Ана - деген теңдесі жоқ ұлылық. /Тәрбие сағаты/

Мақсаты:  Көктеммен бірге келетін аналар мерекесін айта отырып, аналардың біздің өміріміздегі алатын орны жайлы түсінік беру, аналарды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Бөлме шармен безендірілген,слайд,үнтаспа Жүргізуші:  Ана -дейміз бәрімізде аңқылдап, Ана -дейді жас сәбиде жарқылдап Ана -деген бәйтерегі өмірдің, Ана -деген алтын қзазық,алтын бақ. Ана -деген асыл жандар болаттай, Ана -деген мөлдір жандар бұлақтай. О,адамдар қадірлей біл ананы Жат қылыққа ақыл, ойды тонатпай.          Құрметті ақ жаулықты әжелер,ардақты ару аналар, бүгінгі мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!        Адам баласы үшін ең аяулы ең қастерлі, қадірлі сөз – ана. Бала дүниеге келгеннен бастап  өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірімі тола көз қарасы арқылы барлық сүйіспеншілік, мейірімділік, махаббатын бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол 8-наурыз мерекесі. Асыл аналар! Көктем гүліндей құлпырып, күндей күліп жүре беріңіздер. Отбастарыңызға амандақ, балаларыңызбен бақытқа бөленіп, ұзақ өмір сүрулеріңізге тілектеспі...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ана- өмір шырағы» атты мерекелік шара

Сыныбы: 4

Тақырыбы: Ана- өмір шырағы

Мақсаты: Көктеммен бірге келетін аналар мерекесін айта отырып, аналардың біздің өміріміздегі алатын орны жайлы түсінік беру, аналарды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Бөлме шармен безендірілген,слайд,үнтаспа

Жүргізуші:

Ана -дейміз бәрімізде аңқылдап,

Ана -дейді жас сәбиде жарқылдап

Ана -деген бәйтерегі өмірдің,

Ана -деген алтын қзазық,алтын бақ.

Ана -деген асыл жандар болаттай,

Ана -деген мөлдір жандар бұлақтай.

О,адамдар қадірлей біл ананы

Жат қылыққа ақыл, ойды тонатпай.

Құрметті ақ жаулықты әжелер,ардақты ару аналар, бүгінгі мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!

Адам баласы үшін ең аяулы ең қастерлі, қадірлі сөз - ана. Бала дүниеге келгеннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірімі тола көз қарасы арқылы барлық сүйіспеншілік, мейірімділік, махаббатын бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол 8-наурыз мерекесі. Асыл аналар! Көктем гүліндей құлпырып, күндей күліп жүре беріңіздер. Отбастарыңызға амандақ, балаларыңызбен бақытқа бөленіп, ұзақ өмір сүрулеріңізге тілектеспіз. Қадірлі аналар, көктеммен бірге келген дәстүрлі мерекелеріңіздің құрметіне арнаған бүлдіршіндердің өнерін тамашалаңыздар.

1-бала:

Шуақты көктем келді гүлін алып,

Көктемнің мерекесі бүгін анық.

Өмірдің көктемі де,гүлі аналар,

«Ана»деп бас иеді күллі халық.

2-бала:

Біз емес қадір тұтқан балалар,

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар, қасиетті аналар!

3-бала:

Дүниедегі ең ардақты,асыл жан,

Анам мені мәпелеген жасымнан.

Мен қуансам қуанады ол бірге,

Мен қиналсам табылады қасымнан.

Маған қамбат жан жоқ сірә анадан!

4-бала:

Ана тұрса құшаққа алып баласын:

Бақыт,шаттық белгісіндей жарасым.

Қабағыңды кірбің шалмай өмірде,

Қуанышқа кенеле бер, анашым!

5-бала:

Анам менің,асылым,лағыл әнім,

Кеудеңе мен гүл болып тағыламын.

Жұлдызыңдай көгіңде жағыламын,

Алыс кетсең аңсаймын,сағынамын.

