Ана тілін ардақтаған Қайрат ақын (баяндама)

Батыс Қазақстан облысының Орда жерінде дүниеге келіп, Капустин Яр сынақ полигонының ашылуына байланысты Оңтүстікке жер аударылған ақын Қайрат Жұмағалиевтың қиын тағдыры өз өлеңдерінде көрініс табады. Осындай өлеңдерінде бастан кешірген қиыншылықтары, туған жерге деген сағынышы керемет суреттеледі. Жас ұрпаққа ақын өмірін талдай отырып, қиыншылықпен жеткен жетістіктерін, еңбектерін, шығармаларын үлгі ету. «Жүрегім жыр толғайды, Көңілім ортаймайды. Анасы бар адамдар   Ешқашан қартаймайды»- деп ғұм...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Орал ақпараттық технологиялар колледжі







Баяндаманың тақырыбы:


Ана тілін ардақтаған

Қайрат ақын








Дайындаған: қазақ тілі мен әдебиеті пәндерініңоқытушысы Н.С.Бексариев










Орал қаласы, 2014 жыл

МАЗМҰНЫ

1. КІРІСПЕ

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

А) «Қаламы қарымды қаламгер ақын!» (Ақынның өмірінен қысқаша мәлімет)

Ә) Ақынның жеке мұражайынан (фотошежіре)

Б) «Әлі де қаламымның қуаты бар...» (Ақын өлеңдерін талдау)

3. ҚОРЫТЫНДЫ

4. ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТЕР




















КІРІСПЕ

Батыс Қазақстан облысының Орда жерінде дүниеге келіп, Капустин Яр сынақ полигонының ашылуына байланысты Оңтүстікке жер аударылған ақын Қайрат Жұмағалиевтың қиын тағдыры өз өлеңдерінде көрініс табады.

Осындай өлеңдерінде бастан кешірген қиыншылықтары, туған жерге деген сағынышы керемет суреттеледі. Жас ұрпаққа ақын өмірін талдай отырып, қиыншылықпен жеткен жетістіктерін, еңбектерін, шығармаларын үлгі ету.

«Жүрегім жыр толғайды,

Көңілім ортаймайды.

Анасы бар адамдар

Ешқашан қартаймайды»- деп ғұмыр бойы анасын құрметтеудің озық үлгісін көрсеткен ақынның кейбір өлеңдеріне талдау жасай отырып, жас ұрпақты ата-анасын сыйлауға, үлкендерді құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Өмірінің соңғы жылдарын туған жеріне, атамекеніне шалқар сағыныш, асқақ арман құшағында келген ақын «Жайық Пресс» ЖШС-да бас директордың кеңесшісі ретінде қызмет етті. Ананы құрметтеудің озық үлгісін көрсеткен, туған тілін ардақтаған, туған жеріне, мекеніне деген сағынышын асқақ жырларымен асқақтатқан Қайрат ақын бейнесі жас ұрпақтың жадында мәңгі қалады деп ойлаймын.



НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Бұйрат белдер, шалқар көлдер көсілген,

Қыраның ем түлеп ұшқан төсінен.

Ұялар ем адам деуге өзімді

Шықса бір сәт асыл бейнең есімнен- деп жырлаған көрнекті қазақ ақыны Қайрат Жұмағалиев.

Ана тілін ардақтаған Қайрат ақын (баяндама)

Ақын Қайрат Жұмағалиев 1937 жылы 16 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының Орда (қазіргі Бөкей Ордасы) ауданының Жиекқұм ауылдық кеңесінің (қазіргі Бейсен ауылы) Бесқұдық деген жерінде дүниеге келген. Бастауыш мектепті Теректі ауылында оқыған, Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Азғыр мектеп интернатында тәрбиеленген. Капустин Яр сынақ полигонының ашылуына байланысты Орда ауданы таратылып, халқы Оңтүстік Қазақстанға көшірілген соң, 1954 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Жетісай ауданында III Интернационал атындағы қазақ орта мектебінде білім алған.

1959 жылы ҚазМУ-дің филология факультетін бітірген.

1959 - 1984 жылдары «Жазушы» баспасында кіші редактор, редактор, аға редактор, редакция меңгерушісі, бас редактордың орынбасары болып істеген.

1985-1992жылдарыҚазақреспубликалықтеледидарында аға редактор, бас редактор.

