Сценарий на день президента 1 декабря (классный час)

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1 желтоқсан тұңғыш Президент күні сценарий

Тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім!
Мақсаты:а)Жас ұрпаққа Нұр ағамыздың сан қырлы талант иесі,құдіретті тұлға екенін таныту.
ә)Елімізге еңсе тіктетіп,мемілекетімізді мығымдап берген,халқымызды әлемге танытып,алаш баласының абыройын ақсақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.
б)Елін сүйген,елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, әнұран, т.б.

Әнұран орындау.
1-жүргізуші:-Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу мүмкін емес еді.
2-жүргізуші:Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып - «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын.

1-жүргізуші: құттықтау сөз мектебіміздің директоры Перерва Лариса Владимировнаға беріледі.

2 жүргізуші:
Мемлекет басқару ісі - машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел - ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
1-жүргізуші:
Қазір тәуелсіздігімізді алдық, біз - бақытты елміз. Елбасымыздың «2030 бағдарламасы » бойынша көптеген істер атқарылып келеді. Қалалар көркейіп келе жатыр.
Ән: «Қазақстан »


Ерполат:
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды
. Ешқашанда орынсыз,
Шешімдері болмайды.
Елбасы елді қорғайды,
Халық қамын ойлайды.
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.
Тәуелсіздікті елге сыйлады,
Бейбітшілікті қалады
. Орындалып арманы,
Халқымызда ажарлы.
Осының бәрі әрине,
Елбасының арқасы.

Айгерім
Тәуелсіздік - рухы күшті ғажап күн
Артта қалды бодан болған азап күн
Елім, жерім қазағым деп тебіренем
Өйткені мен - тәуелсізбін, азатпын.

Бауыржан
Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың
Нұрсұлтаның биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын
Тәуелсіздік байрағын көкке тікті қазағы
Ер Қарасай, Райымбек бабалары қолдады.

Асема
Нұрсұлтанға рух берген кәрі тарих парағы
Дара шыңы қазақтың
Дана басып тудың халық - алыптан
Топырағы ол туған жердің киелі
Тұратұғын болашақтың үні кеп
Т артылар күй айтылатын жыры көп
Ерекше бір еркіндиік, бауырлар
Басшымыздың бүгін туған күні деп

Сержан:
Әнге толсын барлық қала ауыл бар
Қағылсын бір барабандар, дабылдар
Елбасының туған күнін ардақтау
Бәріміздің борышымыз, бауырлар

Хор: «Елім менің»
Тұңғыш Президент.
1-жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
2-жүргізуші: Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы -Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.


Жарқынай : Қазақстан
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Жібек: Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы.
Шықты тарап ой-данадан,
Бері қарап жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті


Ақжарқын : Оянады көңілден қайдағы арман,
Бақыт желі ескендей жайлап алған.
Президентім бар менің елі түгел,
Ақ киізге көтеріп сайлап алған.
Назарбаев.
Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Әнұраны ретінде
«Менің Қазақстаным» әні 10 қаңтарда 2006 жылы, Елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды.
Бұл Әнұранның сөзі республикамыздың барлық халықтарының жүрегіне жақын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық сезімдері


Әңгімелесу. Мен Президент болсам не істер едім?
Балалар өздерінің ойларын айтады.

1-жүргізуші: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!









