Мінез-адам көрсеткіші

Мақсаты:оқушылардың мінез-құлық туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: -мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету; -жақсы мінез қалыптастыруға ықпал ету; -адамгершілікке тәрбиелеу. Шатттық шеңбері Мұғалім оқушылармен амандасқаннан кейін олардың көңіл күйлерін көтеріп,сабақта көңілді орта құру мақсатында Қ.Нақысбековтың өлеңін оқуды ұсынады. Жақсы мінез,жылы сөз-жан дәуірі, Жігіттің керек мұңы аңғаруы. Бейпіл сөйлеп,тік мінез танытқанның Тіптен оңай адасып,сандалуы.   Мінездер бар жақсы-жаман,әр алуан, Әдептілік әділдіктен нәр алған. Кең болғанның кем болғанын көрмедім, Теңізге ұқсап тасып жатқан шараңнан. Әңгімелесу Адам өмірі-іс-әрекеттер тізбегінен,басқалардың әрекеттерін қабылдаудан және оларға деген түрлі  көзқарастардан тұрады.Кез келген әрекетті дұрыс түсініп,қабылдай білу әркімнің қолынан келмейді.Алайда адамның өзін осы  қабілетке баулып,тәрбиелеуге  мүмкіндігі мол.Оқулықтағы «Ойланайық,пікірлесейік» айдарымен берілген сұрақтар мінез-құлықтың адамның,қарым-қатынас жасауында алтын орны,адамның өз мінезін өзгерте алатындығы,оның үнемі өзіне-өзі көзбен қарай отырып, өзін-өзі  тәрбиелеуі жөніндегі тақыр...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мінез-адам көрсеткіші

Мақсаты:оқушылардың мінез-құлық туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету;

-жақсы мінез қалыптастыруға ықпал ету;

-адамгершілікке тәрбиелеу.

Шатттық шеңбері

Мұғалім оқушылармен амандасқаннан кейін олардың көңіл күйлерін көтеріп,сабақта көңілді орта құру мақсатында Қ.Нақысбековтың өлеңін оқуды ұсынады.

Жақсы мінез,жылы сөз-жан дәуірі,

Жігіттің керек мұңы аңғаруы.

Бейпіл сөйлеп,тік мінез танытқанның

Тіптен оңай адасып,сандалуы.

Мінездер бар жақсы-жаман,әр алуан,

Әдептілік әділдіктен нәр алған.

Кең болғанның кем болғанын көрмедім,

Теңізге ұқсап тасып жатқан шараңнан.

Әңгімелесу

Адам өмірі-іс-әрекеттер тізбегінен,басқалардың әрекеттерін қабылдаудан және оларға деген түрлі көзқарастардан тұрады.Кез келген әрекетті дұрыс түсініп,қабылдай білу әркімнің қолынан келмейді.Алайда адамның өзін осы қабілетке баулып,тәрбиелеуге мүмкіндігі мол.Оқулықтағы «Ойланайық,пікірлесейік» айдарымен берілген сұрақтар мінез-құлықтың адамның,қарым-қатынас жасауында алтын орны,адамның өз мінезін өзгерте алатындығы,оның үнемі өзіне-өзі көзбен қарай отырып, өзін-өзі тәрбиелеуі жөніндегі тақырып айналасында жүргізіледі.

•Неліктен «Мінез-адам көрсеткіші» болады деп ойлайсыз?

•Адамның жақсы мінезіне нелер жатады?

•Мінезі жаман адамды жақсы қасиет бола ма?

•Жаман мінезді қалай түзеуге болады деп, ойлайсыз?

Мәтінмен жұмыс

Жаңа сабақтың мазмұнын аша түсу үшін және адамдар арасындағы қарым-қатынаста мінез- құлықтын орнын түсіндіру мақсатында оқушыларға А.Құнанбаевтың өлеңін оқу ұсынылады.

Ойға түстім,толғандым,

Өз мінімді қолға алдым,

Мінезіме көз алдым,

Тексеруге ойландым.

Өзіме-өзім жақпадым,

Енді қайда сыя алдым?

Бойдағы мінімді санасам,

Тау тасынан аз емес

Жүрегімді байқасам

Инедеиін таза емес

.

Аршып алып тастауға,

Апандағы саз емес.

Бәрі болды өзімнең

Тәнірім салған наз емес

Осынша ақымақ болғаным,

Көрінгенге қызықтым.

Ғаділетті жүректің

Әділеттің бұзыппың.

Ақыл менен біліммен

Әбден үміт үзіппін;

Айла менен амалды

Меруерттей тәзіппің

Жалмауыздай жаландап,

Ар-ұяттаң күсіппін

Қулық пенен сұмдыққа

Құладындпй ұшыппың

"Сіз білесіз дегенде"

Күнге күйіп,пісіппің

Мақтанбасқа мақтанып,

Деп жүріппін" пысықпын"

Абай адам бойындағы міндердің бүгінгі күндері көріністері қандай?

Сіз өз боыңыздағы мініңіз туралы ойланып көрдіңіз бе?

Тапсырма

Оқулықта «Тапсырма» айдарымен В.А.Сухомлинскийдің өсиет сөздері берілген.Бұл өсиет сөздердің берілу мақсаты-жақсы мінез-құлық адам өмірін нәрлендіретіндігін,шынайы бақытқа қол жеткізуіне,адами қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретіндігін оқушыларға ұғындыру болып табылады.

•Адам бойында қандай жағымды,жағымсыз қасиеттер болады?

•Өз мінезін туралы не йтар едіңіз?

Мұғалім оқушыларды мінез-құлық түрлерімен таныстыру мақсатында.ұлағатты сөздерді оқып,олардың мәнін түсіндіру арқылы адамның жағымды,жағымсыз мінез құлықтардың мәнісін ашуды тапсырма ретінде ұсынады.Адамның рухани үйлесімділікке қол жеткізуге пейілінің кеңдігі мен ниетінің тазалығында екендігіне назар аударта отырып,мінез-құлықты,көңіл күйді өзгерту әр адамның өз несібінде екендігінде берілген тапсырмаларды талқылау барысында бағыт береді.

Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты.

Әл-Фараби

Мінез-құлық-әркім өзінің кейпін көрсететін айна.

И.Гете

Мінезі бірқалыпты адамдардың өмірі де жайма-шуақ

Демократ

Жүректен-жүрекке

Оқушылар осы сабақтан алған әсерлерін Ш.Мұхамеджановтың «Сыйластық» өлеңімен жалғастырып,мұғалім сабақты аяқтайды.














Тақырыбы: Мінез-адам көрсеткіші

Аты- жөні: Баданова Жанар Аманкелдықызы

өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Мекен жайы: «Нұра орта мектеп» Шет ауданы, Кеншоқы ауылы

Қарағанды қаласы



© 2010-2022