Ауған отына шарпылғандар ашық тәрьие сағаты

Раздел Классному руководителю
Класс 9 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1-жүргізуші Қадірлі ұстаздар мен оқушылар, құрметті ардагер қонақтар!

1989 жылы,ақпан айының 15-де талай ата-ананы перзенттерінен айырған, мыңдаған жерлес-бауырларымыз қаза тапқан,қайғы мен қасіретке толыАуған соғысы аяқталды .Арада талай жылдар өтсе де ержүрек жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда .Бүгінде Ауған соғысы қажет пе еді? деген сұрақтар көп қойылатын кезеңде, біз-жастар, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы борыштарын адал ақтаған азаматтар деп құрмет тұтамыз.

2-жүргізуші Бүгінгі кездесу кешінің мақсаты Ауған соғысы жайлы тереңірек біліп-тану,мәлімет алу.Ержүрек ағалардың ерліктерін болашақ жас ұрпаққа үлгі ету.Осы мақсатта ауған соғысына қатысқан ардагер ағаларымыз қонаққа келіп отыр.
1-жүргізуш Бүгінгі салтанатты кездесуге бізге ауған соғысының ардагерлері... 2-жүргізуші

Қажет болған кезде де ,
Отан үшін оққа тостың кеудеңді
Ерлігіңді,өрлігіңді төрткүл дүние,ел көрді.
Бірге аттанған,кей бауырңды топырақ жапты, жерленді
Енді олар жебейді ғой аруағымен сендерді.
Жастығыңмен жауға атылдың оқ болып.
Әндететін кездеріңде ауылыңда төс керіп,
Жаудың оғы,сом мүшеңді төрт бөліп,
Кейбіреуің кетті мүлде жоқ болып.

1-жүргізуші
Сол ауғанда талай досты жерледік,
Қарлы шыңға күн-түн демей өрледік,
Сұрапылда ерледік те шерледік,
Намыс туын ,бірақ қолдан бермедік
Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып,бір минут үнсіздікпен еске алуларыңызды сұраймыз.Рахмет отырыңыздар!
2-жүргізуші Соғысты кинодан көрген қызық,ал өмірде бұл мүлде керісінше.Соғыс-жан алып,жан беру.Соғыс халықтың басына келген қасірет жұт.Ауған елінде 1979-1989 жылдары 10 жыл бойы ұрыс қимылдары жүрді.Осы ауған соғысына Қазақстанның 22 мың адам қатысып,олардың 761 қаза тапты, 21 хабар- ошарсыз жоғалды.

1-жүргізуші
Гүл ұстап келді ескерткіш жаққа, топ бала
Саппенен барып гүл қойып жатыр, топтала
Батасын алды ардагер қарттың ,көп көрген
Бір құшақ гүлді силады дағы, атаға Тағдырымды оқ өтіне байлаған,
Қан майданнан аман қайттым, қайнаған.
Қалды-ау солай тау-тасында Ауғанның,
Қанша ғұмыр жауқазындай жайнаған.
Іштен тынам, өзегімді өртеп мен.
Ерлік рухы өшпеу керек еркектен,
Мен солардың тірі қалып артында,
Армандарын аялауға серт еткем.

2-жүргізуші Біздің батыр алған беттен қайтпайды, Бір сөйлейді , сірә екі айтпайды . Тұрса мейлі қылша мойын тұзақта, Тіс жармайды ,қимас досын сатпайды.

1-жүргізуші

Қасіретін көзбен көрген жалғанның , Көкірегінде мәңгілікке қалған мұң. Алдарыңда басымды ием тағзым қып, Соғысында қан кешкендер Ауғанның

Келесі сөз кезегі мектебіміздің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қасайнов Шалқар ағаға беріледі.
Енді біз балалар тарих беттерін парақтап, сол жылдарда табанымен от кешкен жерлес ағаларымызды әңгімеге тартайық .Еркін микрофон жұмыс жасайды.Сұрақ қоямын деушілерге рұқсат. 1.Сіз Ауған жеріне аттанар тұста қандай сезімде болдыңыз?

2.Сіздермен бірге қай ұлттың өкілдері қызмет етті?

3.Сіздің Ауған жеріне аттанғаныңызда әке-шешеңіз, жақын туыстарыңыз білді ме ,білсе қандай көңіл-күйде болды?

4.Сізбен бірге қызмет еткен жігіттердің нешеуі елге оралмады?

5.Ең алғашқы ұрысқа қай жерде кірдіңіз?

6.Қай ұрыс есіңізде ерекше қалды?

7.Сіз әскер қатарында қай жылдары қызмет еттіңіз? 2-жүргізуші «Интернационалист-жауынгерлер» атты әдеби монтажымызды тамашалауға шақырамыз.

