Урок на тему Астанаға саяхат

Раздел Классному руководителю
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8-сынып

Сабақтың тақырыбы: Астанаға саяхат

1.Білімділік: Елордасы-Астана туралы жан-жақты мағлұмат беру,жаңа сөздерді меңгерту,

2.Дамытушылық:Оқушылардың өздігінен білім алуын қамтамасыз ету, танымдық қабілеттерін арттыру, өз ойын еркін және жүйелі жеткізе білуге баулу, тіл мәдениетін дамыту.

3.Тәрбиелік:Оқушыларды Отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа, адамгершілікке, мемлекеттік тілді құрметтеуге, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Астана көрінісі. Суреттер

Сабақтың әдісі: Әңгімелеу,сұрақ-жауап, диалог

Сабақтың түрі. Аралас сабақ

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, сыныптағы оқушыларды түгелдеу, келмеу себебебін сұрау, білу.

2. Үй жұмысына оқушылардың даярлығын тексеру

3.Үй тапсырмасын сұрау

1.4-тапсырманы дәптерлерінен тексеру

2.Тұрғылықты қалалары туралы құрастырып келген диалогтарын тыңдау

3.Сұрақ-жауап

4.Сабақты өтуге даярлық

5.Жаңа тақырып. Қызығушылығын ояту.

- Бүкіл әлемге жар салып жатқан Азия елдерінің ішіндегі жас астананы атаңыз. Неге оны ең жас астана деп санайды? Ол қалай әлемге жар салып жатыр?

1.Оқушы назарын кластерге аудару

2.Слайдтар арқылы «Астана» қаласына саяхат жасау.

1-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жазбаша жауап беріңдер. Көп нүктенің орнына керекті септік жалғауларын жазыңдар.

Астана

1997 жылы саяси, экономикалық , халықаралақ жағдайлар… байланысты республика… бас қаласы-Ақмола… көшірілгені мәлім.Есіл… жағасын бойлай Президент сарайы, Парламент үйі, Еуразия университеті… жаңа корпусы, т.б. ғимараттар бой көтерді. Парламент үйі… алды… қазақ… үш биі: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би… ескерткіштері халқы… болашақ… бастағандай бейнеленген.Аспан… самғаған ақ барыс мүсіні-жас Қазақстан… ХХІ ғасырдағы жарқын да бақытты болашағы… нышанындай елестейді.

2-тапсырма.Сұрақтарға жауап беріңдер.

1.Қандай жағдайларға байланысты Қазақстан астанасы Ақмолаға көшірілді?

2.Есіл жағасын бойлай қандай ғимараттар орналасқан?

3.Парламент үйінің алдында қандай ескерткіш бар?

4.Қазақстан болашағының нышаны не?

3-тапсырма.Сөздердің аудармасын табыңдар.

саясат барс

халықаралық памятник

ғимарат здание

шешен будущий

ескерткіш международный

барыс политика

болашақ оратор

4-тапсырма.Диалогті оқып, өзара сөйлесіңдер. Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

Сұрақтар:

1.Астана қаласында кім болды?

2.Жанат Астанада қашан болды?

3.Астана қайда орналасқан?

4.Астанаға ЮНЕСКО-ның шешімімен қандай сыйлық берілді?

5-тапсырма. Сөздерді қолданып, тақырыпқа байланысты

сөйлемдер құраңдар.

6.Сабақты түсінгенін тексеру

6-тапсырма. Дара және күрделі сөздерді екі бағанға бөліп жазыңдар.

Дара сөздер Күрделі сөздер

Халықаралық, сарай, ғимарат, Ақмола, бойтұмар,кешен,тарихшы,қолөнер,

ескерткіш.

7.Сабақты бекіту

1.Есіл өзенінің жағалауында орналасқан әсем қала?

2. Бас қаланың рәміздік белгісіне айналған ғимарат

3. Астана қай жылы «Әлем қаласы» сыйлығына ие болды?

4. Астананың бұрынғы атауы

5.Биыл Қазақстанның тәуелсіздігіне неше жыл?

6.Бір сөзбен ата:

Гимн,Елтаңба,Ту

7. Астана қаласы Қазақстанның нешінші астанасы?

8. Астанаға қандай тілек айтасың?

9.Адасқан сөздерді орнына қой.

Астана,орналасқан,қала, Қазақстанның,солтүстік,аймағында.

10.Астананың болашығын қалай елестетесің?

8.Үйге тапсырма:

1.7-тапсырма. Өлеңді жаттап алыңдар.

2.8-тапсырма. «Астана-жаңа Қазақстан белгісі» атты шығарма жазыңдар.


© 2010-2022