Анам менің, асылым,лағыл әнім.

Ән: «Анаға сәлем»

Жүргізуші:

Бәрімізде ардақты аналарымыздың алдында борыштармыз.

Халық даналығында «Әйел бір қолымен бесік тербетсе,

бір қолымен дүниені тербетеді», дейді. Бүгінгі таңда үйде бала тәрбиелеп, түзде еңбеккер атанып, туған жерінің гүлденіп, көркеюіне өз үлесін қосып жүрген абзал жандар біздің де ұжымымыздан табылады. Сол ұстаз аналарымызды да бүгінгі мейрамымен құттықтаймыз!

1-бала:

Келгенім де алдыңа,

Қызыл арай гүл алып.

Жақын тарттың жаныңа,

Шәкіртім деп қуанып.

2-бала:

Мейлі жас,мейлі кәрі бол,

Дана деп сені, пана деп снеі ұғамын.

Көктемсің нұр мен нәрі мол

Диқансың және кеншісің сен мұғалім.

Қалыпшы депте айталам,

Құрыштай құйып, шыңдайсың балғын жас жанды,

Мекмептен түлеп майталман,

Батырдың жолы,бақыттың жолы басталды.

Анадай бесік тербеткен,

Түн қатып сансыз дәптерге қанша түнейсің!

Суарып білім шәрбәтпен,

Дүниеден бізге жақсылық қана тілейсің.

Ән: «Ананың тілі-аяулы үні»

Жүргізуші:

Қар, мұз еріп, су көбейіп

Сай салада ағады.

Бүршік шашып, жапырақ ашып,

Жер гүл шашақ тағады.

Ал,балалар айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады?

( Көктем )

( Көктем билеп кіріп келеді )

Көктем:

Наурыз айы көктеммін

Күлімдеп күмбез көкте күн.

Жайқалған жасыл жапырық

Жылулық нұрын төккенмін

-Сәлеметсіңдерме, балалар, қонақтар! Бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтаймын! Сендерге деген сыйлығым бар ( Балаларға гүл шоғын үйлестіреді)

Жүргізуші:

Рахмет көктем ханшасы, енді бізбен бірге бол, төрге шық!

Алақай-ау, балалар,

Көктем келді тамаша.

Аналарды құттықтап,

Ән салайық жарыса..

6-бала:

Аяулы да алтын нұрлы анашым,

Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.

Сен асқарсың,сен аспансың,биіксің,

Сен дархансың,сен жомартсың,данасың!

7-бала:

Асыл анам-алтын жан,асқар тауым,

Арайлап алдымнан атқан таңым.

Әлпештедің, әлдилепаяладың,

О анашым,бір өзіңсің сая бағым.

8-бала:

Өмірде қымбат екен ана деген,

Өмірі гүл жаратын баламенен.

Біздерді ақ гүліндей аялаған,

Мен оның жалғасы боп қала берем.

9-бала:

Анам менің-саялы қамқор шынарым,

Баулуға мені сан азап көріп шыдадың.

Тілерің болса алдағы жерде, анашым,

Үмітіңді ақтап,арналсын саған жыр әнім.

Би : «Гүлдер»

Көктем:

Тамаша, өнерлі екенсіңдер! Ал, балалар сендер үйде ата-аналарыңа көмектесесіңдерме? Шындарыңды айтыңдар! Қазір мен аналарыңнан сұраймын.

Күні бойы ойнай беретін, ойнап келіп ұйқыға кететін жалқау бала барма сіздерде?

Аналар айтыңыздаршы ондай бала барма сіздерде?

Аналары:

-Жоқ.

Көктем:

Жарайсыңдар балалар,аналарыңды бүгін қалай сыйласаңдар алдағы күнде де дәл осылай сыйлап жүріңдер. Мен сіздерге ризамын,өнерлерің үстесін!

Жүргізуші:

Әже деген көп шығар,

Әжемдей менің жоқ шығар.

