Статья, посвященная 70-летию Великой Победы

Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастау жол» атты жолдауында «2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» деп атап өткен болатын. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын ерекше атап өткен болатын[1, б.3].      Жылдан жылға Ұлы Отан соғысының сұрапыл күндері алыстай түсуде. Фашистік Германия Кеңес Одағына тұтқиылдан шабуыл жасап, соғыс ашқалы жетпіс төрт жылдай уақыт өтті. Содан бері әлемде талай-талай өзгерістер болды. Бірақ, жауынгерлердің сол соғыстағы ерліктерін және фашистік басқыншыларды  ойсырата жеңген 9 Мамыр Жеңіс күнін ұрпақтары ешқашан ұмытпақ емес. Соғыс тарихына Отанын қорғаған миллиондаған адамның орасан ерлігі  мен шексіз еңбегі алтын әріптермен жазылды. Сол бір сұрапыл да ерен ерл...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҰЛЫ ЖЕҢІС - ҰРПАҚҚА АМАНАТ!

Досбол Султанбек

учащийся 5в класса шл №1, г. Костанай

Руководитель: Ерденова Н.Б.

учитель казахского языка и литературы шл №1, г. Костанай


Елбасымыздың «Нұрлы жол - болашаққа бастау жол» атты жолдауында «2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» деп атап өткен болатын. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын ерекше атап өткен болатын[1, б.3].

Жылдан жылға Ұлы Отан соғысының сұрапыл күндері алыстай түсуде. Фашистік Германия Кеңес Одағына тұтқиылдан шабуыл жасап, соғыс ашқалы жетпіс төрт жылдай уақыт өтті. Содан бері әлемде талай-талай өзгерістер болды. Бірақ, жауынгерлердің сол соғыстағы ерліктерін және фашистік басқыншыларды ойсырата жеңген 9 Мамыр Жеңіс күнін ұрпақтары ешқашан ұмытпақ емес. Соғыс тарихына Отанын қорғаған миллиондаған адамның орасан ерлігі мен шексіз еңбегі алтын әріптермен жазылды. Сол бір сұрапыл да ерен ерлік жылдары алыстаған сайын Отанын қорғаған батыр аталарымыздың ерліктері асқақтай түспек!

Жеңіс күніне 70 жыл... Бұл ұлы жеңіс ұлтымыздың жадында мәңгі қалмақ. Соғысқа қатысушылар ерлігі еш ұмытылмас. Батыс шекарада алғашқы соққыны күтіп алған сарбаздар ішінде отандастарымыз да болған. Жауды жеңу үшін барын аямай, жеңісті жақындату жолында қаза болды. Соғыстың соңғы күндерінде де Қазақстаннан шыққан жауынгерлер алдыңғы қатарда болған. Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев та бәрінің есінде қалды.

Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық майданда шайқасты. Олар Отан үшін фашистерге қарсы бағытталған ұрысқа аянбай кірісті. Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген әскери бөлімдер майданға жіберілді.

Соғыс уақытында жұмысшылардың белсенділігі де артты. Олардың соғыс қажетіне аянбай жұмыс істеуі жеңіске алғышарт жасады.

Соғыс жылдарында Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін негізгі әскери өнеркәсіп базасы болды. Соғыс жылдарында тылда еңбек еткен жұмысшылар ерлігі аңызға айналды.

Ұлы Отан соғысының 11600 жауынгері Кеңес Одағының батыры алса, оның 497-і қазақстандық болған. Батыр атағын екі мәрте алған 4 қазақстандық бар. Олар: Т.Бигелдинов, Л.Беда, И.Павлов, С.Луганский. Кеңес Одағы батырын алғандар арасында пулеметші М.Мәметова, мерген Ә.Молдағұлова [2, б.16].

Л. Беда, И. Павлов біздің жерлестеріміз, біздің мақтанышымыз. Батыл ұшқыштың әскери қолын фашистер жақсы білген. Отанымыз қанатты батырларымызды ешқашан ұмытпайды.

Соғыс жылдарында майдан өңірінен басқа ұлт өкілдерін Шығысқа көшіру жүргізілді. Қазақстанға соғыс жылдары 532 мың адам көшіп келді [3, б.76]. Қазақ елі осылай қиын-қыстау уақытта талай ұлт өкілдеріне пана бола білді.

