6-сынып: «Сөз сыры»/танымдық сайыс/

Осы тіл туралы танымдық сайсы арқылы оқушылардың тілге деген құрметін арттыру. Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру. Сө саптау шеберлігі мен топ алдында сөйлей білу дағдыларын жетілдіру, шыңдау мақсатында тапсырма түрлерін ұйымдастыру. Ана тіліне қатысты мақал - мәтелдерді бере отырып, жалғасын тапқызу арқылы мәні мен мағынасын ашқызу. Тіл байлықтарын арттыру мақсатында тұрақты сөз тіркестерінің жалғасын тапқызу. Күнделікті өмірде қолдана білуге баулу. Шығарма жаздыру арқылы ой ұшқырлығы...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сайыстың тақырыбы: «Сөз сыры» танымдық сайысы

Мақсаты: Білімділік оқушыларды өз ана тілінің қадір - қасиетінбіліп, көркемдігін сезініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.

Дамытушылық: Тіл әуезділігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал -мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.

Тәрбиелігі: Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отырып, тілге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: инерактивті тақта

Ұйымдастыру кезеңі

І жүргізуші: Алтынбек

Құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі «Сөз сыры» танымдық сайысына қош келдіңіздер

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты

Қырандай күшті қанатты

Мен жастарға сенемін, - деп Мағжан ақын айтқандай, еліміздің болашағы - тек жас ұрпақтың қолында.

ІІ жүргізуші: Аягүл

Ана тілі - адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп -өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі - жүректің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан - ұрпаққа сақтап отыратын қазына.

І жүргізуші: Алтынбек

Қазақ тілі - аса бай, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді. Бұл тілмн сурет салуға, тас қашап, ағаш текемет оюға болады -ау. Бұл тілден май тамады деседе сыяр. Халықтың тіліне, жырына құлақ салсаң, небір алуа -шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың. Ғашықпын қазақ тіліне ..... Осындай майса, сұлу тілді қалай өгейсітуге болады.

Ана тілім - тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы.

Тілім өссе, мен де бірге өсемін,

Тілім өшсе, менде бірге өшемін.

Ана тілін бәлмеген - ақылы жоқ желікбас,

Ана тілін сүймеген - халқын сүйіп жарытпас.

ІІ жүргізуші: Аягүл

Құрметті оқушылар, бүгін біз екі топ болып «Қазақ тілі еліне сапар шегеміз. Алдымыздан көп бекеттер кездеседі. Ондағы тапсырмаларды орындаған топ мүшелері «Қазақ тілінің жанашырлары» атағын жеңіп алады.

І жүргізуші: Алтынбек

Әділ қазылар алқасын сайлау

Тәрбие ісінің меңгерушісі: Сарсенғалиева Гүлшат Сембаевна

Оқу ісінің меңгерушісі: Баймуратова Сара Максутовна

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Асатаева Әлия Бекишовна

ІІ жүргізуші: Аягүл

Ендігі кезекте сайыстың барысымен таныс болыңыздар. Сайыс 7 кезеңнен тұрады.

  1. Таныстыру

  2. Бәйге (сұрақтарға жауапбер)

  3. Тапқыр болсаң тауып көр (тұрақты сөз тіркестері)

  4. Сырлы сезім (шағын шығарма жазу)

  5. Өлең сөздің патшасы (мәнерлеп оқу)

  6. Кім тапқыр? (Тұрақты сөз тіркестерінің мәнін ашу)

  7. Мақал - сөздің мәйегі (Көп нүктенің орнына сөз қою)

І жүргізуші: Алтынбек

Бүлдіршін болашақ өр тұлғалар

Қуаныштан көңілге жыр туғандар

Өзін -өзі таныстыру ендегі сәт

Сайыстарда жеңіске ұмтылғандар дей отырып 1- ші кезекті таныстыруға береміз.

ІІ жүргізуші: Аягүл

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып

Тәлім тәрбие табар ма?

Сайысымыздың 2- кезеңі «Бәйге»

І топ

  1. Қазақ тілінің дыбыстық жағын зерттейтін сала?

  2. Аспан сөзінің алғашқы буыны?

  3. Сабырлы сөзінің синонимин ата?

