Урок по казахскому языку на тему

1. Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру. 2. Патриоттық тәрбие беру, өз елін, Отанын сүюге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. 3. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеп, қастерлеу, тәуелсіздігіміздің тұғырын биік ұстауға үлес қосуға атсалысуымыз керектігін түсіндіру. Сөздік қор...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Менің елім- Қазақстан .

Мақсаты:

1. Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру.

2. Патриоттық тәрбие беру, өз елін, Отанын сүюге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

3. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеп, қастерлеу, тәуелсіздігіміздің тұғырын биік ұстауға үлес қосуға атсалысуымыз керектігін түсіндіру. Сөздік қорын байыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, оқушыларды интелектуалдық ойындар мен тапсырмалар арқылы ұйымшылдыққа, топпен жұмыс жасауға машықтандырып , дүниетанымын кеңейту.

Көрнекілігі мен жабдығы: Астана, рәміздер суреттері, сызбалар, мақал - мәтелдер.

Ойыншыларды 6 «А», 6 «Б», 6 «В» сынып арқылы топқа бөлу.
І-топ.«Бәйтерек» -6 «А»
ІІ-топ. «Болашақ -6 «Б»

ІІІ-топ. «Атамекен» -6 «В»
Барысы:
1. мақсатымен таныстыру
2. Ойыншылармен таныстыру
3. Әділқазылары алқасымен таныстыру
4. Жеңімпаз топты анықтау
5. Жеңімпаз топты марапаттау
Саясының шарты:
1 -кезең: « Әнұранның сайысы»

2-кезең: «Өлендер сайысы»

3 -кезең: «Кім көп біледі?»
4 -кезең: « Мақал-мәтелдері сайысы».

5 - кезең: «Өткел» / Топ жетекшілеріне арналған сұрақтар/.

1-оқушы: - Қайырлы күн құрметті қонақтар!

2- оқушы: -Аяулы да ардақты ұстаздар!

1-оқушы: - Бүгін сіздердің назарларыңызға «Менің елім-Қазақстан» атты тәрбие сағатымызды ұсынамыз.

2-оқушы:

Армысыздар, мұғалімдер әз жандар,

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз Сіздерді,

Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.

1 -кезең: « Әнұранның сайысы»

І-топ.«Бәйтерек» ұраны :

Астана кеше ғана басқа қала,

Айналды бәйтеректі астанаға . (Н. Айтов)


ІІ-топ. «Болашақ» ұраны :

Жаса,жаңа Астанам,

Өркен жая бастаған!

Асқақтай бер, Астана,

Берекеге бастаған!

ІІІ-топ. «Атамекен» ұраны :

Отаным, байлығы мол ардақты елім,

Кілемдей құлпырасың, туған жерім

Мұғалім: -Балалар, Отан деген не?

- «Отан» деген сөзді күн сайын естіп жүрміз, оны бала кезімізден білеміз. Отан дегеніміз-адамның туып өскен жері, туған - туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені.

2-кезең: «Өлендер сайысы»

Мұғалім: -Отан туралы қандай тақпақтар білеміз?

Отан - сенің ата-анаң,

Отан - досың, бауырың.

Отан - өлкең, астанаң,

Отан - аудан, ауылың.

Әділбек:

Отан-тарих, Отан-тіл,

Жасаған елің, ер халқың.

Отан - өлең, отан-жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

Кирил:

Отан - осы, достарым,

Көңілге мұны түйе біл.

«Отан» деп өс, жас қауым,

Оны ардақтап сүйе біл!

-Балалар, Астанамыз туралы қандай өлең білеміз?

1.Қадамың бар баспаған,

Асуың бар аспаған.

Халқың жетсін мұратқа,

Ей, бас қала - Астанам!

2.Тың жылдарды бастаған,

Жалған атын тастаған.

Қайта түлеп құлпырған,

Ей, бас қала -Астанам!

Қалжан: Шырқап көкке аспан -ән,

Болашаққа бас қадам.

