Сынып сағаты 7 сынып

Раздел Классному руководителю
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:













Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ұлттық тағамдары

Сабақтың мақсаты: Тағам атауларымен, оның ішінде қазақтың ұлттық тағамдарының атауларымен таныстырып, ұлттық дәстүр туралы мағлұмат беру.

Сабақтың міндеті: а) Білімділігі: Өзінің құнарлығы тіл үйірер дәмділігімен дастархан сәнін келтіретін ұлттық ас дайындау өнерінің кейбір кенже қалып келе жатқан үрдісін үйретіп ұғындыру.

б) Тәрбиелігі: Өзінің туып-өскен жеріндегі халықтың тарихын, салт-дәстүрін, тағамын білгенін сол халыққа деген құрметінің белгісі екенін түсіндіріп, құрметтеуге тәрбиелеу.

в) Дамытушылығы: оқушылардың ой-өрісін, білім деңгейін, қабілеттерін, шеберліктерін, іскерліктерін шыңдап, сұрақ-жауап арқылы дамыту.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, көрнекілік дайын тағамды көрсету арқылы түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта (ұлттық тағам суреттері, жазылған нақыл сөздер), дайындалған ұлттық тағамдар.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі. Кіріспе әңгіме.

Қазақ халқы үшін дастарханнан, дәмнен үлкен ешнәрсе жоқ. «Ас адамның арқауы», «Жаман ауруға - жақсы ас», «Ас қадірін білмеген аштан өледі, ат қадірін білмеген жаяу қалады», «Астан үлкен емессің», «Ерді қорласаң састырар, асты қорласаң құстырар» - деп халық тегін айтпаған. Қай заманда, қалай айтылғанына қарамастан, халық асты құрметтеудің жолын, оны әзірлеудің көзін, ретін таба білген. Ел мен елді татуластыруды, жақсылар мен жайсандарды құрметтеуді, өздерінің мырзалық, мәрттік үлгілі, өнегелі қасиеттері мен артықшылықтарын, ел дәулетін қазақ кең дастарқаны арқылы яғни ас, қонақасы арқылы көрсеткен.

Мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабамыздың негізгі асы - ет пен сүт болған. Көшпелі тұрмысы, мал өсіру шаруашылығы елдің этнографиялық салтына қарай, қазақ халқының дастарханының өзіне тән ерекшелігі бар. Жаздың аптап ыстық күндерінде шөл қандыратын сары қымызды бұрқырата сапырып, айран, шұбар сіміргенді, қаймақ қатқан күрең шайды ішкенді, ал қыстың боранды күндерінде сары ала қазыны кертіп, жал-жая мен қарта, майлы қызыл қуырдақ жеп, сүзбе қосқан құнарлы сорпа ішкенді, үлпілдеген сары бауырсақ жегенді кім ұнатпаған. Өзінің құнарлығымен, сіңімділігімен тіл үйірер осы ұлттық тағамдардың бүгінгі күні дастарханымыздың сәнін келтіріп, молая түссе нұрүстіне нұр болар еді. Халық отыршылыққа бет алған кезде мал өнімдерімен қатар, нан, жеміс көкөнім дәндері келді. Олар - тары, арпа, бидай, күріш.

II. Жаңа тақырып: «Қазақтың ұлттық тағамдары».

а) Ыстық тағамдар.

б) Салқын сусындар.

в) Сусындар.

Ыстық тағамдар

Ұлттық тағамның ішіндегі ең үлкені - нан. Ең бірінші дастарханға нан әкелінуі қажет. Нан - ерекше жұғымды тамақ. Адамның наны болса, оған ешқандай аштық қаупі төнбейді. Күш-қуатты қалпына келтіру жағдайда, құнарлылығы басқа тағамдардан басым түседі. Адам тіршілік әрекетінде қуаттың жартысынан көбі наннан алады. Нан - тіршілік нәрі. Нан барлық тағамнан, құраннан да үлкен. Нан биікте тұрса, аяқ астына құранды қойып, нанды алуға болады. Нан құраннан да үлкен екен.

Сынып сағаты 7 сыныпСынып сағаты 7 сынып

Сынып сағаты 7 сыныпСынып сағаты 7 сынып

Нан қадірін арындай білші күнім,

Нанға деген болсын тек құлшылығың.

