білімділік- оқушыларға Наурыз мейрамының пайда болу тарихы және қазақ халқының салт-дәстүрімен таныстыра отырып халқымыздың әдеп-ғұрпы, мәдениеті туралы толық мәлімет беру;

дамытушылық- оқушыларды халқымыздың дәстүріне, әдеп-ғұрыпқа байланысты ұлағатты сөздерінің мәніне қарай және жақсылық пен ақ ниетке толы бабалар жолын жалғастыруға баулу;

тәрбиелік- оқушыларды елін, Отанын сүюге, патриоттық рухта және ұлттық дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу;

көрнекілігі: қазақтың киіз үйі, жабдықтары, ұлттық киімдер, ұлттық тәрбие жөнінде нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, наурыз мерекесіне арналған қабырға газеті, көрме т.б

Сабақ барысы.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Ұлыстың ұлы күні- Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күніне орай өткізіліп отырған « Кел төрле, мерейлі Наурыз» атты тәрбие сағатымызды тамашалаңыздар.

1-жүргізуші: Келіңіздер, наурыз тойға бәрің бүгін,

Аямас өнерпаздар ән мен жырын

Тойлайық халық тойы Наурызымның

Шуағын жерге төккен Наурыз күнін.

Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық

Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.

Қаһарлы қыстан өтіп Наурыз келді

Арқаңды кеңге салшы, уа халайық.

2-жүргізуші:Армысың, көрермен қауым, қонақ жандар,

Бүгінде бар өнерді тамашалар!

«Ұлыстың ұлы күніне» кеп отырған

Ақ ниетті, пәк пейілді замандастар.

Би: «Қара жорға»

( Азина шығып шашу шашады)

Ұлыстың ұлы күні Наурыз құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Қораң малға, үйлерің жанға толсын.

Ұлыс әр кез оң болсын

Әр үйде ақ мол болсын

Не тілесең сол болсын

Қайда барсаң жол болсын.

1-жүргізуші: Оу, ағайын, Асан ата немерелі болыпты. Асан атаның ауылына шілдеханаға барайық, жүріңіздер.

(Бесікке салу рәсімі көрсетіледі).

Бесік - қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы. Бесікті отпен аластап, «тыштырма» жасап алады, баланы бесікке салады. Бесік үстіне жеті қадірлі зат жабады. Жабылған әр нәрсенің өзіндік мәні бар.

Балаға деген ана махаббаты бесік жыры арқылы айтылады.

Баланы бесікке салып тербете отырып:

Әлди-әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат, бөпем.

Жылама, бөпем, жылама,

Жілік шағып берейін.

Байқұтанның құйрығын

Жіпке тағып берейін.

Айыр қалпақ киісіп,

Батыр болар ма екенсің?!

Бармақтарың майысып,

Түрлі ою ойысып,

Ісмәр болар ма екенсің?!

2-жүргізуші:Күреп алтын күрекпен

Қарды еріткен Наурыз!

Жатыр көктем түлетіп

Бүрлеп бақша бауымыз

Ұлы күні ұлыстың

Күн мен түнді теңеген

Тәтті дәмін ырыстың

Таттық Наурыз көжеден.

Ән: «Наурыз-көктем»

1-жүргізуші:Наурыз тойы тамаша

Наурыз тойы жаңаша

Тамылжып тұр жараса

Наурыз тойы салтанат

Наурыз тойы мархабат

Әр жүректен ән тарап

Шаттанады шартарап.

Би: «Хафиз»

Дана халқымыз «Батамен ел, жаңбыр мен жер көгерер» деп бекер айтпаған ғой. Қанеки, Наурыз тойының батасын сұрайық.

Әлібек бата береді.

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсаң жол болсын.

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын.

Ұлыс береке берсін,

Бәле -жала жерге енсін.

Ұлы халқым тоқ болсын,

Көйлектері көк болсын

Уайым-қайғы жоқ болсын,

Қуаныштарың көп болсын.

Наурыз : Бізге Қыдыр бабамыз бірнеше тапсырмалар беріп жіберіпті. Барлығымыз соны шешіп көрсек қайтеді?

Тапсырмалар:

  1. Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не жетім?

( Ананың сүті тәтті, ананың қолы жұмсақ. Жаңбыр жаумаса жер жетім, басшы болмаса ел жетім.)

  1. Қандай ырым мен тыйым сөздер білесіңдер?

(Малды тепе, ақты төкпе. Отты шашпа, күлді баспа. Бүйіріңді таянба, жағыңды таянба. Бос бесікті тербетпе, бесікті ашық қалдырма)

  1. Сүттен жасалатын тағамдарды ата.

(Айран, ірімшік, құрт, қатық, шұбат, қымыз, қаймақ)

  1. Ұлттық ойындарды ата.

( Алтыбақан, аударыспақ, қыз қуу, көкпар тарту, ат жарыс,

ақсүйек, тоғызқұмалақ)

Махаббат: Жаз өмір жайрандаған сол бір шағым,

Жаныма дарытпаймын дүние тағын

Әнменен қарсы аламыз әрбір таңды

Жайғандай ерке нәзік жар құшағын

Ән: Наурыз думан

Махаббат: Жыр сыйлаған , нұр сыйлаған тілекке,

Қастерледік қадіріңді білдік те.

Құтты болсын Ұлыс күні, жұмылдырған

Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке.

Нұрасыл: Наурыз құтты болсын,

Дендеріміз сау, мықты болсын!

Наурыз тойы келе берсін,

Барлық халық бақытты бола берсін!

Еліміздің несібесі көп болсын.

Халқымыз көбейіп тоқ болсын!

Қош сау болыңыздар, халайық

Көріскенше күн жарық болсын!

© 2010-2022