Мен өмірге құштармын ашық тәрбие сағаты

Раздел Классному руководителю
Класс 8 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мен өмірге құштармын ашық тәрбие сағатыЖамбыл облысы, Меркі ауданы

№6 «Кеңес» орта мектеп

8 «Ә»сынып

/Ашық тәрбие сағаты/

Мен өмірге құштармын ашық тәрбие сағаты



Сынып жетекшісі: Химия пәнінің мұғалімі Ниеталиева Б.А

2014-2015оқу жылы

Тақырыбы:«Мен өмірге құштармын» тәрбие сағаты (М.Мақатаевтің шығармашылығы)

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өздері оқып, танысқан Мұқағали өлеңдерімен оның шығармашылығынан жан- жақты деректер бере отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру, шығармашылыққа шыңдау.

Сабақтың түрі: ашық тәрбие сағат

Әдісі: «Поэзия минуты», «Қиялдағы суреттер», «Мозайка»,бес жолды өлең, эссе жазу.

Көрнекіліктер: слайд, көрме, буклет. Ақын шығармалары, плакаттар.

С.Тұрысбековтің «Көңіл толқыны» күйі ойналып тұрады. Күй әуенімен жайлап Мұқағалидың өлеңдері оқылады.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Өкінбе, өкпелеме бүгінгіңе,

Өмір, өмір болмайды түңілуге,

Мәңгі сені жазбаған сүрінуге- дей отырып, ақиық ақынның өмірге, өнерге деген құштарлығын өздеріңнің бойларыңа сіңіріп, үлгі алуға шақырамын

- Қара саз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім,-

деп ақынның өзі жырлағандай Мұқағали өлгенімен жез қылыштай жырлары өлгені жоқ.

М.Мақатаев қазіргі қазақ поэзиясының классигі, ұлтымыздың ұлы ақыны. Ақын өмірге шын ғашық, құштар жан.

Біз бүгін сонау XX ғасырдың арман - қиялы ақ қарлы Алатау жаққа шарқ ұрған асқақ мұзарт шыңдарға қарай қанаты талмастан биіктен-биікке самғаумен келген ақиық ақын М.Мақатаевтың «Мен өмірге құштармын» атты тақырыбындағы шығармашылығына арналған тәрбие сағатын бастаймыз.

Мәнерлеп оқу 4 оқушы

  1. оқушы. Пай, пай, Өмір!

Өтесің - ау бір күні.

Тиясың - ау қуанышты күлкіні.

Өмір деген - бір жарқ еткен найзағай,

Өмір деген - көк аспанның күркірі.

Пай, пай, Өмір,

Өтесің - ау, бір күні!

2- оқушы. Поэзия, менімен егіз бе едің?

Сен мені сезесің бе, неге іздедім?

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім,-

3-оқушы. Нені аңсаймын?..

Туған өлке, туған жұрт, сені аңсаймын,

Heгe аңсаймын, білмеймін, неге аңсаймын

Ұл де, мейлің, адасқан құл де, мейлің,

Сені аңсаймын, туған ел, онан сайын!

4-оқушы. Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!

Батырлар дүрілдеп өткен жер,

Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,

Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,

  1. Топқа бөлу «Мозайка»

І топ Ақиық

«Мұқағали Мақатаев - адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жаршысы. Оның өлеңдері шын тебіреністен, шын шабыттан, шын қуаныштан туған».ақын халық арасында «Ақиық ақын» деген атпен танылған

ІІ топ Мұзбалақ

Ақын Дала мен Тауды, Отанды, Жерді шексіз сүйеді, сол арқылы оларға жан бітіріп, көркем тіл арқылы әлем картинасының бейнесін өлеңмен өреді. Халық даналығы келбетін сөзбен суреттеуде Мұқағали ақындығы Тұлға ретінде биіктен биікке көтеріліп, өз үні, өз көзқарасымен де оқырманды тербетті. Жүрегі жыр теңіз ақын Мұқағали Мақатаев Дала, Тау тұжырымдарымен өзінің дүниетанымдық көзқарасын барынша айқын, барынша шынайы түрде жеткізуге құштар болғандықтан ақын мұзбалақ аталған.

  1. «Ей, өмір зымырап барасың ба?» тақырыбымен берілген жанды дауысын тыңдату.

  2. Суреттер таратылады, суреттер тақырыбы бойынша екі топта ақын өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

  3. Мұқағали поэзия жанрында да, проза жанрында да қалам тербеген. Балалық шағы Ұлы Отан соғысына дөп келген. Соғыстың тауқыметі мен зардабын, ананың баласын, келіншектің жарын жоқтап, зарлауына куә болып, өз көзімен көрген ақын, соғыс тауқыметін жырына қоса білген. Биыл Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы. Соғыс тақырыбына арналған «Боз орамал» балладасы желісімен құралған көріністі тамашалаңыздар.

Көрініс

  1. «Қиялдағы суреттер» сурет салу.

Мұқағали шығармашылығын беріле тыңдап, сүйіп оқымайтын қазақ кемде-кем шығар , сірә. Ақын шығармашылығы өз оқырманын бірде баурап, шарықтау көкке жетелейді. Оқушылар өздері жақсы көретін Мұқаңның бір шығармасының оқиғасын суретпен бейнелейді.

  1. Ақын өмірде көптеген қиыншылықтар көрді. Соған қарамастан мойымай алға ұмтылды, өмірге ғашық жүрекпен керемет туындылар туындатты. Олай болса, ақын құштарлығына тәнті бола отырып, «Мен өмірді сүйемін» тақырыбында эссе жазамыз.

  2. Бес жолды өлең. Мұқағалиды ақын еткен де, мәртебесін биіктеткен де, ақындық ғарышқа самғатқан да - осы қазақтың қара өлеңі. Ақын осы қара өлеңді бағалайды, бас иеді, тағзым жасайды, иә, байырғы бабалар дархан даламыздың қас жауына қарсы аттанғанда жазылған қара өлең, соғыста қанмен жазылған қара өлең, ақ жүректі аналар дүниеге сәби әкелгенде, ақ сүтімен жазылған қара өлең ақынды барша баурап алған да. Ол шыр етіп дүниеге келгенде бесік жырымен, ана әлдиімен көзін ашқан -ды. Сол бесіктен жазылған жыр оны ақыры ақынға айналдырды. Ендеше ақынға еліктей отырып, өлең жолдарын құрастырайық

Қорытынды
Көп адам дүниеге бой алдырған ,
Бой алдырып , аяғын көп шалдырған .
Өлді деуге сияма, ойлаңдаршы ,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?- деп Абай атамыз жырлағандай, 45 жыл ғана қысқа ғұмыр ішінде халқына өшпес із қалдырған ғасыр ақыны Мұқағали жырларынан біраз сусындағандай болдық . Әрине , ақынның мол , таусылмас мұрасын бір күнде , бір сағатта оқып білу мүмкін емес . Ақын шығармалары ұрпақтан-ұрпаққа тарап , жалғасын таба береді . Олай болса хантәңірі атанған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың « Мен өмірге құштармын» атты сынып сағатымызды аяқтаймыз .

Мен өмірге құштармын ашық тәрбие сағаты

Мен өмірге құштармын ашық тәрбие сағаты

Мен өмірге құштармын ашық тәрбие сағаты

Мен өмірге құштармын ашық тәрбие сағаты

Мен өмірге құштармын ашық тәрбие сағаты

Мен өмірге құштармын ашық тәрбие сағаты

Мен өмірге құштармын ашық тәрбие сағаты

Мен өмірге құштармын ашық тәрбие сағаты



© 2010-2022