Классный час на тему Мен өмірді сүйемін

Раздел Классному руководителю
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып сағаты тақырыбы: Мен өмірді сүйемін.

Мақсаты: Жасөспірімдер арасындағы суицид проблемасы туралы айту, оның алдын алу үшін проблемаларды шешу жолдарын сарапқа салу.

Өтілу түрі: ойталқы.

Көрнекіліктер: өмір туралы қанатты сөздер

1.«Өмірдің қызығын көрудің бір-ақ жолы бар батыл болып, жеңілісттер мен ауыртпалықтардан қорықпау.» Дж. Неру

2.«Адамды өмір үйретеді, үйретпесе күйретеді.»

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Қызығушылықты ояту

Өмір дегеніміз не?

Оның қандай құндылықтары бар.

Осы туралы ойларын дәптерге жазу.

Жауабы:

1-оқушы. Өмір дегеніміз-баға жетпес асыл зат. Өмірді дүниеде еш нәрсемен салыстыруға болмайды. Өмір әрқашан өз бағытымен енеді. Өмірді қалай өткізуімізді өзіміз білеміз, өз еркіміз. Өмір өзен болса, ағысқа қарсы емес.

2-оқушы. Өмір дегеніміз-баға жетпес бақыт. Өмірге келген әрбір адам соны лайықты өткізу керек.

3-оқушы. Өмір дегеніміз-адамның шыр етіп дүниеге келгенінен о дүниеге өткенге дейінгі аралық. Сол аралықта пенденің қуаныш-қайғысы, демалып, тіршілік етуі, жақсылығы мен жамандығы, яғни бір сөзбен айтқанда сол ортаға қалыптасуы.

4-оқушы. Өмірдің өзі өзен бір ағынмен жүріп отырады. Бірде асу-толқындар кездессе, бірде жайшуақ күндер болады.

5-оқушы. Өмір дегеніміз-Алла тағаланың бізге берген сыйы, бір мүмкіндігі. Өмір кейде жұмсақ, кейде қатал болады. Бірақ адам өмірге қайталап келмейді. Әрбір қиындықтармен күресе білу керек.

6-оқушы. Өмір дегеніміз-адамға бір-ақ рет берілетін баға жетпес тәңірдің сыйы. Осы өмірін әркім әрқилы өткізіп алады. Өмірдің әрбір сәтін мәнді де, сәнді де өткізу керек.

ІІІ. Мағынаны тану.

«Мен өмірді не үшін сүйемін?». (оқушылар алға қойған мақсаттары мен армандарын ортаға салады)

ІV. -Адам өмірінде тек жақсылықтар ғана емес, қиыншылықтар да болып тұрады. Әрбір пенде бірдей емес, кейбір адамдар жол тауып, сол қиындықтан шығар жол тауып жатса, кейбіреулері бұл қиындыққа мойынсұнып, төзе алмайды.

- Адам өмірінде кездесетін қандай қиындықтар бар?

( денсаулық, байлық, қарым-қатынас, кедейлік, қоршаған орта, құмарлық, отбасы, қаражат, білім, махаббат, сана-сезім, достық, психикалық жағдай).

V. Ситуацияны шешу.

Төменде берілген ситуацияларды сен қалай шешер едің? Осы баланың қабылдаған шешімі дұрыс деп ойлайсын ба? Дәлелде.

Ситуациялар:

1-топ. Ата-анасы ішімдікке салынған. Үйінде өмір сүрүге жағдай жоқ, қара нан мен қара шайдың өзі сирек кездеседі. Өлімнен басқа жол жоқ деп ойлайды.

2-топ. Ата-анасынан айырылған. Отбасында жетекшілері жоқ. Өмір сүрудің жолын білмейді. Өлімнен басқа жол жоқ деп ойлайды.

3-топ. Тірлігі басқалардан төмен. Жұртпен бірдей киініп, ойнап күле алмайды. Достарымен бірге жүрмейді. Осыны өзінің кемшілігі деп санайды. Досы жоқ жалғыз қалады. Шешімі қоштасу болады.

Жауабы:

1-топ. Осы балаға берер кеңесіміз өмірден түңілмеуі керек, әке-шешесінің жолына түспеу керек. Осы өмірдің бір қадамы болуы керек. Өзінің бар өмірі алда екенін түсініп, өзінің әке-шешесіне ермей, өзінің жақсы өмір сүруіне талпыну керек. Егер әр адам басына түскен қиыншылықты жеңе алмай, өз-өзіне қол жұмсаса, адамзат әуелі құрып кетер еді.

2-топ. Ата-анасынан айырылған адамдар қазіргі заманда өте көп. «Жетім көрсең, жебей жүр» деген сөз бар. Ол өзін ешқашан жетім деп санамауы тиіс. Бұл да өмірдің бір сынағы. Басыңды тік көтеріп, тек қана алға қара. Қиындықтың бәрін өліммен шешуге болмайды. Өзіне жақын адамдарды таба аласың, сондықтан еңбек етіп, өмірде өз орныңды тап. Ыбырай Алтынсарин атамыз айтқандай «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан!»

3-топ. Біздің ойымызша бұл жалғыздық. Жалғыздық тек құдайға тән қасиет. Ол бала өмірдің қызығы тек киініп, ішіп-жеу деп ойлайды. Біз оған өзіне жақын дос табуына тілектеспіз және өзін-өзі бағалай білу керек.

VІ. Ойтолғау

«Өмірдің қызығын көрудің бір-ақ жолы бар: батыл болып, жеңілістер мен ауыртпалықтардан қорықпау» деген Дж. Нерудің сөзін қалай түсінесіңдер?

VІІІ. Қорытынды:

-Ата-анаң саған туылғалы бері таза ақ сүтімен, мәпелеп, қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін әуел бастан түсіндірді.Сондықтан адам тек жақсы жолға түсу керек.Адам өз өмірінің суретшісі. Яғни суретші суретін аққа ма,қараға ма өзі біледі қалай бояса да.Сол секілді біз де өмірімізді, болашағымызды өзгерте аламыз.Әрине тек жақсы жаққа. Ең бастысы адамның өмірі өз қолында.
Сабақ соңында Сапатаева Анел «Бақытты балалық шақ» әнін орындайды.



© 2010-2022