Бір үзім нан болмаса қарап қалып,

Өшер еді өмірден тіршілігің.

«Дәнді шашпа, нанды баспа» деп бабаларымыз ұрпағын нанды қастерлеуге үйреткен.

1. Таба нан - ашытқымен иленіп, қоламтаға пісіріледі.

2. Бөрек нан - иленген қамырдың арасына, ұсақтап ет турап, бұрыштап, пияздап, уыттап пісірілетін дөңгелек нан.

3. Бауырсақ -қазақтың бауырмал, үйірсек, туысқан, жақыншыл - деген мағынаны білдіреді. Бауырсақ түрлері: ши бауырсақ, сары бауырсақ, ақ бауырсақ, жайма, жол, шелпек т.б.

4. Қазақша ет (бас табақ, сый табақ, ортақ табақ, аяқ табақ).

5. Қуырдақ - соғым қуырдағы, сүр қуырдақ, сүйегімен шауып қуырылған қуырдақ, май қуырдақ, өкпе-бауыр қуырдағы, ішек-қарын қуырдағы, бал қуырдақ.

Бал қуырдақ - ірі қараның бөтегесінен қаймаққа қуырылады (бұл қуырдақ үлкен кісілерге және балаларға беріледі).

6. Турамыш кеспе - ұсақтап етті турап, үстіне қайнаған су құйып, қолдан кеспе жазып салынады. Турамыш кеспе етті қуырғандықтан өте дәмді болады. Осы кеспеге байланысты «Етті тураған, сиырды шұдырған құртады» - мақал бар екен.

7. Құйрық бауыр - құйрық пен бауырды турап, үстіне сорпа құйып дайындалады. Тағамның бұл түрі құрметті құдаларға беріледі. Майдай жұмсақ, бауырдай бауырмал болайық дегенді білдіреді.

8. Сүт кеспе - сүтке аздап су құйып, қайнаған соң қолдан жазып кеспе салып, тәтті болу үшін кішкентай қасық ожаумен қаймақ не, май салып пісіреді.

9. Бүрме қарын - қойдың көз қарынына туралған ет салып, пияздан сорпаға салынып піседі. (Аузын істікпен бүріп, байлап қойылады).

10. Жау жұмыр - түгелдей өз қарнына салынған қой еті, қоламтаға пісіреді. Қарынға бұғып піскен ет дәмді болады. «Ет қанды болса, жігіт әлді болады» - деген мақал бар.

11. Шұжық - туралған шекке тығылған ет.

12. Қазы - жылқының қабырға қазысынан шекке тығылып, айналдырады. Қазы - «биқазы», «дөңбек қазы», «бұлт қазы», «қылыш қазы». Семіз қазы - «би қазы», «дөңбек қазы». Сынып сағаты 7 сыныпСынып сағаты 7 сынып

Сынып сағаты 7 сыныпСынып сағаты 7 сынып

Қазақ халқының өмірінде ет тағамдары ең басты орынды иеленеді. Олардың мынадай түрлері бар:

  1. Ет (жас ет, сүр ет).

  2. Жаубүйрек - жаңа сойылған малдың бүйрегінен, етінен пісірілген тағам.

  3. Жөргем- бунақтап өрілген ішек.

  4. Жұмыр - ішіне сарымсақ, сәбіз, күріш, майлы ет салып, аузын түйреген қарын.

  5. Қуырдақ - майға қуырылып пісірілген ет.

  6. Мипалау - пісірілген бастың миына құйқа, ішек-қарын араластырып, тұздық құйып жасаған тағам.

  7. Нарын - піскен ет пен қамырды ұсақтап турап, әбден араластырғаннан кейін, үстіне тұздық құйып берілетін тағам.

  8. Түймеш - туралып, жаншылып, майға қуырылған тағам.

  9. Үлпершек - жүрек қабына май, кесек ет т.б. салып жасалған, шұжық тәрізді тағам.

  10. Шұжық - шикі еттің майлы жерінен турап, тұз, бұрыш қосып, ішекке тығып жасаған тағам.

Бұқтырма -ет,картоп,сәбізді бұқтырып пісіретін тағам

Салқын тағамдар

1. Май - сиыр сүтінен алынады (ақ май және еріген). Қойдың қарынын күннен бұрын жуып кептіріп қояды. Майды бірнеше рет салқын суға жуып, тұздап, қарынға салады. Қарынды аударып тұрады. Егер қарынға қоқым түссе қарындағы май түгел шіріп кетеді. «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» - деген нақыл сөз осыдан қалған.

