Жол тәртібін білейік, аман -есен жүйрейік

Раздел Классному руководителю
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік

Мақсаты: Оқушыларды жолда дұрыс жүріп тұруға тәрбиелеу. Жол белгілерін ажырата білуге, есте ұстай білуге үйрету. Жолда жүргенде жол ережесін сақтап, оң жақпен жүруге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Бағдаршам, жол ережесіне байланысты макеттер,слаид

Жүрісі: 1.Ұйымдастыру

  • Арманға алдан күткен асығамыз

Біз қалай толқын атпай басылармыз

Жол жүру ережесін жақсы біліп

Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз

Жалғайтын достастырып бар елменен

Жолдардан тұрады ғой әлем деген

Бүгінгі бізге келген қонақтарға

Алдымен беріледі сәлем деген

-Сәлеметсіздер ме қонақтар, ұстаздар,оқушылар! Бүгін сыныбымызда жолда жүру тәртібіне байланысты өткелі отырған тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Жолда жүру ережесіне байланысты оқушылар өздерінің білім-біліктерін,өнерлерін ортаға салады. Көріп тамашалайтындарыңыз сахналық қойылым «Жол ережесін білмегеннің кесірі».

Көрініс

Міне,көрдіңдер ме балалар,жол тәртібін дұрыс сақтамасаңдар осындай қиындықтарға тап боласыңдар.Жол тәртібін бұзбаңдар, ол қатер тудырады. Сондықтан жол жүру ережесін бұзбаңдар, жолда абай болыңдар.

Оқушылардың жол ережесіне, бағдаршамға байланысты өлеңдері бар екен Құлақ түрейік.

Көргенде дәу қырағы

Көшемізде тұрады

Ол бергенде команда

Бағынамыз әманда

Қызыл көзі жанса

Мейлі көлік жоқта

Қатып қалғын жанса

Қыбыр етпе алға

Сары көзі жанса

Мейлі көлік жоқта

Қыбыр етпе алға

Көшедегі бағдаршам болмаса

Кісі жоқ өзіңе жол сілтер

Кідірме абыржып онда аса

Сенгейсің өзіңнің көзіңе

-Жарайсындар ,балалар. Жол ережесін бұзбайтын тәртіпті балалар болыңдар. Жол ережесі, бағдаршам туралы біледі екенсіңдер. Бағдаршам -автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қозғалысын реттейді.Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз.Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек. Ал,енді жол белгілері,көшедегі «тілсіз» көрсеткіштер туралы қандай білімдерің бар екен? Қане тыңдап көрейік.

-Жарайсыңдар ,балалар көшедегі «тілсіз»көрсеткіштер туралы жақсы біледі екенсіңдер.Енді жол ережесі туралы не біледі екенсіңдер мына сұрақтарға жауап берейік(слайд арқылы сұрақтарды көрсету)

-Бағдаршам деген не?

-Жаяу жүргінші деген кім?

-Тротуар деген не?

-Тыйым салу белгілері қандай түспен белгіленеді?

-Бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанда қандай көліктерге жүруге рұқсат етіледі?

-Бағдаршам жоқ жерде жолдан қалай өтеміз?

-Жарайсыңдар, жол ережесі туралы да көп нәрсе біледі екенсіңдер.

Бүгінгі біздің "Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік" атты ашық тәрбие сағатымызға келіп отырған қонақтарымызға сөз кезегін берейік.

1. АІІБ МАИ қызметкері

2. Мектеп инспекторы Альменова Аида

3. Аудандық , облыстық "Жас жол инспекторлары" байқауларының жеңімпаздары

Қорытынды:

Шуақты өміріміз күндей күліп

Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт

Арманға сапар тарту мүмкін емес

Жол жүру ережесін білмей тұрып

Қай көше,қай қалаға барсаңызда

Қай ақыл өлшеміне салсаңызда

Жол жүру ережесі заңды тәртіп

Ол ортақ үлкен кіші баршамызға

Басталар әр қадамың бастауменен

Жол жүру ережесін сақтауменен.







Е.Өмірбаев орта мектебі











Жол тәртібін білейік, аман - есен жүрейік

(тәрбие сағаты)









Өткізген: МДТЖО Ахметова.А

2-сыныптар

















2015-2016 оқу жылы

Жол тәртібін білейік, аман -есен жүйрейікЖол тәртібін білейік, аман -есен жүйрейік











Жол тәртібін білейік, аман -есен жүйрейік





Жол тәртібін білейік, аман -есен жүйрейік







Жол тәртібін білейік, аман -есен жүйрейік



Жол тәртібін білейік, аман -есен жүйрейік









Жол тәртібін білейік, аман -есен жүйрейік

© 2010-2022