Осы елге келіп, соғыстан, аштықтан, суықтан, аурудан өлмей тірі қалған адамдардың алғыс айтқанын біз өмір бойы естіп келе жатырмыз. Өйткені, оларды Қазақстан халқы қабыл алды және жүректерін жылыта білді. Келген әрбір отбасы қолдаудың бірінші кезеңі осылай болғанын айта алады. Қолдарында ештеңесі жоқ адамдарды өлім ғана күтіп тұр еді, олар осындай жолмен аман қалды. Қазақ халқы соңғы нанын бөліп бергені, бұл анық шындық. Қазақ отбасылары көшіп келгендерге қолында барын бермесе, олардың өліп қалатынына көздері жетті, сондықтан ажал тырнағынан алып қалуға тырысты. Үйлерінің бөлмелерін босатып берді, жылы жерге кіргізіп, суықтан қорғады, өз орталарына қабыл алды. Қазақ халқы өзгенің қайғы-қасіретіне жанашырлықпен қарайтын ұлы дәстүрі бар халық. Бұл жағдайлар Қазақстанды көп ұлтты мемлекетке айналдырды.

Бүгінгі ұрпаққа Ұлы Отан соғысындағы Кеңес Одағы мен оның халықтарының жеңісінің факторлары туралы айту парыз. Оны біздей жас ұрпақ білуі керек.

Қазақстанның Ұлы Жеңіске үлесі айрықша болды.

Соғыстың шарпыған жалынын тоқтату жолында көптеген азаматтар қаза болды. Бірақ олардың алып берген жеңісін кейінгі ұрпақ бағалауда.

Ер есімі - ел есінде мәңгі сақталады. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмақ емес. Тәуелсіз Қазақстан елі өз боздақтарын қастерлеп, қасиеттейді! Біз өз аталарымызды мақтан тұтамыз өйткені, олар біз үшін Отан үшін қасық қандары қалғанша күресіп, бізге жеңіс сыйлады. Бұл жеңістің басты себебі, әрине, халқымыздың Отанға деген сүйіспеншілігі, қайтпас қайсар ерлігі, сын сағаттағы отаншылдық қасиеті. Екіншіден, ортақ жауға қарсы күрестегі көп ұлтты халықтарының ынтымағы мен достығы еді.

Бұл соғыста барлық халық бір жеңнен қол, бір жеңнен бас шығарып туған жерін қорғады. «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» - дей келе Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай ата-бабаларымыздың рухына тағзым ретінде олардың ерен ерліктерін біздің жарқын болашағымыз үшін жасаған ерліктерін мәңгілікке есте сақтап, жадымызда ұстаймыз. Қанша жылдар өтсе де, бұл соғыста ерлікпен қаза тапқан әрбір батырларымыз тарих төрінен орын алатыны және ұрпақтары жеңіс алауын мәңгі сөндірмей, Отан үшін от кешкендерді әрқашанда жүрек түпкірімізде ұстаймыз.

Осы өмірде немере-шөберелеріне даналықтың даңғыл жолдарын сілтеп отырған қарттарға саулық берсін, Отан үшін жан қиған жауынгерлер мәңгі есіміз сақталсын... Соғыста да, тылда да ерен ерлік көрсеткендерге мәңгі құрмет! Құрметтейміз, үнсіз басымызды иеміз! Көз жанарынан сырғып түскен жас - алғыс жасы.

Аспан әрдайым ашық болу үшін барлық күштерін сарп еткен азаматтарға мың да бір алғыс. Ұлы жеңіс кейінгі ұрпаққа аманат!

Пайдаланған әдебиет:

  1. Аманжолов Қ. Ерліктің жарқын беттері.-Алматы:Қазақстан, 1987.-96б.

  2. Мұқанов Ш. Жалынды жылдар жаңғырығы.-Алматы: Қазақстан, 1982.-72б.

  3. Ыбыраев Ж. Майдан жыр мен сыры.-Алматы:Қазақстан,1993.-224б.











Заявка на участие в I научно-практической конференции школьников

«Шаг в науку»



Ф.И.О. автора/ авторов статьи

класс

Язык защиты проекта

секция

Наименование статьи

Ф.И.О. руководителя/ научного руководителя статьи

1.

Досбол Султанбек

казахский

языкознание

Ұлы жеңіс - ұрпаққа аманат!

Ерденова Н.Б.


© 2010-2022