1993 - 1996 жылдары Қазақстан республикасы Парламенті Сенатының аударма-редакциялық бөлімінде сектор меңгерушісі, кеңесші болған. «Сарыарқа» журналында редактор қызметін атқарған.

2009 жылы туған жері Батыс Қазақстан облысына оралып, Орал қаласында тұрған ақын соңғы кезде сырқаттанып жүрген еді. Атамекеніне шалқар сағыныш, асқақ арман құшағында келген ақын «Жайық Пресс» ЖШС-да бас директордың кеңесшісі ретінде қызмет етті. Еліне оралған қуаныш үстінде тың туындылар жазып, өткен жылы «Жарық дүние» атты өлеңдер кітабын шығарды.

Ақын шығармашылығы

«Ақырғы матч», «Беймаза бақыт», «Шам шаһарында», «Самардың сарша тамызы», «Дос құшағы» поэмалары, «Құрақ көрпе», «Хатшепсут», «Батыр туралы баллада», «Журналист» балладалары, балаларға арналған «Таба нан», «Жампоз», «Кәмпит туралы баллада», «Соқыр қыран» сияқты дастан, балладалары жарық көрген.

Гомердің «Илиада» поэмасын, Еврипидтің «Медея», «Троя арулары», «Елена» трагедияларын, Әл-Мааридің, Ш.Руставелидің, Физулидің, Низамидің, Пушкиннің, Лермонтовтың, Маяковскийдің, Есениннің, Хикметтің, Блоктың, Тувимнің, Мұса Жәлелдің, Светловтың, Лукониннің, Ғафур Ғүламның, С.Наровчатовтың, Р.Рождественскийдің, Р.Казакованың шығармаларын ана тілімізге аударған. А.Дюманың «Граф Монте-Кристо» романын (Ә.Жұмабаевпен бірге), моңғол жазушысы Л.Тудэвтің «Тау тасқыны» романын, француз ақыны Беранженің шығармаларын, қырғыз эпосы «Манасты» қазақ тіліне тәржімалаған.

Ақын өлеңдеріне жазылған әндер бар. Балаларға арналған көптеген ән мәтіндерінің авторы.

Мәскеуде «Степная дорога», «Целомудрие» («Советский писатель»), Алматыда«Раздолье», «Подарок малышам» аттыкітаптарыорыстіліндежарық көрді. ШығармаларыТМДөздерініңтілдерінде, сондай-ақағылшын, француз, араб, неміс, қытай, хинди, испан, поляк, болгар тілдерінеаударылған.

Жыр жинақтары:

Тұңғыш. Өлеңдер. «Жазушы», 1964;

Жанар. Өлеңдер. 1966;

Перзент үні. Өлеңдер. «Жазушы», 1967;

Жеңісбай. «Жазушы», 1968;

Айнамкөз. Өлеңдер. «Жазушы», 1969;

Сақара. Өлеңдер. «Жазушы», 1970;

Шапағат. Өлеңдер. «Жазушы», 1974;

Сәске. Таңдамалы. «Жазушы», 1986;

Ататау. Өлеңдер. «Жалын», 1997;

Парасат. Өлеңдер, поэмалар. «Жазушы», 1978;

Қүбажон. Өлеңдер, поэмалар. «Жазушы», 1980;

Ақмарал. Өлеңдер, балладалар. «Жалын»,' 1981;

Кім көріпті мұндайды?! Өлеңдер. «Жалын», 1985;

Құланиек. Өлеңдер, поэмалар. «Жазушы», 1989;

Төлбасы. Өлеңдер. Поэмалар. «Жалын», 1992;

Жүрегімнің бөлшегі... Балаларға арналған өлеңдер. Астана. 2004.

«Молодая гвардия» журналының, «Қазақ әдебиеті» газетінің лауреаты. Беларусь Республикасының Құрмет Грамотасымен, Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен, «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Ерлік еңбегі үшін» медальдарымен, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының Грамоталарымен марапатталған.

Қайрат ақын «Тілім менің» өлеңінде:

Күйбеңменен

Әрнеге бір тосылып

Алдарқатып

Құрғақ қиял,

Бос үміт -

Мойыныңа ерің кетіп жүрсек те

Жөңкіледі күндер,

Айлар тосылып.

Бұл Адамзат

Сөйлесе де мың тілде

Қызыл тілім

Өз тілімде бүлкілде!

Бұл фәниге

Пенде болып келген соң

Пенделікке

Бой алдырмау мүмкін бе?

Тілім!