Сыныптан тыс жұмыс «Алтын қақпа» интеллектуалдық ойыны Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен алған білімдерін, ел тарихы, салт-дәстүрлерін қаншалықты білетіндіктерін тексеру. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын дамыту, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету. Тәрбиелік мақсаты: Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, ел тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін ұмытпай, қадірлеуге тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Алтын, күміс, тас қақпалар, сұрақтар, конверттер, сандықша. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларға жалпылама сұрақтар беру арқылы топ жинау. Сұраққа жауап берген оқушылар ойынға қатысатын болады. Топта бес адам болады. Топтың сұрақтары конвертке салынып, қақпалардың жанына қойылады. Әр конверттің ішінде үш сұрақтан болады. Үш сұраққа толық жауап берілген жағайда, қақпа ашылады. Үш қақпаны да ашқан топ алтын сандықтың сұрақтарына жауап береді. Алтын сандықтың сұрағына жауап берген топ жеңіске жетеді. Жалпылама сұрақтар: Сөзді дыбыстық жағынан тексеретін ғылым қалай аталады? (фонетика) Көк ат деген тіркесте қандай ықпал түрі бар? (ілгерінді ықпал) С. Сейфуллиннің туғанына неше жыл толды? (110 жыл) Көп сөзінің антонимін тап (аз). Республика күні қашан атап өтіледі? (25 қазан) Көкшенің сал-серілері (Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай т.б.) Көкшетау қаласы қай жылы құрылды? (1824 жылы) Бір-біріне мағыналары жуық сөздер қалай аталады? (синоним) Жыр алыбы атанған ақын (Жамбыл) Ш.Уәлиханов қай жылы туды? (1835 жылы) Екі етіске ортақ жұрнақ (-ын, -ін, - н) Қобыландының тұлпары (Тайбурыл) Қазақ лицейі қай көшеде орналасқан? (Менжинский) Қара өлең ұйқасы (ааба) Конституция қай жылы, қай күні қабылданды? (1995 жылы, 30 қыркүйек) Тас қақпаның сұрақтары: Қайыңнан сөзіне фонетикалық талдау жаса. «Ата-анаңа не істесең, алдыңа сол келеді» деген сөйлемдегі етістіктерге морфологиялық талдау жаса. Берілген сөз тіркестерін түріне қарай ажыратып жаз. Кітапқа үңілу, ағашты өңдеу, ештеңе айтпау, сабақ дайындау, той дастарқаны, таңертеңгі шай, ақ жастық, Ақылбайдың дәптері, асықпай сөйлеу, үнсіз отыру, жібек белбеу, орнынан тұру. Қабысу Матасу Меңгеру Жанасу Жай сөйлем дегеніміз не? Олардың түрлерін ата, мысал келтір. Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талда, сөз таптарын көрсет. Қыран түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, Ұстаз шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды. Айқындауыш мүше дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар? Адамның күлкісіне еліктейтін сөздерді ата. Сөздердің байланысу тәсілдері нешеу? Бетінен оты шығу деген сөз қалай аталады? Қандай мағынаны білдіреді? Күміс қақпа сұрақтары: «Ер Төстік» ертегісі ертегінің қай түріне жатады? Дәлелдеңдер? Жүсіп Баласағұн қай жерде туып өскен? Мақал мен мәтелдің өзара айырмашылығын қалай анықтаймыз? Әдеби ертегілер мен халық ертегілерінің айырмашылығын тап Көне түркі жазбаларының оқылу кілтін тапқан кім? Үзінді қай шығармадан алынған? Балталы, Бағаналы ел аман бол! Бақалы, балдырғанды көл аман бол! Кірім жуып, кіндігім кескен жерім, Ойнап-күліп, ер жеткен жер аман бол! Көне түркі руникалық жазба ескерткіштері қай ғасырдың туындылары? Гипербола дегеніміз не? Мысал келтір. Көркем шығарманың кіріспе бөлімі қалай аталады? Алтын қақпа сұрақтары: Қазақстан өз егемендігін қай жылы, қай айда алды? Мемлекетіміздің астанасы Алматыдан Астанаға қай жылы ауыстырылды? Жерінің аумағы жағынан Қазақстан бүкіл дүние жүзінде нешінші орында тұр? Қазақстанда қанша халық тұрады? Қазақстанның ұлттық валютасы қай жылы айналымға шықты? Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранының авторларын ата. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? Ол қай жылы ғарышқа ұшты? «Невада-Семей» қозғалысын кім басқарды? «Диуани лұғат ат түріктің» авторы кім? Бұл не қылған шығарма? Алтын сандық сұрақтары: Үргеніш ханның сұрақтарына Сырым не деп жауап берді? Сөз анасы не? Су анасы не? Жол анасы не? Дау мұраты не? Сауда мұраты не? Қыз мұраты не? Досбол шешеннің айтқандарынан: Қол бастау қиын ба? Жол бастау қиын ба? Сөз бастау қиын ба? Төле би қырық қарақшының қолына түсіп қалып, келіні Данагүлге хат жазады. Хатында: «Кенже ұлыма құда түстім, соған қырық құнан атан, 20 бура, 8 ақ бас атанымды осы барған адамнан айдатып жіберіңдер. Және оң босағамда тығулы жатқан алтынымды, сол босағамда жатқан күмісімді де қоса жіберіңдер,»-деп жазады. Келіні Данагүл Төле бидің жұмбағын қалай шешеді?