Қазақ рухын биіктет,

Ей, бас қала-Астанам!

Мұғалім: - Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?

-Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы деп аталады?

Мұғалім: -Ендеше, балалар, ақын Мұқағали Мақатаевтың «Отан туралы» өлеңін кім айтып береді?

Алина:

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Катя:

Тауды көрсең күн көзімен таласқан,

Аспан көрсең Ай мен Күнге жол ашқан.

Менің Байтақ Республикам таулары,

Менің көгім мөлдіреген көк аспан.

Влада:

Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менң туған өлкем.

3 -кезең: «Кім көп біледі?»

Мұғалім: - Оқушылар сендерге арналған сұрақтар бар, енді сол сұрақтарға жауап беріп көрелік.

-Балалар, Қазақстан Республикасының Президенті кім?

/ Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев/ . / Н.Ә.Назарбаев суретін көрсету/

- Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? /Астана қаласы /

-Балалар, Қазақстанның ең алғашқы астанасы қай қала болған? /Орынбор қаласы /

-Қазақстанның екінші астанасы қай қала болған? /Қызылорда қаласы /

-Қазақстанның үшінші астанасы қай қала? / Алматы қаласы /

-Қазақстанның төртінші астанасы қай қала? /Астана қаласы /

-Астананың бұрынғы атауы қалай аталған? /Ақмола қаласы /

-Астанамыз Алматыдан Ақмолаға қай жылы көшті? /1997ж /

-Ақмола атауы Астана болып қай жылы өзгертілді? /1998ж /

-Балалар, біздің еліміз қандай мемлекет? /Тәуелсіз мемлекет /

-Біз тәуелсіздігімізді қашан алдық? / 1991ж. 16 желтоқсан /

- Мемлекеттік тіл қай тіл?

- Біздің Астанамыз қай өзеннің бойында орналасқан?

-Біз қандай елміз?

- Алдымызда қандай мереке келе жатыр?

- Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?

- Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздері 1992ж 4 маусымда қабылданды.

-Кім атап береді ?

Оқушылар:

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы

2. Қазақстан Республикасының мемелекеттік Елтаңбасы

3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұраны

Қорытынды. Балалар бүгінгі тәрбие сағатынан не білдік?

1. Астана символы Бәйтеректің ұзындығы не себепті 97м ?

/ Бұл сан астананың Алматыдан Астанаға 1997ж көшірілуіне байланысты./

4 -кезең: « Мақал-мәтелдері сайысы».

-Балалар, біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді , өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге қорғауға тиіс екнімізді естен шығармайық. Саналы, білімді азамат болып шығуымыз үшін не істеуіміз керек?

Балалар : -Еңбек етуіміз керек.

Мұғалім: -Біздің қазіргі еңбегіміз не? /Оқу /

  1. Оқу, білім туралы қандай мақал -мәтел білеміз.

Мұғалім: - Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?

  1. Отан, білім туралы қандай мақал -мәтел білеміз.

1. Отан -оттан да ... / ыстық/

2. Отансыз адам,

Ормансыз ... / бұлбұл/

3.Кітап білім .... / бұлағы/

4.Оқу .... құдық қазғандай

Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар сіздерді алда келе жатқан мерекемен құттықтаймыз. Тәуелсіздігіміз мерекесі құтты болсын.

Хормен: Әлемге атың жайылсын жарқын,

Жасай бер , жаса ,Қазақстан!

Баянды болсын бақытың , халқым,

Жасай бер, жаса, Қазақстан!

5 - кезең: «Өткел»

Әділқазылар алқасы ойынның қортындысын шығарады.
Жеңіске жеткен топ марапатталады.

Қазақстан Республикасының Білім және министрлігі

«Теміртау қаласының №27 жалпы білім беретін

орта мектебі» КММ




«Тәуелсіздік күніне» арналған

«Менің елім- Қазақстан»

атты сайысы.




Дайындаған :

№27 ЖББОМКММ

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі: К.Ж.Хамзина



Теміртау қаласы, 2015 жылы

© 2010-2022