Мейірімді бұл кісі

Қандай ғажап күлкісі.

Ал, енді әжелерімізді құттықтаймыз

11-бала:

Менің әжем жыр әжем

Шуағы мол нұр әжем.

Ақ таяққа сүйеніп,

Аман-есен жүр әжем.

12-бала:

Тірегің болып жаныңда

Бірге еріп жүремін.

Жанашырым жанымда

Тек әжем деп білемін.

13-бала:

Өзің мені өсірген

Айналайын ақ әжем.

Тентек болсам кешірген,

Балдай тәтті бал әжем.

Ән: « Асыл әжем»

14-бала:

Ана өмірдің қуанышы,тірегі,

Бала оның жұбанышы,жүрегі.

Ана алдындаел жауы да бас иген,

Олар дәйім тыныштықты тіледі.

15-бала:

Кең дала, ұланғайыр даласың,

Данышпансың,ақылгөйсің,данасың.

Арқалап апүш апарсам Меккеге,

Қарызымды өтей алман,анашым!

16-бала:

Жан ана жарық күн жанарың,

Бір сенде кеңдігі даланың.

Балаңды құшақтап сүйгенде

Сеземін көктемнің самалын.

17-бала:

Ұрпақтарға бақыт жолынаңсаған-

Тілейтұғын сырттай жүріп бақ саған.

Тіршіліктің тынысы мен ажары,

Ана деген-теңдесі жоқ жақсы Адам!

18-бала

Аяулы Ана!

Күнім де Ана,ай да Ана!

Жетеді саған қай дана!

Асылым өзің!

Бас иіп өтер Әулием менің сен ғана!

Ән:

жүргізуші:

Бізді өмірге әкелген кім?

Біз үшін ана кім,оны қалай жақсы көресіңдер?

1-бала:

Ана- өмір шырағы,

Ана -өмір бұлағы.

Ана бесігімнің жыр әні,

Жүрегімде тұрады

Анаға деген махаббат,сенің құндақта жатқан күніңнен ақ басталады.Ананың жолы басқа.

Ана деген сөздің өзі ыстық. Ана десе толқымайтын жүрек,тасымайтын қан,сезбейтін сезім болуы мүмкін емес.

2-бала:

Менің іздейтінім бір ақ жан . Ол ана.Ол маған бәрінен қымбат.Мен үшін ол жалпақ дүниеден де үлкен.

3- бала:

Ананың тілі, ананың махаббаты,ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе?

Па, шіркін,ананың айналып толғанғаны кімнің есінен кетеді.

4-бала:

Менің анам біз үшін шырылдап,ауырсақ жылапта жібереді. Сол үшін анамды қатты аяймын жақсы көремін.

жүргізуші:

Аналар асыл жандар,ардақтылар,

Өмірді бір біріне жалғап тұрар

демекші аналардың құрметіне әсем ән жолдайық

Ән: «Анашым»

жүргізуші:

Жарайсыңдар балалар, біз аналарымызды,әжелерімізді,ұстаздарымызды құттықтап ән салдық,би биледік,тақпақтар айтып аналарымызды бір қуантып тастадық солай ма?

Аналардың қуанышында шек жоқ.Енді балалар,біз аналарымызға сыйлық тарту етпейміз бе? Олай болса,іске кірісейік,аналарымыз балаларының шебер екенін өз көздерімен көрсін.

(Ана туралы ән жіберіледі.Балалар жұмыстарын аяқтап болған соң аналарына бір-бір сөз тілектерін айтып сыйлықтарын табыс етеді.)

жүргізуші:

Халқымызға билік айтар даналар,

Даналардың өзі аналардан жаралар.

Жүрегінің бір бөлшегі бала үшін,

Сізден жақын адам бар ма аналар?!

Балаға ең жақыны сіз ғой ана,

Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана.

Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,

Теңесе алар тек оған Отан ғана.

Бәрі:

Аялап бізді өсірген

Анамызға мың алғыс!









© 2010-2022