3 - сынып

Тақырыбы: "Бақытты сәт" қазақ тілінен интеллектуалдық ойын

Мақсаты: 1. Қазақ тілі пәнінен алған білімдерін кеңейту,

тереңдету, жетілдіру, қалыптастыру.

2. Алған білімдерін практика жүзінде қолдана білулерін дамыту.

Білімге деген құштарлығын, қызығушылығын арттыру.

3. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге,

ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке баулу.

Көрнекілік: плакаттар, ребустар,жұмбақтар.

Ойын барысы

1. Қазақ тілі туралы мұғалімнің кіріспе сөзі.

Егеменді мемлекеттің басты белгілерінің бірі- тіл. Еліміздің Ата заңы-

Конституцияның 7- бабында "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл-

қазақ тілі" деп көрсетілген.

Мемлекеттік тіл деп белгілі бір елдегі оның негізін құрайтын көпшілік

халықтың тілі есептеледі. Қазақстан жерін байырғы заманнан бері

қонысталып келе жатқан- қазақтар. Олар өз Отанында тұрады және республика

халқының негізін құрайды. Біздің еліміз- Қазақ елі немесе Қазақстан деп

аталуы да содан. Олай болса Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-

қазақ тілі болуы тарихи заңдылық.

Тәуелсіз мемлекет құрылғаннан кейін тіл жөніндегі теңсіздікті жою

мәселесі мықтап қолға алынды. 1997 жылдың 11 шілдесінде Қазақстан

Республикасының Парламенті "Тіл туралы" жаңа Заң қабылдады. Онда

мемлекеттік мекемелердің іс қағаздарды жүргізуді қазақ тіліне кезең-

кезеңмен көшіру көзделген. Мемлекеттік тілде берілетін радио және

телехабардың уақытын көбейту жолдары қарастырылған. Мемлекеттік тілді

үйрету шаралары да назардан тыс қалмаған. Ондай болса бүгінгі біздің

интеллектуалдық ойынымыздың да мақсаты қазақ тілін үйретуге, дамытуға

арналған. Сендер Қазақстанда туып, өсіп келесіңдер. Сондықтан қазақ тілін

жетік білулерің керек.

1-оқушы. Орысшаға жорға болсаң не деймін,

Ағылшынша ағып тұрсаң е, мейлің.

Аппақ сүтін ақтамайсың анаңның,

Ана тілдің асырмасаң мерейін.

2-оқушы. Қазақ дерті-тілінде,

Қазақ дерті- жерінде.

Қазақ дерті- елінде,

Қалай жеттік бұл күнге?

(Ә.Қайырбеков)

3-оқушы. Туған тілім-бабам тілі- өз тілім!

Туған тілім- анам тілі-өз тілім!

Туған тілім- далам тілі- өз тілім!

Туған тілім- адам тілі- өз тілім!

4. Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

(Дихан Әбілев)

2. Капитандардың өз командаларымен таныстыруы.

"Бақытты сәт" атты интеллектуалдық ойынымызды бастайық. Ойында екі

команда қатысады: 3 "в" сынып командасы және 3"а" сынып командасы.

Капитандардан өз командаларымен таныстыруын өтінеміз. Бір команда

екінші команданың қалай аталатынын шешеді.

1-ші капитан: Біз заттың атын білдіреміз Кім? Кімдер? Не? Нелер?

деген сұраққа жауап береміз.

3"в" командасы "Зат есім".

2-ші капитан: Біз заттың сынын, сапасын, дәмін, түсін, пішінін

білдіреміз. Қай?Қандай? деген сұраққа жауап береміз.

3"Сын есім"

3. "Бақытты сәт" ойыны

1 тур "Сен- маған, мен саған".

3 "в" сынып командасы зат есімдер айтады, ал 3 "а" сынып командасы оған

қатысты сын есімді тауып айтады.

Әр оқушы бір- бір сөзден айтады.

Мысалы: қайың- ақ

Тату- балалар

2 тур "Алға, алға, алға"

(Мұғалім әр командаға қазақ тілі пәнінен сұрақ қояды, қай команда

сұрақтардың көбіне жауап береді, сол жеңіске жетеді. Әр командаға 15 сұрақ)

Сұрақтар:

3"в" сынып командасына

1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі? (Түбір)

2. Жуық мәндес сөздер...(Синоним)

3. Сын есімнің сұрақтары...(Қай? Қандай?)