2. Қаймақ - сүттің бетінен алынған шикі қаймақ.

3. Балқаймақ - қаймаққа аздап сүт қосып, құмшекер, ұн салып қайнатылады.

4. Ірімшік - сойылған қозының ұлтабарын салып сүтті ірітеді. Қазанға құйып қайнатады. Ірімшікті сүзіп алады да, суын қайнатып сарысу алады. «Ірімшікті» үлкендер шайға тістеген, балалар тәттінің орнына жеген. «Сарысумен ішкен қою шәй, қой етіне тиеді».

5. Қайнатқан құрт немесе ежегей - жиналған айранды қазанға құйып қайнатады. Құрттың көбігі майлы ас. Көбік қалқып алынып, балаларға, үлкендерге берілген. Құрт қайнатқан үйден көбік жалау ауыл балаларына әдет. Көбік өкпе ауруына, суық тиген сырқаттарға берілген.

6. Сықпа құрт - сүзіліп, тұздалып әр түрлі үлгіде жасалады.

Сынып сағаты 7 сыныпСынып сағаты 7 сынып

7. Қуырылған бидай - бидайды суға салып бөрттіріп, суын алып тастап, май салып қуырады. Қуырылған бидайды диірменнен өткізіп ұнтақ жасалады.

8. Ұнтақ - тартылған бидай.

9. Сарысекер - ақ сүтке қайнатылған құмшекер. Шәйға тістеп ішкен.

Сусындар

Сынып сағаты 7 сыныпСынып сағаты 7 сынып

Сынып сағаты 7 сыныпСынып сағаты 7 сынып

Мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі халықтың негізгі асы - сүт. Сүттен сусындайтын алуан түрлі тағамдар дайындалады. «Аяғы бардың - бағы бар» қазақ сүтті өте жоғары бағалаған.

1. Айран - сиыр сүтінен пісіріліп ұйытылады.

2. Көже - бидай, тары жармаларынан түйіп пісіреді.

3. Айран көже - айран мен көженің қоспасы.

4. Шұбат - інген сүтінен күбіге құйылып ашытылады. Інген сүті шәйға жақсы түседі.

5. Қымыз - бие сүтінен ашытылады.

Қымыз түрлері: уыз қымыз, сары қымыз, түнемел, саумал, құнан, дөнен, қысыр қымыз, сірге жияр қымыз, бал қымыз.

а) сары қымыз - жаз ортасында ашытылады.

б) түнемел - екі тәулік.

в) саумал - жаңа сауған сүт құйылған тұщы қымыз (қарттарға, балаларға беріледі).

г) құнан қымыз - үш тәулік.

д) дөнен қымыз - төрт тәулік.

е) қысыр қымыз - қысыр биенің сүтінен дайындалады.

ж) Сірге жияр қымыз - биелер босатылар кезде дайындалады.

з) Бал қымыз - бал, қант, өрік, мейіз қосылады.

«Жылқысы барға дерт жұқпайды» дейді қазақ. Жылқы етінің емдік қасиеті: жүрек қан тамыр ауруларына, шаш қарайтуға, сүйек ауруларына жылқы майы өте пайдалы.

Қазақ халқы өкпе ауруын қымызбен емдеген. Қымыздың бетіндегі майда түйіршіктерде ана сүтінің құрамы бар екен.

Бекіту. Сонымен, балалар, бүгін біздер Қазақтың ұлттық тағамдарымен таныстық. Ұлттық тағамдарымыз 3-ке бөлінеді екен. Ыстық тағамдар, салқын тағамдар және сусындар. Бұл тағамдарды әзірлеу және оның маңыздылығын білу арқылы ата-бабамыздың төл мәдениетімен сусындап, ұлттық дәстүрлі құндылықтарды қадірлеуге үйренеміз.













































Сабақтың тақырыбы Квадраттық функция және оның графигі

Сабақтың мақсаты:
Квадраттық функция және жалпы функция туралы білімдерін пысықтау, жинақтау, теориялық білімдерін шыңдау және есептер шығаруда іскерлікпен қолдана білуге үйрету;
2. Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, шапшаң, тез есептеуге үйрету;
3. Жауапкершілік, табандылық, тәртіптілік және тағы басқа тұлғалық қасиеттерін пайдалана отырып, пәнге деген қызығушылығын ояту.
Құрал жабдықтары:
- интерактивті тақта;