Аман өттің оқтан, оттан да,

Мейлі, мейлі,

Қарқылдасын көп қарға!

Осы Жиырма біріншіге

Сау жеттің!

Айналайын,

Сайра енді,

Тоқталма!

- деп туған тілінің ері мойынына кетіп қаншама қиындық, көп теперіш көрседе бүгінге жеткеніне қуанады. Әр тілде сөйлеп, пенделікке салынып, тілін ұмытып кетпей, керісінше өз тілін ұмытпауға, құрметтеуге шақырады. Оқтан да, оттанда өткен тілінің жаңа ғасырда өз желісінен жаңылмай, биік белестерден аса беруін тілейді.

Ақынның шоқтығы биік өлеңдерінің бір тобы туған жерге, елге деген сағыныштан өрілген. Ақ Жайығын, Нарынқұмын ерекше тебіреніспен жырлайды.

Ақын «Құм Нарын» өлеңінде:

Батыстағы түстігім,

Асты - дария,

Үсті - құм,

Шығармасы -

Нарынқұм

Құдіреті күштінің.

Құм үстінде ну орман,

Құшақ жайып тұр алдан.

Оны көру -

Шын бақыт,

Аңсап жүрсең -

Бұл арман.

Қасиетін аңғардым,

Жерұйық деп таңғалдым.

Елге тартқан тартуы

Кешегі өткен хандардың.

Африка шөлдерін

Турист болып өрледім.

Сұлық жатыр өлі құм,

Қылтанақ шөп көрмедім.

Жаһан шахтай тұлғаның

Араладым гүлзарын.

Көргенім бар сол жолы

Үндістанның құмдарын.

Ол жақта құм борайды,

Аспан астын орайды.

Ешбір құм жоқ

Өмірге

Нарынқұмдай қолайлы.

Бұйрат құмдар шөккен гіл,

Күн құяды көктен нұр

Шынтақтай жер қазғанда

Су шығады мөп-мөлдір!

Мұнда шөптің шүйгіні

(Зердеңе, дос, түй мұны!)

Жүріп-ақ тұр

Нарында

Тіршіліктің бұйрығы!

Саған көңіл құлап тым,

Мәрттігіңді ұнаттым!

Жер Шарында біреу-ақ

Нарынқұмым -

Жұмаққұм!

- деп қанша жерді, елді араласам да, тіршілікке қолайлы сендей жерұйық жерді,жұмақ құмды көрмедім деп толғайды. Жер бетіндегі жалғыз Жұмақ құмым, Нарынқұмым деп перзенттік таза махаббатпен, шексіз сағынышпен жырға қосады.

Ал «Ақ Жайығым» өлеңінде:

Толқының тайдай тулап,

Жалын атқан,

Көңілін

Көрген жанның жадыратқан

Армысың, айналайын,

Ақ Жайығым,

Жайсаңым,

Қос құрлықты

Жарып аққан!

Көремін

Сені ескі сырласымдай,

Сырласпай

Шіркін мауқым жүр басылмай!

Мен Сенің қасиетіңді

Қастер тұтам -

Аяулы әр толқының -

Бір ғасырдай! - десе,

«Жайығым - Жерұйығым» өлеңінде:

Ақ Жайығым, толықсыған, толысқан,

Шағанменен, Деркөлменен тоғысқан.

Жер үстінің Жұмағы да өзіңсің,

Мен айналдым сендей құтты қоныстан.

Мың бұралып Атырауға оралған,

Тіршіліктің нәрі болып таралған,

Туған жердің Жәннатысың Ақ Жайық,

Бұдан артық саған теңеу таба алман.

Сенде ғана өрге жүзер қайығым,

Шаттығым - сен,

Сенсің менің уайымым.

Жер үстінің Пейіші де өзіңсің,

Басылмасын арының Ақ Жайығым!

Толқыныңның үнін тыңдар ел ұйып,

Өр басымды тұрмын саған мен иіп.

Қазағыммен мәңгі бірге жасай бер

Ақ Жайық деп аталатын Жерұйық!

- деп туған жерін, құтты қонысын, жерұйығын тебірене жырға қосады.

Кездесулер

«Кеттім, достар, тыныштықты жек көріп,

Жалынымнан жасық ойлар кетті еріп!

Міне, ақыры шықтым алыс сапарға,

Балғын жырды қоржыныма бөктеріп.