  4. Таң сөзінің антонимі?

  5. Жалғаудың неше түрі бар? Оларды ата.

  6. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

  7. Зат есім дегеніміз не? Сұрақтары

  8. Кімнің? Ненің? қай септіктің сұрағы?

І жүргізуші: Алтынбек

ІІ топ

  1. Лексика нені зерттейді?

  2. Қос сөздер төрт түрге бөлінеме?

  3. Тұрақты тіркестер дегеніміз не?

  4. Адамгершілік сөзі деректі зат есім бе?

  5. Мәтін дегеніміз не?

  6. Жаздыгүні сөзі кіріккен сөзге жата ма?

  7. Көнерген сөздер дегеніміз не?

  8. Кірме сөздер дегеніміз не?

ІІ жүргізуші: Аягүл

Ана тілім әрекеттің азығы,

Бар ғаламды тануымның қазығы

Ой - санамның өсуінің куәсі,

Ғасырлардың кейінге әз үні

Сайысымыздың 3 - кезеңі «Тапқыр болсаң тауып көр»

Осымен біз сайысымыздың 3 кезеңінен өтіп, өз мақсатымызға жеттік.

І жүргізуші: Алтынбек

Сайысымыздың 4 кезеңі «Сырлы сезім» деп аталады.( шағын шығарма жазу). «Туған жерім - тұғырым» деген тақырыпқа жазу.

(3 минут уақыт)

ІІ жүргізуші: Аягүл

Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй.

5 «а» сынып оқушысы Саханова Аяулымның орындауында Қазақ биін тамашалаңыздар.

І жүргізуші: Алтынбек

Осы тілде Абай атам жырлаған,

Мұқағали шаққандай ма мұң маған?

Осы тілде «Отан» деген сөз жазып,

Осы тілде бесік жырын тыңдағам

Енді «Өлең - сөздің патшасы» 5 -ші кезеңіне сапар шегеміз. Бұл кезеңнің сіздерге берер тапсырмасы - Тіл, Отан, туған жер туралы өлеңді мәнерлеп оқу.

ІІ жүргізуші: Аягүл

Сайысымыздың 6-шы кезеңіне де келіп жеттік. Бұл кезеңде жеңіске жетулеріңіз үшін тұрақты сөз тіркестерінің мәнін ашуларыңыз керек.

І топ.

  1. Қас пен көздің арасында

  2. Тайға таңба басқандай

  3. Төбе шашы тік тұрды

  4. Аузына құм құйылды


І жүргізуші: Алтынбек

ІІ топ

  1. Тонның ішкі бауындай

  2. Бет моншағы үзілу

  3. Күн тигізбей өсірген

  4. Жарғақ құлағы жастыққа тимей

ІІ жүргізуші: Аягүл

«Ата - балаға сыншы»

«Жас - кәрінің көзі, кәрі -жастың тезі» дегендей мақал - мәтелдерде халықтық мұрамыз. Келесі сайысымыз Мақал - сөздің мәйегі.

  1. Жігіт.............. бір ............болсын

  2. Әдепті бала-..........., әдепсіз бала-............

  3. Адал болсаң арамдыққа..........болма, адам болсаң әлсіздерді .......

  4. Жақсының........... өлгенмен, .............өлмейді

  5. Айдағаны...........ешкі, ысқырығы.............жарады

  6. Еңбек етсең ерінбей............................

  7. .................көзі қызылда

  8. Тіл қаруы........, сөз .............ой

  9. Тұз астың дәмін келтірсе,....................

10.Білгенің бір тоғыз,......................

І жүргізуші: Алтынбек

  • Осымен біздің бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Жеңімпаз топты анықтау үшін сөзді қазылар алқасына береміз.

ІІ жүргізуші: Аягүл

  • Тіл қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды.

І жүргізуші: Алтынбек

Тіл өшпейді, қандай қиындық та да тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді.

Үміт күтіп кейінгі ұрпақ - жастардан,

Сенім арту бабалардан басталған.

Қазақ тілін мойындату әлемге-

Жастар үшін болса екен басты арман! - деп біз де жастарымызға үміт арта отырып, «Сөз сыры» атты сайысымызды аяқтаймыз.


© 2010-2022