Сабақ барысы
Ұйымдастыру сәті. Бүгінгі сабақтың тәртібі:
Мұғалімді тыңдаймыз,
Бір - бірімізді сыйлаймыз,
Саспай, асықпай,
Әр сұраққа, қателеспей,
Шуылдамай, қол көтере отырып,
Жауап беруге тырысамыз - деп, мұғалім оқушылардың назарын сабаққа аударады және көңіл - күйлерін бір ортаға тоғыстырады.
Біздің бүгінгі сабағымыз «Эврика» атты журнал парақтарына саяхат жасаймыз. Бұл журналда квадраттық функция және оның графигі тақырыбына арналған тапсырмалар, әзіл есептер, логикалық есептер және тарихи мағлұматтар кездеседі.

Сабақтың құрылымы таныстырылады. (2 - слайд)
1 - парақ. «Функция - математикалық маңызды ұғымдардың бірі!»
І бетінде "Сиқырлы кестенің сыры" сөз жұмбақты шеше отырып,
кесте толтырылады. (3 - слайд)
Математиканың бір айнымалы шаманың өзге бір шамаға
тәуелділігін өрнектейтін ұғымдардың бірі. [Функция].
Тәуелсіз айнымалы. [Аргумент].
Абсцисасы - аргументтің мәндеріне, ал ординатасы функцияның
сәйкес мәндеріне тең координаталық жазықтықтың барлық нүктелер жиыны. [График].
Функцияны нөлге айналдыратын аргументтің мәні. [Нөлдері].
Квадраттық функцияның графигі. [парабола].
у=к/х функциясының графигі. [Гипербола].
Функцияның берілу тәсілдерінің бірі. [Формула].
Тәуелсіз айнымалыны белгілейтін латын алфавиті. [Икс].
у= кх функциясының атауында кездесетін сөз.[Пропорционалдық].
10. Функция ұғымында көп кездесетін латын әрпі. [Игрек].
11. у=ах2+вх+с түрінде берілген функцияның атауы. [Квадраттық].

ІІ бетінде "Тарихи мағлұматтар және әзіл - сұрақтар"
Функцияның ғылымға енуі және қазақша баламасы (4 - слайд)
Функция латынша - орындау, іске асыру деген мағынаны білдіреді. Функцияның ғылыми атауы 1692 жылы неміс математигі Готфрид Лейбництің (1646 - 1716) еңбектерінде аталған. 1718 жылы швейцар математигі Иоганн Бернулли (1667 - 1748) «Функция - айнымалылар мен тұрақтылардан құрылған шама»- деп тұжырымдаған.
Әзіл - сұрақтар: Жыл он екі айдың ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі?
Жауабы: 28 саны барлық айда бар.

2 - парақ. «Функцияның графигі - координаттық жазықтықтағы нүктелер жиыны»
Кестеде әр түрлі функциялар графигімен берілген. (5 - слайд)
Сұрақтар:
Сызықтық функцияның графиктері нешінші кестеде бейнеленген?
Тура пропорционалдық графиктері нешінші кестеде бейнеленген?
Кері пропорционалдықтың графиктері нешінші кестеде бейнеленген?
Бұрыштық коэффиценттері бірдей болатын сызықтық функцияның графиктері нешінші кестеде бейнеленген?
7 - кестеде қандай функцияның графигі кескінделген;
Квадраттық функцияның графиктері нешінші кестеде бейнеленген?
у=ах3 функцияның графигі қай кестеде бейнеленген және қалай аталады?
Тарих сыр шертеді: Графиктің қазақша баламасы (6 - слайд)
«График» - грекше сөз, ол қазақша «сызылған» деген мағынаны білдіреді.

Логикалық есеп: Үш әке мен алты бала серуенге шықты. Олар 42 алма сатып алды. Бұлардың әрқайсысына 6 - дан алма тиді. Бұл қалай болғаны?
Жауабы: 1 ата, 2 әке, 4 немере.