1-оқушы.Айдана.

Қан майданда қан аққан бұлақтардан,

Қанды кешіп жүреді алда ерлер.

Міне, бүгін сіздерге жыр ақтардым,

Ассалаумағалайкум ,ардагерлер.

Соқыр билік тұсында сумаң қаққан,

Соғыстар аз болғандай, ғасыр дерті,

Ауғанның көк аспанын тұмандатқан.

Сұрапыл майдан бопты, қасіретті

2-оқушы.Бекболат.

Дұшпанмен бетпе -бет кеп шайқастарда,

Жасқанып шегінбеген, тайсалмаған.

Отан үшін бас тігіп айқасқанда

Оққа ұшты, қанша қазақ ,қайсар балаң

Тастаған енді ер жетер шақта қырып,

Кектерін олар үшін заман алар.

Кебенек киген ұлын аттандырып

Қабірін құшып қалған аналар бар.

Қырылған адам қаны қара бөктер,

Медбике зыр жүгіреді жара таңып

Тірі адам алып келген, самолеттер.

Қайтарда алып ұшқан, қара табыт

3-оқушы.Ілияс.

Жүгіріп , қайта құлап, қайта ұмтылған

Батырлар қалған сонда бар ма жасып?

Теңеу жоқ бұл соғысқа,бір-ақ сөзбен

Арыққа қан сыймаған арна тасып

Ер басына күн туған сол заманда,

Ерлік пен қорқақтық сынға түсіп,

Соғыстыңдар жан досың, боздағанда,

Сезімді жігер деген, қымтап ұстап

Болмасын еш уақытта, соғыс деген,

Артпасын, адамзаттың бейіттері,

Ұмытылмас қара жерді қоныс көрген,

Сірә, соңғы соғыстың шейіттері

Айтатын әкем әр кез, маған жайын,

Тағдырын білем Ауған даласының Мақтанды демеңіздер, уа ағайын, Ауғанның батырының баласымын

4-оқушы Бұлт түнеріп аспаннан, Талай көзден жас тамған Тұтқиылдан жау тиіп, Бейбіт күнде басталған . Отаным еркелеймін енді кімге, Өзіңмен не болса да, көрем бірге Қалайша қабырғама батпас менің, Басыңа қатер бұлты, төнген кезде.

5-оқушы Алысып қас дұшпанмен, қасарысқан Адалдықпен от кешті, жас арыстан. Лайық бүгін жылдар жылжып өткен-дағы Жауынгерлер бар құрметпен, тек алысқа. 6-оқушы

Бір кезде жауыздықпен жүрген сайрап , Дұшпандар айдалада, жатыр жайрап Қарайды аға батыр айналаға, Бойынан лапылдайды жігер-қайрат Келеді қос жанары отша, жанып Ағалардың ерлігіне елі қанық Есімі ешқашанда, ұмытылмайтын Тарихта аңыз болып қалары анық.

7-оқушы

Біліммен, қашанда жақсы өлмесін Ұмытылмас жылдар өтіп қастерлі елім. Әркімнің көкірегінен, көрем ылғи Ауған батырының жас бейнесін. Ант етті, осы сәтте күнге батқан Ант етті, тау суына сыңғыр қаққан.

8-оқушы

Еркіндікті аңсап өткен ер елім, Менің де бар әлі, саған берерім. Ел боламыз ынтымақты, бірлікті Болашаққа ойым таза сенемін. Өзгелермен терезесі теңескен Өтіп кетті талай асу- белестер Биіктерден әрқашанда көрініп , Жанды қайта тұлғалары, көп өшкен 1-жүргізуші Қазақтың халық биі « Қара жорғаны» Бекболат пен Медеттің орындауында қабыл алыңыздар.

Құрметті Ауған соғысының ардагерлері сіздердің отты жылдардағы ерліктеріңіз ешқашан ұмтылмайды .Келешек ұрпақ сіздердің ерліктеріңізді үлгі тұтады Біздердің сіздерге арналған естелік сыйлықтарымызды қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші Сан ғасырлар тарихынан кешегі, Туған жердің шежіресі өседі Менің елім-Қазақстан Болашағы бізбен бірге өседі

Жұрттан озған ел боламыз сеніңіз. Тәуелсіздік алған біздің еліміз Соғыс болмай жер бетінде барша адам Бейбіт күнде тек бақытты көріңіз 1-жүргізуші Алыс-жақында жүрген әрбір қазақтың жүрегінде төгіліп тұратын «Атамекен» әнін бәріміз бірге шырқайық.

2-жүргізуші Осымен, мектебіміздің 8-ші сынып оқушылары әзірлеген ерлік сабағы аяқталды, назар салып тыңдағандарыңызға мың да бір рахмет.







© 2010-2022