Ата-аналар балалардың оқуына қалай көмектесе алады?

Раздел Классному руководителю
Класс 7 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ата-аналар балалардың оқуына қалай көмектесе алады?

Баланың үлгерімін арттыруға байланысты бірнеше кеңестер.Баланың жұмыс істейтін үстелі қолайлы болсын. Жұмыс үстелінде баланың көңілін алданыдаратын артық зат болмауы қажет. Көбінесе балаларға үй тапсырмасын жарық және қолайлы үстел болғандықтан ас бөлмесінде істеуге тура келеді. Міне сондықтан, баланың өз бөлмесінде балаға қолайлы бұрыш жасап беру қажет, ол жер кітап, қалам, қарындаштарын қоюға келетіндей кең болуы қажет, оқулықтары мен сөздіктері оңай алынатын және жақын жерде болғаны жөн.Сонымен қатар балада қағаз, дәптер және жазба жадықтары жеткілікті болуына көп көңіл бөлу керек. Бірақ, бұл заттарды алуды баланың өзіне жүктеу қажет, бұл баланың жауапкершілігі мен дербестігін арттырады. Теледидарды сөңдіріп қойыңыз. Үй тапсырмаларын орындаған уақытта теледидарды қосуға болмайды деген қағиданы ұстаныңыз. Теледидар баланың сабақ оқуына кедергі келтіреді. Теледидар көруге отырдын ба, басқа заттарға ешқандай уақытын қалмайды. Егер онда қызықты бағдарлама көрсетіліп жатса, онда оны әрқашанда видеоға жазып алуға болады.

Радио мен музыкамен не істеу керек. Кейбір музыкалық шығармалар (ауыр рокты қоспағанда) материалды тез қабылдауға көмектесетіндігі дәлелденген болатын, сондықтан сүйікті радиостанция бөгет етпей керісінше үй тапсырмасын орындауға көмектессе, онда балаға музыка тыңдауғарұқсат берген жөн.

Жүйелілік - маңызды фактор. Егер сіздердің кешкі астарыңыз бен түстіктеріңіз бір уақытта болса жақсы болар еді. Балада нақты бағдар қалыптасады, ол барлық сабақты кешкі асқа дейін немесе кешкі астан кейін орындайтын дағдыға ие болады. Балаға дем беру үшін үй жұмысының әр бөлігін орындаған сайын баланы қолдап отыруды ұмытпау керек.

Көрнекілік. Үлкен күнтізбе сатып алыңыз немес өзіңіз қолдан істеп беріңіз, ол күнтізбеге оқудағы маңызды оқиғалар туралы, тоқсанның аяғына дейін қанша уақыт қалғандығы туралы, емтихандардың уақыты туралы ескертпелерді белгіп отырған жөн. Бұл балаға көрініп тұрған ескерту ретінде қызмет етеді, балада әлі ұзақ уақыт бар емтиханға дейін бұдан кейін де дайындалуға болады деген жалған сезім қалыптасады. Бірақ кейін деген тезірек бола қоймайды, және барлық затты соңғы сәтте істеуге тура келеді.

Баланы оқуға үйретіңіз. Балаға тек үй тапсырмаларын орындау білімділікті қамтамасыз етпейтіндігін түсіндіріңіз. Балаға үй тапсырмасын нәтижелі орындау үшін нені білу қажеттігін көрсетіңіз:

- әңгіме бөліктерін немесе параграфтарды оқығанда ескерпелер жасап отыру керектігін;
- бастапқы пікірге дейін материалды қысуды үйрену;
- кестелер мен сызбаларды пайдалануды үйрену;
- оқыған мәтінді өз сөзімен жеткізе білуді үйрену;
- маңызды күндерді, формулаларды, сөздердә және т.б. маңызды заттарды тез қайталау үшін карточкалар істеуді үйрету;
- сонымен қатар бала мұғалімнің сөзін сөзбе сөз жазып алмауы керек, тек қана маңызды ойлар мен деректерді жазып үйренуі керек. Сіз осы мәселе бойынша үйде шағын лекция оқып баланы шынықтыруыңызға болады.

© 2010-2022