3 - парақ: «Парабола - квадраттық функцияның графигі».
«Графигіміз - парабола» деп аталуының себебі мынада деп сөйлейді: «Біз төртеуіміздің»: у=ах2, у=ах2+п, у=а(х - т) 2, у=а(х - т) 2+п, тегіміз у=ах2+вх+с квадраттық функция болады. Сондықтан да графигіміз парабола деп аталады. (7 - слайд)
1 - тапсырма: Тегім у=- 2х2 функциясы, өзім төмендегі қасиетке иемін.
а) Ох осінің бойымен 2 бірлікке оңға;
б) Оу осінің бойымен 5 бірлікке төмен;
в) Ох осінің бойымен 1 бірлікке солға және 3 бірлікке жоғары жылжыту арқылы алынған. Мен сонда қандаймын:
Жауаптары: а) у=- 2(х - 2) 2; б) у=- 2х2 - 5; в)) у=- 2(х+1) 2+3.

2 - тапсырма «Сыңарын тап!» Квадраттық функция формуламен және графигімен беріледі. (8 - слайд)
3 - тапсырма (деңгейлік тапсырма). Формуламен берілген функциялардың графиктерін салыңдар (квадраттық функцияның үлгісін пайдаланыңдар). (9 - слайд)
1 - деңгейлік тапсырма: у=(х+2) 2
2 - деңгейлік тапсырма: у=(х - 3) 2+3.
3 - деңгейлік тапсырма у=- х2+2х+8 (тақтаға екі оқушы екі түрлі жолмен орындайды).

Мұғалім: Парабола (грекше - қосымша) деген мағынаны білдіреді. Тік дөңгелек конустың төбесінен өтпейтін және конустың кез келген жанама жазықтықпен қиылысуынан пайда болатын сызық. «Парабола» ғылыми атауын б. з. д. 200 жылдары Пергтік Апполлонии (б. з. д. 260 - 170) енгізген (макеті жасалады 10 - слайд).
Есеп. Үстелдің беті төртбұрыш, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады?
Жауабы: 5 бұрыш.

4 - парақ «Функцияның қасиеттері». Функцияның графиктерін
пайдалынып қасиеттерін жазу. Графиктері 11 - слайдта көрсетілді.
А) у=- х2+2х+8
Б) у=х2+10х+24

5 - парақ: «Өз біліміңді сына!»
1 - есеп:
а - ның қандай мәндерінде у=ах2 - 16х+1 параболасының симметрия осі х=4 түзуі болады?
Жауабы: а=2
2 - есеп:
в - ның және с - ның қандай мәндерінде у=х2 - 6х+с параболасының төбесі (6; - 12) нүктесі болады?
Жауабы: в=- 12, с=24
3 - есеп:
у=ах2+вх - 18 функциясының графигі М(1; 2) және N(2; 10) нүктелері арқылы өтетіндей а - ның және в - ның мәндерін табыңдар.
Жауабы: а=- 6, с=26.

Үйге тапсырма: 11 - 25 тест тапсырмалары. (93 - 96 - бет)
Сабақты қорытындылау, бағалау.











№54 орта мектептің

1 «В» сынып оқушысы

______________________

күнделігі







Сынып сағаты 7 сынып



№25 орта мектептің

3 «А» сынып оқушысы

Әндер Ришаттың

сызу дәптері




Произведите оплату по указанным ниже реквизитам в любом банковском или почтовом отделении:

ТОО «Технологии и образование»

БИН 150340022952

БИК KCJBKZKX

АО «Банк ЦентрКредит»

Счёт: KZ338560000007081466

КБе 17

Сумма: 1020 тенге

Назначение взноса: Оплата заявки № 435861926





Сынып сағаты 7 сынып

Сынып сағаты 7 сынып

Сынып сағаты 7 сыныпСынып сағаты 7 сыныпСынып сағаты 7 сыныпСынып сағаты 7 сыныпСынып сағаты 7 сыныпСынып сағаты 7 сыныпСынып сағаты 7 сыныпСынып сағаты 7 сыныпСынып сағаты 7 сыныпСынып сағаты 7 сыныпСынып сағаты 7 сыныпСынып сағаты 7 сыныпСынып сағаты 7 сыныпСынып сағаты 7 сыныпСынып сағаты 7 сыныпСынып сағаты 7 сынып















Сынып сағаты 7 сынып







Сынып сағаты 7 сынып

© 2010-2022