Классный час на тему Көктем шуағы

Раздел Классному руководителю
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:Көктем шуағы

Мақсаты:Көктем мерекесімен және көктем мерекесімен тұспа-тұс келетін халықаралық әйелдер күніне орай аналарымызды және ұстаз аналарымызды құттықтау

Жүрісі:

Жүргізуші-1.Жазира: Көктем келді, тағы да көктем келді,

Бой көтерді қызғалдақ бөктердегі .

Күлте мойын, мамық төс, мондалақ бас,

Терезенің алдына кептер келді.

Жүргізуші-2Айдын: Көктем келді керіліп, көктем келді,

Ішін тартты ақпанның өктем желі.

Төгіп жатыр торғайлар бал әндерін

Көмейінде тығылған көптен бері.

Жазира:8-наурыз және жыл басы - Наурыз айының мерекесіне арналған «Көктем шуағы» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Айдын: Би Бақыт,Үміт

Жазира: Мұқағали Мақатаевтың «Біздің көктем» өлеңі оқитын Лара

Айдын: Жыл құсындай көктеммен бірге келетін 8-наурыз - Халықаралық әйелдер мерексі құтты болсын!

Жазира:Гүл көктемнің алғашқы ең жүрекке жылы, мейірімді мерекесі -бүкіл мерекенің бастауы әйелдер күні құтты болсын!

Айдын: Ақ сүт беріп ,мәпеледің, тербеттің

Мен үшін сен не көрмедің ,келбеттім. Сенің дархан щуағыңнан нәр алып ,

Мейірімі мол құшағыңда ер жеттім.

Жазира: Шуақ сепкен күнімсің, ана, көктегі,

Байлығым сенсің, бақытым да, көктемім.

Азамат боп қосылғанша мен қатарға ,

Өткердің бастан өмірдің қилы өткелін.

Айдын: Адам баласы үшін ең аяулы ,ең қастерлі ,қадірлі сөз - ана. Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі , ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілік , мейірімділік махаббатын бере білген аналар жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген.

Ән «Анаға сәлем» орындайтын Айнұр

Жазира :Барлық балаға анадан артық , анадан қымбат жан жоқ.Сондықтан да халық даналығында ананы ардақтайтын,ананы дәріптейтін небір асыл сөз маржандары кездеседі. «Ананың алдында асқар тау да аласа»,- дейді халық . Ана бәрінен биік.

Ана туралы композиция Айсырға Қилыбаеваның өлеңдерінен

«Ана-әлем , Ана -жер, Ана - көктем» ұлдар тобы

Айдын: Әйел ошағымыздың Ұйытқысы,Отанымыздың сақтаушысы, береке бірлігіміздің алтын діңгегі,ұлттық мәдениетіміздің мәйегі.Ананың қуанышы, Әйел қуанышы- үйдің, отбасының ,Отанның мерейі. Мерейлеріңіз әрқашан үстем, көңілдеріңіз аспандай ашық болып жүрсін!

Ән «Апа сен қартаймайсың» Бахыт

Жазира:Перзенттік борышымды

Тұмардай сақтап өтем.

Анажан ақ сүтіңді

Қалайша ақтап екем?!

Айдын: Алдында анасының

Қашанда аласа адам

Мәңгілік қарыздармыз

Рахмет ,ана саған!

Жазира: Қырқаны жапқан көкпеңбек

Нәурізек нәзік гүл -наурыз,

Жаңбырын нұр ғып төккен көк.

Таусылмас мәңгі жыр- наурыз!

Айдын: Наурыз көктем мерекесі,

Наурыз- Жыл басы,

Наурыз жаңа серпін,жаңа леп!

Жазира: Наурыз - қуаныш мерекесі,

Бақыт пен шаттық мерекесі.

Айдын: Наурыз -жыл басы. Ұлыстың ұлы күнінде күн мен түн теңеліп, жер бусанып, жан-жануар , тіршілікке жан бітіп, жаңара түседі.бұл күнді халқымыз ерекше қастерлеп, қадірлеген.Наурыз -пәктік пен адалдық күні.Қателік кешіріледі, көңіл кірі өшіріледі.

Жазира: Наурыз күні адамдар бақай есеп,пендешілік атаулыдан тазарып ,ар ұжданы алдында арылуы керек. «Ұлық күні алдыңа келсе,атаңның құнын кеш», «Жақсылыққа жақсылық - жай адамның ісі, жамандыққа жақсылық- ержігіттің ісі», «Тас атқанға -ас ат» секілді нақыл сөздерді өзек етіп,ақсақалдар ат құйрығын кесісіп, араға жік түскен бауырлас ел, ағйын,дос-жарандарды бір дастарханнан дәм таттырып , табыстырған.

Айдын: Наурыз туралы ән Альдина

Композиция «Қош келдің, Наурыз, жаңа жыл»

Жазира:Шуаққа ызғар жұтылып

Маңдайды сәуле сүйген күн,

Аласапыраннан құтылып,

Аққа да аузым тиген күн.

Айдын: Арсадан алып соңғысын,

«Тәңірім ақты мол қылсын»

Деп тілек айтар өзі еді,

Жасарда наурыз көжені

Ақталды сонау сенімі

Ұзынсарыға сақтаған ,

Сыбағаны асты мақтаған.

Жазира: Наурыз көже барлық адамдарды жомарттыққа, ізгілікке , ұйымшылдыққа, татулыққа шақырады. Наурыз көжеден дәм татайық.

Айдын:Наурыз келді, жыл есебін бастады

Мәре-сәре тойлап жатыр жас-кәрі

Тойлап жатыр ал төбеден мөлдіреп

Қарайды кеп туған елдің аспаны

Жазира: Осымен тербие сағатымыз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

© 2010-2022