Көңіліме шұғыла шашып нұрлы ырғақ,

Жас жүрегім бақыт сазын жүр жырлап» - деп басталатын алғашқы жырларындағы екпін оқырманның жүрегінен әлі күнге орын алып, табиғи егделікке бой ұсынса да, сөз сиқырымен баурап алғаны байқалып тұрды. Тыңдарман ұсынысымен өлеңдер оқылып, отбасы, ұшқан ұя туралы ой бөлісілді.

Ана тілін ардақтаған Қайрат ақын (баяндама)Ана тілін ардақтаған Қайрат ақын (баяндама)

Кездесуде Қайрат ақынға студенттер сауалдар қоя отырып, татымды жауап алды. Көңілденіп, тұшынып тыңдаған жас тыңдармандарға ақынның риясыз көңілі мен мейірімді жүзінен оның өмірде қандай жан екендігі байқалып, игі әсер етіп тұрды. «Өлеңге ода», «Туған өлкем», «Туған жерді басып жүрсем», «Таулар», «Сапар шықсам» атты ақынның бір топ туған жер туралы өлеңдері студенттер тарапынан оқылған ақынға деген сый мен құрмет болып табылады. Қашанда ақынын ардақтаған қазақ халқының дәстүрімен ардақты ақынға шапан жабылып, естелік сыйлықтар табысталды.

Ана тілін ардақтаған Қайрат ақын (баяндама)Ана тілін ардақтаған Қайрат ақын (баяндама)

2009 жылы туған жері Батыс Қазақстан облысына оралып, Орал қаласында тұрған ақын соңғы кезде сырқаттанып жүрген. Ақын «Жайық Пресс» ЖШС-да бас директорының кеңесшісі болған.Өткен жылы жұртшылық ақын Қайрат Жұмағалиевтің 75 жылдық мерейтойы аталып өтілді.Ақын Қайрат Жұмағалиев 2013 жылдың 18 желтоқсанында өмірден озды.Ана тілін ардақтаған Қайрат ақын (баяндама)


Ана тілін ардақтаған Қайрат ақын (баяндама)























Ана тілін ардақтаған Қайрат ақын (баяндама)Ана тілін ардақтаған Қайрат ақын (баяндама)

Ақынның жарық көрген жинақтары



Ана тілін ардақтаған Қайрат ақын (баяндама)Ана тілін ардақтаған Қайрат ақын (баяндама)


Ана тілін ардақтаған Қайрат ақын (баяндама)Ана тілін ардақтаған Қайрат ақын (баяндама)

Ақын отбасымен бірге









Ана тілін ардақтаған Қайрат ақын (баяндама)

Ақын бір топ қаламгерлермен бірге





Ана тілін ардақтаған Қайрат ақын (баяндама)

Ақын бір топ жазушылар ортасында





ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақ әдебиетінің көрнекті ақыны Қайрат Жұмағалиев шығармаларымен, әсіресе, қазақ балаларына арналған туындыларымен ертеңгі күннің иелері балалар сусындап өссе, ұлттық болмыстан айрылмаудың бір жолы жатыр.

Әдебиет сүйер қауым әрдайым төл әдебиетінен, Қайрат Жұмағалиев сынды ана тілін ардақтаған көрнекті ақын шығармаларынан бойына қажет нәр алса, туған әдебиетіміз де гүлдене берер еді деген ой туады.

«Жүрегім жыр толғайды,

Көңілім ортаймайды.

Анасы бар адамдар

Ешқашан қартаймайды» - деп ғұмыр бойы анасын құрметтеудің озық үлгісін көрсеткен ата-анасын сыйлауға, үлкендерді құрметтеуге, адамгершілікке үндегенақынның жалынды жырлары жас ұрпақтың жадында мәңгіге қала бермек.




ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6

  2. Қазақстанжазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: ҚамшыгерСаят, ЖұмашеваҚайырниса - Алматы: "Аңарыс" баспасы, 2009

  3. «Қазақстан». Энциклопедия. 1 том, Алматы, 1998; «История всемирной литературы», 3 том, Москва, 1986;

  4. Түркі халықтарының әдебиеті. Алматы, 2009; М. Әуезов. ӘлішерНауаи. Кітапта: ӘлішерНауаи. Таңдамалы шығармалар. Алматы, 1948;

  5. Р. Бердібай. Әлішердің асқақ арманы. Бес томдық таңдамалы шығармалар жинағы. 4 том. Алматы, 2005;

  6. Ө. Күмісбаев. Әлішер Науаи. Терең тамырлар. Алматы, 1994.





15


© 2010-2022