Презентация по казахскому языку на тему Отбасы тіршілік тірегі

Раздел Классному руководителю
Класс 2 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Отбасы тіршіліктің тірегі»

Мақсаты:оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.

Оқушылардың естес ақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі:сынып сағаты

Әдісі: әңгімелеу, топтастыру, сұрақ-жауап .

Көрнекі құралдар: отбасы туралы мақал-мәтелдер, нақылсөздер.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу назарын аудару, психологиялық ахуал туғызу:

Қане, қане, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Тұрсақ үлкен шеңберге,

Алақанға ұрайық.

Психологиялық сәт. «Еркелету» жылулық шеңбері. (ата-аналарыңның өздерін еркелеткен сөздерін айту)

- Балалар, біз неге шеңберге тұрып, сабақты бастадық?

Шеңбер - бұл әлемдеі мейірімділік, жақсылық. Шеңбер арқылы бір-бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз.

ІІ. Мұғалім сөзі.

Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң.

Қадірден жұрдай қасқа боп

Кешкенің өмірбосқа тек. Отбасы - адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп, ер жетеді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші - ата-ана.

Бала отбасында әке де нақыл, анадан мейірім алады. Әке - тірек, ана - жүрек, бала - тілек. Осы бір ғажап тұжырым әке, ана, бала отбасы ошағының үш тағаны іспеттес.

- Балалар, біз неліктен бүгін отбасы туралы сөз қозғамақпыз?

- (оқушылардың жауабы тыңдалады)

- қыркүйектің екінші жексенбісінде қандай мереке аталатын болады?

- Отбасы күні мерекесі.

Ой қозғау.

1. Ата-анаңыздың қандай жақсы істерін мақтан тұтасыздар? Соларды атап өтсеңіздер.

Топтастыру.

Ата-аналарың сендердің қызықтарыңа қуанып, бақытты өмір сүруі үшін қандай болуларың керек?

Т О П Т А С Т Ы Р У

Қоғамдық тәрбие отбасынан басталады, әсерлеп айтқанда, әуелі отбасында тамыры бітеді де, бұталары да, гүлдері де, жемісі де содан өсіп шығады.

Оқушыларға алдын-ала отбасы мен түскен (мерекеде, туған күнде, саябақта) фото суреттерін алып келу тапсырылды. Сол фотосуреттерден көрме ұйымдастыру.

Топпен жұмыс.

Сыныпты екі топқа бөлу. Екі топқа А3 форматтағы қағаздар, маркер, фломастер, бояулар беріледі. Ектопқа «Отбасы бақыты» тақырыбын демонстрациялау арқылы көрсету тапсырылады. Уақыт регламенті - 10 минут. Кейіннен екі топ кезегімен өз жұмыстарын қорғайды.

Мақал - сөздің мәйегі.

Бала болсаң болғандай бол,

Ағайынға қорғандай бол.

Ата-анаңды сыйласаң, көп жасарсың

Сыйламасаң, жан қинарсың.

Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.

Мұғалім сөзі.

Әке, Ана - үш-ақ әріп тіршілік,

Үш әріптен үлбірейді гүл шығып...

Баланың ыстық-суығына күймейтін,

жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар.

Бүгінг ұл - ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз - ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді.

Қорытынды. Оқушыларға қиылған суреттер тарату. Олар суреттерді құрастыру керек. Осы суреттерге байланысты мақал шығару.

«Әке - асқар тау, ана - ағып жатқан бұлақ, бала - жағасындағы құрақ» деген мақал шығу керек.


© 2010-2022