Мақала Балаларға арналған жүрек

Ұстазым, сізге мың алғыс! Болмысың, тұлған. арын, Ашты маған дүниенің сан аралын, Бұралаң жол, құздарың, жылғаларын Сен- анасың, мәңгілік құлағымнан Кетпейтін құндақ әнін...              Ұстаздарымыздың ішінде рухани өмірінде орны ерекше  асыл тұлға, - ананың мейіріміне  бөленіп, атаның ақылын тындап, тумасынан айырықша жан.               Шәкірттерін адал сезіммен, мол парасаттылығымен, мейірімімен, пәктілігімен, жаны биязы болуымен қатар, өте жомарт кең пейілді  болу тиіс.        Қазіргі  акпа...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Балаларға арналған жүрек.

Ұстазым, сізге мың алғыс!

Болмысың, тұлған. арын,

Ашты маған дүниенің сан аралын,

Бұралаң жол, құздарың, жылғаларын

Сен- анасың, мәңгілік құлағымнан

Кетпейтін құндақ әнін...

Ұстаздарымыздың ішінде рухани өмірінде орны ерекше асыл тұлға, - ананың мейіріміне бөленіп, атаның ақылын тындап, тумасынан айырықша жан.

Шәкірттерін адал сезіммен, мол парасаттылығымен, мейірімімен, пәктілігімен, жаны биязы болуымен қатар, өте жомарт кең пейілді болу тиіс.

Ал ұлы мұғалім шабыттандырады, - демекші нағыз ұстаз мынадай қасиеттерді игеруі тиіс. Ең біріншісі - ұстаз балаларды сүйе білуі қажет. Ол мұғалімнің маңызды сапасы. Мұғалім екі мінезді болмау керек, себебі оған қаншама көз қарап отыр, содан қандай тәрбие алатынын ойлап көруі керек.Сыныпқа көтеріңкі көңілмен кіріп, сабақ уақытында мінезді өзгерту - мәдениетсіздік. Оқушылардың білімін, тәртібін бағалауда мейлінше мұқият және әділ болуы керек . Балаға, адамға сену - саған сенген құпиясын сақтау білу; уәдеңе берік болу; шыдамды, сабырлы болу. Баланы түсіне білу -оның орнына өзіңді қоя біліп, қоршаған дүниені соның көзімен көре білуің қажет. Оқушыны бір- бірімен салыстырмау қажет, себебі әр адамның өзіңе тән ерекшеліктері болады. Ол ерекшеліктерді тауып, дамыту қажет.Жеке абырой сезімін сақтау және дамыту - онсыз тәрбие де, өзін- өзі тәрбиелеу де мүмкін емес. Және де баланы құрметтеу - әр адамның бойынан тұлғаны көре білу - мұғалімге тән қасиет. Сонымен қатар коммуникативті, яғни адаммен қарым- қатынасқа дүрпе нәтижеге жету қасиетті де маңызды рай атқарады. Ұстаз әлеуметтік жауапкершілікті атқару маман ретінде жетіле түскен абзал. Тағы да ұстаздың процесінде тиімді әдіс - тәсілдерді біліктілікпен қолдана білу тәсілі - дидактикада ұстаз бойында болуы керек.

Қазіргі акпараттық технологиялар дамыған заманда мұғалім өз білімін осы бағатта да дамытқаны жөн. Компьютер, интернетпен қолдану , оқушыларды соларды пайдалануды үйретумен қатар, білмегенің шәкірттерінен үйрену ол да мұғалімнің заманауі екенің дәлелдейді.

Адамзаттың Абайы : «Үш-ақ нәрсе адамзаттың қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек», осы сөз нағыз ұстазға тән деп ұғамын.

© 2010-2022