4. Қандай дыбыстар әрқашанда жіңішке... (ч,щ,й)

5. Ң жазылатын бір сөз ата. (қараңғы)

6. Оңнан солға қарай оқысаң да, солдан оңға қарай оқысаң да сол сөз шығатын

сөзді ата... (қызық, қазақ, қалақ)

7. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу)

8. Сұраулы сөйлемнің аяғында не қойылады? (сұрақ белгісі)

9. Заттың қимылын, іс- әрекетін білдіретін сөздер...(Етістік)

10. Жалқы есімдер қалай жазылады?

11. Жаман деген сөзге қарсы мағыналы сөз... (Жақсы)

12. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша?(Жұрнақ)

13. Туынды сын есімді айт. (ақылды)

14. Сан есімнің сұрақтары...(Неше? Нешінші? Қанша?)

15. һ әрпі жазылатын сөзді ата.

3"а" сынып командасы

1. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша... (жалғау)

2. Қарсы мәндес сөздер... (антоним)

3. Жалпы есімдер қалай жазылады?

4. Заттың санын, ретін білдіретін сөздер... (сан есім)

5. Етістіктің сұрақтары... (не істеді? Не қылды? Қайтті?)

6. Батыр сөзіне жуық мәндес сөз... (мықты, шымыр)

7. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөз... (биік)

8. Ф әрпі жазылатын сөздер... (фонтан)

9. Заттың сынын, сапасын білдіретін сөздер... (сын есім)

10. Хабарлы сөйлемнің аяғына қойылатын таңба... (нүкте)

11. Туынды сын есім қалай жасалады? (түбірге жұрнақ жалғау)

12. Туынды сын есімге мысал келтір... (тәртіпті)

13. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2)

14. Дауыссыз дыбыстар неше топқа бөлінеді?(3)

15. Қандай дыбыстар жіңішке бола алмайды?(ж, ш)

3тур "Сиқырлы сандық"

Әр қатысушы сандықтан қағазға жазылған жұмбақ алады.(16 жұмбақ)

Шешуін айтады.

1. Қолы менен қаламы жоқ,

Бірақ сурет салады көп. (Аяз)

2. Мүлгіп тұрған бақ тыныш,

Ораныпты ақ күміс. (Қырау)

3. Суда қалқиды,

Жылыда балқиды. (Мұз)

4. Туған жердің белбеуі,

Шұбатылып қалыпты.

Керемет-ау кернеуі,

Тасты тесіп, жарыпты (Өзен)

5. Бұйра тұлымы,

Желмен ойнайды.

Қызыл мұрыны,

Жерге бойлайды (Сәбіз)

6. Тігіп алып көк шатыр,

Қызыл күрең доп жатыр. (Қызылша)

7. Басына өскен тарбиып,

Жапырақсыз бұтағы.

Алады одан қан құйып

Емге шипа бұл дағы. (Бұғы)

8. Ұшымен қазық,

Тор көзді жазық.

Үстіне өттім,

Асыл сөз жазып (Дәптер)

9. Қабы- сояу,

Діні- бояу (Қарындаш)

10. Ойларыңды аңсаған,

Асыл сөзді алаңға,

Түсіруден шаршаған,

Мен емеспін әмәндә. (Қалам)

11. Сағат сайын қағылады,

Тек мектептен табылады (Қоңырау)

12. Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі (Сызғыш)

13. Оқу- білім аспабы,

Қоймасының бас қабы.

Бөлмесі де бірнешеу,

Тиегі бар ашпалы (Сөмке)

14. Көкқұтанша ақ айдында,

Бір аяқпен тұрады.

Тұмсығымен ол мұнда

Шыр айналып шығады.

15. Бірін- бірі қоштаған,

Бір үйден көрдім,

Қырық екі дос- жаран. (42 әріп)

16. Білім менен тәлім

Парақты ашқанда

Беттерінен мәлім (Күнделік)

4 тур (Қара тұлпар)

Әр команда 4 ребустан шешу керек.

4. Жанкүйерлер конкурсы "Қызықты грамматика" Қандай сөздер жазылған.

| қ| | | | қ |

| қ| | | | қ |

| қ| | | | қ |

| қ| | | | қ |

| қ| | | | к |

| к| | | | к |

| к| | | | к |

| к| | | | к |

Жауабы:қызық, қазақ, қалақ, кесек, қырық, кезек, кебек, керек, көбек

5 тур "Ойлан, тап"

Әр командаға мәтін береміз. Мәтінде тастап кеткен тиісті әріпті қою керек.

. Әділ қазы мүшелері қорытынды жасап, командаларды марапаттайды.



© 2010-2022